Фагоцитоз (грек, phagos - обимын,жүтамын. cytos - жасуша), организмді бөгде заттардан қорғауды камтамасыз ететін негізгі ең бір қуатты фактор. Бұл фактор алғашында ішек қуыстыларда құрылған ертеде пайда болған иммундық қорғаныстың бір түрі. Құбылысты И.И.Мечников ашып зерттеген.Фагоцитоз процесін арнайы мамандалған фагоцит деп аталатын жасушалар атқарады. Фагоцитоз - фагоциттердің бөгде затты обып, корытып және залалдансыздыруына негізделген. И.И.Мечников фагоцитозды атқаратын жасушаларға макрофагтар мен микрофагтарды жатқызған.
Қазіргі уақытта фагоцитозды атқаратын барлық фагоциттер түрі мононуклеарлық жүйе деп аталатын топқа жинақталған. Ол топқа тін макрофагтары (альвеоларлық, перитонеалдық т.б.), Лангерганс және Гренстейн жасушалары (терінің эпидермоциттері), Купфер жасушалары (жүлдызша ретикулоэндотелиоциттер), эпителиодты жасушалар, нейтрофилдер мен қанның эозинофилдері және басқа жасушалар кіреді.
Фагоциттердің негізгі функциясы. Фагоциттердің функциясы өте аумақты:
1) өлген жасушалар мен олардың құрылыс кұрамын ағзадан шығарады (эритроциттер, қатерлі ісіктің жасушалары);
2) ағзаға әр жолмен еніп қорытылмаған органикалық емес заттарды тысқа шығарады (мысалы, тыныс жолдарымен енген көмірдің бөлшектері, минералдық және басқадай шаң);
3) микробтарды (бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар) олардың қалдықтарын жояды және заласыздандырады;
4) организмніңнің төзімділігін қамтамасыз ететін биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады (комплементтің кейбір компоненті, лизоцим, интерферон, интерлейкиндер т.б.);
5) иммундық жүйенің реттелуіне қатынасады;
6) Т-хелперлерді антигенмен «таныстырады», яғни иммунды компетентті жасушалардың кооперациясына қатынасады.
Сонымен, фагоциттер бір жағынан ағзаны табиғатына карамастан тегі бөгде заттардан тазартып «сыпырындыны жинаушы» болса (бейспецификалық функциясы), екінші жағынан спецификалық иммунитетке антигендерді иммунды-компетентті жасушалар (Т-хелперлерге) танысу және олардың белсенділігін реттеу арқылы қатынасады.
Фагоцитоздың өту сатылары. Фагоцитоз процесі, ягни бөгде затты жұтуы, өндеуі, бірнеше сатыдан түрады: 1) фагоциттің жұтылатын затқа жақындауы (хемотаксис); 2) жұтылатын заттың фагоциттың қабырғасына жабысып қонуы (адсорбция, адгезия); 3) жасуша мембранасының жасуша ішіне жұтылатын затпен бірге кіру аркылы фагосомада протопласта құрылуы (вакуольдер мен үлбіректер); 4) фагосоманың лизосомамен қосылып фаголизсомаға айналуы; 5) лизосоманың белсендірілген ферменттерінің көмегімен фаголизосоманың ішінде заттың корытылуы (2-сызбанұсқа)
Достарыңызбен бөлісу: |