Жалпы микробиология оқу – әдістемелік нұсқауы Микроорганизмдердің жіктелуі



бет2/83
Дата22.12.2021
өлшемі1,54 Mb.
#127757
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
Байланысты:
Методичка микробиология

Иллюстративті материал

Сурет 1. Бактериялардың негізгі пішіндері:



Бактериялардың негізгі пішіндері: 1-3. Кокктар (стафилококктар, диплококктар, стрептококктар. 4. Таяқшалар (стрептобациллалар). 5. Клостридиялар. 6. Вибриондар. 7. Коринебактериялар. 8. Фузобактериялар. 9. Нокардиялар (шынайы тармақтану). 10. Актиномицеттер (жалған тармақтану). 11. Спирохеталар.


Таяқшаларды микроскоптан қарағанда тек жасушаның көлденең өлшемі, жұғын-препаратта орналасуына ғана назар аударғаннан басқа, тағы жасушалардың терминалды бөлімдерінде қарайды. Көп жағдайда жасушалардың шеттері домаланған, кейбіреулерінде шоқпар секілді бүршіктелген, осындай жасушаларды коринебактериялар деп атайды (corine, лат. – түйреуіш (булава) – Corynebacterium diptheriae; басқа жасушалар ортасында немесе терминальды ісінулері көрінеді, оларды эндоспора деп атайды (боялмаған аймағы) – осындай жасушаларды бациллалар немесе клостридиялар деп атайды (мысалы, Clostridium botulinum). Бір жасушаның шеттері "кесіліп қалғандай" (бұндай морфология Bacillus anthracis-қа тән) немесе үшкірленген – арқан секілді, оларды фузобактериялар деп атайды (fusium, лат. – арқан).

Таяқшалар тармақталған құрылымдар құруы мүмкін. Бұл жағдайда ажырату керек – шынайы тармақтарды (Nocardia israellii) жалған тармақтардан (Actinomyces odontolytica). Шынайы тармақта әр "тармақтар" арасында қосылуы бөлінбеген, сондықтан тармақталған құрылымдар бір жасуша құрайды. Жалған тармақтыларда әр "тармақтар" арасында арнайы шектелу бар, сондықтан әр бөлек "тармақ" бөлек клетка түрінде көрінеді.



Имектелген пішінділер –спираль тәріздес бактериялар, олардың біреуін спирохета деп атайды (мысалы, Treponema pallidum). Спирохеталар бір-бірінен оралымдары бойынша олардың жиілігіне қарай дифференцияциясы жүргізіледі (суретке қараңыз).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет