Тақырыбы : Терминальды жағдай ЛД-124 топ студенті : Төлепберген Қ.Қ.
ЖоспарI.Кіріспе II. Негізгі бөлім а)Терминальді жағдайлардың сатылары, клиникасы ә) Диагностикасы б) Науқастың ауырлық жағдайын бағалау критерийлері в) Өкпе-жүректік реанимация түсінігі г) Дефибрилляция
Кіріспе “Өлім” түсінігі “ өмір” түсінігінің логикалық жалғасы. Адамдарда өмірдің өлімге өтуі - зат алмасу процесстерінің субклеткалық және молекулалық деңгейде бұзылуынан болады.Ағза үшін бұл ең алдымен өмірге қажетті функциялардың “өшуі” - қанайналым, тыныс алу, жүйке жүйесінің қызметтерінің тоқтауы.Өлу процесінің ұзақтығы әр түрлі болады. Кейде өлім тез арада бірнеше секунд немесе минуттар ішінде, ал кей жағдайларда баяу және бірнеше ондық минуттардан бірнеше сағаттарға дейін созылады. Терминальді жағдайлар – ағза қызметтерінің өшу және өлу процесі немесе өмір мен өлім арасындағы жағдай. Танатология – өлу мен өлім процесстерін зерттейтін ғылым.