Бұл – өлім алды кезеңі.Ұзақтығы - 20-40 секунд. Бас миының жоғарғы бөлігінің қызметтері жойылады. Физиологиялық прцестердің регуляциясы бульбарлы орталықпен іске асырылып, реттелмеген сипатқа ие болады. Бағаналы түзілістердің белсенуі АҚ мен тыныс алудың біршама жоғарылауына әкеледі.
Клиникалық өлім
Клиникалық өлім - өлудің қайтымды кезеңі. Ұзақтығы 5-6 минут. Кейде фармакологиялық әдіспен немесе гипотермиялық жағдайда ұзақтығын 10-15 минутқа дейін созуға боллады.
Тыныс алу мен жүрек қызметінің толық тоқтаған сәттен бастап тіркеледі;
Егер 5-6 минутта өмірге қажетті қызметтер қалпына келтірілмесе, гипоксияға өте сезімтал бас миы қыртысының жасушаларының некрозы дамып, биологиялық өлімге әкеледі.
Клиникалық өлімнің белгілері:
Есі жоқ;
Магистральді артерияларда пульс анықталмайды;
Тыныс алу жойылған,кеуде торы экскурсиясы анықталмайды;