Жалпы нозология. Сабақтың мақсаты



бет8/8
Дата26.08.2017
өлшемі1,26 Mb.
#28924
1   2   3   4   5   6   7   8



ӘДЕБИЕТТЕР



Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 484-495.

  2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 169-178.

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 447-471.

  4. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 427-457

  5. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б 349-365

Қосымша

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 215-238.

  2. Майкл А.Гриппи. Патофизиология легких. Перевод с англ. – М.Бином, 1997. – 327с.

  3. В.Ю. Шанин. Патофизиология критических состояний.- СПб: ЭЛБИ-СПб, 2003.- С.77-135.

4 тақырып. АС ҚОРЫТУ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ.



Мақсаты: Ас қорыту жеткіліксіздігінің этиологиясы мен патогенезін меңгеру

Оқыту міндеттері:

  • Ас қорыту жеткіліксіздігінің этиологиясы мен патогенезі бойынша білімін ситуациялық есептер шығарғанда өолдана білу

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Ас қорыту жеткіліксіздігі, анықтамасы, себептері, салдарлары.

  2. Тәбеттің бұзылыстары (анорексия, гиперрексия, парорексия) себептері, патогенезі, салдарлары.

  3. Сілекей бөліну бұзылыстары. Гипер- және гипосаливация, себептері, патогенезі, салдарлары.

  4. Шайнау мен жұтудың бұзылыстары, себептері, салдарлары.

  5. Асқазанның сөл бөлу қызметінің бұзылыстары (гипер- и гипосекреция, гиперхлоргидрия, гипохлоргидрия, ахлоргидрия, ахилия) туралы түсінік, даму тетіктері, салдарлары.

  6. Асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы, «Агрессия факторлары» мен «қорғаныстық факторлардың» асқазанның ойық жара ауруы патогенезіндегі маңызы.

  7. Қуыстық және қабырғалық ас қорытылудың бұзылыстары, себептері, салдарлары. Мальабсорбция, түрлері, себептері, негізгі көріністерінің патогенезі.

  8. Ішектік аутоуыттану, себептері, көріністерінің патогенезі.


Оқыту мен жүргізу тәсілдері:

Ауызша талдау, шағын топтарда жұмыс жасау: ситуациялық есептерді шығару.



1 тапсырма.

Ситуациялық есептер шығару

1- есеп.

32 жастағы ер кісі дәрігерге 4 жыл бұрын пайда болған жұтынудың бұзылысына шағымданып келді. Қатты тағамды жұтқаннан кейін 2-3 с соң төс сүйегі артындағы қысу сезімін байқайды. Алғашында бұл сезімдер сирек болған, соңғы жылы әрдайым және әрбір тамақ ішкен сайын пайда болады. сұрағанда жылдан астам кеудесінде «толқындау» және оянғаннан кейін жөтел мазасын алатындығы анықталды. Бұл сезімдер су ішкеннен соң азаяды. Науқас тамақ ішу кезінде тұншығу немесе шаршағыштық сезім, мұрыннан, ауыздан тағамның кері қайтуы, жұтқыншақтағы ауыру сезімі, қыжылдау, дене массасының азайғандығы, асқазан-ішек жолдарынан қан кететіндігі – осылардың барлығының болмайтындығын айтады. Науқастың бұлшық еттері ауырмайды, қыжылдау болмайды, өзінде де, туыстарында да жүйелі коллагеноз болмаған. Қарап тексергенде және лабораториялық тексерулер – қанның жалпы анализі, ЭТЖ, қант, креатинин және бауыр мен қан ферменттерін тексергенде, барлығы қалыпты жағдайда.



    1. Жұтынудың бұзылыстары немен байланысты: өңештің бе немесе жұтқыншақтың ба?

    2. Әрі қарай қандай тексерулер жүргізу қажет?

    3. Рентгенограмма нені анықтайды? (оқытушыдан мәліметтерді сұраңыз)

    4. Науқаста жұтыну бұзылысының патогенезі қандай?

2-есеп. 35 жастағы науқас эпигастр аймағында мезгіл-мезгіл тамақтан соң 2-3 сағаттан соң пайда болатын қатты ауыру сезіміне (күйдіретін), соңғы кездері жүрек айну мен құсатындығы қосылғандығын, құсқаннан соң жеңілденетіндігін, ауыру сезімі түнде болатындығын, тамақ ішкен соң басылатындығына шағымданды.

Науқас ашушаң, мазасыз, темекіні көп шегеді, ішімдік қабылдайды.

Шағымын еске алып және тексеру нәтижелерінің негізінде науқасқа он екі елі ішектің ойық жарасы деген аңғарым қойылып, сәйкес емшара қолданылды.



  1. Науқасқа аңғарым қою үшін қандай зерттеулер жүргізілді?

  2. Науқаста қандай агрессиялық факторлар ойық жараны тудырды? Олардың зақымдаушы әсерінің негізінде қандай механизм жатыр?

  3. Эпигастр аймағында күйдіру сезімі мен ауырудың даму себептері қандай?

  4. Науқасты емдеу үшін сіздің қандай ұсынысыңыз бар?

ӘДЕБИЕТТЕР



Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. –С. 424- 446

  2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. С. 199-221.

  3. Патофизиология учебник + СД. Литвицкий П.Ф. – 4-е изд. – М., ГЭОТАР-МЕД., 2008. –С. 392-402.

  4. Патологическая физиология. Учебник, п/р Н.Н.Зайко, Киев, 2004г. - С. 388-409, 471- 490

  5. Патологическая физиология. Учебник п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова.-М.Триада Х, 2000. - С. 514 - 547.

  6. Патофизиология. Основные понятия.: учебное пособие. Ефремов А.В.– М., 2008.– С. 143-154

  7. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б 365 - 400

Қосымша

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 239 – 265, 273 - 291.

  2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 538 – 573, 576 - 595

  3. Джозеф М. Хендерсон. Патофизиология органов пищеварения. Пер. с англ. – М. – СПб.: Бином – Невский диалект, 1997. С. 23 - 195.

5 тақырып. БҮЙРЕК ПатофизиологияСЫ



Мақсаты:

    1. Бүйрек қызметі бұзылыстарының этиологиясын, патогенезін, олардың зақымдануында туындайтын организмдегі өзгерістердің патогенезін меңгеру

Оқытудың міндеттері:

  • Бүйрек қызметі бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезін зерттеу

  • Зәрдің сан дық және сапалық өзгерістерінің патогенезін түсіндіре білу

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Бүйректің негізгі қызметі бұзылыстарын тудыратын себептер.

  2. Бүйрек шумақтары зақымдануының негізгі тетіктері

  3. Шумақтық сүзілудің азаюы немесе артуы, себептері, даму жолдары, салдарлары

  4. Өзекшелік кері сіңірілудің бұзылыстары. Тубулопатиялар, түрлері, себептері, патогенезі

  5. Зәрдің салыстырмалы тығыздығының өзгерістері (гипер-, гипо-, изостенурия), даму жолдары

  6. Полиурия, олигоурия, анурия, түрлері, даму жолдары.

  7. Зәр құрамының сапалық өзгерістері. Протеинурия, цилиндрурия, гематурия, пиурия, патогенезі


Оқытудың тәсілдері:

Ауызша талдау, шағын топтарда жұмыс жасау: ситуациялық есептерді шығару, сынамалық тапсырмаларды орындау


1 тапсырма. Ситуациялық есептер шығару.

1.

Тапсырмада берілген мәліметтерді медициналық сөздіктермен сипатта. Берілген мәліметтердің негізінде патология туралы қорытынды жасаңыз.

Диурез – тәулігіне 420 мл

Тығыздығы – 1,011

Нәруыз – 2,0 г/л

Көру аймағында бірен-саран сілтілі эритроциттер

Гиалинді, түйіршікті цилиндрлер

ҚҚ – 175/95 мм с.б.

Қалдық азот – 190 ммоль/л (қалыптысы 4,28 - 28,56 ммоль/л)


2.

40 жастағы созылмалы гломерулонефриті бар науқастың рентгенограммасында жайылмалы остеопороз анықталды. Сүйектердің деминерализациясын көрсететін сурет мешелді еске түсіреді. Науқасқа Д витаминін тағайындау еш нәтиже бермеді.

1. Сүйек тініндегі байқалған өзгерістің механизмі қандай?

2. Д витаминіне төзімділігін түсіндір



ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі

    1. Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. –С. 519-555

    2. Патофизиология учебник + СД. Литвицкий П.Ф. – 4-е изд. – М., ГЭОТАР-МЕД., 2008. – 420-427 с.

    3. Патофизиология//Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д., Уразовой О.И.– М., ГЭОТАР-МЕД., 2009 .

    4. Патологическая физиология//Под ред. Зайко Н.Н., Быця Ю.В. - Москва: МЕДпресс-информ, 2004 – С. 516-538

    5. Патофизиология. Основные понятия.: учебное пособие. Ефремов А.В.– М., 2008.– С. 172-

192

Қосымша

    1. Нурмухамбетов А.Н. Патофизиология в схемах и таблицах – Кітап, 2004 – С. 221-229.

    2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 598-623.

    3. Джеймс А. Шейман. Патофизиология почки.-2 изд.-М.-СПб.: «Изд-во БИНОМ» - «Невский диалект», 2002.-206 с.


беттің беті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет