ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
Жалпы орта білім беретін мектептердің 7 сынып оқушыларына арналған
«Өлкетану» курсының
оқу бағдарламасы
Тараз, 2017
Баспаға Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің Әдістемелік кеңесінің 2017 жылғы 29 тамыздағы №3 хаттамасының шешімімен ұсынылған.
«Өлкетану» курсының оқу бағдарламасы. Тараз, 2017. – 8 бет.
Жалпы білім беретін мектептердің 7 сынып оқушыларына арналған «Өлкетану» курсы білім алушылардың туған өлкенің қалыптасуы мен дамуын кешенді сипаттайтын географиялық, тарихи, табиғи және басқа да факторлар туралы білімдерін қалыптастыруға, туған өлкенің табиғатын аялауға бағытталған.
© Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті, 2017
1.Түсіндірме жазба
Жалпы білім беретін мектептердің 7 сынып оқушыларына арналған «Өлкетану» курсын құрастыру барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы, «2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат басшылыққа алынды.
Курстың мақсаты – оқушылардың туған өлкенің қалыптасуы мен дамуын кешенді сипаттайтын географиялық, тарихи, табиғи және басқа да факторлар туралы білімдерін қалыптастыру, туған елге деген сүйіспеншілік сезімге, қоршаған табиғи ортаны аялауға тәрбиелеу. «Өлкетану» курсының оқу жүктемесі аптасына бір сағат, жылына 34 сағат.
Оқу курсының міндеттері:
география, Қазақстан тарихы, биология пәндері сабақтарында алынған білімдері мен дағдыларын кеңейту, тереңдету;
оқушылардың эстетикалық талғамдарын, танымдық және тарихи қызығушылықтарын арттыру;
туған өлкенің табиғи байлықтары, тарихи ескерткіштері туралы білімдерін кеңейту;
жалпы білім беретін мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
жергілікті жер, қалалар, өзендер, көлдер, таулардың атаулары нені білдіретінін білу;
туған өлке халқының қалыптасу тарихын білу;
туған жеріндегі ұлттардың салт-дәстүрін білу және құрметпен қабылдау;
туған өлке тарихының тірі куәгерлерін саралау категорияларын білу: Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл ардагерлері, еңбек ардагерлері, ауған-әскерилері, құрметті тұрғындар, еңбегі сіңген педагогтар мен дәрігерлер және т.б.;
туристік маршрут дегеннің не екенін білу және туристік маршруттар құрастырудың алғашқы дағдыларын меңгеру;
өлкенің өсімдік жамылғысын, жануарлар дүниесін білу;
Қызыл кітап деген не екенін және өңірдің Қызыл кітабына кірген жануарларды білу;
өлке туралы негізгі анықтамалық мәліметтерді қамтитын түрлі форматтағы ақпараттық материалдарды әзірлеу.
2. «Өлкетану» курсының тақырыптық жоспары
№
|
Мазмұны
|
Сағат саны
|
1
|
Кіріспе
|
1
|
І. Туған өлкем (16 сағат)
|
2
|
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының басым бағыттары
|
1
|
3
|
Туған өлкенің аңыз-ертегілері
|
1
|
4
|
Топонимдер – өткен заманның куәгерлері (өлке тарихы атауларында)
|
1
|
5
|
Генеология – шежіре туралы ғылым
|
1
|
6
|
Өлкенің тарихи тұлғалары: билер, батырлар мен палуандар
|
1
|
7
|
Туған жердің таланттары
|
1
|
8
|
Туристік маршруттар. Туристік маршруттарды құрастырудың жолдары
|
2
|
9
|
Тарихи - археологиялық ескерткіштер
|
1
|
10
|
Көне Тараз тарихи ескерткіштерінің туризмді дамытудағы маңызы
|
2
|
11
|
Өлкедегі ұлттар мен ұлыстар
|
1
|
12
|
Туған өлкенің әдет-ғұрыптары
|
1
|
13
|
Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада
|
1
|
14
|
Өлкені сипаттау өнері
|
2
|
ІІ. Туған жердің табиғаты (15 сағат)
|
15
|
Туған өлкенің географиялық орны, көлемі, елді мекендердің маңызы
|
1
|
16
|
Туған өлкемнің ерекшеліктері
|
1
|
17
|
Өлке аумағының жер бедері, шығу тарихы
|
2
|
18
|
Өлкенің табиғи ресурстары
|
1
|
19
|
Туған өлкенің флорасы мен фаунасы
|
1
|
20
|
Аумақтық экологиясы
|
2
|
21
|
Өлке топырағының түрлері, маңызы, құнарлылығы
|
2
|
22
|
Өлке ауа-райының өзгерістерін болжау
|
2
|
23
|
Өлкенің сулары және оларды пайдалану.
|
1
|
24
|
Табиғатты қорғау . Топсеруен
|
1
|
25
|
Туған өлкемнің визит карточкасы: географиялық өлкетанудың деректер базасын әзірлеу, презентация жасау
|
2
|
26
|
Қорытынды
|
1
|
|
Барлығы
|
34
|
3. «Өлкетану» курсының мазмұны
Кіріспе. Өлкетану ғылымының қалыптасуы. «Туған жер» бағдарламасы. Өлкетану жұмыстарын жүзеге асыру, экологияны жақсарту, елді мекендерді абаттандыру. Тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіру жұмыстарының маңызы.
Тақырып 1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының басым бағыттары. Қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары. Ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасының өзектілігі. Ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани жаңғыру мәселесі. Бағдарламалық мақаланың негізгі бөлімдері мен түйінді идеялары.
Тақырып 2. Туған өлкенің аңыз-ертегілері. Аңыз-әңгімелердің мән-мағынасын түсіну және оларды талдау. Өткен ұрпақтың тарихи және мәдени мұрасын сақтау мен толықтыру.
Тақырып 3. Топонимдер – өткен заманның куәгерлері (өлке тарихы атауларында). Жергілікті жер, қалалар, өзендер, көлдер, таулар атауларының шығу тарихы. Оқушылар бойында атаулардың пайда болу тарихын түсіндіре білу дағдыларын дамыту.
Тақырып 4. Генеология – шежіре туралы ғылым. Генеология ғылымы. Ру, тайпа, ататегі, ел, ұлт ұғымдарының пайда болуы. Эндогамия, экзогамия заңдылықтары. Ұлттардың туыстық қатынастары. Генеологияның қолданылу аумағын, танымал тұлғаның шыққан тегі жайындағы мәліметтерді жинау.
Тақырып 5. Өлкенің тарихи тұлғалары: билер, батырлар мен палуандар. Туған өлкенің тарихына кірген билер, ақындар, батырлар мен палуандар. Тұлғалардың тарихтағы ролі мен өлке тарихына бекер кірмегендігі.
Тақырып 6. Туған жердің таланттары. Туған өлкенің жыршы-термеші, әнші және сазгерлері. Өнер тұлғаларының музыка мәдениетіне қосқан үлесі, тарихтағы орны.
Тақырып 7. Туристік маршруттар. Туристік маршруттарды құрастырудың жолдары. Қазақстан – халықаралық туризмнің құрамдас бөлігі. Туристік маршруттардың өңір экономикасының дамуына қосатын үлесі.
Тақырып 8. Тарихи - археологиялық ескерткіштер. Жамбыл облысының тарихи-археологиялық ескерткіштерінің әлемдік мәдениеттегі орны мен ролі. Құпияға толы киелі өңір. Тарихи - археологиялық ескерткіштерді зерттеу, мәліметтер жинақтау.
Тақырып 9. Көне Тараз тарихи ескерткіштерінің туризмді дамытудағы маңызы. Тектұрмас, Қарахан, Айша Бибі кесенелері. Ақыртас, Ботамойнақ және т.б. археологиялық ескерткіштері.
Тақырып 10. Өлкедегі ұлттар мен ұлыстар. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұлтаралық, конфессияаралық келісімді жүзеге асыруға бағытталған сарабдал саясаты. Ұлтаралық келісім мен бейбітшіліктің дамуы.
Тақырып 11. Туған өлкенің әдет-ғұрыптары. «Әдет», «ғұрып», «әдеп» ұғымдарының пайда болуы. Өзге ұлт өкілдерінің әдет-ғұрыптарына құрметпен қарау.
Тақырып 12. Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада. Туған өлкенің табиғаты және тарихы сипатталатын поэтикалық және прозалық шығармаларды жинақтау. Туған өлкенің ақындары мен жазушыларының шығармашылығы туралы деректер жинау.
Тақырып 13. Өлкені сипаттау өнері. Оқушылар бойында туған өлке туралы алғашқы проза үзінділерін жазу дағдыларын қалыптастыру.
Тақырып 14. Туған өлкенің географиялық орны, көлемі, елді мекендердің маңызы. Туған өлкенің географиялық орнын, көлемін, маңызын білу. Оқушыларды өздігінен зерттеу жұмыстарын жасауға дағдыландыру.
Тақырып 15. Туған өлкемнің ерекшеліктері. Өлкенің тарихи, географиялық, мәдени, экологиялық ерекшеліктері.
Тақырып 16. Өлке аумағының жер бедері, шығу тарихы. Туған өлке аумағының шығу тарихын, жер бедерін анықтау.
Тақырып 17. Өлкенің табиғи ресурстары. Туған өлкенің табиғи ресурстарын және оның түрлері. Адамзат мұқтажы үшін қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстардың, табиғи денелердің пайдасы мен зияндығы.
Тақырып 18. Туған өлкенің флорасы мен фаунасы. Өлкенің өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесі. Қызыл кітап және өңірдің Қызыл кітабына кірген жануарлары.
Тақырып 19. Аумақтық экологиясы. Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу, даму және өрлеу кезеңдері. Экология ғылымының құрылымы. Адамзаттың қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтары.
Тақырып 20. Өлке топырағының түрлері, маңызы, құнарлылығы. Топырақта тіршілік ететін организмдер. Оқушыларды топырақтың түрлерімен, құнарлылық қасиетімен таныстыру және өлкенің топырағын зерттеу.
Тақырып 21. Өлке ауа-райының өзгерістерін болжау. Ауа-райын болжау. Уақыт аралығында байқалатын құбылмалы жағдайлар. Жануарларға, өсімдіктерге қарап ауа-райын болжау. Тақырып 22. Өлкенің сулары және оларды пайдалану. Туған өлкенің су атаулары. Өзендер, көлдер, каналдарының тарихы. Талас, Аса өзендері, Билікөл және т.б. Сулардың түрлері мен пайдалануы. Туған өлкедегі суларды зерттеу.
Тақырып 23. Табиғатты қорғау. Топсеруен. Туған өлкенің табиғатын қорғау. Табиғатты аялайық. Абаттандыру жұмыстарын жүргізу.
Тақырып 24. Туған өлкемнің визит карточкасы: географиялық өлкетанудың деректер базасын әзірлеу, презентация жасау. Дерекнамалық материалдарды жинақтау. Өлке туралы негізгі анықтамалық мәліметтерді қамтитын дайджест, презентация, инфографика форматындағы ақпараттық материалдарды әзірлеу. Қорытынды. Зерттеу жобаларын әзірлеу. Әдістемелік материалдар, оқу-әдістемелік кешендер мен жинақтарды құрастыру. Бұқаралық ақпарат құралдарына мақалалар жариялау.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы.
Ахметова К. Жайна Қазақстан. – Алматы, 2006.
Ақатай. С. Қазақ даласының ойшылдары. – Алматы, 2003.
Әбдезұлы Қ. Тарих және тағдыр. – Алматы, 2004.
Баялиев К. Жасарған Жамбыл жерінде. – Тараз, 2000.
Бес ғасыр жырлайды. 2 томдық. – Алматы, 1989.
Дәдебаев Ж. Атыңнан айналайын Тараз. – Алматы, 2002.
Жолдасбеков М. Асыл сөздің атасы. – Алматы, 1996.
Жұбанов А. Замана бұлбұлдары – Алматы, 2001.
Қоңыратбаев.О. Т.Рысқұлов. – Алматы,1994.
Қирабаев С. Қазақ әдебиеті. – Алматы,1992.
Қабдолов З. “Сөз өнері”. – Алматы, 2002.
Момышұлы М. Ұшқан ұя.- Алматы, 2000.
Мырзахметұлы М. Айналған аты аңызға Тараз . – Сенім, 2000.
Мырзахметұлы М. Түркістан Тараз арасы. – Астана, 2002.
Нұрпейісов К.Тұрар жолы. – Өркениет,1994.
Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері. – Алматы.1992.
Смаханұлы Ш.Қоңыраулы шеңгел. – Алматы, 1974.
Тарази Ә. Үлкен ауыл. – Алматы, 2000.
Тараз. Жамбыл облысының энциклопедиясы «Қазақ энциклопедиясының бас редакциясы». – Алматы, 2005.
Достарыңызбен бөлісу: |