Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен


-тарау. «Қазақ әдебиеті» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет2/5
Дата22.10.2022
өлшемі181 Kb.
#154622
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Оку-бағдарламасы Қазақ-әдебиеті 10-11-сынып
Педагогикалық адалдық – кәсіби абырой, Байшуақова Ақтоты СӨЖ 1 ИББ, Саясаттану Сыздықова СМ 2022 емтихан сұрақтары, Острая ревматическая лихорадка, саясаттану парадигма (копия)
2-тарау. «Қазақ әдебиеті» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

4.«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:



  1. 10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

  2. 11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.

5.«Қазақ әдебиеті» пәндік білімнің мазмұны бөлімдерге бөлінген: түсіну және жауап беру, анализ және интерпретация, бағалау және салыстырмалы анализ, сонымен қатар, дағдыларды қалыптастыратын бөлімшелерден тұрады. Бағдарламаның бұл бөлімі пән бойынша оқу мақсаттарынан тұрады.
6.«Түсіну және жауап беру» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. көркем шығарма мазмұны мен пішіні;

  2. әдеби шығарманың тұжырымдамасы;

  3. көркем шығармадағы образ;

  4. шығарма үзінділерімен жұмыс;

  5. қазақ әдебиетіндегі ұлттық құндылықтардың әлемдегі орнын білу.

7. «Анализ және интерпретация» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. әдеби шығарманың композициясы;

  2. автор бейнесі;

  3. көркем шығарманың тілі;

  4. шығармашылық жұмыс;

  5. қазақ және әлем әдебиетіндегі құндылықтар.

8. «Бағалау және салыстыру» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. тарихи және көркемдік құндылығы;

  2. заманауилығы мен жаңашылдығы;

  3. әдеби эссе;

  4. әдеби сын.

9. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны:
1) түсіну және жауап беру: әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну; әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану; көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау; көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану; ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру;
2) анализ және интерпретация: әдеби шығарманың әртүрлі композициялық ерекшеліктерін талдау; автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісі; шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін ашу;көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс жазу;қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтау;
3) бағалау және салыстыру: шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап,бағалау; көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беру; шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу; ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, әдеби сын жазу;
4) оқытылатын көркем шығармалар тізімі:
1. Абай Құнанбаев «Сегіз аяқ», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңдері; Он жетінші қарасөз, Отыз екінші қарасөз, «Масғұт» поэмасы;
2. М.Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе;
3. А.Кемелбаева «Шашты» әңгімесі;
4. Т.Сұлтанбеков «Көшпелі алтын» ғылыми фантастикалық әңгіме;
5. Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі;
6. Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы;
7. Ж.Бөдеш «Жалғыз» поэмасы.
10. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны:

  1. түсіну және жауап беру: әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну; әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра отырып талдау; көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету; көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер мен дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдану; ұлттық құндылықтардың маңыздылығын ғаламдық тақырыптағы контекстермен байланыстыру;

  2. анализ және интерпретация: әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау;шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысы; шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын ашу; әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс жазу; әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін талдау;

  3. бағалау және салыстыру: шығарманы әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалау; шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу; шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу;

  4. оқытылатын көркем шығармалар тізімі:

1. О.Бөкей «Атау кере» повесі;
2. Ж.Әбдірашев «Дала, сенің ұлыңмын» өлеңі;
3. Б.Мұқай «Өмірзая» романы;
4. Лира Қоныс «Тиын» әңгімесі;
5. М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы 1, 2-том;
6. Қ.Мырзалиев «Қызыл кітап» поэмасы;
7. С.Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиялық драмасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет