Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен



бет3/5
Дата22.10.2022
өлшемі181 Kb.
#154622
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Оку-бағдарламасы Қазақ-әдебиеті 10-11-сынып

3-тарау. Оқу мақсаттарының жүйесі

11.Бағдарламада «оқу мақсаттары» төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 10.2.1.4. кодында «10» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» - оқу мақсатының реттік саны.


12. Оқу мақсаттарының жүйесі бөлім бойынша әр сыныпқа берілген:
1) түсіну және жауап беру:

Білім алушылар...




10-сынып

11-сынып

1.Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні

10.1.1.1 - әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну

11.1.1.1 - әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну

2.Әдеби шығарманың тұжырымдамасы

10.1.2.1 - әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану

11.1.2.1 - әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра отырып талдау

3.Көркем шығармадағы образ



10.1.3.1 - көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау

11.1.3.1 - көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету

4.Шығарма үзінділерімен жұмыс

10.1.4.1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану

11.1.4.1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдану

5 .Қазақ әдебиетіндегі ұлттық құндылықтардың әлемдегі орнын білу

10.1.5.1 - ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру

11.1.5.1 - ұлттық құндылықтардың маңыздылығын ғаламдық тақырыптағы контекстермен байланыстыру

2) анализ және интерпретация






10-сынып

11-сынып

1. Әдеби шығарманың композициясы

10.2.1.1 - әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдау

11.2.1.1 - әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау

2. Автор бейнесі

10.2.2.1 - автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау

11.2.2.1 - шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтау

3. Көркем шығарманың тілі

10.2.3.1 - шығармадағы көркемдегіш құралдардың орыны мен қызметін талдау

11.2.3.1 - шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдау

4. Шығармашылық жұмыс

10.2.4.1 - көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу.

11.2.4.1 - әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу
.

5. Қазақ және әлем әдебиетіндегі құндылықтар

10.2.5.1 - қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтау

11.2.5.1 - әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін талдау



3) бағалау және салыстыру






10-сынып

11-сынып

1.Тарихи және көркемдік құндылығы

10.3.1.1 - шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау

11.3.1.1 - шығарманы әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау

2.Заманауилығы мен жаңашылдығы

10.3.2.1 - көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беру

11.3.2.1 - көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалау

3. Әдеби эссе



10.3.3.1 - шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

11.3.3.1 - шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

4. Әдеби сын

10.3.4.1 - ғылыми еңбектерге сүйене отырып әдеби сын жазу

11.3.4.1 - шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу

11) Осы оқу бағдарламасы қосымшада берілген жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарға арналған «Қазақ әдебиеті» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының Ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Жалпы орта білім беру деңгейінің


10-11-сыныптарына арналған
жаңартылған мазмұндағы оқу
бағдарламасына (оқыту қазақ тілінде)
қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет