Жалпы орта білім беру деңгейінің «Адам және қоғам» білім саласы пәндерінің ОҚу бағдарламалары


Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық мазмұны



бет3/28
Дата05.02.2022
өлшемі1,75 Mb.
#22954
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық мазмұны




  1. Кiрiспе (1 сағат).

  2. Қазақстан тас ғасырында (4 сағат):

тас ғасырын дәуiрлерге бөлу, адамның пайда болуы және оның даму эволюциясы, төменгi, орта және кейiнгi палеолит, алғашқы адамдардың еңбек құралдары, әлеуметтiк ұйым;
мезолит дәуiрi, Қазақстан неолит кезеңінде, неолиттік төңкеріс, тоқымашылық, қыш ыдыс жасау өнері, энеолит, бтай мәдениеті, тас дәуіріндегі Қазақстанның археологиялық ескерткіштері.

  1. Қазақстан қола дәуiрiнде (3 сағат):

Андронов мәдениеті (жалпы сипаттамасы және оның кезеңдер), қола дәуіріндегі Орталық Қазақстан аумағы, Орталық Қазақстан – ертедегi металлургия орталығы, қола дәуіріндегі Шығыс Қазақстан, Солтүстік және Батыс Қазақстан қола дәуірінде, қола дәуіріндегі Оңтүстік Қазақстан және Жетісу, кейiнгi қола дәуiрiндегi Беғазы-Дәндiбай мәдениетi;
өндірістік шаруашылықтың дамуы, мал шаруашылығы мен егiншiлiк;
қола дәуіріндегі қоныстар, обалар және жерлеу дәстүрi, қола дәуіріндегі әлеуметтiк дифференциация.

  1. Жазба деректердегі ежелгі Қазақстан тарихы (3 сағат):

тайпа одақтары мен ежелгi мемлекеттiк бiрлестiктер туралы негізгі тарихи деректер, археологиялық деректер;
сақ тайпалары туралы антикалық деректер, Геродоттың «Тарихы». ертедегi парсы (ирандық), қытай деректерi.

  1. Қазақстан тарихындағы сақ тайпалары (4 сағат):

Қазақстан ерте темір дәуірінде, сақ тайпалары (хаомаварга, тиграхауда, парадарайя, аримаспылар және т.б.), сармат тайпалары, ежелгі Қазақстанның металлургиялық орталықтары, шаруашылық түрлері, ертедегі металл өндірісі, зергерлік өнер, қыш өндірісі, әлеуметтік құрылымы;
сақтардың мәдениеті, скиф үштағаны (триадасы), «Аң стилінің» таралуы, қоғамдық ұйымдасуы мен идеологиясы, археологиялық ескерткiштері.

  1. Қазақстан территориясындағы ертедегi мемлекеттер (4 сағат):

үйсiн мемлекетi, шаруашылығы, әлеуметтiк-саяси ұйымдасуы, үйсiндердiң басқа елдермен қарым-қатынасы, мәдениеті;
қаңлылар, саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті, Сырдария бойындағы археологиялық ескерткіштер;
ғұндар, б.з.б. III-I ғасырлардағы ғұндар мемлекеті, көршiлермен қарым-қатынасы, ғұндардың Мөде тұсында өрлеуi, ғұндардың Қазақстанға қоныс аударуы, көшпелi мал шаруашылығы, егiншілік, әлеуметтiк құрылысы, материалдық мәдениетi;
ғұндар және халықтардың ұлы қоныс аударуы, батысқа қарай аттануы, ғұндар Еуропада, Аттила.

  1. Қайталау (1 сағат).

  2. Көшпелiлер немесе дала өркениетi (3 сағат):

көшпелілер және номадизм, көшпелi қоғамның өзiне тән шаруашылық жүргiзу әдiстерi, әскери өнерi, әскери-демократиялық басқару жүйесi;
көшпелi және отырықшы өркениеттер арасындағы байланыс, қалалар –көшпелi және отырықшы өркениеттердi жалғастыратын, жақындастыратын көпiр;
Ұлы Жібек жолы.
14. Қазақстан жеріндегі VI – XV ғасырлардағы мемлекеттер: этникалық және саяси тарихы (9 сағат):
түркi халықтарының түп төркiнi, көне түркiлер, түрік қағанаты (құрылуы, дамуы, ыдырауы), Қазақстан аумағындағы батыс-түрiк, түркеш, қарлұқ, оғыз, қимақ мемлекеттерi, қыпшақтардың шығу тегi және ежелгі тарихы, Дештi-Қыпшақтағы Қыпшақ мемлекеті;
Моңғол шапқыншылығы, Қазақстан аумағында XIV-XV ғасырлардағы жеке хандықтардың дамуының ерекшелiгi, аумағы және рулық құрамы, ұлыстық жүйе, Алтын Орда және Ақ Орда, Ноғай Ордасы (Маңғыт жұрты), Моғолстан, көшпелі өзбектер мемлекеті (Әбілхайыр хандығы).
15. Қазақ халқының және қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихы (7 сағат):
«Этнос», «этногенез», «этноним» ұғымдарының мазмұны, қазақ халқының қалыптасуының негізгі кезеңдері, қазақ халқының қалыптасуының басталуы, қазақ жүздері, ру-тайпалық құрамы, «қазақ» этнонимi туралы, қазақ халқының антропологиялық типi және тiлдiк сипаты;
қазақ хандығының құрылуы – қазақ халқының қалыптасу үдерісінің аяқталуы, саяси тарихы, қазақ хандары ұстаған саясаттың негiзгi бағыттары, хандық мемлекеттегi басқару жүйесi, хандық билiк, әлеуметтiк құрылымы, «ақсүйек» және «қарасүйек» институттары, салықтар мен мiндеткерлiктер түрлерi, әдеп құқығы және «Жетi Жарғы».
16. Қайталау (1 сағат).
17. Көшпелiлердiң рухани мәдениетi. Қазақ даласының даналары (12 сағат):
рухани мәдениеттiң даму ерекшелiгi, негiзгi бағыттары;
Қазақстан аумағында ислам дінінің таралуы;
тiл мен жазу, ежелгi жазба ескерткiштерi (түрiк, соғда, араб), ғылым мен әдебиет (әл-Фараби, Жүсiп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Мұхамед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыри);
халық ауыз әдебиеті, ақындар мен жыраулар (Асан-қайғы, Қазтуған, Сыпыра, Доспамбет, Ақтамберді, Бұқар жыраулар), эпикалық жырлар;
музыка өнерi, қолданбалы өнер, ұлттық салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар. ұлттық ойындар, дiн, наным-сенiмдер;
Ұлы Жiбек жолының мәдениет дамуындағы алатын орны.
18. Қазақстан Ресей империясының құрамында (14 сағат):
Ресейдің XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі шығыстағы саясаты, XVIII ғасырдың басындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы, 1731 жылғы жарлық және А.И.Тевкелев елшiлiгi, Қазақстанның Ресейге қосылуының басталуы, Әбiлқайыр хан саясаты және оның жүзеге асуы, кiшi жүз бен Орта жүздiң Ресейге қосылуы, қазақ жерлерiн бiрiктiру мақсатындағы Абылай хан саясаты, Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы, қосылудың салдары;
XVIII-ХІХ ғасырлардағы Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалары, 1822 және 1824 жылдардағы Жарғылар, Қазақстанда хандық жүйенің жойылуы, 1867-1868 жылдардағы «Уақытша ережелер», 1886, 1891 жылдардағы «Басқару туралы Ережелер», Ресейдің Қазақстандағы отарлық саясаты және реформалардың салдары;
Ресейдiң Қазақстанда жүргiзген көшiп-қондыру саясатының негізгі кезеңдері, казак әскерi мен орыс шаруаларының Қазақстанға жаппай қоныс аударуы, Столыпиннің аграрлық реформасы және қоныстандырудың жаңа кезеңі, қазақтардың шұрайлы жерлерiн тартып алу, қоныстандыру саясатының зардаптары;
Қазақстанға ХІХ ғасырдың екінші жартысында ресейлік және ХХ ғасырдың басында шетелдік капиталдың ене бастауы, Қазақстанның бүкілресейлік нарыққа ықпалдасуы, сауданың дамуы, жәрмеңкелер, темір жолдардың салынуы.
19. Қорытынды қайталау (2 сағат).





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет