Жалпы орта білім беру деңгейінің «Адам және қоғам» білім саласы пәндерінің ОҚу бағдарламалары



бет8/28
Дата05.02.2022
өлшемі1,75 Mb.
#22954
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
(қоғамдық-гуманитарлық және
жаратылыстану-математикалық бағыттары)


1.Түсінік хат

1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді.



  1. Пәнді оқытудың мақсаты – ХХғ. басы мен ХХІ ғасырдағы дүниежүзі елдері мен халықтарының саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының негізгі бағыттарын талдап-түсіндіру.

  2. Оқытудың міндеттері:

    1. дүниежүзінің әртүрлі аймақтарында индус­три­­алдық және постиндустриалдық қоғамдардың қалыптасуындағы ортақ белгілер мен ерекшеліктерді ашатын жүйелі білім беру;

    2. оқушыларға дүниежүзінің ХХ – ХХІ ғасырлардағы дамуының альтернативтік мүмкіншіліктерін көрсету;

    3. көпұлтты империялардың қалыптасу, даму және күйреу тарихын, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуын түсіндіру;

    4. қазіргі замандағы халықаралық қатынастардың дамуының сипаты мен ерекшеліктерін ашу;

    5. дүниежүзі халықтары тарихының өзара байланыстылығы мен өзара әрекеттестілігін қарастыра отырып, оқушыларды толеранттылық пен халықтардың өзара түсіністігі рухында тәрбиелеу;

    6. отар және тәуелді елдердегі азаттық қозғалысының сипатын, кезеңдерін және жаңа формаларын көрсету;

    7. оқушылардың гуманитарлық мәдениетін дамыту, олардың ұлттық және әлемдік мәдени мұра құндылықтарын түсінуіне көмектесу.

  1. Оқу жүктемесінің көлемі:

қоғамдық-гуманитарлық бағыт
10 сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағат;
11 сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағат.
жаратылыс-математикалық бағыт:
10 сынып – аптасына 1сағат, оқу жылында 34 сағат;
11 сынып – аптасына 1сағат, оқу жылында 34 сағат.

  1. «Дүниежүзі тарихын» оқыту барысында төмендегідей пәндермен пәнаралық байланыс жүзеге асырылады:

  1. Қазақстан тарихымен:

Қазақстандағы ХХ ғ. басындағы қоғамдық-саяси үдеріс. 1916 жылғы көтеріліс. 1917 жылғы революция кезіндегі Қазақстан. Бүкілресейлік саяси партиялардың Қазақстандағы іс-әрекеті. ХХ ғ.- ХХІ ғасырдың басындағы Қазақстан. ХХ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті;
2) Географиямен:
тарих қоғамды уақыт аясында ғана емес, сонымен қатар кеңістік аясында да қарастырады, осы тұрғыдан алғанда тарихи пәндер географиямен тығыз байланысты болады. Сондықтан ХХ ғ. бірінші жартысындағы дүниежүзінің саяси картасында болған өзгерістерді оқытуда оқушылардың географиялық кеңістік туралы білімдері пайдаланылады. КСРО мен шетелдердің экономикалық дамуы мәселелерін оқытқанда мұғалім география пәнінен белгілі болған экономикалық мәліметтерге сүйенеді;
3) Әдебиетпен:
ХХ ғ. бірінші жартысындағы ғылым мен мәдениет тарихы­ның негізгі мәселелерін түсіндіргенде оқушылардың орыс және қазақ әдебиетінен алған білімдерін пайдалану қажет. Сонымен қатар оқытылып отырған кезеңнің саяси және әлеуметтік бейнесін ашатын әдеби көркем шығармалар да пайдаланылады;
4) Қазақ, орыс, шет тілдерімен:
тарихи түсініктермен және терминдермен жұмыс істегенде оқушылардың ана тілі мен шет тілдері пәнінен алған білім, білік, дағдылары пайдаланылады;
5) Химия және физикамен:
мәдениет, ғылым мен техниканың даму тарихын оқыту барысында оқушылардың атомдық-молекулалық ілім, бүкіләлемдік тартылыс заңы туралы білімдері және әлемнің физикалық құрылымы туралы түсініктері пайдаланылады;
6) Математикамен:
оқушыларға хронологиялық және синхрондық кестелер жасату барысында олардың математика пәнінен меңгерген абстракциялау дағдыларын пайдалану қажет.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет