1. Солтүстік Америка ішкі суларының ерекшеліктерін,Атлант,Солтүстік Мұзды және Тынық мұхиттар алаптары өзендерінің ерекшеліктерін көрсету;өзен сипаты мен көлдер торын анықтау.
2.Оқушыларға Солтүстік Американың ішкі суларын суреттей отырып,қоршаған ортаға тигізетін әсері туралы экологиялық білім-тәрбие беру.
3.Оқушылардың карталарды пайдалана отырып,Солтүстік Америка ішкі суларына сипаттама беру іскерліктерін қалыптастыруды одан әрі дамыту.
Табыс критерийлері
А. Солтүстік Америка суларының алаптары мен өзен аттарын біледі;
В. Солтүстік Америка суларының орналасуын картадан көрсете алады және қоректену режимі, басталуы мен құяр жерін атай алады;
С. Солтүстік Американың ішкі суларының географиялық орнын анықтай алады, көлдердің аумағын, өзендердің шығу тегін, зерттелу тарихын айта алады.
Көрнекіліктері:
Дүние жүзінің физикалық картасы, суреттер, плакаттар, кесте, глобус, АКТ, MS Office PowerPoint
Сабақтың түрі:
аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері:
Баяндау/постер қорғау, картамен жұмыс
Кубизм, СТО, кері байланыс
Сабақ барысы:
№
Сабақ кезеңі
Сабақ барысы
Оқушы әрекеті
1
Ұйымдастыру (2 мин)
Амандасу, түгендеу. Оқушыларды 5 топқа санамақ арқылы бөлу.
5 ші топ «қазылар алқасы», яғни сабақ барысында оқушыларды бағалайды. Бағалау критерийлерін анықтау:
Үй жұмысы
Көрнекілік
Жаңалық
Картамен жұмыс
Уақыт
Жеткізе білу/ сөйлеу әдебі
Ұйымшылдық
Сабаққа дайындалу, зейін салу, топқа бөлінеді.
Мұғаліммен бірге бағалау критерийлерін анықтайды
2
Үй тапсырмасы (5 мин)
«Кубизм» әдісі арқылы әр топтан екі оқушыдан сұрау
1. С.Америкада неше климаттық белдеу бар?
Жауабы:6, экваторлықтан басқасы
2. Климаттың қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?
Жауабы:Ауа массалары, мұхиттардың ықпалы, жер бедері, географиялық ендік.
Кубты ортаға тастап, беткі бетіне белгіленген сұраққа жауап береді.
3
Жаңа сабақты түсіндіру (5 мин)
Проблемалық сұрақ арқылы сабақтың тақырыбын ашу: Қандай жағдайда материкте су мол болады?
Сабақтың мақсатын қою. Күнделікті өмірде алатын орны мен мағынасын анықтау.
Солтүстік Америка материгі мол сулы өзендерге , тұщы сулы терең көлдерге бай. Су қоры жөнінен Оңтүстік Америка мен Еуразиядан кейін үшінші орын алады. Сонымен қатар биік таулы мұздықтар мен материктің солтүстігін алып жатқан қалың мұз жамылғылары және жер асты суларының мол қоры бар.
Проблемалық сұраққа жауап беру: егер жер бедері біркелкі емес, яғни тау жүйесі болса.
4
Жаңа сабақ (25 мин)
Топтық жұмыс:
1 топ: Атлант мұхиты алабындағы өзендер
2 топ: Солтүстік Мұзды мұхиты алабындағы өзендер
3 топ: Тынық мұхиты алабындағы өзендер
топ: Көлдер мен сарқырамалар
5топ: Тақырып бойынша презентация қорғайды.
Кескін картамен жұмыс: объектілерді тауып, картаға түсіру: Ұлы көлдер, Колорадо, Юкон, Мисисипи, Миссури, Маккензи
Топтық жұмыс жасайды. 1 топ- Рөлдік көрініс, 2 топ- постер қорғау, 3 топ- аранайы репортаж, 4 топ- постер қорғау
5 топ: презентация дайындайды, бағалау критерийлері бойынша бағалайды.
Кескін картаға объектілерді түсіреді
5
Бекіту (2 мин)
Анаграмма.
МИЗЕНКАК
1. Маккензи
СИРУСИМ
2. Миссури
ГАРАНИА
3. Ниагара
ОЛРОДАКО
4. Колорадо
ОНУГР
5. Гурон
РАИТОНО
6. Онтарио
Анаграмманы тауып, дәптерге жазады.
6
Үйге тапсырма (2 мин)
§ 32. С.Америка материгінің ішкі сулары. Кескін картаға өзен, көлдерді түсіру
Күнделікке үй тапсырмасын жазып алады
7
Бағалау (2 мин)
5 ші топ бағалау парағы бойынша талдау жасайды
Бағаларын тыңдап, өз ойларын айтады
8
Кері байланыс/ рефлексия (2мин)
«Алма» ағашы. Стикерлерге жаңа сабақ бойынша ой-пікірлерін жазу.