Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған "Информатика" оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы 1-тарау. Жалпы ережелер


– тарау. "Информатика" пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет4/6
Дата17.12.2021
өлшемі179,5 Kb.
#102288
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
10 сынып жарат-гуманитар

2 – тарау. "Информатика" пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

      4. "Информатика" пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:

      1) 10-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты;

      2) 11-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

      Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8170 тіркелген).

      5. Оқу пәнінің мазмұны бағдарламаның пән бойынша оқыту бөлімдерінен тұрады. Әр бөлім бөлімшелерге бөлінген. Бөлімшелер күтілетін нәтиже, дағды немесе білік, білім немесе түсінік түрінде оқыту мақсаттарын қамтиды.

      6. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы "Информатика" оқу пәнінің базалық мазмұны 4 бөлімді қамтиды:

      1) компьютерлік жүйелер;

      2) ақпараттық нысандарды құру және түрлендіру;

      3) ақпараттық процестер және жүйелер;

      4) қосымшаны құру;

      7. "Компьютерлік жүйелер" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

      1) бұлттық технологиялар;

      2) ақпараттық қауіпсіздік.

      8. "Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:

      1) дизайн теориясы;

      2) видео контент құру;

      3) веб-жобалау;

      4) 3D – модельдеу.

      9. "Ақпараттық процестер мен жүйелер" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды: ақпараттық технологияларды дамытудың заманауи үрдістері.

      10. "Қосымшаларды әзірлеу" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:

      1) мобильдік қосымшалар;

      2) IT STARTUP (ай-ти стартап).

      11. 10-сыныпқа арналған "Информатика" оқу пәнінің базалық білім мазмұны:

      1) "Компьютерлік жүйелер"

      Ақпараттық қауіпсіздік: "ақпараттық қауіпсіздік", деректер "құпиялылығы" және "тұтастығы"; қауіпсіздік шаралары - деректерді резервтік көшіру және шифрлау; жеке тұлғаны сәйкестендіру әдістері;

      2) "Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру"

      Дизайн теориясы: "дизайн", "қолданылуы", визуалды дизайнның классификациясы; Ақпаратты қабылдау принциптері; "жақсы дизайн" қағидаттары (ыңғайлылық, қарапайымдылық); графикалық файл пішімдері; графикалық файлдарды түрлендіру; сайттың дизайн-макетін әзірлеу.

      Бейне контентін құру: видео түсірілімнің негізгі қағидалары және бейнелерді өңдеу; бейнемен жұмыс істеу бағдарламалары; бейне клиптерді өңдеу.

      Веб-жобалау: сайттар конструкторы; веб-беттегі мультимедиа; сайтты алға жылжыту әдістері; сайтты жариялау.

      3) "Ақпараттық процестер мен жүйелер"

      Ақпараттық технологияларды дамытудың қазіргі заманғы үрдістері: машиналық оқытудың принциптері, нейрондық желілер; жасанды интеллект қолдану салалары; Blockchain (блокчейн) технологиясының мақсаты мен жұмыс принципі.

      12. 11-сыныпқа арналған "Информатика" оқу пәнінің базалық білім мазмұны:

      1) "Компьютерлік жүйелер"

      Бұлттық технологиялар: файлдарды ортақ пайдалану.

      Ақпараттық қауіпсіздік: ақпаратты және зияткерлік меншікті қорғау; электрондық цифрлық қолтаңба, мақсат, қолдану алгоритмі.

      2) "Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру"

      3D – модельдеу: виртуалды және кеңейтілген шындық; олардың адам денсаулығына әсері; бірінші тұлға көрінісімен 3D панорама (виртуалды саяхат) жасау.

      3) "Ақпараттық процестер мен жүйелер"

      Ақпараттық технологияларды дамытудағы заманауи үрдістер: Қазақстанда цифрландыру процесінің қазіргі заманғы үрдістері; электрондық үкімет порталы.

      4) "Қосымшаларды әзірлеу"

      Мобильді қосымшалар: мобильді қосымшалар интерфейсі; мобильді қосымшаларды әзірлеу және орнату.

      IT Startup (ай-ти стартап): Crowdfunding (краудфандинг) платформаларының жұмыс қағидалары; маркетингтік жарнама, өнімді өткізу және сату жолдары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет