10-11-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
23. Тұлғалық нәтиже (психологиялық-педагогикалық мониторинг формасында зерттеліп, оқушының тәрбиелілік, әлеуметтік және рухани-адамгершілік, шығармашылық-дене дамуының деңгейі түрінде оның портфолиосында көрсетіледі):
1) ұлттық құндылықтар мен әлемдік азаматтық құндылықтарды салыстыра пайымдап, дәріптей білуінен;
2) әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін дұрыс бағалай алуынан;
3) қолданыстағы тілдерді білуінен, қазақ халқының және Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына құрметпен қарауынан;
4) қоғамға жат құбылыстарға, идеологиялық, діни ағымдарға және заңды бұзушылық әрекетке қарсы өз көзқарасын шешендікпен негіздей алуынан және жұртты сендіре білуінен;
5) адамдармен қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік танытуынан, этикалық нормаларды сақтай білуінен;
6) өздігінен білім алуға, өмірден өз орнын табуға және жасампаз еңбекке ынта-ықыласы мен қабілеттілігін танытуынан;
7) белсенді азаматтық ұстанымын, жоғары патриоттық сезімін көрсете білуінен көрініс табуы тиіс.
10-11-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
24. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер (оқушының пән олимпиадасында, таңдау курстарында, шығармашылық жұмыстарда, сонымен бірге басқа да ізденіс жұмыстарында анықталып, оның нәтижелері портфолиосында жинақталады):
1) сөйлеудің ауызша және жазбаша түрлерінде тілдік бірліктерді мақсатқа сай қолдана білуі;
2) тілдің мәдени-этикалық нормаларын меңгеруі;
3) ауызша, жазбаша және компьютерлік сөйлеуде мәтіндік интерпретациялаудың тәсілдерін қолдана білуі;
4) зерттеу және шығармашылық әдістерді өз әрекетінде тиімді қолдана білуі;
5) тұрмыстық-әлеуметтік қатынастағы әдептілік нормаларын меңгеруі;
6) іскерлік қатынастағы тіл табысуға қажетті тілдік амалдарды орнымен жұмсай алуы;
7) жеке адам өміріне, мекеме, ұйым жұмысына қажетті ресми ісқағаздар жүйесін меңгеруі;
8) шешендік өнердің көпшілік алдында сөйлеу әдістерін меңгеруі;
9) шешендіктің дамуына қойылатын алғышарттарды өмірден алынған фактілер бойынша негіздей алуы;
10) шешендік өнердің қажеттілігін қазіргі шешендердің сөздерін талдау негізінде дәлелдеп көрсетуі;
11) зерттеу және шығармашылық әдістерді өз әрекетінде тиімді қолдана білуі;
12) көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы мен міндеттерін түзе алуы;
13) қарым-қатынастың түрлеріне сай тілдік белгілерді орынды қолдана білуі;
14) сөйлеудің мақсатына сай тыныс белгілерді және интонацияны дұрыс пайдалана білуі;
15) ғылыми және шығармашылық ізденісте ақпараттар жүйесін іріктеп, өңдеп, сауатты қолдана білуі тиіс.
«Қазақ әдебиеті» пәнінен оқу бағдарламасы
(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
1. Түсінік хат
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
2. Әдебиет – сөз өнерi, халықтың сана-сезiмiн, көркемдiк ойлау қабiлетiн байытатын рухани дүние, халықтың айшықты сөзбен кестелеп, асыл ойлармен зерлеген баға жетпес бай қазынасы, тарихы.
3. Бағдарлама әдебиеттану ғылымы ұстанымдары негізінде түзіліп, оқытудың жаңа талаптарына сай мазмұндық, құрылымдық және әдістемелік жағынан жаңартылып отыр.
4. Білім мазмұнын сұрыптауда ғылымилық, түсініктілік, жүйелілік, іс-әрекеттілік, пәнаралық байланыс, сабақтастық сияқты дидактикалық ұстанымдар басшылыққа алынып, оқушылардың бейіндік ерекшеліктері ескерілді.
5. Бағдарламада ақын-жазушылар шығармашылығы хронологиялық сипатта ұсынылды. Қайталанған шығармалардың орнына басқа ақын-жазушылардың шығармашылықтары енгізілді.
6. ХІХ-ХХ ғасырдағы көрнекті ақын-жазушылардың шығармашылығы және тәуелсіздік жылдарындағы әдебиеттің кейбір үлгілерін оқыту көзделді. Тәуелсіздік кезеңіндегі шығармалар осы кезеңнің тарихи-әлеуметтік мазмұнының көрінісі ғана емес, халықтың әдеби қазынасы қызметін де қатар атқаратын туындылар ретінде қарастырылды.
7. Әдебиеттiң теориялық мәселелерi, әдебиеттанудың салалары, әдеби ағымдар мен бағыттар, көркем шығарманы талдау әдістері, әдеби шығарманың болмыс-бітімі, ұлттық мәдениет, әдебиет және көркемдік шындық, әдебиеттiң өзге ғылымдармен байланысы, қазiргi әдебиеттегi проблемалық мәселелер, оқырман мәдениеті, сөз өнерi және шығармашылық үдеріс, қаламгер стилі өзек етiлiп, көркем шығармашылық туралы жүйелі ұғым қалыптастырылады.
8. Қазақ әдебиетi» пәнінің оқу бағдарламасында мемлекеттiк бiлiм стандартына сәйкес бiлiм мазмұны және оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар пәндік нәтижелер, тұлғалық және жүйелі-әрекеттік нәтижелер түрінде сараланып берілді.
9. Пәнді оқыту мақсаты - қазақ халқының сан ғасырлық тарихын, дәстүрін, өнерін, әдебиеті мен мәдениетін ұлттық құндылық ретінде бағалап, құрметтей білетін, көркем шығармада бейнеленетін қоғамдық-әлеуметтік құбылысты көркемдік тұрғыда қабылдауға қажетті білім, білік, дағдыларын меңгерген, әдебиетті өмірмен байланыстыра қабылдай алатын, қазіргі білім беру жүйесіндегі талаптарға сәйкес өзіндік белсенділік көрсете алатын, азаматтық көзқарасы айқын, адамгершілік, елжандылық қасиеттерді бойына жинақтаған интеллектуалдық әлеуеті жоғары дара тұлға тәрбиелеу.
10. Пәнді оқыту міндеттері:
1) әдебиеттің ұлттық ерекшелігін, көркем шығармалардағы әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің бейнеленуін, көркем туындының идеялық мазмұнын ұғындыру;
оқушыларға әдебиеттің өнердің бір түрі екендігін танытып, әдеби білім мазмұнын жүйелі меңгеруді ұйымдастыру;
3) көркем шығарма арқылы оқушылардың санасына көркем сөз құдiретiн, эстетикалық, танымдық тәрбиенi сiңiру;
4) оқушылардың көркем шығарма оқу әрекеттерін, образбен ойлау қабілеттерін өзіндік ізденіс шығармаларымен жетілдіріп, олардың сөз өнерін рухани құндылық ретінде қабылдауына мүмкіндік туғызу;
5) ойын еркін, шешен жеткізе алу, әдеби-теориялық білімін жазба жұмыстарда сауатты қолдана алу біліктілігін қалыптастыру.
11. Оқыту үдерісінде «Қазақ әдебиеті» пәні төмендегі оқу пәндерімен тығыз байланыста оқытылады:
1) «Қазақ тілі»: филологиялық ғылым салаларын байланыстыра оқыту үздіксіз, жүйелі жүргізіледі, бұл арқылы оқушылардың сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту жүзеге асырылады;
2) «Қазақстан тарихы»: әдебиет пен тарихты байланыстыру оқушылардың тарихи шындықты көркем шығармада бейнелеу ерекшеліктерін түсіну дағдыларын қалыптастырады және оқушылар нақты мәліметтерді талдай алуға, өзіндік баға беруге үйренеді;
3) «География»: көркем шығармада бейнеленген, суреттелген немесе оқиғалар өрбіген жердің географиялық ерекшеліктерін автор көзімен көруге, оны өзіндік байқауларымен, білімдерімен салыстыруға үйренеді;
4) «Музыка»: әдеби шығарма мен музыканының ішкі иірімдерін салыстыра алуға дағдыланады, әннің идеялық-көркемдік және эстетикалық маңызын, ұлттық ән-әуендегі мазмұны мен талғамын түсінуге мүмкіндік береді;
5) «Бейнелеу өнері»: әдебиет сабақтарында бейнелеу өнерінің туындыларын пайдалану оқушылардың кейіпкер бейнесі мен оқиғаларды, жалпы суреттелген мәселелерді көзбен көре, терең сезінулеріне мүмкіндіктер жасайды.
12. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесінің көлемі.
10-сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағат;
11-сыныпта аптасына 3 сағаттан, барлығы – 102 сағатты құрайды.
13. Пәнді оқытудың вариативті бөлігі қосымша оқу бағдарламасы арқылы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде жүзеге асады.
2. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны
14. 10-сыныпта «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытуға 68 сағат бөлінген, оның ішінде, шығармаларды оқып, талдауға – 56 сағат, шығармашылық жұмыстарға -8 сағат, сыныптан тыс оқуға – 4 сағат.
15. Курстың мазмұны мынадай тақырыптарды қамтиды:
1) Жалпы шолу −1 сағат (ХІХ ғасырдағы қазақ елінің тарихи-әлеуметтік жағдайы. Ресейдің қазақ елін отарлауы, отаршылдыққа қарсы бұқаралық күрес. Кенесары Қасымұлы, Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс туралы. Қазақ еліндегі тарихи-әлеуметтік жағдайлардың қоғамдық санаға ықпалы. Қазақ даласындағы өмір құбылыстарын өлең, жыр, толғауларына арқау еткен қазақ поэзиясының көрнекті өкілдері Байтоқ, Жанұзақ, Шернияз, Алмажан туралы. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті тарихында әртүрлі ағымдардың пайда болуы. «Зар заман» ақындарының шығармаларына ортақ сарындар);
әдебиет теориясы: сыншылдық дәстүр;
пәнаралық байланыс: ХІХ ғасырдағы Қазақстан тарихының І жартысы;
өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Сералиннің «Топжарған» поэмасы;
2) Дулат Бабатайұлы «Аягөз» өлеңі мен «Еспембет дастаны» −3 сағат (Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет. Дулат – ХІХ ғасырдың орта кезіндегі қазақ поэзиясын мазмұн, тақырып, түр жағынан байыта түскен, көркемдік тәсіл тұрғысынан жаңа сатыға көтерген ірі ақын. Дулат өлеңдеріндегі адам образдары, табиғат бейнесі. Мысал өлеңдері. «Аягөз» өлеңінің тақырыбы мен көркемдік ерекшелігі, тіл оралымы. «Еспембет» дастанының сюжеттік маңызы. Дастандағы Еспембет образын сомдаудағы ақындық тәсілдер жанама мінездеу, суреттеу. Еспембет дастанындағы соғыстың жалпы панорамасы, сол сияқты жеке көріністерді, жекпе-жек ұрыстарды сипаттаудағы ақындық шеберлік. Дастандағы Ақбөрте тұлпардың образы. Дулат жырларының көркемдік ерекшеліктері);
әдебиет теориясы: аллитерация, ассонанс, эпитет, метафора, теңеу;
пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы;
өзіндік ізденіс жұмыстары: «Бес ғасыр жырлайды» кітабы;
Махамбет Өтемісұлы. «Менің атым Махамбет», «Атадан туған аруақты ер», «Нарын», «Тайманның ұлы Исатай» өлеңдері −3 сағат (Ақынның өмір сүрген дәуірі мен ақын өлеңдерінен көрініс табатын халықтың арман-тілегі. Махамбет жырларындағы Исатай мен ақынның өз бейнесі. Батыр образын сомдаудағы ұлттық дәстүрлі нақыштар мен Махамбетке тән сөз қолданыстар. Үш өлеңнің өз ара ортақ қасиеттері мен ерекшеліктері. Ақын поэзиясындағы реалистік, романтикалық сипат. Көркемдік ерекшелігі мен жанры. М.Өтемісұлы шығармаларының қазақ әдебиеті тарихындағы орны. Әдебиет теориясы: әдебиеттің қоғам өмірімен байланысы туралы ұғым. Дыбыс қайталау ассонанс, аллитерация Риторикалық сұрау. Өлең құрлысы);
пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка Құрманғазы «Кішкентай», электрондық оқулық Махамбет туралы телесабақ;
өзіндік ізденіс жұмыстары: Т.Медетбектің «Махамбет рухының монологі» өлеңі;
Сүйінбай Аронұлы «Бөрілі менің байрағым», «Ту алып жауға шапсаң сен», «Датқалар» «Үмбетәліге» өлеңдері −2 сағат («Сүйінбай мен Тезек төре», «Сүйінбай мен Қатаған» айтыстары. Сүйінбай – қазақ поэзиясын мазмұны, түрі, тақырыбы жағынан байытуда өзіндік орны бар ақын. Ол – халық мұңын мұңдап, үстем тап өкілдерінің әділетсіздігін бетіне басып әшкерелеп отырған батыл да әділ сыншы. Сүйінбай – айтыстың асқан шебері және қазақ пен қырғыз елдеріне өткір тілі, озық ойымен кеңінен танылған ақын);
әдебиет теориясы: Айтыс туралы ұғымды кеңейту;
пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы;
өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Жолдасбековтің «Асыл сөздің атасы» - Алматы, 1996;
Шортанбай Қанайұлы. «Зар заман», «Опасыз жалған», «Бала зары» жыр-толғаулары−2 сағат (Түркістан қаласы маңында дүниеге келген суырыпсалма ақынның шығармаларында ХІХ ғасырдың орта тұсындағы патша үкіметінің қазақ даласын отарлау саясатынан туындаған әлеуметтік өмірдің шынайы суреттелуі. Шортанбай – еңбекші бұқараның азапты ауыр тұрмысын, шынжыр балақ, шұбар төстердің әділетсіздігі мен зұлымдығын әшкерелеген ақынның бірі. Ақынның өткен игі жақсылардың іс-әрекетін аңсап, тәлім-тәрбие мәселесін ескі салт-жоба, шариғат тұрғысынан қарастыруы. Шортанбайдың айтыс ақыны ретінде көрінуі);
әдебиет теориясы: жыршылық дәстүр, эпитет, теңеу, метафора, синекдоха;
пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы;
өзіндік ізденіс жұмыстары: С.Қирабаевтың «Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері» - Алматы, 2000;
6) Майлықожа Сұлтанқожаұлы «Толғау», «Үш жігіт», «Аңқау мен қу», «Жылдың төрт мезгілі» жыр-толғаулары −2 сағат (Ақын шығармаларынан көрінетін терең ойшылдық пен өткір сықақшылдық. Көнеден келе жатқан дидактикалық сарынды жалғастырушы ақын екендігі. Адам өмірі, жас ерекшелігі туралы философиялық толғамдары. Майлықожаның адам мінезіндегі кемшіліктерді, еңбекке, елге деген сүйіспеншілікті жырлауы. Оның поэзияда шығыс ақындарына еліктеу сарындары);
әдебиет теориясы: троп түрлері;
пәнаралық байланыс: музыка өнері (терме), Қазақстан тарихы;
өзіндік ізденіс жұмыстары: Б.Омаров «Зар заман поэзиясы» - Алматы, 1999;
7) ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет жалпы шолу −1 сағат (ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті. Ыбырай мен Абай негізін салған демократтық, ағартушылық бағыттағы әдебиеттің тууы. Ағартушы идеяның алдыңғы орынға шығуы. ХІХ ғасыр поэзиясы – өз дәуірінің шындық жайларын жинақтап қамтыған көркемдік шежіре. Әдебиеттің реалистік сипаты. Романтикалық үлгідегі шығармалардың пайда болуы, «Медғат – Қасым», «Дағыстаны»);
әдебиет теориясы: лирикалық жанр өлең ырғағы;
пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы;
өзіндік ізденіс жұмыстары: Х.Сүйіншәлиев « ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті» –Алматы;
8) Қашаған Күржіманұлы. «Атамекен», «Есқали сұпыға айтқаны», «Байларға», «Қонақ кәде», «Оразалыға», «Осы күні жолдас болдым сексенменен» өлеңдері. «Атамекен», «Адай тегі» дастандары −2 сағат (Қашаған өлеңдеріндегі ізгілік қасиеттердің дәріптелуі, халық мұратының жырлануы және әділетсіздіктің сыналуы. Қашағанның қазақ әдебиеті тарихындағы ірі ақын, айтыскер жырау болғандығы. Дастандарында халықтың көне тарихымен шежіресін толғауы)
әдебиет теориясы: теңеу, эпитет, толғау туралы ұғымды кеңейту; пәнаралық байланыс; Қазақстан тарихы, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы;
өзіндік ізденіс жұмыстары: «Бес ғасыр жырлайды» ІІ том - Алматы, 1989;
9) Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» толғауы, «Сарыарқа», «Қарасай – Қази» дастаны −2 сағат (ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ақындардың бірі Мұрат Мөңкеұлының өлеңдеріндегі замана жайының суреттелуі. «Үш қиян» толғауы «Зар заман» дәуірі әдебиетінің үздік туындысы. Ондағы ел, жер тағдыры туралы толғамдары. Қарасай-Қази дастанының сюжеттік желісі. Ақынның сатиралық шығармалары. Шығармаларының көркемдік ерекшеліктері. Мұрат – айтыс өнерінің шебері);
әдебиет теориясы: эпитет, метафора, теңеу;
пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы;
өзіндік ізденіс жұмыстары: Б.Омарұлы Мұрат Мөңкеұлы - Алматы, 1993;
10) Шоқан Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі», «Жоңғар очерктері», «Қазақ халық поэзиясының түрлері» зерттеу еңбектері −3 сағат (Шоқанның өмірі мен шығармашылығы. Шоқан – қазақ халқының тұңғыш талантты ғалымы, әдебиет зерттеушісі. Шоқан – шығыстанушы ғалым. Шоқан – қазақ, қырғыз ауыз әдебиетін жинап зерттеуші. Ғалымның қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясына қатысты ойлары. Ш.Уәлихановтың зерттеу еңбектеріндегі қазақтың жыр-дастандары мен ақын-жыршылары туралы мәліметтер. Қашқария саяхаты)
әдебиет теориясы: әдебиеттің қоғам өміріндегі маңызы;
пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, театр С.Мұқанов «Шоқан Уәлиханов» пьесасы;
өзіндік ізденіс жұмыстары: Ә.Марғұлан «Шоқан және Манас» - Алматы, 1971; Сәтбаева Ш.Уәлиханов - филолог - Алматы, 1987;
11) Ыбырай Алтынсарин «Жаз», «Өзен», «Залым төреге», «Азған елдің хандары», «Азған елдің билері» өлеңдері, «Атымтай Жомарт», «Мейірімді бала» әңгімелері, «Қазақ хрестоматиясы» оқулығы −3 сағат (Ыбырайдың өмірі мен ағартушылық қызметі. Оның жазушылық өмірінің ағартушылық идеясына өзектестігі, демократиялық-ағартушылық көзқарасының қалыптасуы. Ыбырай – қазақ балалар жазба әдебиетін дамытушы. Өлеңдеріндегі әлеуметтік теңсіздік. Табиғат лирикасы. Ы.Алтынсарин – қазақ әңгіме жанрының негізін қалаушы)
әдебиет теориясы: әңгіме туралы түсінікті дамыту;
пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, өзін-өзі тану, технология;
өзіндік ізденіс жұмыстары: Ә.Қоңыратбаев «Қазақ әдебиетінің тарихы» - Алматы, 1994, С.Қирабаев «Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері» - Алматы, 1995;
12) Абай Құнанбаев «Жаз», «Күз», «Желсіз түнде жарық ай», «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ», «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Мәз болады болысың», «Сегіз аяқ» өлеңдері және «Масғұт» дастаны −8 сағат (Абайдың өмірі, шығармашылық жолы. Ұлы ақын өлеңдерінің құдіреті туралы, Абайдың қазақ поэзиясына енгізген жаңалықтары. Ақынның тіл байлығы. Қарасөздері: бірінші сөз, алтыншы сөз, он сегізінші сөз, он тоғызыншы сөз, жиырма бесінші сөз, жиырма тоғызыншы сөз, отыз үшінші сөз, отыз жетінші сөз. Абай қарасөздерінің көтерген мәселелері, даналық ойлары, насихаттары, пікір жағынан өлеңдерімен тығыз байланысы, өзіндік ерекшелігі. Әдебиет теориясы: әдебиеттің халықтығы туралы. Лирика ұғымын кеңейту)
пәнаралық байланыс: музыка («Абай» операсынан фрагменттер), бейнелеу өнері (Ә.Қастеев «Жас Абай»), электрондық оқулық («Дара Абай – Дана Абай» телесабақ);
пәнаралық байланыс: музыка («Абай» операсынан фрагменттер), бейнелеу өнері (Ә.Қастеев «Жас Абай»), электрондық оқулық («Дара Абай – Дана Абай» телесабақ);
өзіндік ізденіс жұмыстары: З.Ахметов Абайдың ақындық әлемі – Алматы, 1996, С.Назарбекұлы «Абайдың қарасөздері»;
13) Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға», «Дүние мен өмір», «Ақындарға», «Кәрілік туралы» өлеңдері, «Еңлік – Кебек» дастаны −4 сағат (Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылық жолы. Түрік, араб, парсы, орыс тілдерін жетік меңгеруі, дүниежүзі мәдениетімен таныс болуы. Шәкәрімнің өнер-білім, адамгершілік, болашақ, махаббат туралы лирикалық өлеңдері. Шәкәрім – Абайдың шәкірті. Ақын шығармасындағы азаматтық әуен. Әлеуметтік өмірдегі кесапат кесірді, кертартпалықты әшкерелеуі, әділдікті, ақиқатты, бейбіт тіршілікті жырына арқау етуі. Шынайы адал махаббатты жырлауы. Ақын лирикасындағы нәзік те терең психологизм. «Еңлік-Кебек» дастаны. Дастанда ақынның демократиялық-гуманистік көзқарасының көрінуі, кейіпкерлер бейнесін даралап берудегі шеберлігі поэма оқиғасының терең драматизмге құрылуы)
әдебиет теориясы: дастан туралы ұғым;
пәнаралық байланыс: театр («Еңлік-Кебек» пьесасы), кино («Шәкәрімнің соңғы күзі»);
өзіндік ізденіс жұмыстары: Ш.Қ.Сәтбаева «Шәкәрім Құдайбердиев» - Алматы, 1990; Б.Әбдіғазиұлы «Шәкәрімтану мәселелері»;
14) Жамбыл Жабаев «Шағым», «Кәрібайдың төбеті», «Кедей күйі», «Мәңке туралы» өлеңдері, Айкүміспен айтысы −2 сағат (Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы. Жамбыл өлеңдеріндегі юмор мен сатира. «Кедей күйі» өлеңіндегі замана шындығының көркем жинақталуы. Айтыстарындағы көркемдік айшықтар. Жамбылдың Айкүміспен айтысындағы лиризм сыршылдық. Басқа айтыстарынан айырмашылығы.
әдебиет теориясы: сатира туралы ұғымды кеңейту;
пәнаралық байланыс: кино «Жамбылдың жастық шағы» (1996, сценарий авторы М.Жолдасбеков; режиссері Қ.Қасымбеков);
өзіндік ізденіс жұмыстары: «Жамбыл мен Құлмамбет» айтысы;
15) Шәңгерей Бөкеев «Бұл дүние пәнилығын етеді екен», «Қайран жерім», «Ғылым», «Қосаяқ», «Құйрық атып кұлия» өлеңдері, «Қашқын» поэмасы− 2 сағат (Шәңгерейдің өмірі мен шығармашылық жолы. Оның өз өмірінің әрқилы кезеңдерін бейнелей отырып, замана тынысын, тіршілік сарынын шебер бейнелеп көрсетуі. Шәңгерей поэзиясындағы философиялық ой-түйін. Ақынның табиғат құбылыстарын көркемдеп суреттеуі. Шәңгерейдің аудармашылығы)
әдебиет теориясы: кейіптеу ұғымын тереңдету, аударма шығармалар ұғымы;
пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы;
өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Әуезов «Әр жылдар ойлары» - Алматы, 1959, «Бес ғасыр жырлайды» ІІ том - Алматы, 1989;
16) Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы «Шайтанның саудасы» өлеңі, «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі», «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» кітаптары «Гүлшат – Шеризат» дастаны −4 сағат (Мәшһүр Жүсіп шығармаларында орын алған білім, жер мәселесі, сөз бостандығы. Халық бостандығы мәселелері. Мәшһүр Жүсіптің халық ауыз әдебиетінің көптеген үлгілерін – дастандар мен хикаяларды, тарихи жырларды «Ер Көкше», «Сайын батыр», т.б. жинап, Бұқар жырау, Шортанбай, Шөже, т.б. ақын-жыраулардың әдеби мұрасын хатқа түсіріп қалдыруы. Мәшһүр поэмалары – ертегі, аңыз негізінде жазылған сюжетті, әңгімелі шығармалар);
әдебиет теориясы: дастан туралы;
пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы;
өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Ж.Қуандық, Ж.Көпеев «Көркем сөздің құдіреті», 2000; С.Сүтжан «Мәшһүр мұрасы» - Алматы, 1999;
17) Нарманбет Орманбетұлы «Көпті көрген көнемен», «Шал қайғысы», «Замана», «Сарыарқа сайран жерім-ай», «Бала қайдан?» өлеңдері−2 сағат (Өмірі мен шығармашылығы. Отарлық езгі, отаршылдық өктемдікке қарсы үн көтерген ақын екендігі. Ақын шығармаларындағы Сарыарқа образы. «Сарыарқа сайран жерім-ай» толғауында ұлт басына төнген ауыр халді суреттеуі. «Шал қайғысы» өлеңінде халық бойындағы бойкүйездік пен жалқаулықты сынауы. Нарманбет өлеңдерінен ұлы Абай жырлары рухының аңғарылуы. Нарманбет мұрасының көп уақыт жабық жатуы);
әдебиет теориясы: әдебиеттің қоғамдық мәні;
пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы;
өзіндік ізденіс жұмыстары: Н. Орманбетұлы «Кер заман» поэмасы;
18) Әнші-сазгер ақындар шығармашылығына шолу −3 сағат (ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі әнші-ақындар шоғыры. Жаяу Мұса, Мұхит, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақтар тума талант, табиғи дарын иелері екендігі. Олардың поэзия, музыка саласындағы мол мұрасы);
пәнаралық байланыс: музыка;
өзіндік ізденіс жұмыстары: З.Ақышев «Жаяу Мұса» романы;
19) Біржан сал Қожағұлұлы «Жамбас сипар», «Ләйлім шырақ», «Теміртас», «Сырғақты», «Жанбота», «Көкек» әндері −2 сағат (Үш жүздің ардақты әншісі Біржан – әнді шығарушы, әрі орындаушылығымен қатар әніне лайық сөз өрнегін, бояуын таба білген ақын. «Теміртас» әніндегі трагедиялық сезім. Біржан – өз заманының бай, болыс-билеріне бас имеуі. Біржан әндерінің белгілі бір жағдайға, тақырыпқа байланысты туғандығы);
пәнаралық байланыс: театр М.Төлебаев «Біржан – Сара» операсы;
өзіндік ізденіс жұмыстары: кино («Біржан сал»);
20) Ақан сері Қорамсаұлы «Жайықтың ақ түлкісі», «Ақ көйлек», «Асыл мен жасық», «Жақсы мен жаман», «Құлагер», «Ләйлім шырақ», «Маңмаңгер», «Сырымбет», «Балқадиша» әндері −3 сағат (Ақан – қазақтың әнші-ақындар тобының көрнекті өкілі. Ақанның өмірі туралы деректер. Ақан – ақын, әнші, сазгер. Ақанның әсемдік туралы таным-түсінігі, эстетикалық көзқарасы. Ақанның өмір, заман туралы толғаулары, жастарды өнерге үндеуі. «Құлагер» ақын трагедиясы. Ақынның сөз саптау ерекшелігі);
әдебиет теориясы: махаббат лирикасы туралы ұғымды кеңейту. пәнаралық байланыс: театр (Ғ.Мүсірепов. «Ақан сері – Ақтоқты» драмасы), кино («Ақан сері»);
өзіндік ізденіс жұмыстары: І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасы, А.Жұбанов «Замана бұлбұлдары» – Алматы: «Жазушы»,1975;
21) Әсет Найманбайұлы «Қор болмас зерек адам ақылы бар», «Үлкен Ардақ», «Кешубай», «Перизат», «Арғынмын, атым Әсет – арындаған» өлеңдері, «Салиха – Сәмен» дастаны −2 сағат (Әсет Найманбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы деректер. Әсет – ойға жүйрік, көркем сөзге шебер, тілге бай ақын, әнші. Шығармашыл тұлғаның өз тұстастарымен ұқсастығы, айырмашылығы, жаңалықтарының әдеби дамуға ықпалы. Ақын-әншінің әдебиет тарихындағы орны);
әдебиет теориясы: әдебиеттің тегі мен түрлері;
пәнаралық байланыс: музыка, электрондық оқулық «Әсет әнін орындаушы – Ж.Кәрменов», телесабақ;
өзіндік ізденіс жұмыстары: А.Жұбанов «Замана бұлбұлдары» - Алматы, 1975;
Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны
16. 11-сыныпта «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытуға 102 сағат бөлінген, оның ішінде, шығармаларды оқып, талдауға – 90 сағат, шығармашылық жұмыстарға -8 сағат, сыныптан тыс оқуға – 4 сағат.
17. Курстың мазмұны мынадай тақырыптарды қамтиды:
1) ХХ ғасырдың бас кезіндегі әдебиет жалпы шолу−1 сағат (ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанның тарихи-әлеуметтік жағдайы. 1905-1907 жж. революция мен 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің қоғамдық санаға әсері, әдебиет пен мәдениеттің дамуына ықпалы. ХХ ғасыр басындағы әдебиетте жаңа жанрлардың пайда болуы. Қазақ тіліндегі басылымдардың жарық көруі және олардың елдің рухани дамуына әсері. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті. Оларда әдеби туындылар мен әдеби сын еңбектердің жарияланып тұруы. Еуропалық үлгідегі жаңа жанрлардың пайда бола бастауы. Алғашқы қазақ романының өмірге келуі. Проза жанрының классикалық үлгіде дамуы. Әдеби бағыттардың пайда болуы);
әдебиет теориясы: әдеби ағымдар мен бағыттар туралы түсінік;
пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы;
өзіндік ізденіс жұмыстары: Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қызметі туралы;
2) Ахмет Байтұрсынұлы «Қырық мысал», «Маса» жинақтары, «Әдебиет танытқыш» зерттеу еңбегі−3 сағат (Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ әдебиеті, мәдениеті, тарихындағы ірі тұлға, аса көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, ақын, аудармашы. «Маса» жинағындағы өлеңдердің мазмұны мен мәні. Аудармалары. «Қырық мысал». «Әдебиет танытқыш» – қазақ тіліндегі әдебиет теориясын ғылыми негізде жүйелеген алғашқы еңбек екендігі. А.Байтұрсыновтың қазақ тілінде әдебиеттану терминдерін қалыптастырудағы рөлі. «Әдебиет танытқыш» еңбегінде көркем шығарманың сыры мен сипаты, жанрлық ерекшеліктері, композициялық құрылымның жан-жақты қарастырылуы. Аталған еңбектің сөз өнерін танып, пайымдауымыздағы тарихи қызметі);
әдебиет теориясы: әдеби жанр туралы түсінік;
пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, электрондық оқулық: А.Байтұрсынов (мұражайлық телесабақ, 2009);
өзіндік ізденіс жұмыстары: Әдебиеттану терминдер сөздігі (Құраст. З. Ахметов, Т. Шаңбай) – Алматы;
3) Міржақып Дулатұлы «Шәкірт», «Таза бұлақ», «Оян, қазақ» өлеңдері, «Бақытсыз Жамал» романы −3 сағат (Өмірі мен қоғамдық қызметі. «Оян, қазақ» жинағына кірген өлеңдеріндегі азаттық идеясы. «Бақытсыз Жамал» – қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман. Шығарманың жанрлық ерекшелігі. Романда суреттелген әлеуметтік теңсіздік мәселелері және қазақ әйелдерінің тағдыры. Жамал бейнесінің реалистік сипаты, автордың образ сомдау және адам психологиясын суреттеу шеберлігі);
әдебиет теориясы: роман, эпикалық жанр;
пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы;
өзіндік ізденіс жұмыстары: М. Жұмабаев «Шолпанның күнәсі» повесі;
4) Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы, «Шернияз» пьесасы −3 сағат
(Өмір жолы, шығармашылық мұрасы, қоғамдық-әлеуметтік қызметі. Жүсіпбек Аймауытов – дарынды жазушы, драматург, ғалым, аудармашы, көсемсөз шебері. «Ақбілек» романы. Романның тақырыбы – ХХ ғасыр басындағы саяси-әлеуметтік жағдай және өмір шындығы. Адамдар тағдырындағы өзгерістерді берудегі жазушының суреткерлік шеберлігі. Ақбілек образының ұлттық сипаты және психологиялық күйзелісінің шығармада көркем жинақталуы. Романдағы басқа да кейіпкерлер. Жазушының пейзаж бен портрет жасау ерекшелігі. «Шернияз» пьесасы. Пьесаның тақырыбы – қазақ жастарының қоғам өміріне араласуы);
әдебиет теориясы: мінездеу;
пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география;
өзіндік ізденіс жұмыстары: Ж.Аймауытов пьесалары;
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Қамар сұлу», «Кім жазықты» романдары −3 сағат (С. Торайғыровтың өмірі мен ақындық жолы. «Қамар сұлу» романындағы әйел теңсіздігі және оның эпикалық шығармаға көркем жинақталуы. Көркемдік ерекшеліктері. Отбасылық тәрбие мәселесі. Қамар – типтік образ. «Кім жазықты» романы. Романдағы әлеуметтік, отбасылық, адамгершілік проблемалар. Әжібай мен Байбол образдары. Эпикалық шығармадағы әйелдер бейнесінің көркем жинақталуы. Әке мен бала арасындағы психологиялық қайшылық. Романның көркемдік сипаты. Мінез сомдау ерекшелігі. Авторлық идея);
әдебиет теориясы: авторлық және объективті идея;
пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі;
өзіндік ізденіс жұмыстары: Т.Жомартбаев «Қыз көрелік» романы;
Мағжан Жұмабаев «Туған жерім Сасықкөл», «Туған жер», «Сен сұлу», «Күміс нұрлы ай», «Жұлдызды жүзік, айды алқа қып берейін», «Шолпы», «Сырдағы Алашқа» өлеңдері, «Қорқыт», «Қойлыбайдың қобызы» поэмалары −3 сағат (Өмірі мен шығармашылық жолы. Мағжан өлеңдеріндегі халықтық рух, азаматтық әуен, ағартушылық-демократтық сарын. Мағжанның табиғат, махаббат лирикасы. Мағжан лирикасындағы ақындық «мен». Поэзиясындағы бейнелілік, суреттілік. Метафоралық қолданыстар. Ақын поэзиясының романтикалық, реалистік сипаты);
әдебиет теориясы: лирика жанры;
пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, музыка;
өзіндік ізденіс жұмыстары: Қасым Аманжолов өлеңдерімен салыстыра талдау;
8) 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты туған әдебиет, ұлт-азаттық көтеріліс және оның қазақ тарихындағы орны −1 сағат (Көтеріліске байланысты туған әдебиеттің демократтық дәстүрлермен байланысы. Омар Шипин («Аманкелді батыр» дастаны), Иса Дәукебаев («Бекболат» поэмасы), Б.Берденов («1916 жыл»), Жамбыл Жабаев («Зілді бұйрық») шығармаларының көтерген тақырыптары, идеясы, көркемдік деңгейі)
әдебиет теориясы: әдебиеттің халықтығы туралы;
пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы;
өзіндік ізденіс жұмыстары: жоңғар шапқыншылығы кезінде туған өлең-жырлармен салыстыру;
1930-1960 жылдардағы әдебиет, кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетіне жалпы шолу −1 сағат (Кеңес дәуірінде әдебиетті таптық, партиялық деп бөлудің себептері. Әдебиет және цензура. Ел тарихындағы іргелі оқиғалар. Әдеби-мәдени даму бағыттары. Жаңа тақырыптардың пайда болуы. Өндіріс тақырыбы. Қазақ әдебиеті екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. Тың игеру. Жеке басқа табынушылық зардаптары. Поэзияның дамуы. Проза мен драматургиядағы соны бетбұрыстар. Жаңа бағыт пен бет);
әдебиет теориясы: әдеби ағымдар;
пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі;
Сәкен Сейфуллин «Жайлауға көшу», «Сыр сандық» өлеңдері, «Көкшетау», «Аққудың айырылуы» поэмалары −2 сағат (Өмір жолы, шығармашылығы, жеке тұлғасы (шығармасына сүйене отырып). Өлеңдерінің реалистік сипаты, демократтық-ағартушылық бағытта және Қазан төңкерісі туралы жазған шығармалары. Ақынның табиғат лирикасы. Суреткерлік шеберлігі. «Көкшетау» поэмасының тақырыбы, композициялық құрылымы. Ертегі, аңыздарға негізделген оқиғалар жүйесі. Тұтқын қыз, Адақ образдары. Поэмадағы Абылайхан бейнесі. Табиғат суреті. «Аққудың айрылуы» - романтикалық поэма екендігі. Тазалық пен сұлулықтың символы аққудың бейнесі. Поэмадағы аллегориялық тәсіл. Қаламгердің суреткерлік шеберлігі. Сәкен – қазақ мәдениеті мен тарихында қайталанбас өзіндік орны бар азамат, күрескер ақын, тоталитарлық қоғам құрбаны);
әдебиет теориясы: аллегория;
пәнаралық байланыс: қазақ тілі;
өзіндік ізденіс жұмыстары: С. Сейфуллин «Тар жол, тайғақ кешу» өмірбаяндық романы;
Бейімбет Майлин «Азат әйел», «Көңіл айту» өлеңдері, «Майдан» пьесасы −2 сағат (Жазушының өмірі. Лирикасы мен поэмалары. Ақын поэзиясының тақырыптары мен көркемдік ерекшеліктері. Б.Майлиннің прозасы. Шығармашылығының басты тақырыбы – қарапайым еңбек адамы, қазақтың қалың бұқарасының қоғамдық-әлеуметтік өмірдегі жаңалықтарға байланысты сана-сезімдегі өзгерістері. Майлин – әңгіме жанрының шебері. Б.Майлин – драматург. Роман, хикаяттарына жалпы шолу);
әдебиет теориясы: шағын көлемді эпикалық жанр туралы түсінік;
пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі;
өзіндік ізденіс жұмыстары: Б. Майлиннің әңгімелері (мұғалімнің ұсынуы бойынша);
11) Ілияс Жансүгіров «Ағынды менің Ақсуым», «Жетісу суреттері» өлеңдері, «Құлагер» поэмасы −2 сағат (Өмірі мен әдеби-шығармашылық қызметі. Ілияс лирикасының негізгі тақырыптары. Табиғат лирикасы. Ақын лирикасындағы суреттілік, бейнелілік. «Құлагер» поэмасының тақырыбы, сюжеті, көркемдігі, тіл айшығы. Поэмадағы Ақан мен Құлагер бейнесі. Күреңбай сыншы мен Батыраш образы. Ақынның мінез сомдау шеберлігі. Поэманың композициялық құрылымы. Идеясы. Автордың көркемдік шешімі);
әдебиет теориясы: әдеби жанр туралы түсінік;
пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, музыка, «Ақан сері» фильмі;
өзіндік ізденіс жұмыстары: Ақан серінің «Құлагер» өлеңі;
12) Жамбыл Жабаев «Сұраншы батыр», «Өтеген батыр» жырлары −1 сағат (Жамбылдың өмір жолы. Жамбылдың эпикалық жырларының тақырыбы мен идеясы. Жамбылдың дастандарындағы жаңашылдық пен дәстүр жалғастығы. Батырлар жырына ұқсастығы мен ерекшеліктері. Сұраншы, Өтеген батырлардың өмірде болған тарихи тұлғалар екендігі, Сұраншы батырдың ХІХ ғасырдың орта тұсында Қоқан хандығына қарсы күрестегі ерлігі туралы. Өтеген батырдың Жоңғар шапқыншылығында көрсеткен ерлігін шынайы суреттеуі); әдебиет теориясы: айтыс өнері туралы түсінік;
пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, электрондық оқулық: Ж.Жабаев (телесабақ);
өзіндік ізденіс жұмыстары: Жамбылдың сатиралық өлеңдері;
13) Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы үзінді, «Еңлік-Кебек», «Қарагөз» драмалары −8 сағат (Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі. М.Әуезовтің шығармашылық өмірбаяны. Проза және драматургия жанрларын өркендетуге қосқан үлесі. Жазушының әңгімелері «Қорғансыздың күні», «Қыр суреттері», «Көксерек», т.б. Тақырыптық және идеялық ерекшелігі. Адам мінезін ашудағы психологиялық ізденістері. Пьесаларындағы тартыс пен мінез. Монолог пен диалог. «Абай жолы» роман-эпопеясының әлемдік әдебиеттің алтын қорына енген шығарма екендігі. Эпопеяның тарихилық, этнографиялық сипаты. Романдағы Абайдың азаматтық, ақындық бейнесі. Абай образының өсу, даму динамикасы. Абай жолындағы әйелдер бейнесі. Сөз өнерінде сәтті сомдалған образдың бірі - Құнанбай образы екендігі. Тарихи шындық және көркемдік шешім. Романның композициясы. Сюжет пен характер. Кейіпкер тілінің даралануы. Шешендік сөз үлгісі. М.Әуезов бейнелеген пейзаж бен портрет, әдебиет теориясы: образ туралы түсінік, «классика» ұғымы);
пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка, география, электрондық оқулық (Бөрілі мұражайы);
өзіндік ізденіс жұмыстары: М. Әуезов Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) (Монография) Жиырма томдық шығармалар жинағы –Алматы: Жазушы, 1985. Т.20. 3-245 бб.
14) Сәбит Мұқанов. «Сұлушаш» поэмасы, «Аққан жұлдыз» романы үзінді−3 сағат (С.Мұқановтың өмірбаяны, шығармашылығы (ақын, жазушы, әдебиет зерттеушісі. «Сұлушаш» - өлеңмен жазылған роман, ақынның шоқтығы биік шығармасы екендігі. Романның кейіпкерлері, автордың көркемдік ізденістері. «Аққан жұлдыз» романының көркемдік, композициялық ерекшеліктері, кейіпкерлерді даралау, адам мінезін сомдау шеберлігі. «Аққан жұлдыз» - тарихи роман. Шоқан образы. Айғаным мен Шыңғыс бейнелері. Тіл көркемдігі);
әдебиет теориясы: айтыс өнері туралы түсінік;
пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, география, электрондық оқулық (С.Мұқанов мұражайы);
15) Ғабит Мүсірепов «Қазақ солдаты» романы үзінді, «Ақан сері - Ақтоқты» трагедиясы −3 сағат (Ғ. Мүсірепов – көркемсөз зергері. Ана туралы әңгімелеріне шолу. «Қазақ солдаты» - екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы қазақ жауынгерлерінің ерлігін көркем бейнелеген патриоттық шығарма. Қаламгердің соғыс тақырыбын меңгеру жолындағы ізденістері. Жазушының адам портретін жасау шеберлігі, тіл көркемдігі, стилі. Шығарманың өн бойындағы халқымыздың адамгершілік, азаматтық, батырлық, ерлік болмысының жарқын көріністері)
әдебиет теориясы: әдебиеттің ұлттық ерекшелігі;
пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, электрондық оқулық (Ғ.Мүсірепов мұражайы);
16) Ғабиден Мұстафин «Шығанақ», «Дауылдан кейін» романдары −2 сағат (Ғ. Мұстафиннің жазушылық қызметі туралы. Тарихи тақырыптағы және өндіріс тақырыбындағы шығармаларын шолу. Романдарындағы еңбек адамының образы. Шығанақ бейнесі. «Дауылдан кейін» романындағы адамдар арасындағы тартыстың әлеуметтік тартысқа ұласуы. Жазушының стилі, сөз қолдану ерекшелігі);
әдебиет теориясы: стиль туралы ұғым;
17) Қасым Аманжолов «Ұлы Отан соғысы туралы жыр», «Байқал», «Орал», «Ақын өлімі туралы аңыз», «Елге хат» өлеңдері −2 сағат (Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы. Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңдегі шығармашылық ізденістері. Ұлы Отан соғысы кезінде туған шығармалары. Соғыстан кейінгі жылдары жазылған өлеңдері. Лирикасы. Поэмалары. Ақын поэзиясындағы романтизм мен реализм. Поэзиясындағы достық пен пен махаббат, елдік пен ерлік мәселелерінің көркем жинақталуы) әдебиет теориясы: поэма туралы ұғымды тереңдету;
18) 1960-1990 жылдардағы әдебиетке жалпы шолу 60-жылдар – қазақ әдебиетіндегі жаңа бетбұрыс кезеңі −1 сағат (Оның себептері мен салдары. Поэзиядағы тың ізденістер. Жаңа толқын ақындардың өлеңдеріндегі нәзік лиризм, жаңа ойлар мен соны тақырыптардың игеріле бастауы. Өлең өріміндегі жаңалықтар. Қ.Мырзалиев, М.Мақатаев, Т.Айбергенов, Т.Молдағалиев, Ф.Оңғарсынова, т.б. ақындардың алғашқы қадамдары. Проза мен драматургиядағы жаңалықтар. Шағын әңгіме мен повестерде революционер коммунистің образын сомдаудан алшақтап, жеке адамның психологиялық болмысын танытуға ұмтылуы. Тарихи тақырыптың игеріле бастауы. Ұлттық құндылықтарға мән беруі. Ә.Кекілбаев, А.Сүлейменов, Д.Исабеков, О.Бөкей, І.Есенберлин, т.б.);
әдебиет теориясы: сентиментализм;
19) Әбділда Тәжібаев «Портреттер» толғау-эссесі, «Монологтар» поэмасы −1 сағат (Ақынның өмірі мен шығармашылығы. Жазушының поэзия, драматургия және әдебиеттану ғылымы саласында қатар еңбек етуі. Лирикасы, поэмалары. Толғауларындағы замана жайлы ірі ойлары. Шығармаларының тақырыптық ерекшеліктері. Комедия жанрындағы ізденістері: «Дубай Шубаевич» комедиясы. Әдебиеттану саласындағы зерттеу еңбегі: «Өмір және поэзия»)
әдебиет теориясы: образды жинақтау мен даралау тәсілдері;
20) Хамза Есенжанов «Ақ Жайық» романы −1 сағат (Өмірбаяны мен шығармашылығы. «Ақ Жайық» романы – ХХ ғасыр басындағы қоғам өміріндегі аласапыранды кезеңнің жанды суреттелген шежіресі. Романның реалистік сипаты. Шығармадағы тарихи тұлғалар. Жазушының пейзаж, портрет жасау шеберлігі. Жүніс қажы бейнесі. Хәкім образы. Шығарманың жанрлық ерекшелігі. Романдағы диалог пен монолог)
әдебиет теориясы: трилогия, дилогия;
21) Мұқан Иманжанов. «Алғашқы айлар» повесі−1 сағат (М. Иманжановтың өмірі мен қызметі. Повестің тақырыбы мен сюжеттік даму ерекшелігі. «Алғашқы айлар» повесіндегі жас ұстаз Жақыпбектің және оның оқушы-шәкірттері Сапар, Сейтен, Жарқын образдарының көркем жинақталуы. Шығармадағы мектеп өмірі, бала тәрбиелеу жұмысының қиыншылықтары мен қуаныштары, өзіндік ерекшеліктері. Жазушының балалар мінез-құлқын суреттеудегі ізденістері мен жетістіктері. Шығарманың идеялық мұраты) Әдебиет теориясы: образды жинақтау мен даралау тәсілдері;
22) Жұбан Молдағалиев «Мен – қазақпын», «Қыран дала» поэмалары −1 сағат (Ақынның шығармашылық өмірі. Ж.Молдағалиев – эпик ақын. Поэмадағы халық тарихы, ұлт болмысы. «Мен - қазақпын» поэмасының жанры, ондағы публицистикалық сарын. Тіл көркемдігі, сюжеттік даму сипаты, ұйқас үйлесімі, екпін мен ырғақ ерекшелігі. Поэманың идеялық мұраты. «Қыран дала» поэмасының тақырыбы мен идеясы, өлең өлшемдерінің алмасып келіп отыру себептері. Ақын көксеген елге, жерге қатысты ойлардың бүгінгі күнмен сәйкестігі. Дастанның көркемдік жүйесі)
әдебиет теориясы: екпін;
23) Сырбай Мәуленов «Боранда», «Қош бол, сәулем», «Түбірлер», «Жастығым сені жоғалттым», «Ақ түн» өлеңдері −1 сағат. (Өмірі мен шығармашылық жолы. Кеңес дәуірі әдебиетіндегі С.Мәуленовтің орны. С.Мәуленов – лирик ақын. Табиғат лирикасы. Ақын өлеңдеріндегі соғыс суреттері. Сырбай өлеңдеріндегі сыршыл сезім. Сырбай өлеңдеріндегі ұйқас, ырғақ, тіл көркемдігі)
әдебиет теориясы: силлабикалық өлең;
24) Тахауи Ахтанов «Боран», «Шырағың сөнбесін» романдары −2 сағат (Жазушының өмірі, шығармашылығы. «Боран» романындағы адам тағдыры, өмір сүйгіштік рух. Кейіпкерлердің психологиялық жай-күйі. Жазушының тілі. «Шырағың сөнбесін» романының тақырыбы, идеясы. Нәзира бейнесі. Кейіпкердің ұлттық болмысы. Шығарманың реалистік сипаты. Соғыс адамзат баласына не берді, ол туралы авторлық көзқарас);
әдебиет теориясы: тақырып пен идея;
25) Әбдіжәміл Нұрпейісов. «Қан мен тер» трилогиясы −2 сағат (Жазушының өмірі мен шығармашылығы. «Қан мен тер» трилогиясының көтерген тақырыбы – ХХ ғасыр басындағы Арал балықшыларының өмірі, қазақ даласындағы қоғамдық-саяси өзгерістер. Шығарманың жанрлық сипаты. Шығармадағы Еламан, Ақбала, Тәңірберген, Судыр Ахмет образдары - типтік бейне. Романдағы тартыс. Жазушының мінез сомдау шеберлігі);
әдебиет теориясы: сарказм, ирония;
26) Зейін Шашкин. «Доктор Дарханов» романы −2 сағат (З. Шашкиннің өмірі мен қызметі. «Доктор Дарханов» романы дәрігерлер өмірі мен қызметі туралы тұңғыш шығарма екендігі. Романда сол кезеңнің қоғамдық, психологиялық құбылыстарын, замандастар өмірі мен санасындағы сапалық өзгерістердің бейнеленуі. Дәрігер Дархан образы. Тақырып пен идея, көркемдік ерекшелігі);
әдебиет теориясы: роман туралы;
27) Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» романы −2 сағат (Қаламгердің өмірі мен шығармашылығы. Ә.Нұршайықовтың очерк жанрының шебері екендігі. «Ақиқат пен аңыз» роман-дилогиясы, оның жанрлық ерекшелігі. Романның жазылу тарихы. Шығармадағы Б.Момышұлының азаматтық бейнесі. Жазушының кейіпкер мінезін диалог арқылы суреттеу ерекшелігі. Шығарманың көркемдік сипаты);
әдебиет теориясы: монолог пен диалог;
пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география, кино («Москва үшін шайқас» кинофильмі), электрондық оқулық (мұражайлық телесабақ) ;
28) Зейнолла Қабдолов «Менің Әуезовім» роман-эссе үзінді −2 сағат (Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы қысқаша мәлімет. Роман-эссенің заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің өмірі, ұстаздығы мен шығармашылығы туралы жазылған көркем шығарма екендігі. Романның көтерген тақырыбы, идеясы. Сюжеті мен композициялық құрылымындағы ерекшеліктер. Шығармадағы қаламгердің кейіпкер монологы мен диалогын берудегі шеберлігі. Шығармада сомдалған М.Әуезовтің әдеби-көркем бейнесі. Автордың ұстазына деген сүйіспеншілігі, інілік ізеті мен шәкірттік адал пейілі. Шығарманың жанрлық сипаты. Авторлық позиция және объективті идея); Әдебиет теориясы: роман-эссе туралы түсінік;
29) Мұқағали Мақатаев «Қайран, Қарасазым-ай» лирикасы, «Дариға, жүрек» поэмасы −1 сағат (Өмірі мен шығармашылық қызметі. Қазақ поэзиясына қосқан үлесі. Лирикасы мен поэмалары. Мұқағали өлеңдерінің өзге ақындар шығармаларынан өзгешелігі. Поэмаларының тақырыптары. «Дариға, жүрек» поэмасының сюжеті, композициялық құрылымы. Ұйқас, ырғақ ерекшелігі. Табиғат лирикасы. Лирикасындағы ақындық «мен». Тілінің көркемдігі, оралымдығы, тілге жеңілдігі, ойға тереңдігі, айшықты суреттілігі, т.б.)
әдебиет теориясы: баллада, сонет;
пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география, электрондық оқулық («Бір өлеңі бір елдің мұрасындай» телесабақ) ;
30) Шерхан Мұртаза «Қызыл жебе» романы −2 сағат (Өмірі мен шығармашылығы. Драмалық шығармалары мен аудармалары жөнінде мәлімет. «Қызыл жебе» романының тақырыбы мен идеясы. Романдағы Рысқұл мен Тұрар образдары. ХХ ғасыр басындағы қазақ даласындағы саяси-әлеуметтік қайшылықтардың көркем шығармада реалистікпен бейнеленуі. Тұрардың азамат болып өсіп, саяси қайраткер дәрежесіне көтерілуінің көркем жинақталуы. Тип және прототип мәселесі);
Әдебиет теориясы: тип және прототип;
31) Мұхтар Шаханов «Танакөз» поэмасы, «Ғашықтық ғаламаты» өлеңі −1 сағат (Өмірі мен шығармашылық қызметі. Ақын өлеңдерінің құрылымдық ерекшелігі. Т.Айбергенов пен М.Шаханов поэзиясы арасындағы байланыстар. Шаханов поэзиясына тән өршілдік, қызу интонация, жоғары пафос мәселелері. Мұхтар поэзиясындағы сюжеттілік. Шығармаларында тартыстың оқиға соңында ерекше шешімін табу сипаты. Шаханов лирикасындағы көне дәстүр мен жаңашылдық. «Танакөз» поэмасындағы биік адамгершілік, мораль мәселесі. «Ғашықтық ғаламаты» өлеңінің идеялық мұраты);
Әдебиет теориясы: метонимиялық қолданыстар;
32) Сәкен Жүнісов «Заманай мен Аманай» повесі −2 сағат (Өмірі мен шығармашылық жолы. «Заманай мен Аманай» повесінде туған жерге деген перзенттік махаббат пен Отанға деген сүйіспеншіліктің суреттелуі. Немересін ата мекенге жеткізуді мұрат тұтқан Балзияның өткен өмірі, тағдыры. Заманай мен Аманай образдары. Повестегі сәукеле тау туралы аңыз бен оның шығарма сюжетіне қатысы. Шығарманың тілі, көркемдігі. Өмір шындығы мен көркемдік шешім);
әдебиет теориясы: Сюжет пен композиция.
пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка, «Заманай» көркем фильмі;
33) Қадыр Мырза Әли «Домбыра» өлеңі −1 сағат (Оның ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ поэзиясындағы философиялық лириканың аса ірі өкілі екендігі. Қадыр – балалар ақыны. Ақынның тапқыр ой, тың теңеу, соны сурет салуға шеберлігі. Өлеңдерінің тәрбиелік мәні. «Домбыра» өлеңінің көркемдік сипаты, идеялық мұраты. Қадыр поэзиясының ұлттық сипаты) әдебиет теориясы: әдебиеттің қоғамдық мәні;
34) Тұманбай Молдағалиев «Шақырады көктем», «Құстар қайтып барады», «Өмір, қымбаттым менің» өлеңдері−1 сағат (Ақынның шығармашылығы туралы. Лирикалық шығармаларындағы нәзік сезім, асқақ арман, кіршіксіз сезім мен ынтық жүрек жылуы)
әдебиет теориясы: теңеу;
35) Қабдеш Жұмаділов «Тағдыр» романы −2 сағат (Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы. «Тағдыр» романында көтерілген ел бірлігі, ұлт мүддесі мәселелері. Бүтін бір халық жерінің екі империя арасында таласқа түсіп, бөлінуі. Демежан бейнесі. Оның тарихта болған тарихи тұлға екендігі. Жазушының тіл көркемдігі. Кейіпкер, портрет, пейзаж жасау ерекшелігі. Шығармада суреттелген ұлттық этнографиялық әрекеттер мен бояулар айшығы)
әдебиет теориясы: пейзаж бен портрет;
36) Әбіш Кекілбаев «Үркер», «Елең-алаң» романдары −2 сағат (Өмірі мен шығармашылығы туралы. «Үркер», «Елең-алаң» тарихи романдары. Тақырыбы, идеясы. Композициясы. Тарихи негізі. Романдағы халықтық бейнелер. Әбілқайыр тұлғасы, тарихи шындық және көркемдік шешім. Жазушының тіліндегі тың теңеулер, метафоралық қолданыстар, айшықты бояулар мен соны тіркестер. Адам мінезін сомдаудағы суреткерлік шеберлігі);
әдебиет теориясы: метонимиялық қолданыстар;
37) Мұхтар Мағауин «Аласапыран» роман-дилогиясы −2 сағат (Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы. Әдебиеттану ғылымы саласындағы зерттеулері. Зерттеушілік еңбегі мен жазушылық шығармашылығы арасындағы байланыс. «Аласапыран» романындағы XV ғасырдың аяғы мен XVII ғасырдың бас кезіндегі қазақ қоғамының тұрмыс-тіршілігі, алғашқы орыс-қазақ қатынастары. Тарихи роман екендігі, оның жанрлық сипаты. Романдағы тарихи оқиғалар желісі және көркемдік шешім. Тарихи тұлғалардың көркем бейнелену амалдары. Ораз-Мұхамед, Тәуке хан, Қадырғали Жалайри, Б.Годунов, т.б. образдары. Шығарманың көркем тілі және ондағы архаизмдер мен историзмдердің қолданылу ерекшеліктері. Романның сюжеті мен композициясы)
әдебиет теориясы: тарихи роман туралы түсінікті кеңейту;
38) Оралхан Бөкей «Қар қызы» повесі −2 сағат (О.Бөкейдің өмірі мен шығармашылық жолы. Қаламгердің алғашқы әңгімелері мен повестері. «Қар қызы» повесінің тақырыптық ерекшелігі, мазмұнында реализм мен романтизмнің араласып келуі. Повестің образдар жүйесі. Сюжеті мен композициясы. Повестің тіл көркемдігіне қатысты ой-пікірлер. Әдеби сында бағалануы. Жазушы шығармаларындағы адам мен табиғат тұтастығы. «Қар қызы» повесінің жазушының басқа шығармаларымен сабақтастығы. Тіл көркемдігі)
әдебиет теориясы: суреткер қиялы;
пәнаралық байланыс: театр. «Кербұғы» (балет-спектакль) ;
39) Қалтай Мұхамеджанов «Көктөбедегі кездесу» пьесасы −2 сағат (Қ.Мұхамеджановтың шығармашылық өмірбаяны. Пьесаларының тақырыптық сипаты, жанрлық құрамы, сюжеттік желісі, көркемдік ізденістері. Ш.Айтматовпен бірігіп жазған «Көктөбедегі кездесу» пьесасындағы образдар жүйесі, тартыс табиғаты. Адамның мансапқорлық, пенделік қасиеттері. Адамзатқа ортақ мәселелер. Адамның қандай жағдайда да адам боп қалу мәселесінің көтерілуі. Көктөбедегі достар. Олардың қуанышы мен қайғысы. Драманың кейіпкерлері – Досберген, Исабек, Өсіпбай. Олардың шындық жолындағы айтыстары. Айша апайдың өз шәкірттері туралы толғаныстары, өмір, адамгершілік, ар-ұят туралы көзқарасы);
әдебиет теориясы: драма, пьеса;
40) Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиет, поэзия −4 сағат (Қазақ әдебиетінің тәуелсіздік жылдарындағы даму бағыттары. Ұлттық рухани жаңаруы және сөз бостандығы. Ұшқыр жанр лирикадағы ел егемендігінің жырлануы. Қазақ қаламгерлерінің елдің тәуелсіздігін, халықтың арман-мүддесін жырлауы. Поэзиядағы тың тақырып, жаңа идеялар мен соны теңеулер. Эпикалық жанрдағы тың ізденістер, қол жеткен табыстар. Поэзияда дәуір шындығының көркем жинақталуы. А.Бақтыгерееваның «Наурыз» лирикасы. Ақын лирикасындағы ата дәстүрді аңсау, тарихи жадтың қайта оянуы. «Наурыз» жырының көркемдік ерекшелігі, ұйқас пен ырғақ мәселелері. Жарасқан Әбдіраш поэзиясының көркемдік сипаты. Иранбек Оразбай поэзиясындағы шеберлік үрдістер. Лирикалық пафос, интонациялық қызулық. Нұрлан Оразалин, Ұлықбек Есдәулетов, Серік Ақсұңқарұлы, Рафаэль Ниязбек, Несіпбек Айтұлы поэзиясындағы автор тұлғасы және өлеңдеріндегі бейнелілік. Темірхан Медетбек лирикасының тақырыптары, жанрлық ерекшеліктері. «Мінез», «Бір уыс топырақ» лирикаларындағы отаншылдық рух. Ақын поэзиясындағы көне түркілік сарын. Тәуелсіздік жылдарындағы поэзиядағы уақыт пен кеңістік. Жұматай Жақыпбаев, Есенғали Раушанов, Тынышбай Рахимов, Исрайыл Сапарбаев, Ғалым Жайлыбай, Тыныштықбек Әбдікәкімов, Гүлнар Салықбаева, т.б. ақындардың өлең-жырларындағы ел тәуелсіздігі, азаттық, бостандық сияқты ұғымдардың көркем жинақталуы, отаншылдық рух. Адам бойындағы нәзік сезім иірімдерінің сөзбен кестеленуі);
41) Проза 4 сағат (Кеңес дәуірінде жабық тақырып болып келген қазақ халқының басынан өткерген ашаршылық С. Елубаевтың «Ақ боз үй» трилогиясы, саяси қуғын-сүргін Д. Досжановтың «Алыптың азабы» романы, тоталитарлық дәуірдің шындығын Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша», К. Оразалиннің «Абайдан соңғы арыстар», З.Қабдолов «Менің Әуезовім», Ә.Таразидің «Жаза», Б. Мұқайдың «Өмірзая» романдары, Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» повесі, шет ел өмірін Т. Нұрмағамбетовтің «Айқай» повесі суреттейтін шығармалардың дүниеге келуі. Барлық әдеби жанрларда егемен еліміздің жеткен жетістіктері мен жеңістерінің суреттеле бастауы. Ұлттық құндылықтардың негізгі тақырып ретінде алға шығуы М. Сәрсекеевтің «Сәтбаев», Р. Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы», Б. Нұржекеұлы «Жау жағадан алғанда» романдары. Қазақ әдебиетінің әлем әдебиетімен байланысы А. Кемелбаева. Көркем прозадағы жаңа көркемдік ізденістер. Ойшылдық пен философияның көркем шығармашылықта алдыңғы планға шығуы. М. Мағауиннің «Жармақ», Т. Әбдіковтің «Парасат майданы» туындылары. Тарихи тақырыптың қайта сарапталып, өмір шындығының нақты материалдармен толығып, көркем жинақталуы Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз», Т.Жұртбайдың «Дулыға» романдары. «Мәдени мұра» бағдарламасы және әдебиет);
42) Қазіргі драматургия 2 сағат (Драма жанрының өзіндік ерекшеліктері. Қазақ драматургиясының пайда болуы мен қалыптасу кезеңдері туралы қысқаша шолу. 60-90-жылдарға дейін драматургия саласында қалам тартып келген қаламгерлер (Қ.Мұхамеджанов, Қ.Шаңғытбаев, О.Бөкеев, А.Сүлейменов, т.б.). Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясының жай-күйі. Драматургияда қазақ халқының басынан өткен тарихи оқиғаларды баяндайтын пьесалар Ә.Кекілбаев «Абылай хан», И.Оразбаев «Мен ішпеген у бар ма?». Тәуелсіздік жылдарында жазылған драмалық шығармалардың тақырыптық ерекшеліктері (Д.Исабеков, О.Бодықов, Н.Оразалин, И.Сапарбаев, Б.Мұқаи, Р.Мұқанова, Е.Аманшаев). Комедиялық жанрда жазылған драмалық шығармалар. С. Балғабаев («Ең әдемі келіншек», «Тойдан қайтқан қазақтар»). Көркемдік-идеялық деңгейі. Трагедия табиғаты. Конфликт пен характер мәселесі. Драма жанрының қазақ әдебиеттануында зерттелуі);
Әдебиет теориясы: элегия, сонет, трагедия, комедия;
43) Әдебиеттану мәселелері −2 сағат (Әдебиеттанудың сөз өнерін, тарихи – әдеби үрдісті, әдебиет дамуының заңдылықтарын, көркем шығармаларды, жазушылардың шығармашылық ғұмырнамасын зерттейтін ғылым екендігі.
Әдеби сын – көркем шығармаларды талдап, баға беріп, олардың идеялық орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының негізгі бір саласы. Сынның әдебиет тарихы және теориясымен байланысы);
44) Қорытынды, әдеби-теориялық ұғымдар – 1 сағат.
Достарыңызбен бөлісу: |