Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты


-тарау. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар



бет4/7
Дата05.09.2020
өлшемі93,61 Kb.
#77388
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ресурс1.2
Дәріс7
3-тарау. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар

      21. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар апталық оқу жүктемесін, оқу жылының ұзақтығын, міндетті оқу уақытының көлемін қамтиды.

      22. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі күндізгі оқыту нысанында аптасына кемінде 36 сағат міндетті оқу жүктемесін қоса алғанда, аптасына 54 сағаттан аспауы тиіс.

      23. Теориялық оқытудың күндізгі нысаны кезінде оқу уақытының жалпы көлемі аптасына кемінде 36 сағат болатын міндетті оқу жүктемесі есебінен айқындалады (бұл ретте көрсетілген көлемге факультативтік пәндер бойынша сабақтар мен консультациялар кірмейді).

      ӘАОО үшін оқу-жаттығуларда, далалық жорықтар өткізу кезеңінде, полигондарда, практикалардың барлық түрлерінде оқу жұмысы аптасына оқу сабақтарының 48 сағатына дейін, әскери тағылымдамаларды өткізу кезеңінде 40 сағаттық жұмыс аптасының негізінде жоспарланады.

      24. Міндетті оқу уақытының көлемі жылына 1440 сағатты құрайды.

      25. Факультативтік пәндер және (немесе) модульдер 1 оқу тобына аптасына 4 сағаттан артық емес көлемде жоспарланады. Кредиттік оқыту технологиясы кезінде факультативтер ТжКБ ұйымының қалауы бойынша білім алушының таңдау бойынша компонентіне енгізеді.

      Оқытудың күндізгі нысанында білім алушылар үшін консультациялар әрбір оқу жылындағы оқу тобына 100 сағаттан аспайтын көлемде көзделеді және емтихандар мен курстық және дипломдық жұмыстарды орындау түрінде аралық және қорытынды аттестаттау көзделген пәндер және (немесе) модульдер бойынша жоспарланады.

      26. Білім алушыларды қорытынды аттестаттауды өткізуге арналған оқу уақытының көлемі 2 аптадан аспайды.

      Дипломдық жұмысты (жобаны) орындауға бөлінген уақыт 6 аптадан аспауы тиіс. Мамандықтың күрделілігіне байланысты диплом алдындағы (біліктілік) практиканың ұзақтығы жұмыс оқу жоспарына сәйкес жоспарланады.

      27. Кредиттік оқыту технологиясы кезінде оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңінен, практика және демалыстан тұрады. Оқу жылына соңғы курста қорытынды аттестаттау кезеңі қосылады.

      Академиялық кезең ұзақтығы 15 аптадан тұратын семестрден (әскери және медициналық мамандықтар үшін 15 аптадан кем емес) немесе ұзақтығы 10 аптадан тұратын триместрден немесе ұзақтығы 7,5 апталық тоқсаннан тұрады.

      ТжКБ ұйымы академиялық кезеңнің нысанын, соның ішінде оны ұйымдастырудың аралас нысанын дербес айқындайды.

      28. Кредиттік оқыту технологиясы кезінде білім алушының оқу жүктемесінің көлемі игерілген кредит бойынша әрбір оқу пәні және (немесе) модулі немесе басқа да оқу жұмысының түрлерімен өлшенеді.

      Оқу жұмысы көлемін жоспарлау кезінде бір кредит 30 академиялық сағатқа тең.

      29. Міндетті оқу сабақтары уақытының көлемі кешкі оқыту нысаны үшін күндізгі оқыту нысанына көзделген тиісті оқу уақыты көлемінен 70%-ды және сырттай оқу нысаны үшін 30%-ды құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет