2-тарау. Техникалық және кәсіптік білім берудің мазмұнына оқыту нәтижелеріне бағдар жасай отырып қойылатын талаптар
4. ТжКБ деңгейінде оқыту мазмұны ТжКБ білім беру бағдарламаларымен айқындалады және оқыту нәтижелеріне бағдарланады.
ТжКБ білім беру бағдарламаларының мазмұны:
білікті жұмысшы кадрлар деңгейі үшін:
1) жалпы білім беретін, жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді немесе жалпы білім беретін және базалық және кәсіби модульдерге интеграцияланған жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді;
2) зертханалық-практикалық сабақтарды орындауды;
3) өндірістік оқытудан және кәсіби практикадан өтуді;
4) аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өтуді.
орта буын мамандарының деңгейі үшін:
1) жалпы білім беретін, жалпы гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндер немесе жалпы білім беретін және базалық кәсіби модульдерге интеграцияланған жалпы гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді;
2) зертханалық-практикалық сабақтарды орындауды;
3) кәсіптік практикадан өтуді;
4) егер жұмыс оқу жоспары бойынша басқа да жұмыс түрлері қарастырылмаған жағдайда курстық және дипломдық жобалауды (жұмысты) орындауды.
5) аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өтуді көздейді.
ӘАОО-да ТжКБ беру бағдарламаларының мазмұны жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді оқуды және әскери тағылымдамадан өтуді көздейді.
5. ТжКБ білім беру бағдарламаларының тәрбиелік компоненттері білім алушылардың бойында ұлттық құндылықтарды дарытуға, патриотизм мен азаматтылықты қалыптастыруға, жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған.
6. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыру:
1) оқу әдебиеттері мен оқу-әдістемелік құралдардың кітапханалық қорының, оның ішінде: электрондық білім беру контентінің (электрондық оқу құралдары, аудио және бейне материалдар, әдістемелік көрнекі құралдардың және модульдер (пәндер), кәсіптік практикалар, жазбаша-біліктілік жұмыстары, білім алушының өзіндік жұмысы, курстық және дипломдық жобалар бойынша ұсынымдардың болуымен;
2) мамандық бейініне сәйкес келетін жоғары, техникалық және кәсіптік, базалық білімі бар инженер-педагог кадрлармен қамтамасыз етіледі. Өндірістен мамандық бейініне сәйкес келетін жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі базалық білімі бар білікті мамандарды тартуға рұқсат етіледі.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды оқытуға арналған арнайы оқу бағдарламаларын іске асыруды оқу процесін қадағалайтын мамандар қамтамасыз етеді.
7. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру оқу бағдарламалары мен жоспарлары негізінде жүзеге асырылады.
Оқу бағдарламалары мен жоспарлары үлгілік, жұмыс және жеке болып бөлінеді.
ӘАОО-да оқу бағдарламалары мен жоспарлары үлгілік, жұмыс деп бөлінеді.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін психофизиологиялық ерекшеліктері мен қабілеттеріне байланысты білім беру бағдарламасының жартылай немесе толық мазмұнын білдіретін арнайы оқу бағдарламалары әзірленеді.
8. ТжКБ ұйымдарының үлгілік оқу бағдарламалары мен жоспарлары нақты мамандықтар бойынша әзірленеді.
Оқу процесін жоспарлау кезінде осы стандарттың 1, 2 және 3-қосымшаларда келтірілген үлгілік оқу жоспарлары ТжКБ оқу жоспары моделінің, модульдік оқыту технологиясы кезінде оқу жоспарының немесе кредиттік оқыту технологиясы кезінде оқу жоспары моделінің негізінде әзірленеді және келесі жағдайларда ерекшеленеді:
1) ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар адамдардың қатарынан мамандар даярлау;
2) әскери, медицина мамандықтары және мәдениет пен өнер мамандықтары бойынша мамандар даярлау (хореографиялық оқу орындарына қабылдау 4 (5) сыныптан бастап жүзеге асырылады).
Кредиттік оқыту технологиясы бойынша үлгілік оқу жоспарларында міндетті компоненттің және оқу қызметінің әрбір түрінің еңбек сыйымдылығы кредит бойынша анықталады (теориялық оқыту, өндірістік оқыту, кәсіптік практика (әскери практика), аралық және қорытынды аттестаттау, дипломдық жоба (жұмыс) жазу), ал таңдау бойынша компонент кредиттер мен сағаттардың жалпы санымен көрсетіледі.
9. Білім беру ұйымы оқу жұмыс жоспарларын белгілі бір бейін, мамандықтар мен біліктіліктер бойынша оқыту нысаны мен мерзімін көрсете отырып, осы стандарттың 1, 2 және 3-қосымшаларында келтірілген үлгілік оқу жоспарының негізінде, ол болмаған жағдайда ТжКБ оқу жоспарының модельдері негізінде, модульдік оқыту технологиясы кезінде оқу жоспарының немесе кредиттік оқыту технологиясы кезінде оқу жоспарларының моделі негізінде әзірлейді.
Оқу жұмыс жоспары барлық оқыту кезеңіне әзірленеді және ТжКБ ұйымының басшысы бекітеді.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жұмыс оқу жоспарларында әр пән және (немесе) модуль бойынша оқу уақыты көлемінің 15%-ына дейін жеке оқытуға арналады.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жеке оқу жоспары, олардың психикалық-дене дамуының және жеке мүмкіндіктерінің ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланады.
Оқу жұмыс жоспарларының негізінде тьютордың көмегімен ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жеке оқу жоспары жасалады.
ТжКБ ұйымдарының оқу жұмыс жоспарлары мен оқу бағдарламалары үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларынан мынадай:
1) эксперименттік режимдегі жұмыс;
2) кәсіптік білім беру базасында біліктілігі жоғары деңгейдегі орта буын мамандарын даярлау;
3) ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар қатарынан мамандар даярлау;
4) әскери мамандықтар бойынша мамандар даярлау;
5) мамандарды өңірдің және ТжКБ ұйымдарының ерекшелігін ескере отырып, жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес даярлау жағдайларында ерекшеленуі мүмкін.
Модульдік оқыту технологиясы кезінде үлгілік оқу бағдарламалары мен жоспарлары мәндес біліктіліктер тобына әзірленеді. ТжКБ ұйымдарындағы бір мамандықтың басқа біліктіліктері үшін үлгілік оқу жоспарын қолдана отырып, жұмыс оқу жоспары әзірленеді.
10. ТжКБ ұйымы кредиттік оқыту технологиясы кезінде оқу жұмыс жоспарларына қосымша элективті пәндер және (немесе) модульдер (ӘАОО ны есепке алмағанда) каталогын әзірлейді.
Білім алушы жұмыс оқу жоспары мен мамандық бойынша элективті пәндер және (немесе) модульдер каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен жеке оқу жоспарын құрастырады.
Жеке оқу жоспарына міндетті компоненттің пәндері және (немесе) модульдері және білім беру қызметінің түрлері (теориялық оқыту, өндірістік оқыту, кәсіптік практика, аралық және қорытынды аттестаттау, дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау) немесе таңдау бойынша компоненттің пәндері және (немесе) модульдері кіреді.
Элективті пәндер және (немесе) модульдер каталогының, жеке оқу жоспарының нысанын, құрылымын, әзірлеу және бекіту тәртібін ТжКБ ұйымдары өз бетінше айқындайды.
11. Орта деңгейдегі маман даярлаудың модулін ескермей, модульдік оқыту технологиясы бойынша жұмысшы біліктіліктерін меңгеру кезеңінде дуальды оқытуды пайдалануға болады.
12. Жұмыс оқу бағдарламалары үлгілік оқу бағдарламалары (бар болған жағдайда) негізінде немесе барлық пәндер және (немесе) оқу жоспарының модульдері бойынша әзірленеді және ТжКБ ұйымы бекітеді.
13. ТжКБ ұйымдары үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларының негізінде оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру кезінде:
1) міндетті оқытуға бөлінетін жалпы сағаттар санын сақтай отырып, циклдер үшін оқу материалдарын меңгеруге бөлінген оқу уақытының 50%-ына дейін, әр пән және (немесе) модуль бойынша 50%-ға дейін және кәсіптік оқытудың және кәсіптік практиканың 60%-ына дейін (дуальды оқыту кезінде 80%-ға дейін) өзгертеді;
2) оқу бағдарламаларының мазмұнын әр пән, өндірістік оқыту, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндер бойынша 50%-ға дейін (дуальды оқыту кезінде 80%-ға дейін) және кәсіптік модуль бойынша 60%-ға дейін (дуальды оқыту кезінде 80%-ға дейін) өзгертеді;
3) міндетті оқытуға арналған жалпы сағат санын сақтай отырып, жұмыс берушінің талаптары бойынша қосымша пәндер (кәсіби модульдер) енгізеді;
4) оқытудың әртүрлі технологияларын, оқу процесін ұйымдастыру мен бақылау нысандарын,әдістерін таңдайды;
5) білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау және аралық аттестаттау жүргізу нысанын, тәртібін және кезеңділігін таңдайды.
14. Оқу пәнін және (немесе) модулін зерделеу мен интеграциялаудың бірізділігі, олардың әрқайсысы бойынша оқу уақытын пәнаралық байланыстарды ескере отырып, курстарға және семестрлерге бөлу.
Оқу пәнінің және (немесе) модульдің атауы мен мазмұнын қалыптастыру кезінде ұқсас біліктілік бойынша білім берудің келесі деңгейінде оқыту мен кредиттердің сабақтастығын және нәтижелерін көшіруді қамтамасыз ету.
15. Негізгі орта білім базасында оқыту үшін жалпы білім беретін пәндер жалпы орта білімнің үлгілік оқу жоспарларының инварианттық бөлігіне сәйкес айқындалады.
Жалпы білім беретін пәндер тізбесі мен көлемі бейіндік оқытуды ескере отырып, білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде айқындайды.
ТжКБ ұйымдарының қалауы бойынша жалпы білім беретін пәндер модульге біріктіріледі.
"Дене тәрбиесі" бойынша сабақтар міндетті болып табылады және аптасына кемінде 4 сағат (мамандыққа байланысты) жоспарланады.
ӘАОО үшін "Дене шынықтыру дайындығы" бойынша сабақтар міндетті болып табылады және аптасына кемінде 4 сағат жоспарланады (мамандығына байланысты). Әрбір оқу семестрі аяқталғаннан кейін емтихан өткізіледі. Спорт секцияларындағы сабақтар аптасына 4 сағаттан аспайтын көлемде көзделеді.
Жоғары дене жүктемесін көздейтін мамандықтар (хореография, спорт, цирк өнері) үшін "Дене шынықтыру" бойынша сабақтар арнайы пәндер немесе кәсіби модульдер шеңберінде іске асырылады.
"Алғашқы әскери және технологиялық дайындық" пәні 100 сағат көлемінде өткізіледі, оның ішінде 36 сағат оқу-далалық жиындарды өткізуге бөлінеді. Оқу-далалық жиындар кезеңінде білім алушылар (қыз балалар) медициналық-санитариялық дайындықтан өтеді. "Өмір қауіпсіздігі негіздері" интеграцияланған білім беру бағдарламасы "Алғашқы әскери және технологиялық дайындық" оқу курсы шеңберінде іске асырылады.
Ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдар үшін арнайы оқу бағдарламаларындағы жалпы білім беретін пәндер тізбесін ТжКБ ұйымы мамандығына байланысты өзі анықтайды.
Модульдік оқыту технологиясы бойынша ТжКБ ұйымдарының қалауымен жалпы білім беретін пәндер базалық және (немесе) кәсіби модульдерге біріктіріледі.
16. Әскери мамандықтарды қоспағанда, әлеуметтік-экономикалық пәндер, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндер 180 сағаттан аспайтын оқу уақыты көлемінен орта буын маманын даярлау кезінде іске асырылады.
17. ТжКБ білім беру бағдарламалары міндетті пәндермен және (модульдермен) қатар, ТжКБ ұйымдары айқындайтын пәндерді және (немесе) модульдерді, факультативтік сабақтар мен консультацияларды қамтиды.
18. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын ТжКБ ұйымдарындағы оқу процесі теориялық сабақтарды, сондай-ақ оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтарында, оқу полигондарында, кәсіпорындар (ұйымдар) базасында өтетін өндірістік оқуды, кәсіби практиканы қамтиды.
Кәсіптік практика оқу, өндірістік және дипломалды болып бөлінеді.
Оқу практикасы оқу-өндірістік шеберханаларда, зертханаларда, оқу шаруашылықтарында, оқу полигондарында және өндірісте өткізіледі.
Кәсіптік практика кәсіпорындарда (ұйымдарда) шарт негізінде жұмыс берушілер ұсынатын мамандық бейініне сәйкес келетін жұмыс орындарында өткізіледі және құзіреттерді қалыптастыруға бағытталған.
ӘАОО-да кәсіптік практика жауынгерлік даярлықты айқындайтын пәндер бойынша практикалық және әдістемелік сабақтарды қамтиды. Сабақтарды сыныптарда, зертханаларда, оқу-жаттығуда, далалық жорықтар кезінде өткізу жоспарланады, теориялық оқу процесінде алынған білімдерді бекітуге бағытталған. Аталған сабақтар берілетін біліктілікке сәйкес практикалық дағдылар мен кәсіби құзыреттерді игеруге бағытталған. Практикалық сабақтардың мерзімдері мен мазмұны жұмыс оқу жоспарларында, оқу процесінің кестесінде және жұмыс оқу бағдарламаларында айқындалады.
Кәсіптік практиканың мерзімдері мен мазмұны оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларында айқындалады.
ӘАОО-да кәсіби практикаға, әскери тағылымдамаға, жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, әлеуметтік пәндерді оқуға бөлінетін уақыт санын тиісті уәкілетті орган айқындайды.
Курстық жобалар (жұмыстар) жалпы кәсіптік және арнайы пәндер, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндер бойынша оқу жұмысының бір түрі ретінде қарастырылады және оларды оқытуға бөлінген оқу уақыты шегінде орындалады. Семестрдегі курстық жобалардың (жұмыстардың) саны біреуден аспауы тиіс. Қосымша бір курстық жұмыс (жоба) жоспарлауға рұқсат етіледі
19. Алынған білім, іскерлік, дағды мен құзырет деңгейін айқындайтын бақылаудың әртүрлі түрлері бар.
Оқу процесінің жоспарында білім алушылардың ТжКБ білім беру бағдарламаларын меңгеру сапасын бақылаудың мынадай түрлері:
1) аралық аттестаттау;
2) білім беру ұйымдарындағы қорытынды аттестаттау көрсетіледі.
ТжКБ ұйымдары білім алушылардың ТжКБ білім беру бағдарламаларын меңгеруін бақылау мақсатында білім алушылардың ағымдағы үлгерімдеріне бақылау өткізеді.
Білім беру ұйымы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды жүзеге асыру және аралық аттестаттаудан өткізу нысанын, тәртібін және кезеңділігін таңдауда дербес.
Бақылау жұмыстары мен сынақтар аталған пәнді оқуға бөлінген оқу уақытының есебінен, соның ішінде модульдерге біріктірілген немесе модуль бойынша емтихандар – аралық немесе қорытынды аттестаттауға бөлінген мерзімде өткізіледі.
Емтихандар мен бақылау жұмыстарының саны білім алушылардың біліктілігіне, іскерлігі мен құзыретіне қойылатын талаптар негізге алына отырып айқындалады.
ӘАОО-да барлық пәндер бойынша аралық аттестаттау көзделген, оның негізгі түрі емтихан болып табылады.
Жалпы білім беретін пәндер, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндер бойынша аралық аттестаттау: тіл, әдебиет, Қазақстан тарихы, математика және ТжКБ ұйымдары таңдаған пән бойынша емтихан өткізуді көздейді.
ТжКБ білім беру бағдарламасы толық аяқталған соң қорытынды аттестаттау өткізіледі.
Үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларында біліктіліктің әрбір деңгейі аяқталған соң білім алушыларды қорытынды аттестаттау көзделеді.
Жұмыс біліктілігін игерген және оқуды жалғастырмайтын білім алушылар үшін біліктілік емтиханы түрінде қорытынды аттестаттау өткізіледі. Бағдарламаны толық меңгерген жағдайда, аралық аттестаттау шеңберінде білікті жұмысшы кадрлар деңгейі үшін біліктілік емтиханы өткізіледі, қорытынды аттестаттауға арналған оқу уақытының көлемі кәсіби практикаға беріледі.
Біліктілік емтихандары өндірістік алаңдарда, зертханаларда, шеберханаларда немесе әрбір біліктілік бойынша қажетті жабдықпен жарақтандырылған оқу орталықтарында өткізіледі.
Өнер және мәдениет саласы мамандықтары үшін шығармашылық тапсырмалар орындау қарастырылған.
ӘАОО үшін қорытынды аттестаттау арнайы пәндер бойынша кешенді емтихан тапсыруды қамтиды.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін қорытынды аттестаттау өндірістік оқыту бойынша орындалатын іс-әрекеттерді түсіндіре отырып, практикалық жұмысты тапсыру нысанында өткізіледі.
Білім алушылардың қорытынды аттестаттау нысанын ТжКБ ұйымы анықтайды.
Тізбесі оқу жоспарына сәйкес анықталатын зертханалық жұмыстарды, практикалық сабақтарды, оның ішінде дене тәрбиесі мен жекелеген жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша сабақтарды, шеберханаларда (оқу алаңдарында және фермерлік шаруашылықтарда) өндірістік оқытуды өткізу кезінде оқу топтары 13 адамнан аспайтын шағын топтарға, медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарында клиникалық пәндер бойынша оқу топтары 8 адамнан аспайтын кіші топтарға бөлінеді.
20. ТжКБ ұйымдары білім беру қызметін алынған лицензияға сәйкес жүзеге асырады және оның қолданыста болу уақытының барлық кезеңінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11716 болып тіркелген) бекітілген білім беру қызметіне қойылған біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |