4) Проективті әдістеме: «Тұлға ретінде жетістікке жету мотивациясы» бағалау шкаласы
Олай болса, алдарыңыздағы ақ парақты екі бағанаға бөліп, әрқайсысына жеке-жеке ия, жоқ деген сөздерді жазыңыздар. Енді орындыққа еркін жайғасып (баяу әуен ойнайды), денеңізді бос ұстаңыз. Көздеріңізді жұмып, өзіңізді жап-жасыл алаңқайда, гүлдердің ортасында отырғандай сезініңіз. Көз алдыңызға жетістікке жеткен кезіңізді, болашақта жететін арман, тілектеріңізді елестетіңіз... Енді көздеріңізді ашып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Соны қағаз бетіне кестеге түсіріңіз.
Менің ойымша өмірде табыс есептен гөрі, жағдаймен көбірек байланысты.
Егер мен жақсы көретін ісімнен айрылсам, мен үшін өмірдің мәні жоғалады.
Мен үшін кез-келген нәрсенің орындалуы емес, соңғы нәтижесі қызықтырады.
Меніңше, адамдар жақындарымен жағымсыз қарым-қатынасынан гөрі, жұмыстағы сәтсіздіктерін көп уайымдайды.
Менің пікірімше, көп адамдар жақын емес, алыс мақсаттарымен жүреді.
Менің өмірде сәтсіздіктен гөрі, жетістігім көп болды.
Маған шығармашылықты адамдарға қарағанда, эмоционалды адамдар көбірек ұнайды.
Қарапайым жұмыстардың өзінде, оның кейбір элементтерін жетілдіремін.
Жетістік туралы ойлайтыным сонша, сақтандыру шараларын ұмытып кетуім мүмкін.
Менің жақындарым мені жалқау деп ойлайды.
Менің ойымша, менің сәтсіздіктеріме мен емес жағдайлар кінәлі сияқты.
Қабілеттілікке қарағанда менде шыдамдылық көбірек.
Менің атам-анам маған өте қаталдық көрсетеді.
Өз ойларымнан тартынуға маған жетістікке күдіктену емес, жалқаулық итермелейді.
Мен өз өзіме сенімді адаммын деп ойлаймын
Жетістікке жету үшін мүмкіндік аз болса да, қауіп-қатерге бара аламын.
Мен талпынғыш адаммын.
Барлығы жақсы жүріп жатса, менің күшім тасиды.
Егерде мен журналист болсам, болып жатқан жағдайларды емес, адамдардың түп нұсқалы шығармашылығы туралы жазар едім.
Менің жақындарым көбінесе менің жоспарларымды бөліспейді.
Менің өмірімдегі талаптарымның деңгейі менің құрдастарымның талаптарына қарағанда төмен.
Меніңше менде қабілеттілікке қарағанда табандылық көбірек сияқты.
Жауабы; ия-2,6,,7,8,14,16,18,19,21,22. жоқ-1,3,4,5,9,11,12,13,15,17,20.
Бұл шкаланың өңдеу нәтижесі мына кестеде көрсетілген:
|
Жетістікке жету деңгейі
|
төмен
|
Орташа
|
Жоғары
|
1,2,3,4,
|
5,6,7,
|
8,9,10
|
|
|
|
|
Рефлексиялық сұрақтар: Сіз не себептен өзіңізді осылай белгіледіңіз? Сізге қай сұрақ ұнады? Неге?
Достарыңызбен бөлісу: |