5) Қорытындылау. Сонымен сіздер – психологияның адамтану ғылымдары арасында алатын орнын оқыдыңыздар. Адамның өмір сүруінің ең басты ерекшеліктері – сіздің дербестігіңіз, көп жетістіктерге жетуге мүмкіншілігіңіз өте зор, бойыңыздағы қасиеттердің қалыптасуы және ең негізгісі сіздің білім алып, бүкіл өміріңізді қамтамасыз ететін өмір мектебінен игеріп шығатыныңыз айдан анық. Олай болса, өмірде уақытымызды босқа өткізбей, өміріміздің тамаша кезеңін барынша тиімді пайдалануға тырысайық. Сау болыңыздар!
Өзіндік жұмыс, үй тапсырмасы:
Өзіңіздің күн тәртібіңізді түзіңіз.
Өз жеке паспортыңызды жасаңыз, яғни «Мен жететін жетістіктер, өзімде қалыптастырғым келетін қасиеттер» деген екі кестені толтырыңыз.
Өзіңізді тесттен өткізіңіз. «Бұйрық беру керек пе, әлде бағыну қажет пе?» (Дәптермен жұмыс).
Оқулықтан «Психологияның – басқа ғылымдарымен байланысын» оқып, өз ойларыңызбен бөлісіңіздер.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Байбекова М.М. Жалпы психология : Жоғары оқу орындарының студ., оқытушылары, коледж, мектеп оқушылары, мұғалімдеріне арналған оқулық / М. М. Байбекова, П. М. Ибраева. - Шымкент : Жебе баспасы, 2008. – 152бет.
2.Давыдов В.В. Лекции по общей психологии : учебное пособие для студ. вузов / В. В. Давыдов. - 3-е изд., стер. - М. : Академия, 2008. - 176 с. - (Высшее профессиональное образование)
3.Жарикбаев К.Б. Психологическая наука Казахстана : учебное пособие для студентов вузов / К. Б. Жарикбаев. - 4-е изд., перераб. и доп. - Алматы : Эверо, 2012. - 497 с
4.Жарикбаев К.Б. Психологическая наука Казахстана в ХХ веке : учебник для студ. вузов / К. Б. Жарикбаев. - Алматы :Эверо, 2011. - 429 с
Достарыңызбен бөлісу: |