2-деңгей
1. Психологияның пәні туралы көзқарастардың дамуы. Әлемдік және отандық психологиядағы психология ғылымының пәні туралы пікірталастар.
2. Бихевиористік теориядағы мінез-құлық мәселелері.
3. Тұлғаның индивидуалды (дифференциалды) қасиеттері: жастық, жыныстық диморфизм, конституционалды және нейродинамикалық қасиеттері.
4. Темперамент алғашқы индивидтік қасиеттердің ықпалдасқан нысаны ретінде. Темпераменттің классикалық және қазіргі кездегі теориялары.
5. Ғылыми және тұрмыстық психологияның негізгі ерекшеліктері және оларға салыстырмалы талдаулар жасау.
6. З.Фрейдтің психоаналитикалық теориясы.
7. Тұлға түсінігін талдаған биогенетикалық бағыттар.
8. Тұлға түсінігін талдаған социогенетикалық бағыттар.
9. Психологияның эмперикалық әдістерін жіктеу. Интраспекциялық әдістерге сын.
10. Әлеуметтену теориясындағы тұлға мәселелері (Б.Ф. Скиннер).
11. Сезгіштік пен түйсіну табалдырықтары туралы жалпы ұғым. Абсолюттік және салыстырмалы айыру табалдырықтары.
12. Тиянақты есте сақтаудың тәсілдері мен адам есін жақсартудың жолдары.
13. Жаттау мен қайталаудың еске сақтауды күшейтуге тигізетін әсері. Ұмыту және реминисценция.
14. Қажеттілік тіршілік иелерінің әмбебап қасиеті ретінде және мотивация процесінің негізі ретінде.
15. Мотивация психологиясы туралы түсінік және оның негізгі мәселелері.
16. Эмоциялар мен сезімдердің түрлері мен сипаты. Аффектілер мен стресстер.
17. Жалпы және арнайы қабілеттердің сипаттамалары. Қабілет және темперамент.
18. Бейнелеудің ерекше формасы психика жайлы түсінік. Табиғаттағы бейнелеу формаларының үш деңгейі.
19. Сананың нақты психологиялық анықтамасы. Сананың бар болуының белгілері.
20. Іс-әрекет туралы жалпы түсінік, оның құрылымы мен психологиялық ерекшеліктері.
21. Құмарлықтар тұлға құрылымын талдаудың элементі ретінде. З.Фрейд психоаналитикалық теориясындағы тұлғаның психологиялық құрылымы.
22. Тұлғаның психологиялық құрылымы және оның құрамдас бөліктерін талдау.
23. Жалпы және арнайы қабілеттер (Б.М. Тепловтың, А.Н. Леонтьевтің, В.В. Давыдовтың көзқарастары). Талант және дарындылық.
24. Қабылдаудың тұрақтылығын, тұтастығын, заттылығын психологиялық талдау. Гештальтпсихологтарының зерттеулеріндегі осы мәселелердің қарастырылуы.
25. Психикалық іс-әрекеттердің ерекше түрі, индивидуалды тәжірибелер жүйесі, ақпараттарды өңдеудің сүзгісі, материяның әмбебап қасиеті ретіндегі естің жалпы сипаттамасы.
26. Ойлау туралы жалпы ұғым және оның адамның заттық-практикалық іс-әрекетін реттеудегі, танымдық процестер арасындағы алатын орны. Ойлау пәнаралық мәселе ретінде және оның әлеуметтік-тарихи тамыры.
27. Тұлғаның ерік сапасы мен ерік актісінің құрылымы. Ерік пен «таңдау еркі» мәселелерін түсіндірудегі алуан түрлі бағыттар.
28. Нышан адамның индивидуалды-психологиялық ерекшеліктерінің дереккөзі ретінде. Қабілеттің тұрлері мен даму деңгейлері және оларды зерттеудің әдістері.
29. Тұлғаның мінездік ерекшеліктері. Мінез және мінез бітістері туралы түсінік.
30. Ұжымдық еңбек, іс-әрекет пен сөздік қарым-қатынас адам санасының дамуы мен пайда болуының алғы шарты ретінде.
Достарыңызбен бөлісу: |