Байланысты: Жалпы психологиядан емтихан сұрақтары жаңасы
3-деңгей Қоғамдық және индивидуалды сананың арақатынасы мәселелері.
Рөлдік теориядағы тұлға мәселесі.
Тұлға құрылымының психоаналитикалық тұжырымдамасы. Тұлға құрылымындағы қорғаныс механизмдері.
А.Н. Леонтьевтің тұжырымдамасындағы тұлға құрылымы.
Қатынас тұлға құрылымын талдаудың бірлігі ретінде (А.Ф. Лазурский, В.Н. Мясищев).
Тұлға типологиясының мәселелері. Тұлғаның дене құрылысының типтерін жіктеу (Э. Кречмер).
Психикалық процесс, заттық бейнелер, перцептивтік іс-әрекет ретіндегі қабылдаудың жалпы сипаттамасы. Апперцепция ұғымы. Жалған қабылдаулар.
Қабылдаудың тұрақтылығын, тұтастығын, заттылығын психологиялық талдау. Гештальтпсихологтарының зерттеулеріндегі осы мәселелердің қарастырылуы.
Қабылдаудың мағыналылығы мен категориялылығын психологиялық талдау.
Естің негізгі заңдылықтары. Г. Эббингауздың қысқа мерзімді мағынасыз есті зерттеуі.
Аяқталған және аяқталмаған іс-әрекеттің адам есіне тигізетін әсері. Зейгарник әсері.
Ойлау теориялары. Шығармашылық ойлаудың өзіне тән ерекешеліктері.
Ойлау және шығармашылық. Продуктивті және репродуктивті ойлау типтерінің өзара байланыстылығы.
Эгоцентрикалық сөйлеу мәселесі туралы Ж. Пиаже мен Л.С. Выготскийдің пікірталастары.
Тұлғаның мотивациялық шеңберінің иерархиялық құрылымы. Қажеттілік және өзін-өзі жүзеге асыру (А. Мостау), мотив-түрткі және мотив-мағына (А.Н. Леонтьев), өтелмеген қажеттілік тұлғаның әлеуетті мотивы ретінде (З. Фрейд).
Темперамент – тұлғаның мінез-құлқының динамикалық сипаты ретінде.
Темперамент типтері және тұлғаның мінез ерекшеліктері.
Құмарлықтар тұлға құрылымын талдаудың элементі ретінде. З.Фрейд психоаналитикалық теориясындағы тұлғаның психологиялық құрылымы.
«Ол». «Мен» және «Жоғары мен» түсініктері. К.Г. Юнгтің аналитикалық психологиясындағы осы ұғымдардың одан әрі дамуы.
Индивидуалды психологиядағы тұлға мәселелері. Толық еместік кешені және оның орнын толықтыру (А. Адлер).
Тұлғаның құрылымы жөніндегі психоаналитикалық тұжырымдама. Құмарлықтар, кешендер, архетиптер, тұлға құрылымындағы қорғаныс механизмдері мен ығыстырулар.
Бихевиористердің әлеуметтену теориясы. Әлеуметтік үйрену әлеуметтенудің психологиялық механизмі ретінде (Б.Ф. Скиннер).
К. Левиннің тұлға жөніндегі өріс теориясы. Осы теориядағы өмір кеңістігі, объектілер, жалған қажеттіліктер түсініктерінің талдануы.
Тұлғаның рөлдік теориясы (интерактивтік бағыт). «Әлеуметтік рөл», «әлеуметтік позиция» және «әлеуметтік мәртебе» ұғымдарының жалпы сипаттамалары.
Бейім-бағдар (установка) тұлға құрылымын талдаудың элементі ретінде (Д.Н. Узнадзе).
А.В. Ковалевтің, К.К. Платоновтың тұлға жөніндегі тұжырымдамалары.
Б.Г. Ананьевтің адам жөніндегі ілімі. Индивидтің, тұлғаның индивидуалдылықтың психологиялық сипаттамалары.
Зейіннің түрлері мен қасиеттері, зейіннің психологиялық және физиологиялық механизмдері. Негізгі зейін зейін теорияларына сынды талдау.
Г. Эббингауздың қысқа мерзімді мағынасыз есті зерттеуі. Тиянақты есте сақтаудың тәсілдері мен адам есін жақсартудың жолдары. Естің негізгі заңдылықтары.
Эмоциялардың психологиялық теориялары, оның физиологиялық және нейрофизиологиялық механизмдері. Эмоциялық күйлердің түрлері мен деңгейлері.