2. Дәрінің түрлері Қатты дәрілік заттарға таблеткалар, ұнтақтар, драже, капсулалар жатады. Ұнтақтар (Pulveres) — бұл ішуге және сыртқа қолдануға арналған,сеппелі қасиетке ие қатты дәрілік түр.Олар өзі бірнеше түрге бөлінеді:
А) Қарапайым ұнтақтар - құрамында тек бір ғана зат болады.
Б) Күрделі ұнтақтар - құрамында екі және одан да көп заттар болады.
В) Мөлшерге бөлінген ұнтақтар. Мөлшерлі ұнтақтың орташа салмағы 0,3-0,5 г болады, ал егер одан төмен болса, оған бейтарап заттар (емдік әсері жоқ зат) қосылып, ұнтақтың жалпы салмағына жеткізілуі керек.
Мысалы: Анестезиннің мөлшері бөлінген және салмағымен бірдей, қарапайым жазба ретінде беріледі.
Reciрe: Anaesthesini 0,3
Da tales doses Numero 10.
Signa. 1 ұнтақтан күніне 3 рет.