Жалпы рецептура



бет4/7
Дата09.02.2022
өлшемі5,17 Mb.
#131290
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
рецептура

Мөлшерсіз ұнтақтар. Мысалы: Мырыш тотығы мен тальктен түратын мөлшерсіз жалпы салмағы 50,0 сеппе түріндегі жазбасы.
Мысалы:
Reciрe: Zinci oxydi 10,0
Talci 40,0
Misce fiat pulvis.
Da. Signa. Ұнтақ түріндегі сеппе.
Таблеткалар (Tabulettae ) – дәрілік заттарды немесе дәрілік қоспаларды және көмекші заттарды зауытта тиісті машинамен нығыздау арқылы жасалған, мөлшерленген қатты дәрілік түр. Таблеткалар сақтауға және қолдануға ең қолайлы дәрілік түр.
Мысалы: Аспириннің таблеткалық түріндегі жазбасы.
Recipe: Acidi acetylsalicyli 0,5
Da tales doses Numero 20 in tabulettis.
Signa.1таблеткадан күніне 2-3 рет.
Драже (Dragee) – ішке қолдануға арналған дәрілік зат пен көмекші заттарды қант грануласына бірнеше рет қабаттау жолымен алынған қатты дәрілік түр. Көмекші заттар ретінде қант, крахмал, бидай ұны, какао, шоколад, тағам бояғыштары қолданылады. Драже салмағы 1 граммнан аспауы керек.
Мысалы: D-витаминінің драже түріндегі жазбасы.
Recipe: Dragee Ergocalciferoli 500 ME
Da tales doses Numero 30.
Signa. 3 дражеден күніне 1-2 рет.
Капсула (Capsulae) – ішуге арналған мөлшерленген ұнтақ, паста тәрізді, түйіршіктелген немесе сұйық заттар үшін арналып жасалған қаптағыш. Капсулада жағымсыз иісі, дәмі бар немесе тітіркендіргіш әсер ететеін дәрілік заттарды шығарады.
Мысалы: 0,1 г. бромкамфорасы мен 0,05 г. хинидин сульфат ұнтағынан тұратын желатинді капсуланың жазбасы.
Reciрe: Bromcamphorae 0,1
Chinidini sulfatis 0,05
Misce fiat pulvis.
Da tales doses Numero 20 in capsulis gelatinosis.
Signa.1 капсуладан күніне 2 рет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет