Сұйық дәрілердің түрлеріне ерітінділер, тұндырма, қайнатпа, тұнба, сығынды, суспензия, эмульсиялар, микстуралар, жаңагален препараттар, шырыштар және т.б. жатады
Сұйық дәрілердің түрлеріне ерітінділер, тұндырма, қайнатпа, тұнба, сығынды, суспензия, эмульсиялар, микстуралар, жаңагален препараттар, шырыштар және т.б. жатады. Ерітінді (Solutio) деп қатты дәрілік заттарды немесе сұйық дәрілік түрлерді сұйықтықта еріту арқылы алынған дәрінің сұйық түрін айтады. Еріткіш ретінде тазартылған суды, этил спиртін немес зәйтүн, шабдалы, вазелин сияқты сұйық майларды қолданады. Қолданылуы бойынша ерітінділер сыртқа және ішке қолданылатын болып бөлінеді.
Мысалы. A). Сульфацил-натрийдің сулы ерітіндісі түріндегі жазбасы
Rесіре: Solutionis Sulfacyli –natrii 30 % - 10 ml.
Da. Signa. 1-2 тамшыдан көзге күніне 3 рет.
Салицил қышқылының спиртті ерітіндісі түріндегі жазбасы
RP.:Sol.Acidi salicylici spirituosae 1 % -40 ml
D.S.Теріге жағуға
Токоферол ацетаттың майлы түріндегі жазбасы
RP.:Sol.Tocopheroli acetatis oleosae 30%-20ml