Дәрінің жұмсақ түрлеріне жақпа майлар, пасталар, суппозиторилер жатады.
Жағылмалар (Unguenta) – тұтқыр консистенциялы және сыртқа жағуға арналған жұмсақ дәрілік түр. Жағылмаларды дәрілік заттарды түр беруші затпен, яғни вазелин, ланолин сияқты майлы негіздермен араластыру арқылы жасайды. Майлы негіздерге дәрілік заттармен жақсы араласатын, жағылымы жоғары, бірақ дәрілік заттармен химиялық қосылысқа түспейтін, ауа мен жарық сәулесінен қасиетін жоғалтпайтын бейтарап заттар жатады. Рецепт көбінесе қысқаша түрде жазылады.
Мысалы: А).Тетрациклин жағылмасының қысқаша түріндегі жазбасы.
Reciрe: Unguenti Tetracyclini 5%-10,0
Da. Signa. Жараға жағу үшін, жатар алдында қолдану керек.
Б). Тетрациклин майының толық түріндегі жазбасы.
Reciрe: Tetracyclini 0,5
Vaselini ad 10,0
Misce fiat unguentum
Da. Signa. Жараға жағу үшін, жатар алдында қолдану керек.
Паста (Pastae) – құрамында 25%-65%-ға дейін ұнтақ тәрізді заттардан тұратын, дене температурасында жұмсаратын жағылманың бір түрі. Пасталар қою және тұтқыр болып келеді, жағылмаларға қарағанда тері бетінде ұзақ сақталады.
Мысалы: Анестезин пастасы ның толық түріндегі жазбасы.
Recipe: Anaesthesini 0,5
Amyli
Zinci oxidi aa 5,0
Vaselini ad 50,0
Міsce, ut fiat pasta.
Da. Signa. Терінің зақымдалған жеріне жағу үшін.
Мысалы. Анестезин пастасының қысқаша түріндегі жазбасы.
Rесіре: Pastae Anaesthesini 5 % - 10,0
Dа. Signa. Терінің зақымдалған жеріне жағу үшін.