Си тілі өткен ғасырдың 70-жылдары басында АҚШ-та Bell Telephon Laboratories компания-сының қызметкері Дэннис Ритчидің бастауы-мен дүниеге келді. Бұл тілдің негізі Алголдан басталып, Си және ПЛ/1 тілдерімен қатар пайда болды.
Си тілінің шығуы UNIX операциялық жүйесін-де программалаумен тығыз байланысты, өйт-кені бұл жүйе ассемлерде және осы Си тілінде жазылып шыққан болатын.
Бұл тілде жазылған программаны компьютерде орындау кезінде ол алдымен трансляция сатысынан өтіп (машина тіліне аударылып), объектілік программа түріне ауысады да, сонан кейін барып орындалады. Осы сәтте компьютер-де программаның екі нұсқасы болады, оның біріншісі – Cи тіліндегі алғашқы нұсқасы, ал екіншісі – объектілік кодтағы машина тілінде жазылған программа. Есептің нәтижесін тек машиналық кодта жазылған программа арқылы аламыз, ал программаны түзету қажет болғанда оның алғашқы нұсқасы өңделіп, оны қайта түрлендіру сатысы жүзеге асырылады.
Жалпы Си тілінің даму жолына қарасақ:
Алгол-60 - 1960-ж. халықаралық комитет жасап шығарды
CPL - (Combined Programming Language) Кембриджде және Лондон университетінде 1963 ж. қатарласа жасалды
BCPL - (Basic Combined Programming Language) Кембриджде Мартин Ричардс 1967 ж. жасап шығарды
B - Bell Labs қызметкері Кен Томпсон 1970 ж. жасады
С - Bell Labs қызметкері Дэннис Ритчи 1972 ж. жасады
Сонымен, 1983 ж. Си тілі стандартын жасау үшін (ANSI C) Америка ұлттық стандарттар институты (ANSI) құрылды.
Кез келген Си-программа бір немесе бірнеше функция-лардан тұрады. Олар программа құруға керекті негізгі модульдер болып табылады. Келесі суретте Си программасының жалпы құрылымы көрсетілген.
Си тіліндегі программа жеке-жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады. Программа қатарларының алдындағы азат жол немесе бос орындар саны өз қалауымызша алынады.
Бір қатарға бірнеше командалар немесе операторлар орналаса алады, олар бір бірінен нүктелі үтір (;) арқылы ажыратылып жазылады, бірақ бір жолда бір ғана оператор тұрғаны дұрыс, әрі түзетуге жеңіл, әрі ыңғайлы болып саналады.
Программалар мысалы:
/* х-тің оң және мәндері үшін төмендегі функцияны есептеу
y = sqrt(x*x+1)+abs(x), егер x y = 3*x+4, егер x>=0 */
#include /* экранмен жұмыс істеу директивасы*/
#include /* енгізу-шығару директивасы */
#include /* матем. функциялар директивасы*/
main()
{
int x; float y;
textcolor(GREEN); /* жасыл мәтін*/
textbackground(BLACK); /* қара фон*/
clrscr(); /* экранды тазалау*/
printf("\nx,y енгіз: ");
scanf("%d",&x);
if (x else y=3*x+4;
printf("Нәтиже=%f\n",y);
printf("Аяқтау үшін Enter басу керек");
getch(); /* нәтиже экранын көрсету */
return 0;
}
Си тілінің алфавиті
Тілдің алфавиті программаның элементтерін құруда қолдануға болатын символдар жиынынан тұрады. Оған әріптер, цифрлар және арнайы белгілер кіреді.
Тіл ерекшеліктеріне қарай символдар тобын шартты түрде төмендегі топтарға жіктеуге болады, олар
атау (идентификатор) ретінде қолданылатын символдар ( a,b,c,…,z және цифрлар );
цифрлар ( 0,1,2,…,9 ) ;
айыру белгілері ( , . : ; “ _ );
арнайы символдар ( #, &, *…).
а) Әріп ретінде латын алфавитінің бас және кіші әріптері қолданылады, олар:
A B C D E F G H І J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z
a b c d e f g h і j k l m n o p q r s t u v w x y z
және астын сызу таңбасы (_) әріпке саналады;
Бас әріптер мен кіші әріптер бірдей болып саналмайды, мысалы, Х пен х екі айнымалы атауы, дәл сол сияқты ALFA1, aLfA1 және alfa1 де әр түрлі атаулар түрлері болып саналады. Атауларда әріптер цифрлармен араласып жазыла береді, бірақ атаудың алғашқы символы міндетті түрде әріп болуы тиіс, мысалы, VES1, SALMAK2, Baga_5, cena7, T7S25, ART25var8,т.с.с.
Ұлттық әріптер (қазақ, орыс, араб т.с.с.) атау ретінде қолданылмайды, олар тек тырнақшаға (“) алынған тұрақты сөз тіркестері немесе /* және */ таңбаларымен қоршалған түсініктеме ретінде ғана кездеседі /* бұл түсініктеме */.
ә) Ондық цифрлар: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 тәрізді сан таңбалары.
Он алтылық цифрлар ондық цифрлардан және A-дан F-қа (немесе a-дан f-қа) дейінгі латын әріптерінен тұрады.
Арнайы символдарға пунктуациялау және операциялар (амалдар) белгілері жатады.
б) Арифметикалық амалдардың белгілері:
+ - қосу;
* - көбейту;
– - алу;
/ - бөлу;
% - қалдық табу;
10 % 3 - нәтижесі 1;
в)Логикалық амалдардың белгілері:
&& - және (екі шарт қатар орындалады A && B);
|| - немесе (екі шарттың бірі орындалады A || B);
! - емес (шартқа кері - терістеу амалы !A);
г) Айыру белгілеріне бос орын, ЕNTER (келесі жолға көшіру) пернесін басу белгісі және үтір, нүктелі үтір таңбалары жатады. Айыру белгілері атауларды, сандарды, түйінді сөздерді бір-бірінен бөліп тұрады.
Түсініктеме // таңбасынан кейін жол соңына немесе /* және */ белгілерімен қоршалып, солардың ішіне жазылады, соңғысы – бір немесе бірнеше жолдар-дан тұруы мүмкін.
Сонымен, айыру белгілері:
_ (бос орын)
, (үтір)
. (нүкте)
: (қос нүкте)
; (нүктелі үтір)
' (апостроф)
“ (қостырнақша)
(, ), [ , ] , { , } таңбалары.
д) Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері:
= = (тең), != (тең емес), (үлкен), = (кіші емес таңбасының орнына)
Әрбір символдың өзінің реттік нөміріне сәйкес белгіленген коды болады, ол стандарт түрінде бекітілген. Әр елдің стандарттары негізінде америкалық кодтар стандарты жатады (Amerіcan Standart Code for Іnformatіon Іnterchange - ASCІІ), компьютерде жұмыс істеу кезеңінде оларды да білген абзал.
Си тілінің түйінді сөздері – программада алдын ала анықталған белгілі бір мағынасы бар сөз тіркестері. Си тілінің түйінді сөздері (служебные или ключевые слова) мәліметтер типтері, операторлар мен стан-дартты функциялар атаулары, жады кластары, моди-фикаторлар (толықтырғыштар), т.с.с., олардың тіл-дің әр түрлі нұсқаларында аздап айырмашылықтары болуы мүмкін.
Қордағы (резервтегі) сөздер:
auto double int struct break else long switch register tupedef char extern return void case float unsigned default for signed union do if sizeof volatile continue enum short while, т.б.
Бұл келтірілген түйінді сөздерді айнымалы аттары немесе тұтынушы қойған бейстандарт атаулар ретінде қолдануға болмайды.
Cи тілінің қарапайым объектілері
Тілдің қарапайым объектілеріне тип, сан, идентифи-катор, константа, айнымалы және функция, өрнек ұғымдары кіреді.
Тілдің ары қарай бөлінбейтін ең қарапайым бірлігі лексем (token деп те айтады) деп аталады.
Лексемнің 5 типі бар: операциялар (operator), айыру таңбалары (separator), идентификаторлар (identifier), түйінді сөздер (keyword) және константалар (constant).
Біз лексемдерді дұрыс жазуға мүмкіндік беретін объ-ектілерді қарастырып, программаның жалпы құрылы-мынан мәліметтер берейік.
Константалар және кез келген айнымалылар бүтін саннан, нақты саннан, символдан немесе сөз тіркесте-рінен құралады.
1. Мәліметтер типтері. Мұнда мәліметтердің бірнеше негізгі типтері қолданылады.
Олар:
char – символдық, яғни таңбалық тип,
short – қысқа бүтін сан,
int – бүтін сан типі,
long – екі еселенген бүтін сан,
float – нақты (жылжымалы нүктелі) сан типі,
double – екі еселенген нақты сан типі.
unsigned – таңбасыз бүтін сан,
Алғашқы төрт тип бүтін сандарды сипаттау үшін қолданылады. Төмендегі кестеде әр түрлі типтердің IBM PC-ге арналған ұзындықтары көрсетілген.
Көрсетілген типтердің ең үлкен ұзындықтары әр түрлі компиляторларда бірдей болуы қажет емес. Олар компьютерлердің аппараттық мүмкіндіктеріне қарай тағайындалады.
Бірақ оларға мынадай талаптар қойылады:
int > =short; short пен int типтерінің ұзындығы >= 16 бит;
Int типін стандарт бекітпеген, ол компьютерге немесе компиляторға байланысты өзгеріп отырады. 16-разряд-ты процессорде ол 2 байт (32768), ал 32-разрядтысында – 4 байт (2 147 483 647 ).
ТурбоСи-де int = short (32768)
long > = int; long типінің ұзындығы >= 32 бит;
(ТурбоСи-дегі long 2 147 483 647 )
Signed және unsigned модификаторлары да сандар шамасына әсер етеді, олар:
unsigned short int – 2 байт, оның диапазоны 0 ..65536;
unsigned long int – 4 байт, диапазоны 0..+4 294 967 295.
Unsigned типі int, long, short түйінді сөздерімен сипатталатын типтердің модификаторы ретінде қолданылады.
Char типін 0–255 аралығындағы таңбасыз бүтін сан-дарды сипаттауға қолдануға болады, ДК жадында бұларға бір байт орын бөлінген.
Мысалы:
char c1;
char ck=’k’;
Нақты сандар компьютерде 2 бөліктен – дәреже мен мантисса-дан тұрады. IBM-РС компьютерлерінде float типінің ені – 4 байт, оның бір разряды – сан таңбасы, 7 разряды – дәреже, 24 бит – мантисса.
Егер double типі аты алдында long сөзі тұрса, онда оған 10 байт орын беріледі.
Программалау практикасында көбінесе жылжымалы нүктелі нақты (аралас) сандар пайдаланылады.
Double типті сандар екі еселенген дәлдікпен 64 бит арқылы өрнектеледі. Double типінің ені – 8 байт, 1 бит – таңба, 11 бит – дәреже және 52 разряд – мантисса. Мантисса ені – санның дәлдігін, ал дәреже ені – оның диапазонын анықтайды.
Си тілінде объектілердің мәндерін байт арқылы анықтау үшін sizeof стандартты операторы қолданылады.
Мысалы:
printf(“Данные типа double занимают %d байт\n", sizeof(double));
Литерал
|
сипатамасы
|
Мысал
|
таңба
|
апострофпен қоршалған бір таңба
|
'W', '&', 'Ф'
|
жол
|
Қостырнақшамен қоршалған таңбалар тізімі
|
"Бұл жол \n"
|
бүтін
|
ондық — нөлден басталмайтын цифрлар қатары
|
123, -1999
|
|
сегіздік — нөлден басталатын, 0 мен 7 арасындығы цифрлар қатары
|
011, 0177
|
|
оналтылық —оналтылық цифрлар қатары (0 – 9 және А - F), алдында 0X немесе Оx жазылған
|
ОХ9А, Oxffff
|
нақты
|
ондық — [цифрлар].[цифрлар]
|
123., 3.14, .99
|
|
Экспоненциальдық — [цифрлар]Е|е[+|-] цифрлар
|
Зе-10, 1.17е6
|
2.Сандар. Сандар мен айнымалылар бүтін және нақты болып екіге бөлінеді.
Бүтін сандар: +4, -100, 15743, 0 , т.с.с.
Дербес ЭЕМ-дер үшін қолданылатын бүтін сандар (ағылшынша іnteger) бұрын -32768 бен +32767 аралығында ғана жазылған еді, қазір компьютер типіне байланысты ол басқаша да бола береді.
Мұнда ондық, сегіздік және он алтылық бүтін сандар да пайдаланылады. Он алтылық сандардың алдына 0х белгісі қойылады. Мысалы, 0хA12 немесе 0х8B2.
Сегіздік сандар алдына 0 қойылады: 0556, 07012, т.с.с.
Нақты сандар (ағылшынша float) кәдімгі табиғи аралас сандар тәрізді санның бүтіні мен бөлшегін нүкте арқылы бөлген күйде жазы-лады.
Мысалы: 2.65, 0.5, -0.862, -6.0.
Ал өте үлкен немесе өте кіші нақты сандар көрсеткіші бар экспоненциал сандар ретінде mЕ±р түрінде жазылады да, олардың диапазоны әлде қайда кең болады, мұндағы m-санның мантиссасы деп аталады, Е-онның дәрежесі дегенді білді-реді, ал р- дәреженің өз мәні.
Мысалы:
1,25•106 1.25Е+6 0,0005 0.5Е-3
-5,2 • 10-12 - 5.2Е-12 -180000 -1.8Е+5
3. Атау – идентификатор (іdentіfіеr – объектіге қойылған ат) программаны және программадағы тұрақтыларды, айнымалыларды, функцияларды, файлдарды және тағы басқаларды белгілеп жазу үшін қажет.
Идентификатор – міндетті түрде әріптен басталатын сандар мен әріптердің тізбегі.
Оның ұзындығын өте үлкен етудің қажеті жоқ, өйткені атауларды теру және кейіннен сақтау біраз уақыт керек етеді. Бірақ оларды өте қысқартпай, мағынасына сәкес атау беру қалыптасқан. Мыса-лы: X, x_2, cymka, bec, p23ps6, dt54as, ALFA, baga2, salmak, Omega2, т.с.с.
Бас әріп пен кіші әріп бірдей болып саналмайды.
4. Тұрақты немесе константа деп программаның орындалу барысында мәндері өзгеріссіз қалатын шамаларды айтады.
Тұрақтыға программа басындағы директива арқылы мән берсек те немесе оны программаның сипаттау бөлімінде идентификатор түрінде белгілеп алып мән берсек те болады. Олар сандық, символдық және тіркестік (іnt, float, char, strіng) мәндерді қабылдай алады.
Символдық және тіркестік (строковый – strіng) мәндер үшін орыс, қазақ әріптерін және кез келген символдарды пайдалануға болады. Олар тырнақша ішіндегі таңбалармен жазылады, мысалы: “S=“ , “сумма” , “функцияның мәні”, “y=“ және т.б.
Тұрақтыларды анықтау мысалдары:
a) Атау арқылы:
const типi тұрақты = мәні
const float m=99999999;
const F=765; // типі int болады
const char s=‘B’; // символдық тип
const Menіng_atjm = “Ақметов Болат” ;
const C=”Turbo С”;
const float Pi = 3.14159;
const float Pi2 =2 * Pi;
Егер const Pi = 3.14159; (типі көрсетілмесе) деп сипаттасақ, онда Pi мәні 3 тең болады
b) Директива арқылы:
#define тұрақты мәні
#define pi 3.14159 // pi=3.14159 болады
#define EULER 2.718282 // EULER=2.718282
#define директивасының форматы (параметрлері бар макросты анықтаушы)
#define макрос_ идентификаторы(аргументері) алмастыратын_мәтін
Макрос идентификаторы мен аргументтер арасында бос орын болмау керек. Макросты шақыруды келесі өрнекпен орындауға болады:
макрос_идентификаторы(аргументтер)
Мысалы: #define CIRC(x) (3.14159 * (х) * (х)) макорсы шеңбер ауданын есептеуге мүмкіндік береді.
Егер программада S = CIRC(4); операторы кездессе, онда аргументі тұрақты болғандықтан (3.14159 * (4) * (4) ) өрнек мәні компиляция кезінде есептеліп S-ке меншіктеледі.
Егер макросты шақыру келесі түрде жазылса
S = CIRC(a + b);
Онда макрос кеңейтілгеннен кейін мәтін түрі:
S = (3.14159* (a+b) * (а + b) ) ; болады.
Макрос аргументі айнымалы болғантықтан өрнек мәні компиляция кезінде емес программа орындалған уақытта есептеледі.
Егер макросты жақша қоймай сипаттасақ онда келесі өрнек есепетеледіде 3.14159 * а + b * а + b нәтижесі қате болады.
Екінші мысал, эллипс ауданын есептеу:
#define Еll(х,у) (3.14159 * (х) * (у))
Макросты шақыру келесі түрде жазылуы мүмкін:
S = Ell(Rl, R2);
Есептеулердің алынған нәтижелеріне қарағанда макростар функцияларға эквивалентті . Мысалы , шеңбер ауданын есептеу функциясын келесі формаға келтіруге болады :
double circ(double x)
{ return 3.14159 * х * х;
}
Және оны шақыру операторы:
S = circ(a + b);
Егер макросты шақыру операторы келесі түре болса S = circ(а++);
S = (3.14159 * (а++) * (а++)); онда шеңбер ауданы дұрыс есептелінеде, ал а-ның мәні 1 орнына 2 тең болады.
Егер шеңбер радиусын 1 өсіріп алып ауданын есептемек болсақ макросты келесі түре шақырғанда S = circ(++a); макрос келесі түрде кеңейтіледіде
S=(3.14159 *(++а)*(++а));
радиусы екі рет 1-ге өседіде келесі нәтижеге әкеледі S = (3.14159 * (а + 1) * (а + 2) ) ;
Егер макрос орнына жоғрыда келтірілген функцияны қолдансақ, мұндай эффекттер болдмайды.
5. Айнымалылар деп программаның орындалу бары-сында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Айнымалы – компьютер жадының ат қойылған аймағы. Оған мән берілгенде, сол аймаққа мәннің екілік коды жазылады. Айнымалы мәнін қолдану үшін оның атын – идентификаторын және мән орналасқан аймақтың адресін білу керек.
Олар идентификаторлармен белгіленіп, әр уақытта әр түрлі мәнге ие бола алады. Айнымалылардың белгіленулері: alfa, y, x_3, summa, baga, a1b8, т.с.с. Айнымалы атауы оның орындайтын міндетіне сәйкес, түсінікті және қарапайым болғаны жөн. Айныма-лыларды сипаттау оларды пайдалану алдында кез келген жерде орналасады да, алдында олардың типі көрсетіледі.
Оның жазылу форматы:
, ..., ;
Мысалы:
іnt a, b=5, d, D;
float c, alfa=2.15, b4=1.336e2;
char symbol, cc;
string coz, coilem;
Айнымалыларды сипттау үшін алдында сипатталған тұрақтылар мен мәні анықталған айнымалыларды қолануға болды: int xl = 1, х2 = 2 * xl;
Айнымалыларды жариялау бөлек оператор болуы мүмкін немесе ол кейбір операторлар ішінде істелінеді , мысалы , цикл операторында :
for ( int i = 0; i
Сипаттау кезінде бірден бастапқы мән меншіктеуге болады, оны айнымалыны инициалдау дейді. Си тілі-нде символдық тіркестерді сипаттау үшін арнайы тип жоқ, олар көбінесе char типтегі элементтерден тұра-тын массив (жиым) ретінде қарастырылады. Жолдық немесе тіркестік символдар ЭЕМ жадында көршілес ұяшықтарда сақталады да, олардың соңында ‘\0’ символы тұрады. Символдар қатарының ұзындығын анықтау үшін strlen сөзі қолданылады.
char m1[]=”Таңбалар жолы”;
char m[44]=”Только ограничтесь одной строкой”;
Сілемді жариялау үшін сілем атынан кейін квадраттарды жақшаларда элементтердің саны көрсетіледі.
Мысалы,
float mas[20];
Арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалылар, атаулар, функциялар, жиымдар (массивтер) тізбегі өрнек деп аталады.
Математикадағы формулалар, арифметикалық өрнектер, алгебрадағы көпмүшеліктер программалау тілінде тек осы өрнек ұғымы арқылы беріледі.
Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлемі оператор деп аталады.
Стандартты функциялар
Си тілінде математикадағы тәрізді стандартты функ-циялар бар. Олар жиі кездесетін математикалық және басқа да функцияларды есептеу үшін қолданылады. Стандартты функцияны жазу үшін міндетті түрде функцияның аты және жақшаның ішінде аргументі көрсетілуі қажет. Функцияны есептеу барысында аргумент пен функция типтерінің әр уақытта сәйкес келе бермейтінін есте сақтаған жөн.
Енді программаларда жиі пайдаланылатын өрнектерді мысал ретінде қарастырайық.
|x|
|
fabs(x)
|
Аргументтік абсолюттік шамасы
|
нақты
|
|x|
|
abs(x)
|
Аргументтік абсолюттік шамасы
|
бүтін
|
tg x
|
tan(x)
|
Аргументтің тангенсы
|
нақты
|
arctg x
|
atan(x)
|
Аргументтің арктангенсы
|
нақты
|
arccos x
|
acos(x)
|
Аргументтің арккосинусы
|
нақты
|
arcsin x
|
asin(x)
|
Аргументтің арксинусы
|
нақты
|
cos x
|
cos(x)
|
Аргументтің косинусы
|
нақты
|
sіn x
|
sіn(x)
|
Аргументтің синусы
|
нақты
|
ex
|
exp(x)
|
е-нің (2,71828) х дәрежесі
|
нақты
|
lnx
|
log(x)
|
х-санының натурал логарифмі
|
нақты
|
lg x
|
log10(x)
|
х-санының ондық логарифмі
|
нақты
|
Pi
|
M_PI
|
(p-дің мәні pі=3.14159265)
|
|
e
|
M_E
|
(e-нің мәні е=2.718281828)
|
|
xn
|
pow(x,n)
|
х-тің n дәрежесі
|
нақты
|
|
sqrt(x)
|
х-тің квадрат түбірі
|
нақты
|
|
ceil(x)
|
х санын бүтінге дейін жоғары дөңгелектейді
|
нақты
|
Math.hpp
|
Сeil(x)
|
х санын бүтінге дейін жоғары дөңгелектейді
|
бүтін
|
|
fmod(x,y)
|
қалдық
|
нақты
|
Math.hpp
|
Floor(x)
|
х санын бүтінге дейін төмен дөңгелектейді
|
бүтін
|
Stdlib.h
|
randomize
|
кездейсоқ сандардың генераторы
|
|
Stdlib.h
|
rand
|
0... 37767 аралығындағы кездейсоқ сан
|
бүтін
|
Stdlib.h
|
random(num)
|
0... num-1 аралығындағы кездейсоқ сан
|
бүтін
|
Достарыңызбен бөлісу: |