Жалпы тарих және құқық кафедрасы



Дата10.06.2017
өлшемі122,12 Kb.
#18484
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті



Жалпы тарих және құқық кафедрасы

Жапарова К.Г., Абдрахманова С.А..

050114 «Тарих» мамандығы студенттері үшін

кәсиби педагогикалық тәжірибе өту жөніндегі


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Оқыту түрі - күндізгі

КӨКШЕТАУ

Жапарова К.Г., Абдрахманова С.А.

Кәсіби тәжірибе өту жөніндегі әдістемелік ңұсқаулар
Көкшетау: КМУ, 2010-10-19

Әдістемелік нұсқаулар оқу жоспарының талаптары мен тәжірибе (педагогикалық) бағдарламасына сәйкес құрастырылды және кәсіби тәжірибеден өтуде қажетті барлық мәліметтерді қамтиды. Әдістемелік нұсқаулар «Тарих» мамандығының студенттеріне арналған.

«Жалпы тарих және құқық» кафедрасының мәжілісінде бекітілді
«__27_»___08___2010__ ж. / № __1__ Хаттама /

Кафедра меңгерушісі:т.ғ.к. Күшпаева А.Б.___________________


Тарих факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясымен бекітілді
«__28_»___08__ 2010__ ж. / №___1____ Хаттама /
ОӘК төрайымы: Жапарова К.Г. ____________________________

Типтік оқу жоспарына және педагогикалық тәжірибе бойынша жұмыс бағдарламасына сәйкес «Тарих» мамандығының төртінші курс студенттері сегізінші семестрде тәжірибеден өтеді.

Тәжірибенің ұзақтығы – 10 апта. Бұл тәжірибе болашақ педагогтардың теоретикалық оқуы мен мектептегі өздік жұмыстарын өзара байланыстыратын буын болып табылады, студенттерді кәсіби педагогикалық әрекеттің алғашқы тәжірибесімен қаруландырады.

Педагогикалық тәжірибе үрдісінде келесі міндеттер шешіледі:

- студенттерді мұғалім мамандығына қызығушылыққа және оны көңілінің сүюіне тәрбиелеу;

- жалпы педагогикалық біліктілік пен дағдылардың дамуы және жүзеге асуы;

- сыныптан тыс тәрбие жұмысын жоспарлау туралы білімінің қалыптасуы;

- педагогикалық әрекетке шығармашылық және зерттеушілік тұрғысынан келудің қалыптасуы;

- студенттерде өз педагогикалық әрекеттерін бағалау, сараптау, түзету қабілетінің дамуы.

Тәжірибе барысында студенттер құрамына келесі пункттер кіретін бағдарламаны жүзеге асырулары қажет:


1. Мектептің педагогикалық үрдісімен, пән оқытушысының, сынып

жетекшісінің,сыныптан тыс шараларды ұйымдастырушының жұмыс

жоспарларымен танысуы.

2. Студент тәжірибеден өтіп жатқан сыныптағы жалпы педагогикалық

үрдістің шынайылығының диагностикасы (оқу әрекеті, оқу

ұжымының даму деңгейі, оқуышының әлеуметтік белсенділігі) .

3. Бекітілген сыныптағы оқушының дербес ерекшеліктері мен балалар

ұжымын зерттеу.

4. Сынып жетекшісінің жоспарын құрастыру.

5. Педагогикалық тәжірибе уақытында оқу жұмысы бойынша жеке

жоспарлар құрастыру.

6. Сабақтың толық жоспарының конспектісін даярлау.

7. Дидактикалық материалдар, көрнекі құралдар, компьютерлік жұмыс

жобасын дайындау.

8. Пән бойынша сабақтар өткізу.

9.Мұғалімнің және тәжірибеден өтушілердің сабақтарға және де

оларды сарапқа салуға қатысуы.

10. Мектептің әдістемелік жұмысына қатысу.

11. Курстық және дипломдық жұмыстарға арналған материалдар

дайындау.

12.Пән бойынша сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын өткізуге арналған

конспектілер дайындау.

13. Сынып жетекшісіне ата-аналармен жұмыс істеуде көмек көрсету.

14. Өз тәжірибелік жұмысының және оқу-тәрбие жұмысы

тәжірибесіндегі жүйелі анализдің күнделікте көрініс табуы.

15. Факультет конференциясына арнап әдістемелік тақырыпқа

баяндама даярлау.

16. Тәжірибе қорытындысы бойынша есептің, құжаттардың

құрастырылуы.

Бірінші апта пассивті болып табылады. Тәжірибеден өтушілер мектептің педагогикалық үрдісімен танысулары керек, қауіпіздік техникасы бойынша минимум тапсырулары, бекітілген сынып ұжымын зерттеуге кірісулері, пән оқытушысының сабақтарына, өз сынып жетекшісінің тәрбие сағаттарына қатысулары қажет.

Тәжірибе үрдісіндегі маңызды буын сабақ өткізу болып табылады. Ол бірқатар талаптарға сай келуі қажет. Осы талаптардың біршама маңыздылары:

1. Оқу мазмұнының тарих ғылымының даму деңгейіне және тәрбие

жұмысының міндеттеріне сәйкес келуі.

2. Сабақ мақсатының үздіксіз білімділік, дамытушылық, тәрбиелік

міндеттермен бірліктегі нақтылығы.

3. Әрбір сабақтың оқушыларға түсінікті болуы және барлығының

меңгеруі үшін негізгі назар аударатын мәселелерді анықтау.

4. Сабақ құрылымының әрбір бөліміне құралдар мен әдістемелік

тәсілдерді мақсатты ойластырылған түрде таңдау.

5. Оқушының белсенді ойлау әрекетін ұйымдастыру.

6. Сабақ типін дұрыс таңдау.
Сабақ жоспары сауатты, нақты, анық жасалып, сабақ өткізілуінен бір күн бұрын пән мұғаліміне сабақты өткізуге рұқсат алу үшін көрсетілуі керек. Тәжірибе уақытында студенттер жеке жоспар құрастырады, күнделік жүргізеді. Студенттердің ағымдағы жұмыстары күн сайын консультация үрдісі мен әдістемелік отырыстар барысында есепке алынады. Тәжірибеден өтуші студенттер мектептің қоғамдық өміріне белсене араласуы, іс-шаралар ұйымдастыруы, жаңалықтар енгізуі қажет:


  • тарихтан екі сабақтың конспектісі (орта және жоғарғы буынға арналған);

  • пән бойынша сабақтан тыс шараның жоспары;

  • әдістемелік тақырыпқа баяндама;

  • жұмыс жөнінде есеп беру, студенттің педагогикалық тәжірибеден өткен кезіндегі әрекеті жөнінде анықтама берілген педкеңестің хаттамасы.

Бұл материалдар электронды немесе қағаз нұсқасында тапсырылуы тиіс.

Тәжірибеден өтуші студентке көмек (сабақтар және сыныптан тыс шаралар)



Сабақтың үлгісі.

Тақырыбы: Египеттің жоғарғы тап өкілдері және фараондардың

жаулап алушылық саясаттары.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Египеттің Солтүстік Африка мен Азияға әсерін және беделін арттырған әскерлерінің ІІІ Тутмос тұсында қол жеткізген ірі жеңістері жайлы айту.
Дамытушылық: Фараондардың жаулап алған елдерді тонауы жөнінде айту, фараондар мен вельможалардың өмірі мен тұрмысын сипаттау.
Тәрбиелік: Египет әскерлерінің басқа елдерге басып алушылық, тонаушылық жорықтары фараондардың баюына әкелді және бұрындары жеңіске жетіп жүрген елдерді құлдыратты.
Сабақтың типі: аралас.

Көрнекі құралдар: оқу картасы.

Сабақтың әдістері: ауызша әңгімелеу, оқулықпен жұмыс, сұхбат

жүргізу.
Сабақтың барысы:

1) Ұйымдастыру кезеңі

2) Үй тапсырмасын тексеру.

а) жеригерушілердің еңбектерін сипаттаңыздар.

б) шаруалар фараондарға қандай салық төледі?

в) шаруалар мен құлдардың арасындағы айырмашылық қандай?

3) Жаңа сабақтың тақырыбы


І. Фараондар Көне Египет патшалары. құдайға теңеу
шексіз барлық халықтың халықты

билік шаруашылығы қанау


ІІ. Жаңа тақырыптың бірінші бөлімін тыңдап болып, оқушылар өздері

кесте толтырады:

- Көне Египеттің жоғарғы тап өкідерінің әрекеттерін сипаттаңыздар:


Кім?

Қандай іспен айналысты?

фараондар




вельможалар




әкімшілік басқарушылары




жазмыштар




күзетшілер және елшілер




ІІІ. Қатаң әскери тәртіптің орнауы. Келесі мәселеге көше отырып, ІІІ Тутмос фараонның тұлғасына және оның әскери реформаларына көңіл бөлеміз

аңшылық

жеңіл қаруланған ауыр қаруланған



(садақпен ату) (найзалар, балталар, қылыштар)
арбалы әскер жалдамалылар
- Жалдамалы әскерге тоқтала келе, фараондар Азия мен Африка халықтарының арасынан ақы төлеу арқылы әскер жалдағандығы жөнінде айтамыз. Ой жүгіртетін сұрақтар қоямыз :


  1. Қалай ойлайсыңдар қандай жағдайда фараондар жалдамалы әскерді пайдаланды?

  2. Жалдамалылардың шаруалардан артықшылықтары қандай болды?

3. Қандай жағдайда жалдамалылар шаруалардан кем түсіп жатты?

4. Қандай жағдайда жалдамалылар шаруаларға қарағанда біршама

сенімсіз болып табылды?
Жауап алған соң, жалпы әскер түрлерін сипаттауға көшеміз. 2 әскердің жақсы және кемшілік жақтарын салыстырамыз және ашамыз Сұрақ қоямыз:

Мысалы: Египетке жау шапты делік? Осы жағдайда қандай әскер елді қорғауда қайсарлық танытады және неліктен?


ІV. Сабақтың келесі сәті – басып алынған елдердегі тонаушылық
Табыс
ешкі, сиыр, жылқылар,

алтын,маталар; тұтқындар – басты табыс көзі


1. Неліктен соғыс тұтқындары құнды табыс көзі саналды?

Қорытынды жасаңдар.

2. Шаруалар соғыстан үйлеріне оралған кезде өздерімен бірге не ала

келетін болған және олар үйлеріне келгенде не көрді?

3. Египет патшалығы үшін үздіксіз соғыстардың нәтижесі қандай

болды?
Оқушылардың пікірлерін тыңдап болған соң мұғалім жаңа тақырыпты қорытындылайды.

V. Жаңа сабақты бекіту:

Бекіту барысында оқушылар білімінің нақтылығы мен беріктігіне қол жеткіземіз.


ІІІ Тутмос фараон қандай елдерге жорықтар жасағанын жаз .
4. Үй тапсырмасы

25-28 б. 28 б. сұрақтарға жауап беру.


Үй тапсырмасының барлық оқушыларға түсінікті екендігіне көз жеткізу.
5. Сабақты қорытындылау

Білімдерінің бағалануы




Сыныптан тыс шараның үлгісі.
Мақсаттары мен міндеттері: Ежелгі дүние тарихы пәні бойынша материалды қайталау және бекіту. Оқушылардың Ежелгі Греция мен Рим тарихы бойынша білімдерін жалпылау, көне заманның ірі елдеріне салыстырмалы анализ жүргізу. Балаларды жеке дара жұмыс істеуге, үлкен аудиторияға жеңіл бой үйретуге жұмылдыру.

Ойынның шарттары: Ойын 4 айналымнан және 3 қатысушыдан

тұрады.


  1. Бірінші айналым – сыныптың ішінде интеллектуалды жарыс өткізу арқылы ойынды әрі қарай жалғасытыру мақсатында біршама мықты деген 3 оқушы таңдалып алынады.

  2. Әрбір қатысушы қызыл, жасыл және сары жолдардың біреуін таңдайды. Сары жол 3 шаршыдан тұрады, мұнда 1 рет қателесуге болады. Жасыл жол 4 шаршыдан тұрады, мұнда 2 рет қателесуге болады. Қызыл жол 2 шаршыдан тұрады, мұнда қателесуге болмайды. Барлық шаршылардан өткен және ойыннан шығып кетпеген қатысушы жеңімпаз атанады.

Ойынның барысы

Бірінші айналым – жарыс.



  1. Илоттар деген кімдер? (Көне Спартаның жеригерушілері)

  2. Греция қандай түбекте орналасқан? (Балқан түбегінде)

  3. Рим қандай түбекте орналасқан (Аппенин түбегінде)

  4. Қай жылы А.Македонский Солтүстік Үндістанды басып алды? (б.з.д.328ж.)

  5. Ежелгі дәуірдегі қандай елде алғаш рет демократия дүниеге келді? (Греция)

  6. Грек қала-мемлекеттері қалай аталды? (полис)

  7. Марафон шайқасы қай жылы болып өтті? ( б.з.д. 490ж. )

  8. Римдегі Патшалық билік кезеңі (б.з.д.753-509жж..)

  9. Римнің бірінші патшасы (Ромул)

  10. Римнің соңғы императоры (Нерон)

  11. Гай Юлий Цзеарь-бұл (қолбасшы, консул, тиран)

  12. гладиаторлар деген кімдер? (көрермендердің алдында шайқасатын құлдар)

  13. плебейлер деген кімдер? (қала кедейлері)

  14. Афинаның орталығындағы алаң қалай аталды ?(Агор)

Қорытынды жасау: көбірек балл жинаған оқушылар келесі айналымға өтеді 1 сұрақ – 1 балл болып есептеледі.

Екінші айналым
Қатысушылар жол таңдайды.
Қызыл жол: бірінші сұрақ – дорийліктер деген кімдер? (Балқан түбегінің солтүстігін мекендеген тайпа).
Сары жол: А.Македонскийді Шығыста қалай атаған? (Ескендір Зұлқарнайын).
Жасыл жол: Бүкіл Грецияға гегемония орнату үшін үнемі бақталастықта болған екі елді атаңыз (Спарта және Афины).
Қызыл жолда тұрған қатысушы сұраққа жауап бермеген мезетте-ақ ойыннан шығады. Сары және жасыл жолдарда тұрған қатысушылар сұраққа жауап бермеген жағдайда да келесі айналымға өтеді.

Үшінші айналым
Қызыл жол: Крит-Ахей өркениетін ашқан кім? (Артур Эванс)
Сары жол: Не себепті аналық қасқыр Рим қаласының символы болып табылады? (аңыз бойынша қасқыр 2 бала – Ромул мен Ремді емізген деп есептеледі).
Жасыл жол: Неліктен Карфаген мен Рим арасындағы соғыстар Пуни деген атау алған? ( себебі римдіктер Карфаген тұрғындарын Пуналар деп атаған ).
Қызыл жолда тұрған қатысушы сұраққа жауап бермеген мезетте ойыннан шығады, ал екінші дұрыс жауабы оны ойынның жеңімпазы етеді. Сары жолда тұрған қатысушының қателесуіне болмайды. Жасыл жолда тұрған қатысушы сұраққа жауап бермесе де келесі айналымға өтеді.
Төртінш айналым
Сары жол: «Пирров жеңісі» деген сөз тіркесі қандай мағына береді және неліктен? (ірі шығындарға ұшырай отырып жеңіске қол жеткізу).
Жасыл жол: «Сизифов еңбегі» деген сөз тіркесі қандай мағына береді? (түкке тұрғысыз еңбек)

Бұл айналымда қатысушылардың біреуіне де сұраққа жауап берместен келесі шаршыға өтуге рұқсат жоқ. Егер бұл айналымда жеңімпаз анықталмаса, қосымша сұрақтар қойылатын болады.





  1. Афин демократиясының әкесі деп кімді атайды? (Перикл)

  2. Вергилийдің атақты поэмасын атаңыздар (Энеида)

  3. Көне римдіктердің заңы қалай аталды? (12 кесте)

  4. Көне дәуірдің қандай билеушісін «Азия патшасы» деп атады? (А. Македонскийді)

  5. Батыс Галлияны бағындырған кім? (Гай Юлий Цезарь)


Қорытынды шығару.
Барлық сұрақтарға дұрыс жауап берген және өз жолының соңына дейін жеткен оқушы жеңімпаз атанады.

Әдебиеттер:




  1. Антропова М.В. Работоспособность учащихся и ее динамика в процессе учебной и трудовой деятельности.

  2. Андриади И.П. Основы педагогического мастерства. М. Изд.центр «Академия».1999 г.

  3. Бехтина О.И. Задания для самостоятельной работы по истории древнего мира. М.1988 г.

  4. Вагин А.Д. Методика обучения истории. М.1972 г.

  5. Громбах С.М. Гигиеническая оценка обучения учащихся в современной школе.

  6. Зязюн И.А. Основа педагогического мастерства. М. «Высшая школа», 1987 г.

Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет