Жалпы Технология сабағында көркем еңбекті ұйымдастыру Өзектілігі. Қазақстан Республикасының бүгінгі де, болашақтағы да кемелділігі, өркендеуі, рухы биік ұрпақ тәрбиесін жандандыру міндеттерінің тиімді шешілуіне оның прогресіне тәуелді екендігін Еліміздің тұңғыш президенті өзінің « Қазақстан жолы 2050» халыққа жолдауында атап көрсеткен болатын. Осы ретте, яғни ұрпақ тәлім-тәрбиесін дамыту бағытында соңғы кезде мемлекет тарапынан игі қадамдар жасала бастады. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Көркем еңбекке баулу — мұғалімнің оқушыларға техникалық,технологиялық білім мен білік беретін, оқу мен еңбек үрдісін ұйымдастыратын ,балаларды перспективалық технологиямен таныстырып,олардың перспективалық көзқарасын қалыптастыратын оқу үлгісі. Технологиялық еңбек сабақтарын жоспарлау оқу үрдісін ұйымдастырудағы нақтылы,бағдарламада қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға, шеберханаларды ұтымды пайдалануға,сапасы жоғары өнім дайындауды қамтамасыз етеді. Оқушылар сабақта еңбекке қатысты нақты білім мен білікті игереді.
Көркем еңбекке баулу пәні адамның өзін қоршаған ортамен өзара байланысы жайлы білімдерін қалыптастыруға, еңбек әрекетінің рөлін түсінуге, сондай-ақ еңбек сүйгіштікке, адамдар мен олардың еңбегінің нәтижесіне құрметпен қарауға тәрбиелеуге көмектеседі. Көркем еңбек сабағында мұғалім шеберлігіне сай түрлі материалдармен жұмыс істеу оқушылардың технологиялық ойлауын, көркем эстетикалық талғамын, шығармашылық, фантазиясымен қол моторикасын дамытуға көзбен нақты мөлшерлеу қабілетін жетілдіруге көмектеседі.
Еңбек тәрбиесі үшін өте маңызды көркем еңбек сабағы, онда оқушылар еңбек дағдыларына үйренеді, техникалық білімді игереді. Сабақ барысында оқушылар жалпы және техникалық білімге сүйенеді. Білім еңбек сабақтарының ғылыми негізі болады, ал еңбек сабақтары мен тәрбие барысында оқушылар алған өмір тәжірбиесіне теориялық білім жүйесі арқылы түсінеді. Еңбек сабақтарының процесін жетілдіру оқушылардың еңбекке зерттеу және шығармашылық қатынасын қалыптастырады.
Қазіргі кезде шығармашылық еңбекке ,еңбек тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуде.Себебі адамның жан-жанжақты және үйлесімді дамуында еңбек шешуші факторлардың бірі.
Еңбек арқылы адамның денесі, көзқарасы, эстетикалық және ақыл-ой деңгейі дамып жетіледі, еңбектің мәні және құндылығы артады. Адам еңбексіз дамымайды кері кетеді, азады. Сол себепті баланы еңбекке баулу қоғамның ілгерілеп дамуы үшін қажетті және еңбекке баулудың негізі бастауыш сыныпта қаланады.
Көркем еңбек сабағын тиімді ұйымдастыру формалары мен құралдары Көркем еңбек пәнінің ерекшелігі, маңызы мен жаңаша оқыту әдістері Бүгінгі күнгі білім беру бағдарламасының басты бағыты - әрбір оқушыға нәтижеге бағытталған білім беру, дәстүрлі мәдениеттің негіздерін үйрету, оқушығы қолайлы жағдай жасау. Мектепте жүргізілетін көркем еңбек сабағының басты міндеті - жас ұрпақты келешекте кеңінен тараған кәсіптерді меңгеруіне көмектесу. Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сай мектептегі оқытудың негізгі міндеттері – білім беріп қана қою емес, білім мазмұны арқылы зерделі, білімді, ұлтымыздың болашағы үшін өз бетімен іс-әрекет ете алатан шәкірттерді дайындау.[1] Оқыту мен тәрбие бір-бірімен байланысты үрдіс болғандықтан, технология пәнінің тәрбиелік мазмұнын анықтай отырып, сабақ барысында оқу мен тәрбие міндеттерін қатар ұштастыру қажет. Қазіргі кезде мектепте оқушыларды еңбекке баулу технология пәні бойынша жүргізіледі. Оқушылардың компьютер, интернет арқылы өзіне қажет ақпараттардыалуына және сән журналдары мен әртүрлі оқулықтарды пайдаланып өз беттерінше дамытуға, шығармашылықтарын көрсете білуге бағыттау міндетіміз. [1][2] Көрем еңбек сабағы – әрбір оқушының рухани байып, дүниетанымын қалыптастыратын бірден-бір пән. Көркем еңбек пәнінің мұғалімі өзінің лауазымдық міндеттеріне сай еңбекке баулудың, тәрбилеудің әдістемесі мен бағдарламасына сәйкес балаларды оқыту жұмыстарын жүйелі жүргізуі тиіс.
Көркем еңбек пәнін халықтық педагогикамен ұштастырудың маңызы айрықша. Себебі ол - оқушылардың еңбекке икемділігі мен дағдысын, оларды практикада қолдануға дайындығын қалыптастырады. Мемлекеттік білім стандарттарына сәйкес еңбекке баулудың оқу жоспары мен үйірме материалдарын құрастырады. Сонымен қатар, оқушыларды техникалық шығармашылыққа, халықтық , ұлттық өнерді жалғастыруға , ұтымды еңбек етуге және өнертапқыштыққа ұмтылысын дамытып отырады. Көркем еңбек пәні мұғалімінің кәсіптік бағдарлау жұмыстарын үнемі тиімділікпен жүргізіп отыруы маңызды міндет.
Жұмысты тиімді ұйымдастыру ең бірінші даярлық типтік оқу бағдарламасына сай жасалатын күнтізбелік жоспардан басталуы шарт. Жоспардағы әрбір өтілетін тақырыпқа жете мән беріліп, оның өз мүмкіндіктеріне сәйкестігі, теориялық және практикалық сағаттарының мөлшері, қосымша компоненттерге байланысты мұғалімнің қосатын іс-әркеттері, оқу шеберханасының материалдық –техникалық базасы, оқу көрнекіліктері мен құралдарының жеткіліктілігі кеңінен зерделеніп барып, жоспарға енуі тиіс. Көркем еңбек пәні - жеке адамның дамып жетілуіндегі еңбектің негізгі құралы бола тұра, еңбек ету арқылы өз қабілетін, ата-бабасының ұлттық дәстүрлері мен өнерін одан әрі дамытуға, жалғастыруға бағытталған пән. Баланың ұлттық, тұлғалық, әдеп пен эстетикалық дамуына, кәсіп таңдауына, қазіргі әлеуметтік- экономикалық жағдайларға бейімделуіне жол ашады.
Көркем еңбек пәні сабағында оқушыларды шығармашылыққа баулу, талғамын қалыптастыру, сондай-ақ адамгершілікке тәрбиелеу жұмыстары жүргізіледі. Бүгінгі күннің сұранысына сәйкес білімді, кез келген әлеуметтік ортаға қалыптаса алатын, өзіндік жетіле алатын тұлға тәрбиелеу ұстаздар қолында.
Ұлы орыс ғалымы, Ресей ғылыми педагогикасының негізін салушы К.Д.Ушинский «Педагогиканың кең табанымен өте жіңішке төбесі бар: бастапқы сабақ берудің дидиактикасы том-том болуы мүмкін, өз пәніңді жақсы біл және оны анық түсіндір» деген. Дарынды оқушыны анықтау, қабілетін арттыруда белгілі бір мақсатта жұмыстар ұйымдастырылады. Атап айтар болсақ, мектеп қабырғасында ұйымдастырылатын көрмелер, шығармашылық кештер, апталықтар оқушының ары қарай дамуына жол ашады. Өз елінің еңбекқор өнер адамы болып қалыптасуына әсер етеді.
Үнемі өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз дамытуды талап етеді, осы тұрғыдан алғанда қазіргі кездегі көркем еңбек пәні өз алдына мынадай міндеттерді көздейді:
- жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру;
- тұлғаның өздігінен айқындалуын қамтамасыз ететін тұлғалық қасиеттерін дамыту;
- оның өздігінен жетілуіне жағдай жасау;
- зерттеудің ғылыми әдістер туралы негізгі түсініктерін игеру;
- ұлттық қолданбалы өнерге қызығушылығын дамыту, ұлттық мәдениетті құрметтеуге тәрбиелеу;
Көркем еңбек сабағы-оқушылардың білім мен іскерлік қабілетін арттырып қана қоймай олардың бойындағы шығармашылық ойлау қабілетін бала кезінен бастап қалыптастырады.
Көркем еңбек сабағында оқушыларды еңбекке баулу олардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып,жүргізіледі.
Оқу материалы оқушыға түсінікті болу үшін әр түрлі әдістемелік құралдарды жаңа технология,яғни ақпараттық технология арқылы көрсету.
Мысалы: мақал-мәтел,жұмбақтар,сканвордтар арқылы көрсетіп, оларды қызықтырып, еңбекке қабілетін арттыру.
Еңбекке үйрету әдістері мен жолдарын қалыптастыру арқылы оқушының шығармашылық жұмысының даму қабілетін жетілдіру интерактивті тақта- білім сапасын жетілдіруге мүмкіндік береді.
Тақта арқылы жаңа сабақты презентация түрінде түсіндіріп,сонымен қатар мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды жасыру арқылы , сканвордтар арқылы әдістемелік құралдарды көрсетуге болады.
Интерактивті тақтамен жұмыс істеу арқылы мұғалім әрқашан да оқушылардың көңілін өзіне тез аударып, оқушылармен қарым-қатынаста бола отырып, электронды оқулықтарды қолданып, слайдтар көрсетіп, сарамандық жұмыстарының жасалу жолдарын көрсетуге болады.
Интерактивті тақтаның ұтымдылығы мұғалім уақыттын үнемдеу арқылы, сабақты толық,түрлендіре түсіндіруге мүмкіндік береді.
Мұғалім интерактивті тақтаны өзінің көмекші құралы ретінде ғана пайдаланғаны жөн. Баланы еңбекке баулуда , оның табиғи болмысына сай оқыту мен тәрбиелеу жұмысын ұлттық негізде үйретіп, өз ұлтын, салт дәстүрін, мәдениетін жақсы білген оқушы ұлттық өнер мен білімді ұштастыра біледі.
Қазақ қолөнерін дамыту үшін қолдан зергерлік бұйымдар жасауды , сәнді киім тігуді,өнерді іскерлікті оқушы мектепте жүргенде үйрену керек.
Сабақты бейімділікке құра отырып, оқу-тәрбие жұмысын ұлттық негізде үйреткен жөн.
Болашақ бүгіннен басталады демекші технология пәнін оқытуды ұлттық құндылықтармен жетілдіруден ұтарымыз көп.
Заман талабына сай оқушыларды оның ішінде қыз балаларды тігін өнеріне баулу арқылы сән үлгісіне деген қызығушылығын, эстетикалық сезімін арттырып, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, үнемді білуге, іскерлікке тәрбиелеу басты мақсат. Оқушылардың компьютер, интернет арқылы өзіне қажет ақпараттарды алуына және сән журналдары мен әртүрлі оқулықтарды пайдаланып қабілеттерін өз беттерінше дамытуға, шығармашылықтарын көрсете білуге бағыттау міндетіміз.
Көркем еңбек пәнін оқытуда мұғалімге әдістемелік шығармашылық керек. Бисер моншақпен жұмыс істеу оқушылардың қызығушылығын арттырып, сұлулыққа ұмтылдырады.
Көркем еңбек пәнін оқытуда тиімді әдістерді қолдану арқылы білім беруді жүйелі ұйымдастыру. Әр ұлттың өзіне тән ерекшеліктері бар. Міне, ұлттық ерекшеліктерді оқушыларымыздың санасына сіңіруде қазіргі технология пәнін оқытуда жан-жақты ақпараттық технологияны толық пайдалана отырып, білім берсек, осы заман талабына сай тұлға тәрбиелей алатынымыз айқын. Ертеде қазақ балалары мектепке бармаса да, ата-аналары тіршілігіне қажетті заттарды жасауды үйреткен.
Қыздар он саусағынан өнері тамған кілемші,кестеші, тігінші болған. Ою-өрнекті түрлендіре отырып, біздің ұлттық мәдениетімізді айқындайтын әртүрлі оюларды көрпелерге, киізге т.б басқан.
Қазіргі кезде сол ұлттық қолөнерді жас ұрпақ бойына дарытатын, үйрететін технология пәні.
Оқыту мен тәрбие бір-бірімен байланысты үрдіс болғандықтан, технология пәнінің тәрбиелік мазмұнын анықтай отырып, сабақ барысында оқу мен тәрбие міндеттерін қатар ұштастыру қажет.
Қазіргі кезде мектепте оқушыларды еңбекке баулу технология пәні бойынша жүргізіледі.
Ұлдар ұсталық, ағаш өнерімен мектеп қабырғасында танысса, қыз балалар тоқыма, кесте тігу, тамақ пісіру, киім тігу сияқты жұмыстарды үйрене отырып, олардың тарихымен танысады және өңдеу, жасалу технологиясын оқып-біліп, әр түрлі бұйымдарды жасауды, түрлі ас даярлауды үйреніп, жұмыс түрін дер кезінде аяқтауды толық меңгереді.
Тігін өнерімен қатар бисер тоқу, су моншақпен жұмыс жасау, қағазбен жұмыс істеу, жіппен өрнектеу, мата қалдықтарымен ойыншық жасау, өмірге қажетті бұйымдар тігу, табиғи заттармен жұмыс жасау оқушылар қиялын кеңейтіп, жұмыс істеуге деген қабілеттерін арттырады.
Сабақ барысында бұл өнерлерді үйрену сызу, бейнелеу өнері, математика, геометрия, биология пәндерімен тығыз байланыста жүргізіледі. Оқушы өзінің қабілетіне қарай өнердің белгілі бір түрін меңгеруге табандылығы, таланты, қиялымен алдына мақсат қоя білуі арқылы жетеді.
Балаларды еңбекке тәрбиелеу - қол еңбегі сабағынан басталады. Адам баласы туа сала емес, көре, жүре жетіледі. Бір адам еңбекке өте қабілетті болып өссе, енді бірі керісінше болады. Баланың жас шағында еңбек тәрбиесін дұрыс алуы немесе одан шет қалуы оның келешек өміріне үлкен әсер етеді.
Көркем еңбек сабағында жобалау әдісін қолдану
Жоба - әр түрлі бөлімдерден арнайы сызбалардан, суреттерден, жасалатын бұйымның технологиялық картасынан құралуы мүмкін. Ол бұйымдарды жасаған кезде есеп, экономикалық немесе экологиялық дәлелді түсінік хаттар да пайдаланылады.
Жобаның бірнеше нұсқасы болуы мүмкін.
Мысалы, өте күрделі жобаны оқушының өзі ғана орындауы шарт емес. Сондықтан жобаның кейбір бөлігі дайын күйде берілсе, кейбір бөлімін оқушы мұғалімнің, ата-ананың көмегімен орындай алады.
Егер бір күрделі жобаны бірнеше оқушы бірлесіп орындаса, әр оқушының үлесі алдын ала анықталуы қажет. Ол оқу жылының соңында өзінің орындаған шығармашылық жобасын оқушылардың және мұғалімнің алдында қорғайды .
Жобаны қорғау барысында қолданатын бұйымның ішінен қандай затты таңдап алу, ол бұйым қоғамға, өзіне достарына және ата-анасына қандай пайда келтіретіне ескеріледі.