Жалпы Технология сабағында көркем еңбекті ұйымдастыру Өзектілігі



бет2/2
Дата13.05.2024
өлшемі42,68 Kb.
#202015
1   2
Байланысты:
Жалпы Технология сабағында көркем еңбекті ұйымдастыру

ҚОРЫТЫНДЫ
Еңбек етуге әдеттену-бұл жай ғана еңбекке үйрену емес,бұл адамгершілікті адам тәрбиесінің жоғары деңгейі ,еңбек процесіне құштарлық, еңбек етуге әзірлік ,жұмысты істей білу,- дейді Н.К.Крупская,- демек өз күшіңді және басқалардың және барлық жағдайын есептей білу.
Еңбекке тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері еңбек пәні сабақтарында шешіледі .Бастауыш сыныпта балалар қағаз қию,балшық пен пластилиннен бейне құру,өсімдіктерді күту ,қаңылтыр сыммен жұмыс істеуді үйреніп, мектеп жанындағы үлесті жер бөлшектерінде еңбек етеді. Сонымен, оқыту және тәрбие жұмысының барлық жүйесі оқушыларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан дайындау міндеттерін шешуге бағытталуы қажет.
Менің ойымша сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстың еңбек тәрбиесін іске асыруда тәрбиелік мүмкіндігі зор. «Жас натуралистер», «Жас техниктер», «Жас тәжірибешілер» және пән үйірмелеріндегі сабақтар оқушыларды еңбекке баулиды,олардың шығармашылық ойларының дамуына мүмкіндік туғызады. Әрбір оқушының үйірме сабақтарында еңбекке шығармашылық қатынасы байқалады,олар еңбегін ұйымдастыру тәсілдерін іздестіреді, ғылыми зерттеу дағдыларына төселеді. Ең бастысы балаларды еңбекке даярлауды 1-сыныптан, ал үйелменде балалық шақтан бастау, оларды еңбек түрлеріне қатыстыра отырып ,еңбектің адамды қайратты және бақытты ететіндігіне сенімін қалыптастыру қажет.
Сонымен қатар өзіне-өзі қызмет етуді оқушы бойында қалыптастыруымыз қажет. Мектеп жағдайында өзіне-өзі қызмет ету –оқу құралдарын , сынып ішін , шеберхананы, спорт алаңдарын жинау болса, үйелменде өзіне-өзі қызмет ету түрлеріне төсек – орынды, пәтерді жинау ,киім, аяқ- киім және басқа үй мүліктерін тазалау жатады. Мұғалімнің алдындағы ең басты міндет – оқушылардын бойына өзін-өзіне қызмет етудің берік жүйесін қалыптастыру болуы керек. Себебі, оқушыларға дұрыс бағыт беру мұғалімнің , ата-ананың , және әрбір үйелмен мүшесінің азаматтық борышы.
Еңбек мәдениетінің көрсеткіші: жұмысты сапалы және тиімді істеу, уақытты ұтымды пайдалану, еңбек құралдарына, түрлі матералдарға құнттылықпен қарау. Еңбек мәдениетіне өзін көрсете білу, дербестік , еңбектің демалыспен қабысуы , алдағы жұмыстың негізгі кезеңдерін белгілей білу, еңбек процесін талдау және іс-құжаттарын сауатты жасау жатады. Сондықтан оқыту және тәрбие жұмысының барысында оқушылардың ынтасын ғылыми-техникалық білімді игеруге дамыту және тәрбиелеу қажет.
Менің тұжырымдауымша курыстық жұмысымда көрсеткендей көркем еңбек сабағында тиімді жүргізілетін жұмыстарды іріктеп, әдіс-тәсілдерді дұрыс қолдана білу оқушылардың ынтасының, қабілетінің ,шығармашылық ой өрісінің дамуына мүмкіншілік жасайды , сол арқылы оқушылардың еңбектің тәрбиелік құндылығы артады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет