Байланысты: Жалпы зәр (несеп) анализі Қазақша медицина
Зәрдегі эритроциттер Зәрдегі эритроциттер көрсеткіші
· Ерлер
Бірлікті (единичные)
· Әйелдер
3-ке дейін көру алаңында
Эритроциттер – қаның қызыл түйршіктері. Қанның ең көп жасушалар
қатарына жатады. Негізгі қызметі оттегіні тіндерге тасымалдау. Қалыпты
жағдайда зәрде эритроциттер болмауы керек, немесе өте аз мөлшерде (3-
тен артық емес, көру алаңында) кездесуі мүмкін. Зәрде көп мөлшерде
эритроциттердің кездесуі бүйрек және зәр шығару жолдарының қауіпті
патологиялары жайлы көрсеткіш болып табылады.
Зәрдегі эритроциттер көбею себебі:
Бүйрек аурулары: пиелонефрит (созылмалы немесе жедел), бүйрек
туберкулезі, несеп –тас ауруы.
Несепағардың зақымдалуы:несеп –тас ауруы, несепағардың
инфекциялық қабынуы
Қуықтың зақымдалуы:цистит, қуық қатерлі ісігі. Простата зақымдалуы: простатит, простата қатерлі ісігі.
Уретра зақымдалуы: уретрит, несеп тас ауруы
Сыртқы жыныс ағзаларының инфекциясы, гигиена ережелерін
сақтамау. Кейбір кезде зәрде лейкоциттердің пайда болуы зәр
жинау кезінде гигиеналық шараларды сақтамау немесе сыртқы
жыныс ағзаларының қабыну арулары болу мүмкін (вульвовагинит).
➤