Тақырыбы: «Тарих – ғасырлар куәсі» Мақсаты: Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында тарихи - танымдық сайыстар арқылы оқушылар белсенділігін арттыру, ұлттық тарихымызға, салт - дәстүрімізге шолу жасау, білімін шыңдау.
Құрметті оқушылар, ұстаздар! Алда келе жатқан үлкен ұлттық мереке – Тәуелсіздік күні баршамызға құтты болсын! Және осы мерекемен тұспа - тұс келген «Тарих, география апталығы» аясында 8-9 сыныптарында ұйымдастырылып отырған бүгінгі «Тарих – ғасырлар куәсі» атты интеллектуалдық сайысқа қош келдіңіздер!
Сайысқа қатысатын топтармен таныс болыңыздар! 1. « Жеті Жарғы» тобы:
2. « Алтын Орда» тобы:
3. «Ақ орда» тобы:
Сайысымызға баға беретін әділ - қазы алқаларымен таныс болыңыздар: 1. ДТІЖО-Мәди Тлекбергенұлы Қайров
2. Іс жүргізуші-Медет Санакович Садықов
3.ДОІЖО-Динара Орынгалиевна Утепова
Сайыскерлерге сәттілік тілейміз!
Сайыс 4 кезеңнен тұрады: 1 - кезең. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар». Топ басшылары сайысы. Әр дұрыс жауап – 10 ұпай
1 - топ 1. «Жеті Жарғы» Заңдар жинағының авторы – Тәуке хан
2. Қазақ тарихындағы тұңғыш биші қыз – Шара Жиенқұлова
3. 31 - мамыр қандай күн? Саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күні
4. Е. Пугачев көтерілісінің қамтыған уақыты? 1773 - 1775жж
5. Жылылық үшін етіктің, мәсінің ішінен киетін, киізден тігілетін аяқ - киім. – байпақ
6. ҚР туының авторы – Ш. Ниязбеков
7. Жошы хан кесенесі Қазақстанның қай аймағында орналасқан? Орталық Қазақстан
8. Абай Құнанбаевтың шын есімі – Ибраһим
9. Этнография - халықтың тұрмысын, мәдениетін, тарихын, қоғамдық дамуын және әлеуметтік ерекшеліктерін зерттейтін ғылым саласы.
10. 40 өтірік айтқан бала – Тазша бала
2 - топ 1. «Яса» («Жасақ») заңдар жинағының авторы? Шыңғысхан
2. Қазақ хандығының негізін салушы? Керей хан
3. 22 қыркүйек қандай күн? Тілдер мерекесі
4. И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бастаған көтерілістің қамтыған уақыты? 1836 - 1838жж
5. Күміс не алтын теңгелер, тиындар қадалған шашпау қалай аталады? Шолпы
6. ҚР Елтаңбасының авторы? Шотаман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков
7. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі орналасқан аймақ? Түркістан қаласы
8. Шыңғысханның шын есімі? Темучин
9. Нумизматика - тиындар, құйма ақша кесектері, т. б. ескерткіштер (тиын мөрлері, құжаттар) арқылы тиын соғу, ақша тарихын зерттейтін тарих ғылымының бір саласы.
10. Жеті қазынаның бірі - Ит
3 - топ. 1. «Есім ханның ескі жолы» заңдар жинағының авторы – Есім хан
2. Қазақтың тұңғыш шешені кім? Жиренше (15ғ.)
3. 30тамыз қандай күн? Конституция күні
4. С. Датұлы көтерілісінің уақыты? 1783 - 1797жж
5. Жылықының тосырқамауы үшін немесе мұздан таймауы үшін тұяғына тағылатын ат әбзелі? Таға
6. ҚР Әнұранының авторы? Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев; Ш. Қалдаяқов
7. Айшабибі кесенесі? Жамбыл облысы
8. Абылайханның шын есімі - Әбілмансұр
9. Адамзаттың өткен тарихын материалдық жәдігерлер арқылы зерттейтін ғылым? археология
10. Ешкі малы тартылатын ұлттық ойын - Көкпар