Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 6-сынып Қазақ әдебиеті


© Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Тараз қ. 2020



бет2/39
Дата31.10.2022
өлшемі349,93 Kb.
#155812
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
6- сынып қазақ әдебиеті
каз 5В090100 -ОП, Стиль, 1 Сабак жоспары
© Жамбыл облысы әкімдігі білім
басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті
Тараз қ. 2020
МАЗМҰНЫ
Кіріспе...........................................................................................................................................4
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар..................................................................................................................................5
1-бөлім, І нұсқа «Туған жерім – аялы алтын бесігім» ..........................................................6
1-бөлім, ІІ нұсқа «Туған жерім – аялы алтын бесігім»..........................................................9
1-бөлім, І нұсқа «Туған жерім – аялы алтын бесігім»..........................................................12
1-бөлім, ІІ нұсқа «Туған жерім – аялы алтын бесігім»........................................................16
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар...............................................................................................................................20
2-бөлім, І нұсқа «Абайды оқы, таңырқа!»................................................................................21
2-бөлім, ІІ нұсқа «Абайды оқы, таңырқа!»...............................................................................24
2-бөлім, І нұсқа «Абайды оқы, таңырқа!»...............................................................................27
2-бөлім, ІІ нұсқа «Абайды оқы, таңырқа!»..............................................................................30
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар...........................................33
3-бөлім, І нұсқа «Мен – балаң, жарық күнде сәуле қуған...»...................................................34
3-бөлім, ІІ нұсқа «Мен – балаң, жарық күнде сәуле қуған...»...............................................36
3-бөлім, І нұсқа «Мен – балаң, жарық күнде сәуле қуған...»...................................................40
3-бөлім, ІІ нұсқа «Мен – балаң, жарық күнде сәуле қуған...»...............................................44
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар.............................................................................................................................47





4-бөлім, І нұсқа «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым»...................................................48
4-бөлім, ІІ нұсқа «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым»..................................................51


«Ұрпақ тәрбиесі»бөлімібойынша жиынтық........................................................... бағалау............................................................21

4-бөлім, І нұсқа «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым».................................................54
4-бөлім, ІІ нұсқа «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым»................................................57
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар .........................................60
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар .........................................69
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар .........................................79
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар .........................................90
Қорытынды...................................................................................................................102
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................................103
КІРІСПЕ

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге 6-сынып оқушыларына «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған.


Әдістемелік ұсыныстар 6-сынып «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Жинақта «Туған жерім – аялы алтын бесігім», «Абайды оқы, таңырқа!», «Мен - балаң, жарық күнде сәуле қуған», «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым» бөлімдері қамтылған. Әр бөлім бойынша тоқсан сайын жиынтық тапсырма мен тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмасы жинақталған.Тапсырмаларды әзірлеуде оқу бағдарламасында белгіленген оқу мақсаттары басшылыққа алынған.Әдістемелік нұсқау жалпы білім беру ұйымдарының білім алушыларына жаңаша өзгерістермен, жас ерекшелігі ескеріліп жасалған, жаңартылған білім мазмұны негізінде құрастырылған.
Бөлімде ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қазақ әдебиетінің әр кезеңінде жазылып, өзінің көркем құндылығын жоймай келе жатқан осы туындылармен танысу арқылы оқушы әдеби талдау, сыни ойлау қабілеттеріне ие болып, шығармашылық ізденіске қадам басады. Жиынтық бағалау тапсырмаларын жүргізудегі басты мақсат – білім алушыларды терең ойлауға бағыттау, ойларын еркін жеткізуге, дәлелдер келтіруге, салыстыруға, анализ жасауға және бағалау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Берілген тапсырмалар уақытқа сай жасалынған.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлімгеортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Осы негізді көркем шығармадағы астарлы ойды талдайды, шығарма оқиғаларын қазіргі өмірмен байланыстырады. Туындыдағы мәселеге өз ойын қосып, эссе жазады.
Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Бағалау ағымдағы және қорытынды оқу кезеңдерінде білім алушылардың үлгерімі жайлы ақпарат беретін білім беру үдерісінің маңызды бөлігі болып табылады. Мұғалім білім алушының қандай оқу мақсаттарын меңгергенін, қай мақсаттар бойынша жұмысты жетілдіру керектігін түсінеді.
Жиынтық бағалауда «Т» кестесі, сәйкестендіру картасы, салыстыру кестесі, «Үш қадам» кестесі, «Екі жақты күнделік» кестесі, тест тапсырмалары, келісу, келіспеу эссесі жұмыс түрлері берілді.
Жиынтық бағалау білім алушылардың өз бетінше орындауын бақылау арқылы жүзеге асады. Білім алушының кез келген жұмысы оқу мақсаттары мен бағалау критерийлеріне сәйкес бағаланады. Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін критериалды бағалау тәсілі білім алушылардың жетістіктерін оқытудың белгілі бір кезеңінде меңгеру қажет біліммен салыстыруға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне арналған.













Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет