Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 5-сынып Қазақ тілі


-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар



бет23/66
Дата14.05.2023
өлшемі1,59 Mb.
#176699
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   66
Байланысты:
Æàìáûë îáëûñû ?ê³ìä³ã³ á³ë³ì áàñ?àðìàñûíû? Î?Ó-?ä³ñòåìåë³ê êàáèí

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Қиял әлемі. Морфология»


І нұсқа

Оқу мақсаты:

5.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру;
5.4.2.2 зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану.

Бағалау критерийі:


Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білім алушы

  • Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

  • Көтерілген мәселеге өз пікірін білдіреді;

  • Зат есімдерді мағынасына қарай ажыратады.

Қолдану


Орындау уақыты:

20 минут



Тапсырма
ЖЖ.
1. Берілген мәтінді мұқият тыңдап, жалпы мазмұнына қатысты жұбыңызға 1 жіңішке,
1 жуан сұрақ дайындаңыз.Сұрақтарыңызбен алмасып, жауап беріңіз.
Жіңішке сұрақ:
__________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жуан сұрақ:
__________________________________________________________________________________________________________________________________________


Қиял туралы жалпы ұғым


Қиялдың адам қажетіне асуы, оның шындықпен байланысты болуы адамға ерекше қанат бітіріп, оның ілгері өрлеуіне себепші болады. Халық «Қыран жетпеген жерге қиял жетеді» деп өте тауып айтқан.
Қиял – табиғаттың адамдарға берген үлкен сыйы, әрі құнды рухани сапа. Оның адам өміріндегі ерекше мәнін ұлы адамдар да жоғары бағалаған. Туысқан қырғыз халқының ұлы жазушысы Шыңғыс Айтматов: «Ақтық демі таусылғанша ой ойлап, қиял қанатында ұшатындығымен де адам – биік, адам – ұлы» деп терең мағыналы ой қорытындылайды. Қиялдың сиқыр күшінің өзі оның шындықпен, еңбекпен, мақсатпен тығыз ұштасуында. Оны тәрбиелеу де осыған бағытталған. Адам әдетте қол жеткеніне қанағаттана қоймайды. Ол өзінің қиялы арқылы ізденеді, дүниені өзгертуге, жаңғыртуға тырысады. Болашағын болжайды, келешекте атқарылатын әрекетінің нәтижесін күні бұрын санасында елестетеді. Қиялдың, әсіресе, шығармашылық еңбектегі рөлі аса зор.
Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді бола тұрып, оны белсенді кызметке итермелейді, творчестволық ісіне күш-жігер қосады. Қиялы әлсіздің өзі де әлсіз. Ендеше бір мезгіл қиялдап, армандап, тұруды да ұмытпайық. (147 сөз)
(https://massaget.kz/)
2. Мәтіннен қандай ой түйдіңіз. Автордың «Адам өзінің қиялы арқылы ізденеді, дүниені өзгертуге, жаңғыртуға тырысады» деген ойына өз пікіріңізді «ПОПС формуласы» арқылы білдіріңіз.

«Менің ойымша, ...»


«Мен оны былай түсінемін ...»
«Оны мына деректермен, мысалдармен дәлелдей аламын ...»
«Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ...»
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3. Мәтіннен зат есімдерді тауып, мағыналық түрлерін ажыратыңыз.





Жалпы

Жалқы

Деректі

Дерексіз
















Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет