Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 5-сынып Қазақ тілі



бет36/66
Дата14.05.2023
өлшемі1,59 Mb.
#176699
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   66
Байланысты:
Æàìáûë îáëûñû ?ê³ìä³ã³ á³ë³ì áàñ?àðìàñûíû? Î?Ó-?ä³ñòåìåë³ê êàáèí

Бағалау критерийі:
Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білім алушы

Жоғары деңгей дағдылары





Орындау уақыты:

20 минут



Тапсырма
1. Венн диаграммасы арқылы мәтіндерді салыстырыңыз.
.

1-мәтін
ерекшелігі

Ортақ белгісі

2-мәтін
ерекшелігі

Тақырыбы




Тақырыбы



Мазмұны




Мазмұны



Тілдік құралы




Тілдік құралы



1-мәтін


Жиһангез Динара Болатпен сұхбат


Ең ерекше саяхатыңызды айта аласыз ба?
– Ең ерекше деп біреуін атау қиын. Біріншісі, Норвегия. Себебі табиғатының өзі өте керемет, «Властелин колец» сияқты фантастикалық фильмдерден көріп жүрген неше түрлі таңғажайып жерлер Норвегияда орналасқан. Ең бай мемлекеттердің бірі болса да, жергілікті халық ортадан ерекшеленбейді. Байдың үйі, олигархтың үйі деп атайтындай бір ғимарат көрмейсіз немесе көліктер де ерекшеленбейді. Ең ұнаған тұсы халық қанша әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қамтамасыз етілген болса да, олардың түсінігі біздің елге қарағанда бөлек. Ол елде мақтану, өзіңнің жағдайыңды көрсету деген жоқ. Олар білім алу, табиғат аясында саяхат жасау, салауатты өмір салтын ұстану бағытында өмір сүреді. Тіпті астанасының өзі Ослода көшеде жүгіріп, жаттығып жүрген, кішкентай баласын арқалап алып тауға өрмелеп бара жатқан адамды көресіз. Келесі - Индонезия, туризмнің қалай дамығаны жөнінде айту керек болса бірден осы елді айтамын. (126 сөз)
(http://old.baq.kz/kk/news/turizm/)

2-мәтін


Талап

Кеше машинамен аулаға теңiздiң ақ қиыршық құмы төгiлдi. Балалар кешеден берi мәз-мәйрам. Шымыр денелi, пысығы – кiшкентай Нұрталап. Таудай құмның бауырында екi космос кораблi тұр. Бiреуiнде «Сұңқар», екiншiсiнде «Аққу» деген жазу бар.


– Нұрталап Қаматов қайсың? – деп сұрады арнаулы бақылау аппаратында отырған Задагүл.
– Мен!.. – дедi үстiне космонавт костюмiн киген өткiр көздi қара бала. Дәрiгер космонавтың жүрегiн тыңдап, тынысын байқады. Сонан соң ауланың ортасындағы карусельге айналдырып сынады. Нұрталап сыннан бөгетсiз өттi.
– Жарайсың!.. – дедi Задагүл. – Қандай қиыншылық болса да төтеп бере аласың.
Нұрталап дәрiгердiң ақыл-кеңесiне дән риза. Екi езуi екi құлағында. Масаттанып тұр. Достарымен қоштасқан күнi космос кораблiне мiнуге оңтайланып едi:
– Нұрталап-ау, Нұрталап! – деген дауыс саңқ ете қалды. Ол жалт бұрылып:
– Ау-ау! Мен мұндамын! Апасы екен балконнан қараған.
– Мектепке баратын уағың боп қалды. Үйге кiр. Жуын. Тамақтан. Бол, тезiрек!
Нұрталап шешесiнiң шақырғанына қынжылып, қабақ шытты. Мұны байқаған Задагүл:
– Жарайды, бүгiн демал! Ертең мiндеттi түрде ұшасың! – дедi. Нұрталаптың жүзiнен қуаныш сәулесi жарқ ете қалды. (149 сөз)
(https://www.balakai.kz/engimeler)
Тапсырма 2.
Суреттердегі көріністерді негізге алып, «Көкшетауға саяхат» тақырыбында әңгіме жазыңыз. Әңгімеңізде міндетті түрде кейіпкерлердің болуын ескеріңіз. Қандай да бір оқиға желісіне құрыңыз. Кейіпкерлер арасындағы диалогке мән беріңіз.






______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет