1. Себеп бағыныңқылы сабақтасты белгілеңіз.
А) Аспанда жапқан тұтас бұлт сиреп, ара-тұра жұлдыздар көріне бастады.
В) Сөйлесуге тіл жоқ: Есенейден бата алмайды.
С) Аңсаған шөлде су тапса, бас қоймай ма бастауға.
D) Мен қорықпаймын, өйткені әжем кеше сұрап алған.
Е) Қасқыр енді мұның айғайын елемейтін болған соң, Иса басқа бір
тәсілге көшті.
2. Қимыл-сың бағыныңқылы сабақтасты белгілеңіз.
А) Игіліктен қанша жасқанса да, бүгін тәуекел етіп жолығуға келе жатыр еді.
В) Біз үйден шыққанда, күн де сәскелікке жақындап еді.
С) Құс жоғары-төмен ұшып, бір қанатын сабалап қаша берді.
D) Жасында жаттықтыра алмасаң, өскенде бастықтыра алмайсың.
Е) Біреу зәбір етсе, сен сабыр ет.
3.Сабақтас құрмаластағы бағыныңқы сөйлемнің орын тәртібін анықтаңыз. Өзі, сол қағаз келгелі, қынжылып жүрген. А) Басыңқы сөйлемнің алдында.
В) Басыңқы сөйлемнен кейін.
С) Басыңқы сөйлемнің ортасында.
D) Басыңқы сөйлемнің екі жағында.
Е) Басыңқы сөйлем алдында да, кейін де.
4. Мақсат бағыныңқылы сабақтасты табыңыз.
А) Абайлар Ойқұдықтағы ауылға жете қонбақ болып, аттарын шоқыта, саржеліске сала жөнелді.
В) Еңбексіз ауырса, емі табылмайды.
С) Ғылым өзін-өзі сызғылай отырып, толассыз ілгері жылжи береді.
D) Өткенге топырақ шашсақ, болашақ саған тас атады.
Е) Көз – ақылдың, ақыл – ұжданның, ұждан – рухтың бақылау тетігі екенін біл.
5. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтастың сұрауларын табыңыз.
А) Қайтпейінше? Не етпейінше?
В) Қашаннан бері? Қайтіп?
С) Не етпек болып? Қалай?
D) Қайтсе де? Қайткенмен?
Е) Қайтсе? Не еткенде?
6. Бағыныңқысының баяндауышы «майынша» тұлғалы болатын сабақтастың қай түрі екендігін анықтаңыз.
А) мақсат бағыныңқы
В) мезгіл бағыныңқы
С) қарсылықты бағыныңқы
D) қимыл-сын бағыныңқы
Е) шартты бағыныңқы
7. Мезгіл бағыныңқылы сабақтасты табыңыз.
А) Ұстазы бейілді болса, шәкірті зейінді келеді.
В) Ала сауысқан бұтақтан-бұтаққа қонып, шықылықтай беріпті.
С) Енді әзіл әңгімеге кірісе бергенде, ауыз үйдің есігі шалқасынан ашылды.
D) Бәкен екі-үш күнге шейін үй қорасын көрмеді.
Е) Балалары тілін алмай, араздаса беріпті.
8. Сабақтастың қай түрі?
Елімнің қайғысына мың да бір дауа осы болар деп, Сырдың суына төсегін төсеп тартып тұрады. А) Мақсат бағыныңқы құрмалас
В) Мезгіл бағыныңқы құрмалас D) Шартты бағыныңқы құрмалас
С) Қимыл-сын бағыныңқы құрмалас Е) Себеп бағыныңқы құрмалас
9. Бағыныңқысының баяндауышы «-ғанмен» тұлғалы болатын сабақтастың қай түрі екендігін анықтаңыз.
А) Мақсат бағыныңқы
В) Мезгіл бағыныңқы D) Қимыл-сын бағыныңқы
С) Қарсылықты бағыныңқы Е) Шартты бағыныңқы
10. Себеп бағыныңқылы сабақтасты белгілеңіз.
А) Тысқа шыққан Сырбай оралғанша, Рахмет хатты төрт-бес рет оқып шықты.
В) Екі көзі қанталап, денесі ашумен булыға қалшылдайды.
С) Іздеушілер көрмесін деп, біз тасалана қалдық.
D) Нұр дегенің не десе, жарқыраған күн деуші ек.
Е) Қолынан келер бөтен жәрдем болмаған соң, ол қызға жылы сөзімен қайрат береді.
11. Қимыл-сың бағыныңқылы құрмаласты табыңыз.
А) Сапар бұған қарсылық білдірместен, Жарқын меңзеген тұсқа барды.
В) Сейфулланың сәлемін айтқанда, Иманмұса жылы ұшырай жымиды.
С) Біз жиналып барғанша, олар кетіп қалыпты.
D) Көктемнің ескегі соға бастасымен, маңайдың қары ағыл-тегіл тез кетті.
Е) Ербол біліп қоймасын деп, Әзімбай әдейі үндемеді.
12. Мезгіл бағыныңқылы сабақтасты табыңыз.
А) Араларына түсетін арашасы болмай, екеуі де шаршады.
В) Жылтыр көйлегі жалт-жұлт етіп, сықылық атып Майра келді.
С) Жалт қарасам, Шұға үйіне қарай кетіп бара жатыр екен.
D) Кедір-бұдыр жермен дөңгелектері тоқылдап, арба ырғала жылжып келеді.
Е) Аяужан тыңдасын деп, радиоқабылдаңғыштың тетігін бұрадым.
13. Сабақтас құрмаластағы бағыныңқы сөйлемнің орын тәртібін анықтаңыз. Өз ана тіліңді қадір тұтпай тұрып, ел-жұртынды сүйе алмайсың. А) Басыңқы сөйлемнің алдында. В) Басыңқы сөйлемнен кейін.
D) Басыңқы сөйлемнің екі жағында. С) Басыңқы сөйлемнің ортасында.
Е) Басыңқы сөйлем алдында да, кейін де.
14. Мезгіл бағыныңқылы сабақтасты табыңыз.
А) Дәл осы минутта мұғалім кіріп келмегенде, мұның аяғы жақсылықпен тына қоюы екі талай еді.
В) Бай долданып өз сақалын өзі бытырлатып жұлғанда, тұла бойы тік тұрды.
С) Таңертеңнен бері Алматының аспаны ашылмай, жаңбыр төпеп жауып тұр.
D) Мен айтсам, қарысып тыңдамайды.
Е) Аяғының сырқырағаны басылар ма екен деп, ол тізесін отқа қыздырады.
15. Шартты бағыныңқылы сабақтасты табыңыз.
А) Жүре берсең, көре бересің.
В) Құрмаш қанша тәрбиелесе де, Көксерек ұрлық пен адал астың айырмасының не екенін ұға алмады.
С) Артыма жалт қарасам, екі жігіт аттарын байлап жатыр.
D) Көзсіз өмір не десе, тас қараңғы көр деуші ем.
Е) Надан Малқар ескі әдетімен елді қорқытып ұстамақ болса, залым Шәлкендер алдап ұстамақ.
16.Шартты бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолын айқындаңыз.
А) Шығыс жалғаулы болжалды келер шақ есімшенің болымсыз түрінен жасалады. В) Шартты бағыныңқылы баяндауыштары етістіктің шартты райынан. С) Есімшеге –дай, -дей жұрнағының жалғануы арқылы жасалады. Д) –мақ, -мек, -бақ, - бек, жұрнақтары етістіктің болып деген көсемшелі формасы арқылы жасалады.Е) Көсемшенің –ғалы, -гелі жұрнағы жалғанады.
17. «Жол ұзақ болған соң, таң біліне аттанар едім» деген сөйлем сабақтас құрмаластың қай түріне жататынын анықтаңыз.
А) Мезгіл бағыныңқылы сабақтас В)Шартты бағыныңқылы сабақтас С) Себеп-салдар бағыныңқылы сабақтас Д) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас Е) Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас
18.-ғандықтан, -гендіктен - қай сабақтас құрмалас сөйлемнің жұрнақтары?
А) шартты В) қарсылықты С) себеп-салдар Д) мезгіл Е) мақсат
19.Мақсат бағыныңқылы сабақтасты табыңыз
А) Қазір де Абай көңілі қандай салқын болса, Ділдә да сондай салқын. В) Күзетші сезіп қалмауы үшін, біз сайдың ішімен кеттік. С) Кітабым болмағандықтан, дайындығым нашар. Д) Тезек бықсып жанбаған соң, келіншек еңкейіп үрлеп, отты жандырды. Е) Патша тағынан түсіп, Жәуке түрмеден құтылып үйіне келді.
20. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
А)Жалтыр мұзда ешбір салмақ түсірмей, шана өзі сырғанап келе жатқан тәрізді. В) Ұлберген кедей болғанмен, киім-кешектерін таза ұстайды. С) Әңгіме жалпақ елдің жайына көшкенде, Абай шешіле түсті. Д) Әңгімені басынан бастау үшін, Саржанмен кездескен күнді есіме толық түсіріп көрейін. Е) Ол талантты болғанмен, жалқау еді.
ІІ нұсқа
1.Бірге жазылатын сөздер қатарын көрсетіңіз.
А.Өнер кәсіп, балық шаруашылығы В.Ала жаздай, ал қызыл С.Ат жақты, көк жөтел
Д.Түйе құс, көк жөтел
2.Одағай сөздері бар қатарды көрсетіңіз.
А. Моһ-моһ В.бейжай С.Сары ала Д.Киім-кешек Е.Қысы-жазы
3. Орфография нені зерттейді?
А. Сөздің дұрыс аударылуын В. Сөздің дұрыс тасымалдануын С. Сөздің дұрыс жазылуын
Д.Сөздің дұрыс айтылуын Е.Сөздерге екпін қойылуын
4.Қоғамдағы саяси, мәдени, экономикалық қатынастардың, ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге енген жаңа сөздер мен сөз тіркестері, фразеологиялық оралымдар.
А. Неологизмдер В.Кірме сөздер С.Жаңа сөздер Д.Тарихи сөздер Е.Термин сөздер
5. Кісі аттарына қатысты біріккен сөзді көрсетіңіз.
А.Әкесінің орнын басар бала бар ма?
В.Ел аман,жұрт тыныш болсын»
С.Еламанның ұлы – Орынбасар
Д.Асқар осы жазда бурабайда демалды.
Е.Баламан үнемі әзілдесіп ойнау керек
6. Қай буынға екпін түсетінін көрсетіңіз: Көгершіндерге
А.кө В.-гер С.-шін Д.-дер Е.-ге
7. Жаңа сөздергетән анықтаманы белгілеңіз.
А.Мағынасы көнерген сөздер
В.Сөздік қорға жаңадан енген сөздер
С.Белгілібір жердегі тұрғындардың тілі.
Д.Белгілі бір шаруашылыққа байланысты сөздер.
Е.Екі сөздің бірігуі арқылы жасалған сөздер
8.Қаз-қалпында сөзінің мағынасын анықтаңыз.
А.Даяр күйінде В. Оқта-текте С. Жап-жаңа Д.Анда-санда Е. Қайта-қайта
9. Термин сөзге жатпайтын қатарды табыңыз.
А.Диалект, шахмат. В.Коэффициент С.Химия, атом Д.Жасақ, аймақ Е.Лексика, морфема
10. Кәсіби сөздер табыңыз
А.Космос, ғарыш В.Саяжай, кеден С.Дәптер, парақ Д.Оймақ, таспа Е.Емен, орман
11.Қатаң дауыссыз дыбыстар қатарын белгіле.
А.б,в,г,ғ,д,ж,з В.п,р,с,т,к С.м,л,б,в,г Д.б,в,м,н,п Е. М,л,қ,с
12.Сын есім болатын сөздерді тап
А.Ұзын, қысқа, биік В.Кеше, көрдім, оқыды С.Келді, барды, жазды Д.қауын, қарбыз, сәбіз Е.көрдім, келді, қараша
13. «Құлағының мүкісі бар» тіркесінің дисфемизмін табыңыз
А.Мылқау В.Аңқау С.Саңырау Д.Соқыр Е.Өтірікші
14.Табыс септік жалғауын дұрыс орналастыр. Табақ..., дәптер..., дала...
А. –ты, -ді, -ны. В. – ді, -ні, -ты С.-ні,-ны,-ті Д.-ны,-ді,-ні Е.-ды-ді,-ны
15.Архаизм қатысқан қатарды табыңыз.
А.жазық дала В.күпі киді С.жол үсті Д.сөз құдіреті Е.кең дала
16. Бөлек жазылатын сөздер қатарын көрсетіңіз
А.Көп балалы, әлде қайдан В.Ру басы, еш кім С.Екі мың, жүз шамалы
Д.Рұқсат қағаз, жүз басы Е.Бас пана, еш қайсысы
17.Төменде берілген қатарлардан химия терминдерін көрсетіңіз
А. морфема, фонема В. штаб,препарат С.зілтемір, бокс
Д. лексикография, дирижер Е. катализ, ерітінді
18. Бөлек жазылатын сөздер қатарын көрсетіңіз
А.Жанар тау, авто көлік В.Бас пана, еш қайсысы С.Темір қазық, тас бақа
Д.Бір кезде, жүз мың Е.Еш кім, әлде қашан
19.Жергілікті диалект сөздері бар қатарды көрсетіңіз
А.күкірт, шырпы В.климат, материк С.зілтемір, акробат Д.реформа, ботаник Е.боза, шидем
20. «Нән» сөзі қазақстанның қай өңірінде қолданылады?
А.Шығыс В.Батыс С.Оңтүстік Д.Солтүстік Е.Орталық
21. Тарихи сөзді табыңыз
А.Қызыл әскер В.Барымта С.Лашық Д.Үйшік Е.Адырна
22. «Зілдей» сөзінің мағынасын табыңыз
А.Ауыр В. Жеңіл С. Оңай Д.Қиын Е.күтім
23.Қай сөйлемде кәсіби сөз кездеседі?
А.Апам ұршық иіріп отыр.
В.Арал теңізі экологиялық аймаққа жатады.
С.Кеше қатты бұрқасын болды
Д.Балалар балық аулауға кетті
Е.Су толы құмыра жібекпен қапталды
24.Дефис қойылатын орынды белгілеңіз
А.Самал жел В.Нұрлан ғылым С.Асан мұғалім Д.Пәтер мұражай Е.Хан қызы
25. «Терминология» ғылымына сәйкес ережені көрсетіңіз
А. Бір тілдің шеңберінде қолданылатын терминдерді түгелдей жинақтап, жүйелейтін ғылым
В.Көркем шығарма мен ауыз әдебиет іүлгілерінде қолданылатын сөздер
С.Халықтың тұрмыс-тіршілігіне, тарихи шығармаларда ғана кездесетін сөздер
Д.Жалпы халықтық сипат алмаған, белгілі аймақта қолданылатын сөздер
Е.Морфологияның бір саласы
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25
Е А С А С Е В А Д Д В А С А В С Е Д А В А А Д С А
Бір ғана сөзден тұратын есімдік- А) жіктеу ә) сілтеу б) сұрау в) өздік
2. Оңаша тәуелденген есімдік қайсы?
А)өзім ә) өзіміз б) кімдерің? В) онымен
3. Қай сөз табы «Орынбасар сөздер» деп аталады?
А) есімдік ә) етіс б) етістік в) жалпылау есімдігі
4. Сөйлемдерде есімдіктер саны қанша?
Сабақтағы оқушылар ұйып тыңдап отыр. Сырт келбетіне байқап қарасаң, кейбіреуі түсінбеген сияқты. Әлдеқайдағы оқиғаларға елтіп отырғаны қаншама. Алайда ешқайсысы сыр бергісі келмейді. Мен де өз әлеміме сүңгіп кеткенімді байқамай да қалдым. Арада қанша уақыт өткенін білмеймін, тарс еткен дыбыстан шошып, есімді жиып алдым.
А) 6 ә) 5 б) 2 в ) 4
5. Сөйлемде жіктеліп келген есімдік қай мүшенің қызметін атқарады?
А) бастауыш ә) баяндауыш б) толықтауыш в) пысықтауыш
6. Толықтауыш қызметіндегі есімдіктердің астын сыз
Оның айтқаны дұрыс. Өмірде ешкімге тәуелді болмау керек. Соны бәрі түсінсе ғой...Апам менімен бірге демалуға барады. Менің айтпағым да – сол.
7. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы –
А) зат есім ә) есімдік б) үстеу в) етістік
8. Етістіктер құрылысына қарай екіге бөлінеді:
А) дара, күрделі; ә) негізгі, туынды; б) дара, негізгі; в) жалпы, жалқы
9. Табыс септігіндегі сөзді қажет етпейтін етістіктер қалай аталады?
А) салт ә) сабақты б) етіс в) туынды
10. Сөйлемде сабақты етістік қайсы? Көген тартыс ойынын ертеде малшылар ойнайтын болған.
А) ойнайтын ә) ойнайтын болған б) сабақты етістік жоқ в) тартыс
11. Сабақты етістікті салт етістікке айналдыратын етіс түрі:
А) өздік ә) өзгелік б) ырықсыз в) ортақ
12. Бір түбірге бірнеше жұрнағы бірінен соң бірі жалғанатын етіс түрі:
А) ырықсыз ә) ортақ б) өздік в) өзгелік
13. Сәйкестендір:
1. өздік а) құшақтасты
2. өзгелік ә) құшақтатты
3. ырықсыз б) сұранды
4. ортақ в) байланды
14. Сөйлемдерден үстеулерді анықта. Наурыз – қазақ халқы үшін ерекше мереке. Оны тойлау үшін сонша уақыт дайындалып, әжептәуір дүниелерді жасайды. Бірен-саран жастар жағы қол ұшын берген болады. Кейбіреулер әдейілеп алыстан ат арытып келеді. Биылғы Наурыз мерекесі де өте жоғары деңгейде өтті. Үнемі көтеріңкі көңіл күйде жүретін балалар лезде жиналып, ретімен шаруалар жасап жатты. Қаз-қатар тігілген киіз үйлер жанына жиналысып, ойынның неше атасын көрсетті. Ұлттық тағамдар жасаған ақ жаулықты әжелер жанына келіп, тез ұрттап алады да, ойын қызығына түсіп кетеді. Сөйтіп жүріп кеш батқанын да ұмытып кетеді.