Ii. Негізгі бөлім Омытқа жотасының қызметі және маңызы



Дата19.03.2022
өлшемі1,57 Mb.
#136265
Байланысты:
анатомия
bio11-1-tasks (1), ҰБТ Блок тестер

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Омытқа жотасының қызметі және маңызы
2.Омыртқа жотасының иілімдері
3. Омыртқа жотасының құрылысы
4.Сколиоз
5.Дисктер грыжасы
6.Остеохондроз
7.Лордоз және Кифоз
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер
Жоспары:
КІРІСПЕ
• Омыртқаға көп күш түседі.Адамның омыртқасына қарағанда жануардың омыртқасына түсетін күш аздау. Адам көп қозғалады. Таңнан кешке дейін компьютердің алдында отырады. Спортпен айналыспайды, бассейнге бармайды, тек екі қолмен ғана жұмыс жасайды. Қозғалыстың аздығы адамды ауру қылады. Ал омыртқа ауырса, оның ішіндегі жұлын қысылады. Жұлын қысылса, адамның денесін қоректендіріп тұрған қанның тарауы әлсірейді де,соның салдарынан бастан бастап, аяғыңның ұшына дейінгі ағзалардың, ішкі ағзалардың барлығы ауырады.
2.Омыртқа жотасының иілімдері
  • Ересек адамдарда омыртқа бағанасының сагитал жазықтығының бойында орналасқан 4 иілімдері, curvaturae: мойын, кеуде, бел немесе құрсақтық және сегізкөздік немесе жамбастық физиологиялық иілімдері ажыратылады. Бұл иіндердің ішінде: мойын, белиіндерінің дөңесжағы (лордозы) алға қарай бағыт алса, кеуде және сегізкөз иіндерінің дөңес жағы (кифозы) артқа қарай бағытталған. Жалпы омыртқалар, түр өзгешеліктеріне қарай негізгі және жалған омыртқаларға бөлінеді. Негізгі омыртқаларға: мойын, кеуде, бел омыртқалары жатса, жалған омыртқаларға: 1, 2 мойын, сегізкөз және құйымшақ омыртқалары жатады.

Сколиоз
  • Сколиоз – ол көбінесе жас өспірімдер мен мектепке дейінгі балаларда кездесетін омыртқа жотасының ауруы. Егер сыртынан карасақ омыртқа жотасының иілуі байламдар мен суйекке байланысты S тәрізді болып келеді. Сколиозды омыртқа бұзылысымен жиі шатастырады. Бірақ сколиоз омыртқа бұзылысының күрделі түрі. Омыртқа жотасының бұзылысы: баланың дұрыс отырмауын, қозғалуын қадағаламаса немесе кальций жетіспесе, бұлшықет әлсірегенде байқалады. Қазіргі жас өспірімдердің, оқушылардың біриықты сумкалары, ауыр кітапты котерулері, ыңғайсыз парталар сколиоздың дамуына алып келеді.

Лордоз және Кифоз
  • Лордоз – ол туа пайда болған немесе жүре пайда болған омыртқа жотасының мойын және бел аймағындағы алға қарай иілуі. Лордоздың п. б. себебі:
  • — жамбас бел буынының шығып кетуі (бұл жағдай белдің алға қарай шығып кетуіне себеп болады);
  • — іш аймағындағы майлардың тым артық мөлшерде жиналуы оның дамуына әсер етеді.
  • Лордоз омыртқа жотасының бұзылуына, байламдары мен бұлшықеттерінің тартылуына алып келеді. Одан басқа ол жүректің, өкпенің, асқорту жолының жұмысын бұзады. Науқастың жиі басы ауырып, тез шаршап, организмінде зат алмасу процесі бұзылып, жалпы жағдайы нашарлайды.
  • Лордоз комплексті емдеу тәсілін талап етеді. Яғни: бандаж тағу, арнайы арналған массаждар, гимнастикалық жаттығулар және т.б
  • Кифоз – ол омытрқа жотасының артқа қарай тым иілуінен пайда болатын ауру.
  • Кифоздың 2 түрі бар:
  • - физиологиялық кифоз (нормада ересек адамдарда байкалады)
  • - патологиялық кифоз, ол рахиттің, туберкулездің әсерінен бір не бірнеше омыртқаның зақымдануынан, омыртқа жотасының бұзылуы және т.б. көптеген себептерден дамиды.
  • Кифоз «дөңгелек арқаның» пайда болуына алып келеді, иықтар алға қарай «салбырап» қалады. Белдің еңкейу бұрышы азайып, іш алға қарай шығып тұрады.
  • Кифозды емдеу тәсілі комплексті болуы қажет: массаж, ФТО, гимнастикалық жаттығулар. Олардың арқайсысы кифоздың даму деңгейіне, бұлшықет жүйесіне жағдайына, таға да басқа сырқаттарына қарай таңдалады.

Қорытынды
  • Омытқа жотасының ауруларының қай-қайсысы болса да өте зиян болып табылады. Себебі: оның бұзылыстары жұлынның зақымдануына алып келеді. Егер жұлынның кеуде аймағы зақымданса колдардың, кеуде-бел аймағында зақымданса ішкі ағзалардың, егер бел аймағы зақымданса аяқтардың жұмысының бұзылысына алып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет