Астана қаласының білім басқармасы



Дата25.08.2017
өлшемі75,72 Kb.
#26047
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

«КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК

1С-214 тобының студенті Смағұлова Әлия

Жетекшісі: Қасымбекова А.А.


Жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу
«Қазақ халқы ежелден ұрпақ тәрбиесіне баса назар аударып, перзентін бесіктен бастап адамгершілік пен имандылыққа баулыған. Сондықтан кешегі ұрпақ қандай қиыншылықты бастан өткерсе де, ана сүтімен, әке өнегесімен бойларына сіңген тәрбие-тәлімін жоғалтқан емес.»

Қай кезде де халқымыз өзінің болашағы – жастар тәрбиесіне кө­ңіл бөліп отырған. Ұлт пен ұлыс­тың аманатын арқалаған жас өскін­ді тәрбиелеудің жолдары мен амал­дары да сан тарау. Солардың ішінде шешуші рөл атқаратын тәлімі мен тәрбиенің бір түрі – жастарды патриотизм үлгісінде тәрбиелеу ма­ңызды іс саналады. Қазіргі кезде жастарымыздың арасында Отанды қорғауға деген са­налы көзқарастың болмауы сал­да­рынан әскер қатарында қилы келеңсіздіктер жиі кездесіп қалады. Сондықтан да балабақшадан бас­тап, мектепте, ЖОО-да және өзге де мекемелерде ұлтжандылыққа тәрбие беруді қолға алудың қажеттігі ай­қын байқалуда. Тәрбиенің бұл түрі жас ұрпақты елін қорғауға, ұлттық әскер сапында адал қызмет атқа­ру­ға, азаматтық қасиеттерге баулиды. Қазіргі таңда Қазақстан Респуб­ли­касының әлеуметтік-эконо­ми­ка­лық даму барысында саяси-идео­ло­гиялық, мәдени тұрғыдан жаңаруы­на сай жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру үкіметіміздің жаңа стра­тегиялық бағдарламасының басым бағыт­та­ры­ның бірі болып саналады. Елі­міз­дің географиялық орналасуы мен ұлттық-этникалық ерек­­ше­лігіне орай оқушыларға ха­лық­тық дәстүрге негізделген баба­лар рухына сай тәрбие жүйесін құру қажеттілігі қазақстандық білім саласының маңызды проблема­ла­ры­ның бірінен саналады. Педаго­ги­ка тарихына үңілсек, Отанға де­ген сүйіспеншілік, оны жүзеге асы­ру­дың жолдары туралы айтылған тұ­жырымды ойлар жетіп арты­ла­ды. Ертедегі грек және рим ойшыл­дары­ның (Платон, Цицерон, Арис­тотель, т.б) еңбектерінде тәрбие идея­лары көрініс береді. Қазақ елінің ғасырлар бойы қалып­тасқан отансүйгіштік тәлім дәс­түрлерін, әдіс­тері мен құралдарын жинақтап, оны бүгінгі оқушы тұлғасын қалып­тастыруда ұтымды қолдану – уақыт талабы.

Жастар тәрбиесі және болашағы қай ғасырда, қандай қоғамда болмасын адамзат үшін ең өзекті мәселелердің бірі. Тәрбиелі, білімді, ата-дәстүрін ұмытпаған ұрпақ мемлекеттің мызғымас діңгегі. Бүгінде жастарымыздың тәрбиесі қандай. Олар нені үйренді, неден жиренді? Қазіргі таңдағы жастар тәрбиесі қандай? Бүгінгі жастар тәрбиесіндегі өзекті мәселе «ВКонтакте», «Инстаграм» жастарымызды өзіне еріксіз баурап алған. Әсіресе, жасөспірімдер, студент жастар, оқушылар. Бұл «ВКонтакте» шіркіннің бауырмашылдығы соншалық, өзіне кірген адамды бірден баурап, сеніміне кіріп, қайта шықпастай етеді. Іздесең таппайтын достарың да, ішің пысқанда шер тарқататын мұңдасың да, көңіліңді жылы сөзімен жұбататын бейтаныс жан да осы сайттан табылады. Тағы бір кереметі шет елдегі адаммен де, басқа қаладағы таныспен де сөйлесу, хат жазысу тез арада, көзді ашып-жұмғанша жүзеге асады. Ыбырай Алтынсаринше айтқанда, айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатынның нақ өзі. Сондай-ақ қазіргі жастардың арасындағы жеңгетай да- осы.

Жарайды делік, әр адам бос уақытында кітапханаға бара ма, компьютер клубына бара ма, не басқа іспен шұғылдана ма — өзі біледі. Бірақ соңғы кездері оқушылар сабақ үстінде де бос отырып, әлеуметтік желіге кіріп, білім-ғылымға деген құмарлығын жоғалтып алғандай. Құдды бір мектепке білім алу үшін емес, әлеуметтік желіде отырып, достарын көру үшін келетіндей.

Білім шаңырағына оқушы білім-ғылымды санасына сіңіріп, ойына түю үшін келмеуші ме еді? Мұны ата-аналар да, мектеп мұғалімдері ескеруі керек.


Қазіргі таңда мектеп оқушыларының 90%-ы «Ғаламторға» тәуелді десем артық айтпағаным болар. Мұның нәтижесі оқушылардың күнделікті сабаққа деген қызығушылығы мен үлгеріміне, ынтасының төмендеуіне әкелетіні белгілі. Осы тұста бұл аурудың бізге тигізетін тағы бір зиянын айта кету керек.

Дәл осылай кете беретін болсақ, тіліміз шұбарланып, ойымыз таязданып, дүниетанымымыздың тарылатыны сөзсіз. Күнделікті қарбалас тірлікпен бала тәрбиесіне салғырт қарамағанымыз абзал.

Ұлт пен ұлыстың аманатын арқалаған жас өскінді тәрбиелеудің жолдары мен амалдары да сан тарау.

Солардың ішінде шешуші рөл атқаратын тәлімі мен тәрбиенің бір түрі – жастарды патриотизм үлгісінде тәрбиелеу маңызды іс саналады. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан-2030” Стратегиялық бағдарламасында: “Жастарды қазақстандық патриотизмге шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу қажет. Бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек”, – деп ерекше мән беріп тоқталған болатын. Бұлай екпін түсіріп айтуының өзі қазіргі еліміздің саяси-әлеуметтік, экономикалық тұрғыдан тәуелсіздікке жетіп отырған тәуелсіз мемлекеттігіміздің тұрақтылығын сақтап, оны болашаққа аманат етуді көздейді.

Зерттеуші ғалымдардың, педагогтардың тұжырымдары бойынша, жас ұрпақты отансүйгіштікке баулуда баға жетпес педагогикалық құрал – батырлардың қаһармандық бейнесі және оның қазақ ауыз әдебиетінде, тарихында, көркем шығармаларда сомдалуы болып табылады десек, одан қазақ батырларының бойындағы елдік қасиеттердің жиынтығы да, азамат-қа тән адамгершілік болмысы “сегіз қырлы, бір сырлылық” та, шешенге тән алымдылық та, данаға тән білгірлік те, биге тән көсемдік те, әулиеге тән көрегендік те табылады. Сөзіміз дәлелді болу үшін Ер Төстіктің қаһармандығын, Бекет атаның бойындағы әулиелігін, Исатай батырдың ел бастаған билігін, Сырым батырдың шешендігін, Б.Момышұлының батырлығын айтуға болады.

Тамыры терең ұлтжанды тәрбиенің көзі ұлттық тарихымызда осылай жалғасып кете береді. Ал, бүгінде қазақ елі-көп ұлтты мемлекет. Әрбір азаматы ұлты мен дініне қарамай татулық пен бірліктің туын жоғары көтере білсе – ұлтжандылықтың негізі сол болмақ. Елбасы өзінің “Тарих толқынында” кітабында: “Ұлттық бірліксіз патриотизм деген жансыз бірдеңе ғана болып қалады”, – деп ұлттық бірлікке ерекше мән береді. Бірлік пен татулықтың маңызына халқымыз да бейжай қарамаған. “Бірлік болмай, тірлік болмас”, “Төртеу түгел болса, төбедегі келер, алтау ала болса, ауыздағы кетер”, “Ынтымақсыз – ел оңбас” деп, жас ұрпақтың санасына сіңіріп отырған. Б.Момышұлы “Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзіңнің мемлекетке тәуелді екеніңді, мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз – мемлекет деген ұғымды, оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын біріктіреді” – деп анықтама берген.

Жастарды  ұлтжандылыққа тәрбиелеуде отансүйгіштік сезімді дамыту, ұлттық салт-дәстүрді ұстану мен мемлекет рәміздеріне құрмет қалыптастыру маңызға ие. Жас ұрпақты білімді, әдепті, өз елін, жерін, ана тілін құрметтеп, дінін дәріптей алатын дәрежеге жеткізу біздің басты міндетіміз. Еліміздің ертеңі жас ұрпақ тәрбиесімен бірлесіп жұмыс жасайық замандастар.

Ұлттық патриотизмсіз ұлтты сақтап қалу мүмкін емес. Біз қазақ ұлтын сақтап қалғымыз келсе, ұлттық рухты дамытумыз керек. Жастар бойына ұлтты сүюді сіңірсе, жастардың бойына ұлтжандылықты дарытатын – алдыңғы буын. Келер болашаққа үміт қараған ел ретінде, өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштікті дарыту бірден-бір талап. Президент Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жолдауында жастарға, олардың әлеуметтік жағдайына, білім алуына, саясатқа араласуына, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысуына баса назар аударып, жастар тақырыбына бірнеше рет тоқталды.

«Біздің бұл бағыттағы басты мақсатымыз қарапайым және түсінікті: біз қоғамдық келісімді сақтауға және нығайтуға тиіспіз. Бұл – біздің мемлекет ретінде, қоғам ретінде, ұлт ретінде өмір сүруіміздің айнымас шарты.

Қазақстан патриотизмінің іргетасы – барлық азаматтардың тең құқылығы және олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі.

Болашаққа деген сенім болмаса, толыққанды мемлекет құруға болмайды. Мемлекет пен азаматтың мақсаттары барлық бағыттар бойынша сәйкес келуі өмірлік тұрғыдан маңызды. Мемлекеттің басты міндеті де осы. Азаматтар мемлекетке болашақ бар болса, даму үшін, жеке және кәсіби тұрғыдан өсу үшін мүмкіндіктер болса ғана сенім артады. Мемлекет және халық мұны сезініп, бірлесіп жұмыс істеуге тиіс. Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық ұлтжандылықты тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады. Бірақ бүгінде қалыптасқан мемлекеттің жаңа даму кезеңінде бұл түсініктің өзі жеткіліксіз. Біз бұл мәселеге прагматикалық тұрғыдан қарауымыз керек. Егер мемлекет әр азаматтың өмір сапасына, қауіпсіздігіне, тең мүмкіндіктеріне және болашағына кепілдік беретін болса, біз елімізді сүйеміз, онымен мақтанамыз. Осындай тәсіл ғана ұлтжандылықты және оны тәрбиелеу мәселесіне прагматикалық және шынайы көзқарасты оятады.

Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені, өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс. Осындай жауапкершілікті алға тартқан Президент болашаққа, яғни жастарға көп жауапкершілік жүктейді. Шыбықтай қалыптасып келе жатқан әр жас өз бойына және балаларының бойына ұлтжандылықты сіңіру арқылы кемел елдің іргетасын қаласады.

Ұлтжандылықты дамытудың идеясы қандай болмақ? Идеясы: Нұрсұлтан Әбішұлы жолдауында айтқандай, «ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныштарын ояту». Айтар болсақ, қазақ ұлтының ұлтжанды ұрпағы: ең алдымен қазақ болуы тиіс. Қазақ ұлты – Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы мәртебелі ұлт. Қалған ұлттар диаспора. Қазақ ұлты басқа ұлттардың дамуы мен тілін, дінін, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын сақтауға кедергі келтірмейді. Басқа ұлт өкілдерінің қазақ ұлтының тілі мен дінін, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын, ұлттық болмысын сыйлауын құрметтеуін талап етеді. 
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, диаспоралар мен аз ұлттардың тілі, қазақ тілінен басқа ешқандай тіл мемлекеттік тіл болмайды. Барлық қазақстандықтар мемлекеттік тілді білуге және оның дамуына үлес қосуы міндетті. Қазақ ұлты басқа ұлттардың өз тілін сақтауы мен дамытуына қарсы болмайды. Қазақтың кез келген жасы бірнеше тілді еркін меңгергені құптарлық іс, бірақ өз ана тілін барлық бес саусақтай білетін тілдерінен жоғары қоюы керек. Сондай-ақ, әрбір қазақ ұлтының жаңашыры ұлттық құндылықтары, тілімен қатар ежелден ұстанған ата діні мен бабалары қорғап қалған алпауыт жерінің аяқ асты тапталмауын да есте ұстауы керек.

Қазақ жігіттері де, қыздары да интернационалдық отбасының өрбуіне жол бермеуі керек. Өткен ғасырда көп ұлтты отбасылардың белең алуы «күлеміз ба, жылаймыз ба»-ның кейпіне түсіргені белгілі. Отасының тірегі ананың тәрбиесі ерекше орын алатынын ескерсек, әрбір қазақ жігіті қазақ қызымен шаңырақ көтеруі де ұлтты сүюдің бір білгісі.



Психологиядағы адамның тұлға болып туылмай, тұлға болып қалыптасатыны секілді, патриот болып туылмайды, патриот болып қалыптасады. Тұлғаның қалыптасу жолында сыртқы ортаның, яғни ата-ананың, достарының, мұғалімнің ықпалы күшті. Дұрыс тәрбие ғана тұлға-патриот болып қалыптасуға итермелейді. Адамның ішкі факторлары қабілет, зейін, ойлау, дарындылық, естіліктің жүйеге түсуіне де сыртқы ортаның әсері мол. Нені көрсе ішкі факторлар да соған бейімделетіні белгілі. Қазақ ұлтының саналы жасы болып өсуіне білім керек. «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деп әл-Фараби айтқандай тәрбиенің алар орны ерекше.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет