Умкд 042-16 39/03-2013 2013 ж. №2 басылым



бет1/2
Дата08.11.2016
өлшемі0,59 Mb.
#1260
  1   2

УМКД 042-16.1.39/03-2013

______2013 ж. №2 басылым

48 беттің -шісі



5В020500- «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған

«Әуезов және әдебиеттану мәселелері»

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ, 2013




Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Семинар сабақтары

4 ОСӨЖ тапсырмалары

5 Студенттің өздік жұмысы

6 Тест тапсырмалары

1 ГЛОССАРИЙ

1.1 Жыршы ақындар поэзиясы – ауыз әдебиеті дәстүріндегі поэзия, қазақ әдебиетінде бірнеше ғасырға ұласып келетін поэзиялық өнердің үлкен арнасы.

1.2 Кітаби ақын – Шығыс әдебиетінің араб, парсы, түркі тілдес халықтарында бар поэзияның озық үлгілерін өзінше жырлап, қазақ арасына таратып отырған, шығыс тілінде шыққан кітаптар сюжетін қайта өңдеп, қисса дастандар шығарған өзгешелеу бір топ ақындар.

1.3 Сал-сері – сегіз қырлы, бір сырлы, яғни әнші, күйші, ойыншы, күлдіргіш, композитор, би, спортқа бейімі бар ерекше үздік жаратылған өнерпаз.

1.4 Терме – қазақ халық поэзиясында қалыптасқан лирикалық өлең түрі.

1.5 Толғау – қазақ, сондай-ақ қарақалпақ, ноғай секілді басқа да халықтардың ауызша поэзиясында кең тараған қоғамдық-саяси лириканың бір түрі.

1.6 Аллитерация (лат. дыбыстас) – шығармаларда бірыңғай дыбыстардың үндестігі, дәлірек айтқанда дауыссыз дыбыстардың қайталануы.

1.7Алтыбуынды өлең - әр тармағы үш буынды екі бунақтан құралатын (3 буын – 3 буын) өлең өлшемі.

1.8 Алтытармақ – қазақ поэзиясында лирикалық өлеңдерде жиі қолданылатын шумақ өрнегі.

1.9 Анафора (гр. биікке шығару) – айшықтаудың (фигураның) үлгісі ретінде көрсетілген шумақтың немесе өлең жолдарының басында үндесе, үйлесе қиысатын бірыңғай бастамалар.

1.10 нтитеза (шендестіру) – екі затты не құбылысты шендестіру арқылы басқа бір құбылыстың, ұғымның, нәрсенің суреті, сыр-сипаты, кескін-кейпі аңғарылады.

1.11 Антоним (қайшы сөздер) (гр. қарсы, атау) – біріне-бірі қайшы қарама-қарсы мағыналы сөздер.

1.12 Ассонанс (лат. үйлесім) - өлең сөзде дауысты дыбыстардың үндесе қайталануы.

1.13 Әдеби қаһарман - әдебиеттің идеялық-эстетикалық роліне сай бейнеленетін тұлға.

1.14 Әдеби процесс- бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи заңды қозғалысы.

1.15 Әдеби характер (гр. мінез, ерекшелік) – кейіпкердің мінез бітімі, адамның бойына психологиясына, қимыл әрекеттеріне тән сан түрлі қасиеттердің бірігіп, біте қайнаған тұтастығын танытатын мінез-құлық өзгешелігі.

1.16 Әлеуметтік лирика – лирикалық жанрдың тақырыптың мазмұнына қарай бөліп қаралатын, қоғамдық өмірге қатысты маңызды мәселелерді қозғайтын ақынның заманға, халықтың бүгінгі тағдырына көзқарасын білдіретін үлкен саласы.

1.17 Градация (лат. біртіндеп көтеру) – дамыту-алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды асыра асқақтата түсу.

1.18 Жанр - әдеби шығармалардың жеке түрлері, көркем әдебиеттің салалары.

1.19 Идея - әдебиет шығармасында өмірдегі жәй жағдайлар, адам тағдыры баяндалғанда, суреттелгенде жазушының сөз болып отырған мәселелерге қатынасы, көзқарасы да аңғарылады.

1.20 Кейіптеу – жансыз нәрселерді адам кейіпіне келтіріп немесе қалайда жан бітіргендей етіп суреттейтін көркемдік тәсіл.

1.21 Композиция - әдеби шығарманың құрылысы, оның үлкен кішілі бөлім бөлшектерінің бір-бірімен қисынды түрде қиюластырылып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық бірлігі.

1.22 Қара өлең ұйқасы – төрттармақтың бірінші, екінші және төртіншісі бірыңғай ұйқасады.

1.23 Лирикалық кейіпкер – поэзиялық шығармалардан көрінетін адамның тұлға бейнесі.

1.26 Лирика – көркем әдебиеттің негізгі саласының, жанрының бірі, ерекшелігі-адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікелей бейнелеп көрсетеді.

1.27 Лирикалық қаһарман – ақын бейнесінің оның шығармаларынан жинақталған тұтас тұлға ретінде көрінуі.

1.28 Метафора (гр. ауыстырып қою) – екі нәрсені, құбылысты салыстыру және жанастырып жақындату негізінде астарлы тың мағына беретін бейнелі сөз.

1.29 Параллелизм (гр. қатарлас) – екі нәрсені қатарластыра, жанастыра алып бейнелеу тәсілі.

1.30 Пейзаж (франц. ел, жер) - әдеби шығармадағы табиғаттың әсем көрінісі, көркем бейнесі.

1.31 Портрет (франц. бейнеленген) - әдеби кейіпкердің сырт көрінісін, кескін-кейпін, бой-тұлғасын суреттеу.

1.32 Прототип (гр. түп, төркін бейне) – кейіпкердің бейнесін жасауға тірек, негіз болатын өмірде болған адам.

1.33 Символ - әдебиетте ойды астарлап, басқан нәрсені суреттеу арқылы жасалатын нақтылы сипаты бар балама бейне.

1.34 Стиль – жазушының өмір шындығын танып-білу, сезіну қабілетін, бейнелеу шеберлігін, өзіндік суреткерлік тұлға бітімін танытатын даралық өзгешелігі, жазу мәнері, қолтаңбасы.

1 35 Сюжет (франц. зат) - өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі.

1.36 Тақырып - әдеби шығармада сөз болатын басты мәселе, шығарма мазмұнының негізгі арқауы, айтылатын жай жағдайлардың бағыт-бағдары.

1.37 Экзпозиция (лат. түсіндіру) – көркем шығармада оқиға дамып өрістейтін орынды, ортаны, ол оқиғаға қатысатын кейіпкерлерді сипаттап, алғаш оқушыға таныстыру.

1.38 Эпитет – заттың не құбылыстың айырықша белгісін, қасиетін білдіретін бейнелі сөз.

1.39 Эпифора - өлең тармақтарының соңында бір сөздің не сөз тіркесінің бірнеше қайталанып келуі.


2 ДӘРІСТЕР

Модуль 1. М.Әуезов шығармашылығы әлем әдебиеті контексінде
Дәріс 1-2. Тақырыбы: М.Әуезов шығармашылығы әлем әдебиеті контексінде

1.М.Әуезовтің әлемдік әдебиеттегі орны

2.М.Әуезов және классикалық шеь ел әдебиеті

3.М.Әуезов және әлемдік көркем әдебиет

4.М.Әуезов және әлемдік драматургия

Мақсаты:М.Әуезовтің әлем әлебиетіндегі орнын саралау, шығармаларының классикалық дәрежеге жеткендігіне жан-жақты түсінік беру.

Өткенiмiздiң бар шындығына заманалар бетiнде бедерленген дәуiрлiк оқиғалар, алпауыт өзерiстер қанықтырарына шүбә келтiрмеймiз. Дегенмен, сол тарих берген оқиғаның, қоғамның даму сатысының түпкiлiктi, толыққанды шындығына жеткiзуде әдебиеттiң орны ерекше. Олай болса, қаламгер атаулы да қоғам өмiрiнiң қай замандардағы болмысына қанықтырушы, ел игiлiгi үшiн қызмет етушi болмақ. Соның бiрi – қазақ жұртының ғасырға жуық өмiрiнiң эпопеясын жазған, ұлт келбетiн бар шындық бояуымен көрсете алған iрi тұлға М.Әуезов.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов – «ХХ ғасырдағы ең үздiк шығармалардың бiрiн дүниеге әкелген» [1, 221], «тарихи ойлау жүйесiн қалыптастырған» [2, 388], «нағыз кемел шығарманың авторы ғана емес, талғампаз зерттеушi» [3, 129]. М.Әуезов арқылы төрткүл дүние Абайды таныды. Абай арқылы Азияның кiндiгiндегi көшпендiлер елiнiң ғұмырын зерделеп, дала пәлсапасына қанықты. Елiмiз үшiн егемендiк арман боп, кеңестiк саясат құрсауында жүргенде-ақ М.Әуезов әлемдiк өркениеттiң көшiне қазақ деген халық барын даланың ұлы сарынымен жеткiздi.

Жазушының шәкiрттiк дәуiрдi басынан өткермей, әдеби майданға бiлек түре кiрiскенi тырнақалды шығармаларынан-ақ айқын аңғарылады. Көркем сөз құдiретiн ерте ұғынған жазушы қазақ әдебиетiне құбылыс болып ендi. Сол себептi М.Әуезовтiң ұлы шығармалары қазақ халқының көнермес асыл мұрасы, ар-абыройы болып қала бермек. Дала данышпаны Абай қазақтың асқар биiгi, өлең-сөздiң үздiгi болса, қара сөздiң хас шеберi М.Әуезов туындылары адамзаттың рухани қазынасына айналған қымбат құндылықтардың бiрi болып табылады.


ХХ ғасыр басында жалпақ дүние дүрлiккен заман туғанда халқының бағына қарай саясат ойынының ауанын барлай бiлген ұлт зиялыларымен қатар М.Әуезов те төбе көрсеттi. Семейдегi жылдар Әуезов шығармашылығының халық нәрiнен суарылып, баспа беттерiн көре бастаған тұсы. Ол драматургия саласында өзiнiң алғашқы «Еңлiк-Кебек» пьесасын дүниеге әкелiп, публицистикалық дүниелерге қалам тартып, прозалық шығармалар жазуымен әсемдiк әлемiне бойлады.

Алаш зиялылары қатарында М.Әуезовтiң азаттық үшiн күрескен қайраткерлiк тұлғасы сомдалды, қызыл империяның саясатын қазақтың мүддесi тұрғысында парасаттылықпен зерделеп, саясат ойынының зиянды тұстарын көре бiлдi.

Кеңестер арасында 1919-1921 жылдары Семей губерниялық революциялық комитетiнде, губерниялық атқару комитетiнде қызмет етiп, «Қазақ тiлi» газетi арқылы саяси-әлеуметтiк, ғылыми мәндi көсемсөздерiн жариялады. Дүние астан-кестең болып, замана көшi өзге бағытқа бұрылған осы тұста М.Әуезовтiң амалдап, саясат ауанын байқап қимылға көшуi заңды едi. Бұл жылдар Мұхтар Әуезовтiң дүниелiк ұғым-талғамын екшеп, сауатты саясаткер болып қалыптасуына негiз болды.

Халқының мақтанына айналған М.Әуезовтiң өмiрi мен шығармашылық жолы, iзденiстерi жөнiнде кеңес дәуiрiнде көлемдi зерттеулер жүргiзiлгенiмен, оның кей туындылары саяси сынға төтеп бере алмай, көзден таса қала берген. Шығармаларындағы ұлттық өрнектер, дәстүр ерекшелiктерi сыналып, пролеткульт талабына сай келгенi ғана әдеби айналымға түсiп отырған едi. Бүгiнде жоғалтқанымызды тауып, ойсырағанның орнын толтырудың уақыты жеттi. Сондықтан, жазушының бұған дейiн тыйым салынып, көпшiлiк назарына ұсынылмай келген шығармаларының қайта жаңғырып, лайықты бағасын алуының маңызы артты.

М.Әуезовтi жазушылық жолға жетелеген, өрелi азамат болып қалыптасуына негiз болған ұлы Абай мекен етiп, оның озық идеясы салтанат құрған Семей атырабы.

Олай болса, жазушының өмiрi мен шығармашылығында Семей жерiнiң маңызы ерекше. Әжесiнiң «Қоңыр қозысын» әлемнiң Әуезовi дәрежесiне жеткiзiп, есiмiн асқақтатқан Семей топырағы емес пе?

М.Әуезов туған өлкесiнен жыраққа кеткенде отызға да толмаған едi, бiрақ, өз өңiрiнiң бар болмысын, тiршiлiк- тұрпатын ғұмыр бойы жадынды ұстады. Жазушы Т.Жұртпай: «Шыңғыстаудың қат-қабат хикаялары алғашқы он жылда Мұхтар шығармашылығының алтын өзегiне айналды» [4. 424] деген едi. Ұлы эпопеямыз «Абай жолының» М.Әуезовтiң толысқан, кемелденген кезiнде жазылғанын ескерсек, жазушы шығармашылығының туған жер топырағымен тығыз байланысып, тұтасып жатқанына куә боламыз.

М.Әуезовтiң рухани жетiлуi қазақ азаматының рухани есею, толысуы кезеңiмен сәйкес. Жазушы шығармаларында ұлттық болмысты сөз өрнегiмен өрiп, әдебиетi мен мәдениетiн жаңа сатыға көтере дамытты. Бүкiл халықтың ой-санасының негiзi болған фольклорлық ерекшелiктерге жiтi мән бере зерделедi, өзгеге таныта отырып, саясат майданы тұсында ұлттық құндылықтарымыздың жоғалып, сағымдай бұлдырап кетпесiне барынша ықпал еткен. Олай болса, ұлы суреткердiң шығармашылық жолына бастау болып, бүкiл ұлтының рухани өмiрiнiң азығына айналған құнды шығармалар әкелуiне негiз болған, киялына қанат бiтiрiп, күш дарытқан, шығармашылық өмiрдiң алғашқы жылдарын зерттеу нысанасы етуiмiз әбден орынды, қажеттiлiгi басым.

М.Әуезовтiң қоғам өмiрiнiң дамуына негiзделген әр салада қызмет етуi бұған дейiн де назардан тыс қалмаса да, түбегейлi зерттеу нысанасына айналмаған едi, бүгiнде ұлы жазушы шығармашылық өмiрбаянын жасауда Семей кезеңiнiң тиянақты зерттелуiнiң қажеттiлiгi артып отыр.

Мұхтар Әуезов шығармашылық өмiрбаянының Семей кезеңiн зерттеудiң айырықша маңыздылығы құнттала қарастырылып, аталмыш кезеңнiң жазушының өмiр жолында алатын орнын ашып, талдап шығуға тырыстық.

М.О.Әуезовтiң шығармашылық өмiрi жайлы жазылған еңбектер саны бүгiнде төрт мыңға жуықтаған. Кемеңгер жазушының өмiрi мен шығармашылық еңбегiн тұтас қамтыған зерттеулер, сонымен қатар жекелеген жанрларға қатысты арнайы зерттеулер жазылды.

1917 жылы «Сарыарқа» газетiнде «Еңлiк-Кебек» пьесасын Ойқұдықта қойған М.Әуезов жайлы жазылған [5] мақаладан бүгiнге дейiн ұлы жазушының өмiрi мен шығармашылық мұрасы жөнiнде талай толымды еңбектер жарыққа шығып, әуезовтану саласы нығайып, беки түстi. Бұл орайда А.Нұрқатовтың [6], З.Кедринаның [7], Л.Әуезованың [8], З.Қабдоловтың [9], М.Қаратаевтың /10/, Е.Лизунованың [11], А.Сильченко мен Н.Смирнованың [12], Ы.Дүйсенбаевтың [13], З.Ахметовтің [14], Р.Нұрғалиевтің [15], Ш.Елеукеновтiң [16], К.Сыздықовтың [17], М.Мырзахметовтың [18], Ә.Молдахановтың [19], Т.Әлiмқұловтың [20], Р.Бердiбаевтің [21], Б.Жақыптың [22] еңбектерi жарыққа шығып, жазушы өмiрi мен шығармашылығы жанрлық, тақырыптық, теориялық, танымдық тұрғыда жеке-дара қарастырылды.Сонымен қатар М.Әуезов прозашы, драматург, абайтанушы, фольклортанушы, аудармашы, философ, әдебиет тарихшысы, әдебиет сыншысы ретiнде зерттеу объектiсiне айналып, дәлелдi тұжырымдар жасалды.

Ұлы жазушының 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның деңгейiнде аталып өтуi әуезовтану ғылымның да өрiстей түсуiне ықпалын тигiздi. Жазушы шығармалары тәуелсiздiктiң тұтқасын ұстаған жылдары жаңа қырынан талданып, байсалды зерттеулер жасалғанымен, Ұлы жазушының телегей теңiз еңбегi жөнiнде арнадан аса зерттелiп, өмiрiне қатысты барлық деректер толық қамтылып, жүйеленген жоқ. Сондықтан, бұл еңбегiмiзде М.О.Әуезовтiң ұлы жолдағы ұлағат мектебiне айналған, жазушылық шеберлiгi ұшталып, саяси көзқарасы қалыптасқан, бүкiл шығармашылық ғұмырына жетерлiк сарқылмас қор жинаған Семей кезеңi жөнiнде зерттеу жүргiзуге талпыныс жасалды.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов Семей жерiнде публицистика, драматургия, проза, аударма, фольклор саласындағы алғашқы қадамдарын жасап, әр қоғамның үрдiсiне қанығып, өзiндiк пiкiрiн қалыптастырып, қоғам қайраткерi ретiнде танылғандығы тың арнада зерттелiндi. Жазушы өмiрiнiң Семей кезеңi архивтiк деректермен толықтырылып, қоғамдық қызметiнiң беймәлiм тұстары ашылды.

Дәріс 3-4.

М.Әуезов және ұлт өркениеті



1.М.Әуезов тің қазақ әдебиетіне сіңірген өлшеусіз еңбегі

2.М.Әуезовтің қазақ әдебиетіне жаңа жанр түрлерін енгізуі

3 Әдебиеттану ғылымындағы сүбелі үлесі

Мақсаты:М.Әуезовтің қазақ әдебиете сіңірген өлшеусіз еңбегі, жанр түрлерінің қалыптасуына негіз болғандығына түсінік беру

Жетпiс жыл бойы үстемдiк құрған идеология кезiнде де халықтың мәдениетi мен әдебиетiнiң үздiксiз дамып отырғаны белгiлi. өлттық әдебиетiмiздi тәркi етуге барған қасаң саясат сонау жиырмасыншы жылдары басталды. өлттық прозамыздың, драматурия, публицистикамыздың ендi құлаш сермеп, даму баспалдағын аттаған тұста өктем күштердiң әрекетiне бой ұрған, өз ұлтымыздың әдебиетiне қастандық жасаушылардың да табылғаны жасырын емес. Қазақ прозасы балаң шағында-ақ түртпекке түстi, сондықтан да халық дәстүрiнiң бар бояу нақышын аянбай төгуге жасқаншақтық еттi.

Әдебиеттiң қадам алысымен бiрге әдеби сынның да қалыптаса бастағаны аян, бұл ретте М.Әуезовтiң де баспасөз арқылы төл әдебиетiмiздiң сол күнгi даму үрдiсi жайындағы толғамдарымен оқырманмен бөлiсiп отырғанын айтқан ләзiм. Бұл жылдары прозаның алғашқы үлгiлерiн жасаушылардың алдыңғы легiнен көрiнген М.Әуезовтiң де төлтума шығармалары нысанаға алынып жетiстiк, кемшiлiк жақтарын таразылау басталды.

Жазушы шығармасына қатысты баспасөз арқылы Ж.Аймауытов [23], Ж.Орманбайұлы [24], Д.Ысқақов [25], С.Сәдуақасов [26], М.Қаратайұлы [27], Ғ.Тоғжанов [28] сынды сол тұстағы әдебиет қамқоршылары өзiндiк түйiндеулерiн ортаға салған. Қазақ сынының басы, М.Әузовтiң "Бәйбiше-тоқал" пьесасына талдау жасалған "Қорғансыздар" мақаласының авторы Д.Кәкiтайұлы шығармаға ой көзiмен қарап, орнықты пiкiр бiлдiредi. «Түрлi ұсақ қулық, жiңiшке айла, екiжүздiлiк, опасыздық, қиянатшылдықтардың жасырын iшке тыққан найзалардың бақталас, бәсекелердiң түрлi тарау байланыстарын ашық түрде кестелей шешуден һәм тiлмен айтылған әсерлi суреттерден көремiз. Қолға алған мәселесiн жете тексерiп, түзу ұғынып, жарыққа салғанын байқаймыз» [25, 74] деп пьесаның мазмұнын қуаламай, көтерген жүгiне, көркемдiгiне назар аударған.

Әдебиеттi таптан бөлмеу идеясы тұрғысында байлам жасаған Ғ.Тоғжанов: «Мұхтар жаңалықты, үлгiнi өткеннен iздейдi, қазақтың баяғы батыр, шешен биi, сал серiсi, ерке қызы, мiне, Мұхтардың үлгiлi адамдары осылар» деген сын айтады «Әдебиет және сын мәселелерi» атты еңбегiнде [28].

Көркем әдебиет, әдеби шығарманың қоғам тiршiлiгiн қырағы байқап, байыпты зерделеп, терең сезiне бiлу және тiлек етуден туындайтыны айқын. Қазақ әдебиетiнде М.Әуезовтiң салған сүрлеуi – реализм. Жазушы өз ортасының бар шындығынан алыс кете алмаған, заман ақиқатын әсiре боямадан қорғай отырып, дәлдiгiмен, шындық өлшемiмен берген.

ХХ ғасырдың 20-жылдары әдебиетке бiр табан жақын жүргендердiң сын айтуды машық көрiп, асыра сiлтеп, сынап қарағаны жетiпартылған. "Бiздiң осы күнгi жазушы, сыншыларымыз көркем әдебиеттi сынай қалса жұлып алғандай белден қос аяқ салады. Орта белiнен келiп бастайды. Көбiне айтатындары осы күнгi көркем әдебиетiмiз қандай болуы керек. Қалайша басталуы жөн, ана ақын неге өткендi көксей бередi, мына ақын неге әлдеқашан артта қалған, қазақ ұлтының көрген кемшiлiктерiн зарлайды" [29, 83] деген түйiн сын айтушылардың профессионалдық жақтан толыспағанын, рухани, Ұлттық сана орнын кеңестiк идеологиямен алмастырғанын аңғартады. ХХ ғасыр басында әдебиеттiң дамуына үлес қосуға ниет еткендер легi артқанмен, олардың өзi сыңар пiкiр ұстанды. Кейбiрi кеңестiк идеологияны қуана қуаттап, жаңа әдебиет жасаудың негiзi ескiнi түп-төркiнiмен жоюда санаған және ғасырлар бойы қордаланған әдеби-мәдени мұрамыздың ендi қажетi болмасына сенген. Бұларға ескi әдебиеттiң құнарлы тұсынан үлгi алмайынша жаңа әдебиеттiң пайда болмасына кәмiл сенгендердiң пiкiрi қайшы келдi.
М.О.Әуезовтiң есiмi қазақ арасында Абай журналына көлемдi мақалалар жазуы арқылы, ал бұрынғы көп ұлтты Кеңес өкiметiнiң көлемiне араға он жыл сала кеңiнен танылды. 1929 жылы Мәскеуде жарық көрген "Әдебиет энциклопедиясында": "Ауэзов публицист, критик и историк казахской литературы. В литературе Казахстана Ауэзов как драматург занимает почетное место. Его драма "Каракоз" с изумительной чуткостью и исторической правдивостью восстановившая национальные и бытовые особенности народных певцов Казахстана получил 1-ую премию на конкурсе драматургов в 1926 г. в Кызыл-Орде. Особое место занимает также "Байбачи-Токал" (жены-соперницы)" [30] деп жазылған.

М.Әуезовтiң шығармашылығы жөнінде жазылған еңбектің саны 1917-40 жылдар аралығында 140-тан асқан, олардың басымы драмалық шығармаларын талдауға арналды [31, 15]. Әйтсе де, пролетарлық әдебиет жасаушылар тарапынан жазушы шығармаларына үнемi сын айтылып отырды және оның алдына кеңестiк саясатқа сай, оның жетiстiктерi мадақталатын, кеңестiк тәрбие берерлiк шығармалар жазу тиiстiгi көлденең тартылды.

М.Әуезов әдебиеттегі алғашқы қадамын өлеңмен бастайды. Алайда бұл жөнiнде естелiктерде ғана айтылғанымен, толымды дерек жоқ. өмiрбаяндарының бiрiнде өзi де балалық шақта ақындыққа әуестенгенiн жасырмаған [32]. Өлең жазуды қай уақыттан бастады және ол қандай тақырып қозғап, ненi өзек еттi – бұл әлi күнге дейiн зерттеушiлердiң алдында тұрған түйiнi қиын сұрақ, басы ашылмаған мәселе.

Ишмұхамет Әлин өз естелiгiнде М.Әуезовтiң 15-16 жасында көркемсөз жазуға бейiм болғандығын айтады [33, 374]. Бiрақ, оның қандай талпынысын байқағаны, қандай негiзге сүйенiп айтқаны беймәлiм. Т.Жұртбайдың "Бесiгiңдi түзе" атты еңбегiнде Мәден Түсiпбаеваның М.Әуезовтiң уыты мен сатирасы мол "Маса" атты сықақ-әңгiме жазғаны жөнiндегi дерегiн келтiруi – жазушы шығармашылық жолының әлi күнге беймәлiм тұсы барының айғағы. [4, 71]. Сондықтан, ақиқатына жетуде сүйенерге негiз болмағандықтан 1917 жыл "Алаш" газетi бетiнде жарияланған «Қазақтың өзгеше мiнездерi» атты мақаласы мен тыңнан түрен салған қазақ драматургиясының басы "Еңлiк-Кебек" ұлы тұлғаның шығармашылық жолындағы алғашқы қадамдары саналады. Ұлттық баспасөздiң алғашқы қарлығаштары "Сарыарқа", "Абай", "Қазақ тiлi", "Шолпан", "Сана", "Ақ жол" – жазушының шығармашылық қасиетiн шыңдап, тамаша туындыларының кеңiнен танылуына ықпал еткен басылымдар.

Жазушының алғашқы он жылда жазған шығармаларын екшеп, табиғатына үңiлсек, оның кейiнгi шығармаларынан бөлектiгi айқын аңғарылады. 1932 жылы жазған ашық хатына [35] дейiн қаламгер дала тiршiлiгiн, қазақ өмiрiнiң тартысты, қайшылықты тұстарын ерекше шынайылықпен суреттесе, оның кейiнгi жылдардағы шығармаларында өкiметтiң талабын көп ескергендiгi байқалады. Басына қара бұлт үйiрiлген осы жылдардағы қасаң саясат М.Әуезовтi өз туындыларынан бас тартуға да мәжбүр еттi.

С.Сейфуллин [36], I.Жансүгiров [37], Тоғжанов [38], Е.Ысмайыловтардың [39] өткiр сындары "Қаракөз", "Хан Кене" пьесалары төңiрегiнде өрбiдi. Сыншылардың пiкiрiнше, Әуезовтiң бұл шығармалары оның түпкi арман-тiлегiнiң көрiнiсi.

Ұлы жазушы өмiрiндегi өресi биiк шығармалары арасынан 1917-1929 жыл аралығында жазылған әңгiмелерi мен драмалық шығармаларын екшеп алып, ғалымның қаламгерлiк құдiретiнiң қыр-сырына терең бойлауға ниет қойған зерттеушi Ы.Дүйсенбаев болатын. Жазушының шығармашылық жолының алғашқы он жылындағы еңбектерiнiң идеялық астары мен ой көрiктiлiгi, тiл сұлулығына тоқталып, сындарлы зерттеу еңбек жасады [13].

Тыңнан түрен салу, жаңа, жақсыға ұмтылудың әсiре қажеттiлiгiне өзгенi тәнтi етiп, елiктiру – кез келгеннiң бойына дарымаған қасиет. Бұл – табиғаттығң тым сирек құбылыстары-ның бiрi. Олай болса, халықтың рухани дамуына ұлы Абайдан кем үлес қоспаған Әуезовтi табиғат ананың халқына берген үлкен сыйы деп қабылдаған абзал. Қазақ драматургиясының алтын тасын М.Әуезовтiң қалауының өзi, оның өзгеден биiк өресi мен парасаттылығының айғағы.

М.Әуезовтiң драмадағы тұңғыш еңбегiнiң заманалар қойнауына кеткен ғашықтық жайлы ауыр оқиғаға арналуы да тарихын таразылап бiлуге, кешегiсiнiң ақиқатына жетуге ұмтылған азамат iсi. "Ұлттық топырақта драматургиялық дәстүрдiң жоғына қарамай, елдер әдебиетiнен үйрене отырып, Әуезов жанр шарттарына толық жауап бере алатын трагедия жасады, – дейдi ғалым Р.Нұрғалиев. – Сюжеттiк желiнiң тартылуы, композиция құрудағы шеберлiк қаламгердiң драма заңдылықтарын жақсы бiлгендiгiн көрсетедi" [51, 185].

М.Әуезовтiң драматургиядағы қарымды еңбегiн түпкiлiктi зерттеген Р.Нұрғалиев Семей жерiнде жазылып, алғаш сахналанған "Еңлiк-Кебек", "Бәйбiше-тоқал", "Қаракөз" пьеса-ларының iшкi ерекшелiгiн, тұтынған мақсатын, жазылу жайын үңги қарады.

М.О.Әуезовтiң өмiрi мен шығармашылық мұрасы бойынша "библиографиялық көрсеткiштер" 1958, 1966, 1968, 1972 [52] жылдары жарық көрдi. Бұл еңбекте Әуезов шығармаларының жариялануы және оның өмiрi мен шығармашылығының зерттелуi жайындағы еңбектер, шетел тiлдерiндегi библиографиялық мағлұматтар қамтылған едi. Ал М.Әуезовтiң қолжазба мұрасы [53] атты мазмұнды еңбек жазушының жеке өз архивiнде сақталған түрлi қолжазбалар, қойын дәптер, газет-журналдар қиындылары енiп, ғылыми сипаттамаға түсiрiлдi.

Ұлы тұлғаның 100 жылдық мерейтойы қарсаңында өмiрi мен шығармашылығына қатысты барлық құжаттар, деректер бiр iзге түсiрiлiп, толықтырылып, хронологиялық тәртiп бойынша жүйеленiп, ғалымдық, педагогтiк және қоғамдық қызметтерiне қатысты қызықты деректер "М.О.Әуезовтiң өмiрi мен шығармашылық шежiресi" атты кiтапқа ендi [54]. Дегенмен, бұл еңбек әлi де толықтыра түсудi қажетсiнедi. Ұлы дарын иесiнiң сиясы кеппеген күйiнде жоғалып кеткен «Ел ағасы» пьесасы мен «Сұғанақ сұр» атты повесiнiң, орыс тiлiнен аударылған бiрнеше шығармаларының және 20-жылдары жазылған туындылары қолжазбасының табылмағаны осыны айғақтайды.

М.О.Әуезов шығармаларының жинағы көзi тiрiсiнде, 1955-1957 жылдары, 6 том болып жарық көрдi [55], кейiннен 1967-69 жылдары 12 томдық [56], 1979-85 жылдары 20 томдық жинағы жарияланды [57]. Бiрақ, жазушының кесек ойлары, кейбiр мiнi көп, тәрбилiк мәнi жоқ саналған шығармалары көлеңкеде қала бердi. Соның бiрi – 1927 жылы жарыққа шыға салып тәркiленген "Әдебиет тарихы" еңбегi [58]. Кейiннен тарихты, әдеби мұраны тану мәселесi көлденең қойылған тұстарда жазушының әдебиеттiң тарихы жайлы еңбегi 20 томдық шығармалар жинағының 16-томына қысқартылып ендi. Едiге, Ерсайын, Шора батыр жырлары Нысанбай ақын жайындағы зерттеуi қысқартылып, түпнұсқа мен кейiнгi жарияланым арасында үлкен алшақтық пайда болды. Қазақ әдебиетi тарихын зерттеудегi күрделi тұңғыш еңбек "Әдебиет тарихы" алғашқы қалпымен тек 1991 жылы жарық көрiп, оқырманымен қауышты [58]. Жазушының әр жылдардағы шығармалар жинақтары әуезовтануға қосылған үлкен үлес болғанымен, оның мол мұрасын толық қамти алмады. Жазушы шығармаларының елу томдық толық ғылыми жинағына телегей-теңiз мұрасы ғылыми тексеруден өтiп, түзетiлiп, автордың баспаға алғаш ұсынған нұсқасы мен кейiнгi жарияланымдарына текстологиялық салыстырулар жүргiзiле жарияланды [59]. Бұл жинаққа 1917-1969 жылдар аралығындағы әңгiмелерi, повестерi, комедия, трагедия, драмалары, мақалалары, зерттеу еңбектерi, аудармалары ендi. Дархан дарын иесiнiң 1917-1919 жылдардағы публицистiк еңбектерi қасаң саясат тұсында жарияланбағаны, көптеген драмалық шығармаларына ("Қаракөз", "Хан Кене") ескiлiктi дәрiптеу, көксеуден туындаған деген баға берiлгенi белгiлi. Жазушы мерейтойы қарсаңында оның өмiрi мен шығармашылығына қатысты көлемдi зерттеулер жарияланып, саясат шылауына түсiп, өрескел бұрмаланған еңбектерiне жаңаша көзқарас тұрғысынан талдаулар жүргiзiлдi. Мәселен, З.Ахметов [60], З.Қабдолов [61], Р.Бердiбай [62], Л.Әуезова [63], М.Мырзахметов [13], Р.Нұрғалиев [64], К.Сыздықов [65], Б.Майтанов [66], Р.Сыздықова [67], М.Серғалиев [68], Т.Жұртбай [69], [70], Б.Жақыптың [22] ғылыми еңбектерi әуезовтану саласын нығайта түстi.

Әуезовтануға қомақты үлес қосып, жазушының күрделi көркемдiк әлемiн ашу жолында түпкiлiктi зерттеу жасаған ғалым, жазушы Т.Жұртбайдың еңбегiн ерекше атаған ләзiм. Әуезов шығармашылығы мен өмiрiне қатысты тиянақталған материал-дары негiзiнде "Бейуақ" (1990) [69], "Бесiгiңдi түзе" (1997) [4], "Талқы" (1997) [70] атты көлемдi монографияларында тың тұжырымдар жасап, алғашқы нұсқадан кейiн жарияланбаған 16 мақаласын ғылыми айналымға түсiрдi.

Бертiнге дейiн жазушы шығармаларының көркемдiк сұлулығына ғана тамсанып, тұщынған болсақ, Т.Жұртбай ол шығармалардың шежiрелi Шыңғыс жерiнен тамыр тартатынын, әрбiрiнiң астарында өмiр шындығы жатқандығын нанымды ете, тарихпен сабақтастыра отыра ұсынады. М.Әуезов кейiпкерлерi қиялдан туындаған жоқ, әр кейiпкер артында ХХ ғасыр басында орыстандыру, отарлау, ескiмен күресу саясаты туындаған тұста өмiр кешкен қарапайым адамдар бар.Тағдырының ауыр жүгін артып тұр.

Заңғар жазушының өскен ортасы, туған жерi, өмiрiнiң көлеңкелi-күнгейлi жақтарын жүйелi баяндап, қоғамдық-жазушылық еңбегiмен қоса күрделi көркемдiк әлемiнiң сырын ашқан К.Оразалин [71] мен Д.Досжанов [72] еңбектерiнiң де Әуезовтануда ойып алар орны бар. К.Оразалин "Абайдан соң" атты шығармасында М.О.Әуезовтiң балалық, бозбалалық, жiгiттiк шағынан мол мағлұматқа қанық етсе, "Абай ауылына саяхат" [73] еңбегiнде де жазушы өмiрiне қатысты қызғылықты деректер ұсынады. Жарты ғұмырын Абай көзi кеткеннен кейiнгi кезеңінiң шындығын жазуға арнаған Оразалин ұлы ақынның ұрпақтарымен бiте қайнасып өмiр кешкен Әуезовтiң бар болмысын ашуға тырысады. «Абайдан соң» романының үшiншi кiтабы Әуезов өмiрiнiң Семей кезеңiн аша түсуде аса құнды. Оразалин жазушының кiндiк қаны тамған жерi, өскен ұясы, қоршаған ортасы, жақын туыстары жайындағы деректердi құрғақ баяндамай, Әуезов үлгiсiмен ұлттық бояуды барынша пайдалана жазған



Дәріс 5-6
Тақырыбы: М.Әуезовтің поэтикасы
1. Шығарманың жазылу тарихы,

2. Шығарманың көркемдік ерекшелігі

3. Шығармадағы ұлы Абай бейнесі

4.Шығарманың шет елдерге аударылу ерекшелігі

Мақсаты: Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының қазақтың ұлы шығармасы екендігіне көз жеткізу

30-40 жылдары жазушының "Абай" романы жазылды. Бұл – М.Әуезов шығармашылығына байыпты баға берiлiп, ғылыми-зерттеу еңбектердiң дүниеге келе бастаған тұсы. Жазушы шығармаларының сонылығы, көркемдiгi, маңызы жайлы Б.Кенжебаев пен Шаңғытбаевтың [40], С.Мұқановтың [41], Т.Нұртазиннiң [42], Мұстафиннiң [43] еңбектерi, сонымен қатар орыс тiлiнде А.Фадеевтiң [44], З.Кедринаның [45], Ю.Лебединскийдiң [46] еңбектерi жарық көрiп, жазушының шығармашылық қасиетi А.Нұрқатовтың "Мұхтар Әуезов" [6], М.Сильченко мен Смирнованың "М.О.Әуезовтiң творчестволық жолың [12], Е.Лизунованың [11], Ы.Дүйсенбаевтың "Мұхтар Әуезов" [13] атты монографиялық зерттеу еңбектерiнде сарапталды.

Ұлы тұлға мұрасын зерттеу, талдау жолында М.Қаратаев [47], С.Мұқанов [48], Е.Жанпейiсов [49], Р.Нұрғалиев [50] сынды зерттеушiлер тың пiкiрлер айтып, шығармаларының көркемдiк құндылығына үңiлдi.

Исi қазақтың бар болмыс-бiтiмiн бойына сидырған "Абай" романының 1949 жылы жарық көруi М.Әуезовтiң шығармашылық қасиетiнiң жоғары бағаланып, романның көркемдiк қуаты мен тiл сұлулығы турасындағы зерттеу еңбектердiң жарыса жарық көруiне әкелдi.

Жазушының ғұламалық келбетiн танытқан зерттеу еңбектiң қай-қайсысы болсын, оның өмiрi мен өскен ортасы жайын айналып өтпеген. Жазушының өмiр тәжiрибесiне Семей өңiрiнiң қаншалықты әсерi, кемеңгер Абай дәстүрiнiң ықпал етуi зерттеушiлер назарынан тыс қалмады.

Дәріс 7-8



Абайтану асулары

1.Абай шығармашылығы жайындағы К.Ысқақұлы мақаласының мәні.

2. Баспа беттеріндегі Абай төңірегіндегі кереғар пікірлер.

3. М.Әуезовтің “Абайдың туысы мен өмірі” мақаласыныңАбайтанудағы жаңа белесі.


Абайтану ілімінің негізін қалаған М. Әуезовтің , Абайдың қазақ әдебиетіндегі орны мен ақындық шеберлігін айқындайтын С. Мұқановтың, кемеңгер ақынның поэззиясын зерттеген Х.Жұмалиевтің, Е. Ысмаиловтың,

З. Қабдоловтың, өнерпаздық өмірбаянына барлау жасаған М. Сильченконың, Абайдың орыс әдебиетімен шығармашылық байланысын шолған З. Ахметовтың, қара сөзіне назар аударған Х. Сүйіншәлиевтің, Абайдың дүние танымы мен эстетикалық ойына көңіл бөлген Б. Ғабдуллиннің, педагогикалық көзқарасын пайымдаған Т: Тәжібаевтың, Абайдың ақын шәкірттері жайлы, Абай шығармаларының текстологиясы жайында құнды зерттеу жасаған Қ. Мұхаметқановтың, сондай-ақ Абай шығармашылығы туралы сүбелі ойлар айтқан Қ. Жұбановтың, Ә. Тәжібаевтің, Т. Әлімқұловтың, М. Қаратаевтың, Б. Кенжебаевтың, Қ. Өмірәлиевтің және тағы басқа да көптеген авторлардың еңбектері қазақ әдебиеттану ғылымы мен сынының қарқынды өркендеу арнасындағы ең мәнді олжалар.

Ең алғаш Абай шығармашылығы жайындағы жазылған мақалалардың бірі

Кәкітай Ысқақұлыныкі екендігі белгілі. Автордың Абай өлеңдерін тақырыпқа бөліп орналастыруы ғылыми тұрғыдан олпылы-солпылы болса да, оның сыншылдық ойының ұшталғандығынан хабар береді.

Абайтану ғылымының бүгінгі тұрғысынан қарағанда бұл тұңғыш мақалада айтылмай қалған мәселелердің көптігіне қарамастан, осы мақаланың тарихи тағдырына назар аударған жөн.

Әзірге белгілі болған деректерге қарағанда Абайдың аты ағылшын тілінде 1891 жылы Лондонда шыққан Джорж Кеннанның сібір және жер аудару деген кітабында аталды.

Қазақ туралы жазылған кітаптардың, газет-журналдардағы мақалалары мен заметкаларының көрсеткішінде А. Аллекторов Абайдың Дала уалаятының газетінде 1889 жылы жарияланған Күлембайға деген өлеңіне түсіндірме беріп, өз бағасын береді.Абайдың шығармаларын насихаттау, халыққа таныту ісінде қазақтың тұңғыш журналисттерінің бірі Н. Құлжанованың еңбегі айрықша.

Абай шығармашылығын теориялық тұрғыдан жан-жақты талдап, біршама құнды пікір айтқан А. Байтұрсынов.

Абай өнерпаздығына, даңқына молырақ тоқталған ең алдымен сынның қанаттануына, айтарының нақтылануына, баяндаудан гөрі дәлелдеуге ұмтылатын сыни еңбектер жыл сайын толығып, көбейе түсті.
Бақылау сұрақтары:

1.Абай шығармашылығы жайындағы К.Ысқақұлы мақаласының мәні.

2. Баспа беттеріндегі Абай төңірегіндегі кереғар пікірлер.

3. М.Әуезовтің “Абайдың туысы мен өмірі” мақаласыныңАбайтанудағы жаңа белесі.

Негізгі ұғым: Абайтану арнасындағы сын

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Кәкішов.Т. Жанр жайлауы. –Алматы, Қазақ әдебиеті, 2007.

2. Кеңбейіл, М. Замандастар заңғары: Әдеби-танымдық, сыни, зерттеу еңбектер. – Алматы: Арыс, 2007.

3. Қирабаев, С. Әдебиетті қайта оқу: әдебиеттік, зерттеулер мен мақалалар. – Алматы: Балауса, 2010.

4. Мұхамедханов, Қ. Шығармалар жинағы. Көп т. Т.5. Мақалалар. Зерттеулер / Қ. Мұхамедханов; Жинақты құраст.: Е. Іргебаев.- Алматы: Ел-шежіре, 2007

5. Қазақ әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық А-Я.- Алматы: Аруна, 2005.

6. Кәкішев, Т.К. Мерей. Ғылым.- биогр.жинақ. 2- томдық. Т.1/ - Алматы, 2002

7. Нұрғалиев Р. Талант қырлары. Қазақ әдебиеті, 9 қыркүйек, 2009.

8. Смағұлов Ж. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. – Алматы: Қазақ университеті, 2000.

9. Майтанов Б. Сөз сыны. – Алматы: Ғылым, 2002.
Дәріс 9

Тақырыбы: М.Әуезов және Абай үндестігі

1. Әуезовтің абайтану ілімін қалыптастыруы

2.Әуезов арқылы әлем таныған Абайдың бейнесі әлем әдебиетінде

3. Абай тану іліміндегі бүгінгі зерттеулер

Мақсаты: Әуезовтің абайтанудың негізін салуын нақты дәлелдермен ұғындырып, абайтанудағы бүгінгі жетістіктерге щолу жасау

М.Әуезовтiң абайтану саласындағы тұңғыш өмiрбаяндық-шығармашылық зерттеу еңбегi – «Абай» журналының 1918 жылғы 2-санында жарияланған «Абайды өнерi һәм қызметi» атты мақала. Данышпан Абай жөнiнде Н.Рамазанов, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсыновтар шағын мақалалар жариялап, оның өмiрiне, қазақ арасындағы орнына қатысты деректер келтiрген. Абай жөнiнде толымды, дәлелдi тұжырымдар берiлiп, «Екеу» деп қол қойылған бұл мақалада Абайдың туған жерi, өскен ортасы, ақындығы, данышпандығы сипатталады. Кеңес дәуiрi тұсында назардан тыс қалған мақала филология ғылымдарының докторы, профессор А.Еспенбетовтың әзiрлеуiмен Абай журалының 1995 жылғы 1-2 сандарында қайта жарық көрдi /197/.

М.Әуезовтiң «Екеу» деген бүркеншек атпен жариялаған «Абайдан соңғы ақындар» атты мақаласында сол тұста от жалынды жырларымен халыққа таныла бастаған ақындардың әдебиеттегi еңбектерiне терең үңiлiп, сыни пiкiрлерiн бiлдiредi.

Бұған дейiн Абайдың ақындығы, өнерi мен өмiрi жөнiнде журналдың екiншi санында терең тоқталған Әуезов бұл мақаласында Абайдың iзiн басқан келесi буын ақындарды таныстыруға ден қойды.

«Қазiр бiзде өлең жазушылар көбеюiне себеп болып отырған нәрсе – бiр оянудың тарлығы. Бұл оянуға бiрiншi «Абай», екiншi «Қазақ» газетасы, үшiншi жалпы жұрттың ғылымға бет алуы себеп болды» /118,90/ деген тұжырым жасайды. Әуезов Абайдан кейiнгi ақындар iшiнде ең алдымен Мағжан есiмiн атады. Жалпы қазақ ақындарын өлеңi мен өнерiнiң түрi мен қалпы бойынша бiрнеше жiкке бөле қарап: Сезiмге әсер берерлiк суреттi өлеңдер көбiнесе Мағжан, Мiржақып, Сұлтанмахмұт һәм Ахмет Мәметовтiкi.

Екiншi жiктiң өлеңшiлерi Ахмет Байтұрсынов, Сәбит Дөнентаев, Шаһкәрiм, Бекет Өтетiлеуовтiкi. Бұлардың өлеңi сырты сұлу, тiлi кестелi, анық, халықтың ұғымына, оқуына жеңiл, тәттi. Бұлардың өлеңiнiң сезiм, қиялға тәрбие әсерi аз, ақылға азығы бар. Бұлар халықшыл (народник) ақындар... /76,93/ деген. Ал, үшiншi топ ақындарына ескi жыр, тақпақтарға елiктеп жазатын Ғұмар Қарашевтi жатқызады.

Әдебиеттiң қадам алысын қырағылықпен бақылап, қазақ ақындарының жетiстiгi мен кемшiлiгi, сөз саптауы, ой қорытуына аса мән бере қарап: «Әдебиет бақалшының қоржыны емес, қотанда жатқан қиқым-сиқымды балаларға алдап сатып тыға беретiн. Әдебиетке қызмет қылуды әркiм-ақ тiлейтiн шығар. Бiрақ қолдан келмейтiн нәрсемен қызмет қыл деп әдебиет қыстамайды» /118,93/ деген түйiн түйедi.

«Абайдың соңғы ақындар» атты мақаласын қазақ әдебиетi сынында жасалған еңбектердiң басы деуiмiзге әбден болады. Әдебиеттiң сол тұстағы тынысына сын-пiкiрiн бiлдiрiп, әдебиет мәселесiн жүйелi түрде талдап, көркемдiк ерекшелiктерiне қарай топтастыруға ұмтылған Ж.Аймауытов пен М.Әуезовтiң салиқалы пiкiрлерi қазақ әдебиетiнiң дамуы мен қазақ әдебиетi сынының қатар қадам алысының айғағы iспеттi. Ғалым Т.Кәкiшев қазақ әдебиетi сыны мен ғылымының тарихын үш кезеңге бөле қарастырып, оның екiншi кезеңi 1917-1937 жылдардың арасын қамтитын қазақ әдебиетi сынының жанр ретiнде қалыптасу және әдебиеттану ғылымыны туу дәуiрi деген тұжырым жасаған /198,3/. Егер әдеби сынның пайда болуы мен дамуы әдебиеттiң өркендеуiмен сабақтас деген болсақ, «Абайдан соңғы ақындар» сын-мақаласы қазақ әдебиетiнiң алғашқы толқын сыншыларының пiкiрi дер едiк


Дәріс 10
Тақырыбы: Әуезов стилі, поэтикасы,публицистикасы



1.Әуезов шығармаларының жарнрлық ерекшелігі

2. Әуезов шғармаларының стильдік ерекшелігі

3,М.Әуезов және қазақ публицистикасы, қалыптасуы, дамуы

Мақсаты: Әуезовтің қайталанбас өзіндік стиль шеберлігін, публицистика саласына қосқан үлесін, шығармаларының поэтикасын ұғындыру
Қай жазушының, қаламгердiң болмасын шығармашылық жолының беташарына айналған баспасөз Әуезовтiң шығармашылығында да елеулi орын алады, мерзiмдi баспасөз жазушының шеберлiк мектебiне айналды.

Жиырмаға толмаған жас жiгiт алғашқы ойларын "Алаш" газетiнiң 1916 жылдың 30 наурызында шыққан санында жариялаған. Толғамды ой, саналы пiкiрiн бiлдiрiп, жанын мазалаған ойларымен оқырманмен бөлiседi.

«Қазақтың өзгеше мiнездерi» [76, 1, 43] – болашақ жазушы, драматург, ғалым Әуезовтiң алғашқы тырнақалды туындысы.

Бұл мақала – ғұламаның әлемдi мойындатқан үлкен суреткерлiгiнiң, тамаша дарынының, жалпы шығармашылығы-ның тұнық бастауы. Әуезовтiң семинарияда бiрге оқыған құрбысы Жүсiпбек Аймауытовпен бiрге жазған осы мақаласы соңында "Семей семинариясында оқитын Аймауытов һәм Әуезов" деп қол қойылған.

Кеңес дәуiрi тұсында Әуезовтiң бұл мақаласын еске алмауының да өзiндiк себебi бар. Халық жауы саналған Ж.Аймауытовтың пiкiрiмен үндес болғандығының өзi Әуезовтi орға жығары сөзсiз едi. Мақала жөнiнде қою тұман сейiлiп, жоғалтқанымызды тауып, жаңаға бет бұра бастаған 1990 жылы ғана профессор Керiмбек Сыздықов ашып айта алды [114].

1916 жылдың 26 қарашасында алғашқы нөмiрi жарияланған "Алаш" газетi келер жылдың жазына дейiн шығып тұрды. Көлбай Тоғысов редакторлық еткен бұл газетке Т.Жомартбаев, С.Дөнентаев, А.Баржақсин, Б.Майлин сынды белдi азаматтар мақалалары шықты [115, 15].

М.Әуезов "Қазақтың өзгеше мiнездерiң атты тырнақалды мақаласындағы ойларын кейiнiрек "Сарыарқа" газетi мен "Абайда" жариялаған мақалаларында жалғастырады.

"Оқудағы құрбыларыма", "Қазақ iшiндегi партия неден", "Ғылым тiлi" сынды мақалаларында елдегi надандықты сынға ала отырып, бiлiм жолында жүрген жастарға иек артады.

Әуезовтiң қаламгерлiк қызметiне үлкен ықпал еткен басылым – "Сарыарқа" газетi 1917 жылғы ақпан төңкерiсiнен кейiн, қазақ халқы ояну кезеңiн басынан өткерген тұста дүниеге келдi. Бостандық аңсаған халықтың өсiп, өркендеуге ұмтылысы қазақ басылымдарының дүниеге келуiне ықпал еттi. Қазақтың iлгерi басқан әр қадамы, көзқарас пайымы, саясат майданындағы қалпы "Қазақ" газетiнiң iзiн басқан "Сарыарқада" жазылатын болды. Сөйтiп, "Сарыарқаны" бастыру мiндетiн "Теңдiк" серiктестiгi мойнына алып, оған 500 сом жарнамен Қалғараұлы Бекқожа, Оразалыұлы Жұмеке сияқты ауқатты ел азаматтары көмек бередi [116, 57].

"Сарыарқа" газетiнде белгiлi ұлт қайраткерлерi Уалихан Бөкейхановтың, Мiржақып Дулатовтың Әлiмхан Ермековтiң, Мұстақым Малдыбаевтың, Жақып Ақбаевтың, Мәннан Тұрғанбаевтың қоғамдық-саяси, экономикалық жағдайларды сөз еткен мақалалары жарияланып тұрды.

"Сарыарқа" газетi екi жылдан аса уақыт бойы шығып тұрды, оған Алаштың танымал қоғам қайраткерлерi редакторлық еткен. Мәселен, осы тұста Р.Мәрсеков Семей облыстық қазақ комитетiнiң мүшесi, областной соттың төрағасы, адвокат болса, ұаббасов Семейде уақ қарыз инспекторы, жер комитетiнiң және қазақ комитетiнiң мүшесi болған. Газетте тек қоғамдық мәселелер емес, әдебиет мәселесi де алғы жолға қойылып, әңгiме, өлең басылып тұрды.

Жүсiпбек Аймауытов, Сәбит Дөнентаев, Сұлтанмахмұт Торайғыровтардың да шығармашылық жолының бастау алуына "Сарыарқаның" үлкен ықпалы болған.

Семинария шәкiртi Мұхтар Әуезов те "Сарыарқа" бетiнде "Адамдық негiзi – әйел", "Қайсысын қолданамыз", "Оқудағы құрбыларыма" атты мақалаларын жариялап, үлкен әлеуметтiк мәселелер көтере, өзiнiң қаламының ысылып, қоғамдық пiкiрiнiң қалыптасып қалғанын дәлелдейдi.

Ал "Абай" журналының алғашқы нөмiрi 1918 жылы жарық көрдi. "Сарыарқа" газетi 1917 жылдың желтоқсанындағы санында "Абай" атты қазақша ғылыми-әдеби, шаруашылық журналына жазылу ашылғанын қазақ тiлiнде ай сайын екi рет шығарып, бұл басылым шығарушылары Мәннан Тұрғанбаев, Жүсiпбек Аймауытов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мұхтар Әуезов, Сәбит Дөнентаев, Сейтбаттал Мұстафиндер екенiн жазады [117].

Мұхтар Әуезов – бұл журналдың жарыққа шығарушы- ұйымдастырушы "Екеудiң" бiрi. Қазақта ғылымның дәнiн егiп, көзқарасын кеңейтуде басылымның үлкен әсерi барын сезiнген жас азаматтар Уақытша үкiмет тұсындағы Земстволар арқылы қарыз алуға мүмкiндiк алып, ғылыми шаруашылық журналды өмiрге әкелдi.

Журналдың алғашқы нөмiрiн шығарушының бiрi – Жүсiпбек Аймауытов:Журналдың атын "Абай" қойғандық: қазақтың баласына ат қойғаны сияқты. Журналымыз Абайдай болсыншы деп елiктеген емес, Абайды құрметтеп, атын тарих жүзiнде көркейтiп, нығайтпақ" [118, 4] деп, Абай құрметiне ашылған журналдың ғылыми, әдеби және шаруашылық мәселелер төңiрегiнде ой толғайтынын, журналды шығаруға бес-алты жiгiттiң бел шешкендiгiн айтады.

М.Әуезов өмiрбаянының бiрiнде: «Обучаясь в учительской семинарии в 1918-19 гг. я сотрудничал в журнале "Абай" издававшемся на средства алашского кредитного товарищества силами учащейся молодежи. Общественно-литературный журнал "Абай" не был органом правительства Алаш орды, но имел в основе культурно-просветительской программы националистическую направленность. В нем сотрудничали молодые литераторы и учителя, здесь не сотрудничал ни один из видных деятелей, публицистов, литераторов, членов "Алаш Орды". Являясь членом редколлегии, я никогда не был редактором журнала "Абай"» деген [118, 55].

Жазушының бұл өмiрбаяны Кеңестiк дәуiрдегi идеологияның тамырын тереңге батырып, ұлттық мүдде, дербестiк жолында күрес жүргiзген "Алашорда" мүшелерi қудаланған шақта жазылған едi.

"Абай" журналының iлгерiлеушiлiк бағыт ұстанғаны анық. Басылым беттерiндегi әр мақала халықты бiлiмге жетелеу, намысын ояту, ой өрiсiн кеңейту мақсатында, саяси рухта жазылған едi.

"Журнал туралы" атты мақаласында Жүсiпбек Аймауытов журналдың көксеген мақсатын ашып айта отырып, "Қазiргi қазақ тiлiнде шығып тұрған газеталар саяси хабарларды жазудан артыққа бармайды. Сондықтан, әр түрлi мағлұмат жазылып тұратын журнал өте керек" [118] деп топшылайды.

Сонымен, журнал бетi әдеби, шаруашылық, ғылыми мақалаларға толып, оны шығарудың ауыр жүгiн Жүсiпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов арқалады.

Журналдың ғылыми бөлiмiн басқарған Мұхтар Әуезовтiң мақалалары басылымның әр санынан оқу мүмкiн болды.

Бiзге Мұхтар Әуезовтiң "Абай" журналында жариялаған оннан аса мақаласы белгiлi. Алайда, өзгенiң атынан немесе авторсыз жарияланған мақалалардың да болуы ықтимал ғой. Осы орайда әуезовтану саласында үлкен еңбек сiңiрiп жүрген зерттеушi- ғалымдар Т.Жұртбаев [4], К.Сыздықов [65], Б.Жақыптардың [22] пiкiрлерi де бiр арнаға саяды.

Жазушы шығармашылығының елу томдық толық жинағына бұдан бұрынғы жарық көрген 6-, 12,- 20 томдық шығармалар жинағына енбеген шығармалары толық кiрiп, алғашқы нұсқасы бойынша текстологиялық салыстырулар жасалған.

Жазушының алғашқы публицистикалық еңбектерiнiң өзi-ақ әдебиетiмiздiң қазынасына қосылған қор едi. Олар сол тұстағы өмiр шындығын бейнелеуiмен де аса құнды. Әуезовтiң "Абай" журналында басылған алғашқы материалдары: "Ғылым" /4-5 б/; "Будда" (аударма Толстойдан) /7-9 б/; "Абайдың өнерi һәм қызметi" /1-3 б/; ("Екеу" деп қол қойған Ж.Аймауытовпен бiрге); "Қазақ iшiндегi партия неден?" /3-5 б/; "Мәдениетке қай кәсiп жуық?" /9-10 б/; "Философия жайынан" /6-8 б/; "Жапония" /10-11 б, жалғасы бар/; "Абайдан соңғы ақындар" /1-6 б/; "Екеу", "Жапония" /14-16 б/; "Бiрiншi жалпы жастар съезi" /3-4 б/; "Жастар ұйымдарына ашық хат" /4-6 б/; "Ғылым тiлi" "Научный термин" /4-6 б/; "Қазақ әйелi" /5-8 б/; "Қазiргi қазақ күйi", "Қазақ қашан жетiледi", "Мәдениет їәм Ұлт" /1-5 б/; "Земство һәм кооператив қауымдары" /9-12 б/; "Оқу iсi" /5-9 б/ /63.42-44/.

М.Әуезовтiң алғашқы жазулары, қоғам, өмiр, халық жөнiндегi жалпы саяси-әлеуметтiк мәселелердi қозғаған көсемсөздерi Кеңес дәуiрiнде қатал сынға алынған. Шығармалар жинағын құрастыруда өлшеп-екшеп, сүзгiден өткiзiп, кеңестiк идеологияға сай келетiн еңбектерi ғана iрiктелiп алынды. Ал жазушының 100 жылдық мерейтойы қарсаңында Әуезовтiң елу томдық шығармалар жинағын жарыққа шығару ұйғарылып, жазушының "Сарыарқа", "Абай" сынды басылымдардағы ой-толғамдарын түгел енгiзуге мүмкiндiк туған едi.




Дәріс 11

Тақырыбы: Әуезов және фольклор, драматургия

1. Әуезовтің ауыз әдебиеті үлгілерін жинауы, бастыруы

2. М.Әуезов және қазақ әдебиетінің тарихы

3.М.Әуезов және драматургия

4 «Еңлік-Кебек» қазақ сахна өнерінің негізі

Мақсаты: Әуезовтің қазақ әдебиеті тарихын жасаудағы еңбектерінт таразылау, алғашқы және кейінгі драмаларық шығармаларының ерекшелігіне тоқталу, аударма пьесаларын талдау жасау

ХХ ғасырдың басында орын алған саяси өзгерiстiң елiмiздiң рухани тыныс-тiршiлiгi, әдебиетi мен мәдениетiнде де көрiнiс тапқаны аян. әдебиет жаңару, түлеу шағын басынан өткерiп, бүған дейiн қазақ тарихында болмаған әдеби жанрлардың тұсауы кесiлдi, көне Грецияда сан мыңдаған жылдар бұрын пайда болған театр өнерi қазақ даласында да өмiрге келдi. 1917 жылдарға дейiн қазақ жерiнде орыс, татар өнер труппалары қалыптасып, олармен үзеңгi қағыстыра қазақтан шыққан зейiндi жастар да сахна өнерiн жасауға талпынса, М.Әуезов те бұл кездерi театрдың дәндерi егiлген дәстүрлiк ерекшелiктер мен театр өнерi дамып, қалыптасқан iргелi елдер тәжiрибесiн ұштастыра, байланыстыра отыра сапалы да бағалы туынды жасауға ден қойған едi. Бұл талпынысын шыңдай отыра қазақтың бай дәстүрi мен ұлттық қасиетi айрықша көрсетiлген, мақтау мен сүйсiнуге лайық, мәнi мен маңызы биiк шығармаларын дүниеге әкелдi. өшқыр ойлы дарын иесi алғашқы драмалық шығармалары арқылы-ақ қазақ әдебиетiне жаңа жанр түрiн енгiзiп, ұлттық дран шықпағанының негiзiн қалады.

С.Мұқановтың: «Қазақ әдебиетiнде драматургия жанры тек Мұхтар Әуезов қана ашқан жаңалық» /171/ дегенi ұлы тұлғаның драматургтiк қасиетiнiң шынайы бағасы. Қазақ жерiнде сахна өнерiнiң қазығын қадап, оның iлгерi дамуына барша ықыласын салған М.Әуезов Эсхил, Софокл, Шекспир трагедияларынан, Аристофан комедияларынан үлгi алып, ұлттық санамызға, әдет-салтымызға сай өмiрлiк тарихи деректерге толы драмалық шығармалар жазды.

Әуезовтiң шығармашылықта шәкiрттiң шағының болмағанына қазақтың қасиеттi қазынасына, мақтанына айналған iлкi туындылары «Еңлiк-Кебек», «Бәйбiше-тоқал», «Қаракөз» пьесалары дәлел. Қазақ даласында М.Әуезовке дейiн шебер драматург те, режиссер да болмаған, оның үлгi алар тұнық бастауы туған топырағының бай дәстүрi, аңызы, әңгiмесi, ертегiсi, ұлы Абай өскен ортаның даналығы. Мұның бәрi хас дарынның қайсар өр мiнезi, ой-қиял ұшқырлығымен үндесiп, балаң шәкiрттi үлкен тұлға дәрежесiне көтердi.

20-жылдары қоғамдық iстердiң бел ортасында болған қайраткер С.Садуақасов қазақ пьесаларына бәйге жариялап, өзiнiң ұлт театры туралы атты кiтапшасының мұқабасына «Қазақша тұрмыс ретi мен саясат дұниесiнен, я тарихтан алынып жазылған пьесаға бәйге берiледi» деген хабарлама жариялайды. Қазақ елiнiң қаламы жүйрiк жас драматургтерiнiң пьесалары сараланып, бiрiншi бәйге М.Әуезовтiң «Қаракөз», екiншi бәйге Ж.Аймауытовтың «Шернияз» пьесасына берiлдi /184/.

М.Әуезовтiң драмалық шығармалары ерекше мәнiмен де, тың жаңалығымен, адамгершiлiк рухани қасиеттерiнiң басымдылығымен халық жүрегiне жол тапты. Бұл жөнiнде Ғ.Мұсiрепов Қазақ драма театрының шымылдығын Еңлiк-Кебек ашса, музыкалық театрымыздың шымылдығын 1934 жылы Айман-Шолпан ашты. Бұл сынғаның екеуi де кездейсоқ емес едi. Бұл тұстарда аяқтанып қалған драматургиямызды iрiктеп келгенде театр шымылдығын ашуға ең толымдысы Мұхтардың шығармалары болдың [189] деген едi.

Алғашқы драмалық шығармасы Еңлiк-Кебектiң екi дүниенiң озбырлығына қарсы айтылған уытты сының, шығарма авторының драматургтiк талантының жарқ еткен бiрiншi көрiнiсi деп атап көрсетiлгенiмен, кеңестiк дәуiр сыны М.Әуезовтiң қазақ драматургиясының негiзiн қалағандығын толық мойындай қоймады [190]. Сөйтiп, Абай жерiнде, Абай ұрпағының үлкен тойында қазақтың сахна өнерiнiң тұсауы кесiлгенi назардан тыс қалады. Сонымен қатар 1967 жылы шыққан Қазақ әдебиетi тарихы кiтабында Әуезовтiң шығармаларының осал жағы: Ол революция туғызған жаңа заман шындығын, ұлы өзгерiстердi” заңдылығын дұрыс және жете түсiнбеген автордың дүниетану тұрғысының тиянақсыздығы, саяси-идеялық көзқарасының қайшылығы. Бұл жағдай дарынды жазушының құлашын кең жайып, өмiр материалын терең қопарып, социалистiк реализм аясында шыншыл, шынайы шығарма туғызуына бөгет жасамай қойған жоқ /155,435/ деген сын айтылады.

Жазушы шығармашылық жолының алғашқы қадамдары жөнiнде: Сырлы әдебиетке кiрiсудi пьеса жазудан бастадым /76,71/ деп жазған едi өз өмiрбаянында.

Сол алғашқы да сәттi пьесасы – Абайдың немересі Ақыштың ұзатылу тойында Әйгерiмнiң аулында Ойқұдықта қойылған. Қазiр осы Ойқұдық басында орнатылған ескерткiште: «1917 жылы 7 маусымда қазақ халқының сахна шымылдығы тұңғыш рет киiз үйде, осы Ойқұдықта Еңлiк-Кебек пьесасымен ашылды. Пьесаны қойған автордың өзi Мұхтар Әуезов» деген сөздер жазылған.

Семинария студентi Әуезов қазақ әдебиетiнде алғашқылардың бiрi болып жаңа жанр түрiн енгiзiп, пьеса жазуға ұмтылыс жасайды. Шәкәрiмнiң «Жолсыз жаза» дастаны негiзiнде жазылған пьесаның сахналануына ауыл жастары жұмылдырылды.

Алғашқы қазақ пьесасын тамашалағандар ойынға жұрттың көп жиналғанын, ойнаушылардың кейiпкерлер сипатын дәлiрек келтiру үшiн түрлi костюм кигенi жөнiнде айтқан /87,363/. Әуезов әр ойыншының киiм үлгiсiне үлкен мән берiп, жүрiс-тұрысын түзеп, режиссерлық етедi.

Ақ махаббаттарына араша түсе алмай, құрбан болған қос ғашықтың мұң-зарын, жан айқайын сары дала қайта естiдi, Еңлiк сұлу, Кебек батыр, Кеңгiрбай би қайта сөз алды. «Еңлiк-Кебек» ғашықтар трагедиясы қазақ әдебиетiнде шоқ жұлдыз боп жарқырай алды.

«Еңлiк-Кебек» пьесасының шын мәнiнде асыл туындыға айналуына автор бар ықылас-пейiлiн салған. Ол жөнiнде Ы.Дұйсенбаев: «М.Әуезов өзiнiң ең көрнектi шығармаларының бiрiн пьеса түрiнде жазды. 1917 жылы қағаз бетiне түсiп, сол жылы Әйгерiм ауылында сахнаға тұңғыш рет қойылса, 1922 жылы Орынбор қаласында жеке кiтап ретiнде басылып шықты. Содан кейiн драматург осы туындысына қайта оралып, оны бес рет өңдедi де, соңғы нұсқасын 1957 жылы театрға қайта ұсынды» /13,71/ деп жазды.


Дәріс 12 Әуезов проза жанрының шебері, аудармалары

1. Әуезов алғашқы әңгімелерінің көркемдігі

2. Поесть және роман жазудағы ерекшелгі

3. Шекспир, Тренев,Афиногенев, гогольден аударған драмалық шығармаларының ерекшелігі.

2. Толстойдан аударған алғащқы еңбегі

Мақсаты:Жазушының прозплық шығармаларының қасиетіне үңілу, (әңгімеден романғадейін), аударма прозасы пен пьесасының мазмұн ерекшелігін түсіндіру
Айрықша дарын иесi, сыршыл, сыншыл суреткер, сөз майталманы Мұхтар Әуезов заманының шындығын, құпиясы мен сырын терең ұғынып, әсер алып, бағдарлап байқаумен шектелмей, өмiрлiк шындықты, әлеуметтiк мәселенi, тұрмыстық ерекшелiктi рухани дүниемен байланыстыра, сабақтастыра отыра үлкен шығармашылық әлемге бағыт алды.

Халқына қызмет етудi өзiнiң ғұмырлық мақсаты санаған жазушы өмiрiнiң соңғы сәттерiне дейiн халқының бақыты жолында жанқиярлық iстерге де барды, талай игi iстiң ұйтқысы да, жанашыры да болды. Қазақ әдебиетiне жаңа үрдiс, соны соқпақ, тың жаңалық енгiзiп, сан-салалы, көп қырлы еңбегiмен оның өркендеп-өсуiне қомақты үлес қосты.

М.Әуезов шығармалары қазақ әдебиетiндегi кешелi-бүгiнгi шығармалардың қай-қайсысымен қатар қойғанда мазмұны мен көркемдiгi, тарихилығы жағынан басымдық танытып, халықтық сипатымен ерекшеленедi, көркемдiгiн әлемдiк әдебиет аясында қарастырғанда ғана шығармашылық құдiретiнiң сыры мен мәнiн ашу мүмкiн болады.

М.Әуезов шығармаларының құдiретiне бас имеген, тамсанып, таңдай қақпаған қазақ жоқ десек, дүниежүзiлiк әдебиеттегi өзге нәсiлдi, өзге тiлдi ғалым-жазушылардың да ой алыбының туындыларын жоғары бағалағандарын мақтанышпен айтқан ләзiм.

Қазақ халқының бүкiл болмыс-бiтiмi, салты, тарихы, әдебиетi шынайы көрсетiлген «Абай жолы» романына ХХ ғасырдағы қазақ өмiрiнiң энциклопедиясы деген баға берiлуiнiң де негiзi осында жатса керек. Халықтың әдебиетi мен мәдениетiнен өзге әлеуметтiк жағдайы, фольклоры шеберлiкпен жазылған шығармада ұлттық ерекшелiктерiмiздiң барлық қыры толық қамтылған. Әлеуметтiк теңсiздiк, тартыс, шиеленiс, тiптi, қыз ұзату, келiн түсiру, шiлдехана, жаназа сынды дәстүрлiк құндылықтардың да жазушы назарынан тыс қалмауы шығарма қасиетiн арттырып тұр.

Әдебиет зерттеушiсi Е.Жанпейiсов «Қазақ прозасының алғашқы үлгiлерi XIX ғасырдың соңғы ширегiнен былай көрiне бастайды» [167, 48] дей келiп, оларда фольклорлық элементтердiң басым болғандығын айтады. Ал кәсiби көркем проза мен оның тiлiнiң қалыптасуы Ы.Алтынсариннiң новеллалары мен Абай қарасөздерiнен басталады.

М.Әуезов шығармаларының iшкi желiсi мен сыртқы пiшiнiнiң сонылығы, ғажайып көркемдiгi жазушы шеберлiгiн, ой мен көркем қиялға бай суреткерлiгiн, сонымен қатар әдебиет майданындағы қатарластарынан көш бойы iлгерiлiгiн танытты.

Көркем шығармада ақиқат өмiрдiң iзi, сәулесi, шындығы бар десек, Әуезовтiң оқиғаның iзiмен жазылған шығармаларында шынайы әрекеттiң көркемдiк нұсқасы бары айқын аңғарылады.

М.Әуезов өз жүрегiнiң лүпiлi, ақыл-сезiмi арқылы қоғам шындығын терең зерделей отыра заманының тартысты тұсын шынайы суреттедi, өзiндiк үнiн қосты. Үлкен суреткер өз қара басының мұңын, арманын суреттеуден аулақ. Ол адам тағдырын, қоғам тағдырын жырлайды. Соны шығарма өрнегiне түсiруде өз тәжiрибесiне де, қоғам тәжiрибесiне де арқа сүйейдi [168, 12].

М.О.Әуезовтiң алғашқы шығармаларында ел тағдырын жан-жақты толғайды, қоғам өмiрiндегi қайшылыққа, тартысқа толы сәттердi баяндай отыра, өмiр тәжiрибесiндегi оқиғаларды да қалтарыс қалдырмайды.

ХХ ғасырдың 20-жылдары әдебиеттiң теориясы мен методологиясы жөнiнде салиқалы еңбек жазған А.Белецкий көркем әдебиет шығармаларын екi түрге бөле қарайды [169, 36]. Оның бiрiншiсi, автобиографиялық нұсқадағы, беллетристикаға ұқсас шығармаларда көбiне автордың өз өмiр тәжiрибесiнен алынған деректер пайдаланылған мемуар немесе ақындар күнделiгi. Мұны Руссо, Гете, Жорж Санд, Диккенс, Толстой шығармаларынан көруге болады.

Көркем шығармалардың тағы бiр қатарының сюжетi сыртқы ортадан, автордың жеке өмiрiнен шеткерi жатқан оқиғаларға құрылады [169, 37].

М.О.Әуезовтiң алғашқы шығармаларында осы екi құбылыс та көрiнiс тапқан. «Қорғансыздың күнi», «Қайғылы жетiм», «Жуандық», «Қаралы сұлу», «Қыр әңгiмелерiнде» қазақ өмiрiндегi болған оқиға шындығы көрiнiс тауып, автор өмiрiнен тыс оқиғалар көркемдiк реңк алса, «Үйлену», «Ескiлiк көлеңкесiнде», «Кiнәмшiл бойжеткен», «Сөнiп жану», «Оқыған азамат» сынды әңгiмелер желiсi тiкелей автордың өзi араласып, қатысқан оқиғаларға құрылған.

Әуезов шығармаларында терең психологизм, лиризм басым, адам жанының сан алуан құбылыстарын, нәзiктiгiн суреттеп, iшкi әлемiне терең үңiледi. Жазушы қаламынан туған әр шығармада халықтың тек өзiне ғана тән қасиетi, өмiрлiк ерекшелiктерi, адамгершiлiк-рухани құндылықтары бой көрсетедi. Алып сөз зергерi елiнiң тағдырына аянышпен қарап, жетiстiгiне қуанып, кемшiлiгiне қайғыра бiлетiнiн ұзақ шығармашылық жолында дәлелдедi.

М.Базарбаев: «Сонау алғашқы әңгiме, повестерiнен бастап, драмалық шығармалары, атақты «Абай жолы» романы – бәрi де алған кейiпкерлерiнiң онымен сезiмiн терең меңгерiп, солардың жүрегiне жол таба бiлудiң, тағдыр мен жеке бас аралығындағы дәнекер арқаудың үзiлмеуiн, меңзеген мақсатын солардың қан тамырының соғуына қарай дәлелдегенiн байқатады» деген тұжырым жасаған [170, 268].

М.Әуезов қазақтың шұрайлы тiлiнiң мол қорын шеберлiкпен пайдалана отырып, мазмұны мен мәнi өзгеше, шынайы, құдiреттi шығармаларын өмiрге әкелдi. Солардың бiрi – болашақ жазушының қаламгерлiк қасиетiн танытқан, 20-жылдардағы шоқтығы биiк шығармасы Қорғансыздың күнiн 1921 жылы Қызыл Қазақстан газетiнде жарияланған едi /96,2/. Жиырмадан жаңа асқан жас қаламгердiң төлтума шығармасына С.Мұқанов: «1921 жылы жазған «Қорғансыздың күнi» атты алғашқы әңгiмесiмен Мұхтар шын мағынасындағы европалық прозаның дәрежесiне көтерiлдi» [171, 25] деген баға берген-дi.

Абай ғылыми-көпшiлiк журналының 1 санына Л.Толстойдың Будда атты әңгiмесi М.Әуезовтiң аударуымен басылды. Бұл – М.Әуезовтiң аударма саласындағы алғашқы сүбелi еңбегi, Тургеневтiң Дворян ұясын, Гогольдiң «Ревизорын», Афиногеневтiң «Қорқынышын», Погодиннiң «Любовь яроваясын», Шекспирдiң «Отеллосын» аударуға жетелеген туынды.

Ал, көркемдiк тiлiне келер болсақ, мұндағы шығарманың түп негiзi мен аударма арасында айырмашылық Толстойдың күрделi синтаксистiк құрылысты сөйлемдерiн М.Әуезов бiрнеше жай сөйлемдерге бөлуiнде. Бұл шығарманың еркiн аударма түрiне өңделгенiн көрсетедi.

М.Әуезов алғашқы аудармасында семантикалық дәлдiкке баса назар қойса, кейiнгi аудармаларында дәлме-дәл аудармадан гөрi халықтың бай сөздiк қорын пайдалана отырып, синтаксистiк құрылымына айрықша мән берген /193/.

Аудармашының шеберлiгi түпнұсқаның баяндау және суреттеу жүйесiнiң қалпын сақтай отырып, әрбiр ойды қазақтың көркем сөздерiмен ерекше жатық етiп бере бiлуiнде. Шығарманы еркiн түрде аударды десек те, мұнда әсiресе ауытқушылық та, қазақ жағдайына бейiмдеймiн деп орынсыз сөз жапсыру да, тұрпайылау да жоқ, сонымен қатар мұнда түпнұсқаға қатысы жоқ бөгде сөздердiң келiп қыстырылуы, орынсыз көсемсөздiлiк те орын алмайды. Белгiлi бiр сөздi қазақшалағанда сол көрiнiстi аша алатын ұғымдас, мәндес келетiн сөздердi саралай келе, әсiре лайық, бейнеленiп отырған өмiр көрiнiсiн нақты сомдайтын сөздi ғана қолданады.

М.Әуезовтiң аударма саласындағы еңбегi айрықша мол, ол тек әлемдiк әдебиет өкiлдерiнiң классикалық туындыларын аударумен ғана шектелген жоқ, аударманың теориялық-проблемалық мәселелерi жөнiнде оннан аса мақала еңбектер де жазған.


Дәріс 13.

Әуезов және Шығыс, Батыс әдебиет

1.Әуезовтін шет елдер әдебиетін шығармашылығында қамтуы

2.Әуезовтің шығыс дастандары жөнінде

3. М.Әуезовтің «Индия очерктері» шығармасы

4. Батыс прозасы мен драматургиясы жөніндегі байламдары

5. «Манас» жырының зерттелу тарихы
Мұхтар Әуезовтiң шығармашылық сапарының алғашқы кезеңiнде жазылған шығармаларын әр қырынан алып, әңгiмелерiнiң сыр-сипатын, қоғамдық мәнiн, көркемдiк ерекшелiгi мен тарихи құндылығын талдауға тырыстық. Жазушының қазақ әдебиетiндегi алар орны, жазушылық, азаматтық биiктерге жетелеген Семей кезеңiнiң зерттелуi, өмiрi мен шығармашылық, қоғамдық қызметтерi сөз болып, жазушы өмiрiне, қызметiне, шығармашылығына қатысты пiкiрлер, деректер бүгiнгi күн тұрғысынан таразыланды.

Ұлы жазушының телегей-теңiз шығармашылық мұрасы жөнiнде сан мыңдаған ғылыми еңбектер жазылғанымен, жазушы, драматург, ғалым болып қалыптасуына негiз болған киелi Семей жерi, өмiрiнiң Семей кезеңi жөнiнде арнайы дербес еңбек болмауы М.Әуезовтiң шәкiрттiк кезеңi мен атқарған қоғамдық қызметтерiнің нақты архивтiк құжаттар арқылы толықтырылып жазылуына негіз болды.

М.Әуезовтiң қазақ зиялыларының ұлттық, тәуелсiз мемлекет құру жолындағы iстерiне атсалысып, кейiннен ұлт амандығын сақтау мақсатында кеңес өкiметi жағына шығуы жаңаша көзқарас тұрғысынан талданды.

Адамзат баласының жер бетiнде тiршiлiк етуiне табиғат-ананың күн, ауа, су сынды күштерінің қаншалықты маңызы болса, қазақ азаматының рухани баюы, өсуi, өмiрдiң шынайы рахатын танып, қуат алуы үшiн М.Әуезовтiң қаламынан туындаған мұралары соншалықты маңызды болмақ.

Өнер бәйгесiнде алдына жан салмай, адамгершiлiк, азаматтық қырынан да асқақ танылып, биiк тұғырдан көрiнген М.Әуезов бейнесi көркемдiктi құдiрет тұтып, асылды бағалай бiлген адам жүрегiнен орын табары сөзсiз.

Ұлы Абайды үш қайнар бұлақтан сусындады, Шығыс және Батыс әдебиетiнен, халықтың бай ауыз әдебиетiнен нәр алды деймiз. М.Әуезов болса Абай сусындаған бұлақтан қанып iшiп, ұлылықтың үлгiсiн бойына жиған Абай дәстүрiнен ғибрат алды.

Мұхтар Әуезов: өзiнiң өлмес-өшпес шығармаларымен Абай да аз көмектескен жоқ маған /222,17/ деуi – ұлы ақынның даналық үлгiлерiнiң ғұмырлық азық, рухани тiрек болғандығыны айғағы. Оның қасиеттi ортада тәрбиеленуi қазақтың төл өнерiн сүйiп өсуiне, қасиетiне барлай, бағамдай қарап, рухани толысып, кемелденуiне игi ықпалын тигiздi. Әуезов әдебиетке тың жаңалық, серпiлiс әкелдi, әдеби тiлiмiздiң қалыптасып, қазақтың профессионал прозасының буыны бекуiне негiз болды. Ұлылықтың белгiсiн таныта туған шығармасы «Қорғансыздың күнi» арқылы-ақ танылып, әлем әдебиетiндегi көрнектi өкiлдердiң шығармаларымен қатар салыстырылды. «Қорғансыздың күнi» үлкен жүк арқалай туды, қорғансыздар әлемiнiң тұңғиыққа батқан сүреңсiз қырын көрсетiп, үмiтi де жойылған сормаңдайлардың тiрлiгiн көз алдымызға аса нанымды етiп жеткiздi. Шығарма бойынан қазақ өмiрiнiң шынайы қырлары көрiнiс табуымен қоса, тәрбиелеушiлiк мәнi жоғары. Әңгiмедегi қарама-қарсы қойылған кейiпкерлер әрекетiнен үйренерлiк, жиренерлiк тұстарды мол кезiктiресiң.

Ұлылық үлгiсiн Семей жерiнде танытып, бүкiл халық өмiрiнiң қилы кезеңдерiн, ұлттық дәстүрiмiздiң құпия-сырын, адам жанының психологиялық тебiренiсiн құнарлы, құдiреттi сөз асылымен өрнектедi, ауқымды өзгерiстердi, замандастар келбетiн тереңiрек қамтуға бой ұрды. Жазушыны бүкiл шығармашылық ғұмырында алғашқы шығармаларының орны үлкен, бояулы, сұлу, көркем суреттеулермен өрiлген, сыры терең, құпиясы көп туындылар.

Жазушының қаламгерлiк құдiретiнiң бастау алған шағы жер жаһанда үлкен төңкерiс орнаған аласапыранды күндермен тұспа-тұс. Елдегi атқамiнер азаматтар Алаш атын ұрандап, ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру, ағарту, қайта түлету, ақиқат жолын iздеудi мақсат тұтып, дербес мемлекет құруға ұмтылуы замана тудырған заңдылық едi. Бұл алпауыт өзгерiстiң М.Әуезовтiң саяси өсуiне, ысылып-жетiлуiне әсерiн тигiзгенi хақ. Алаш атын ардақтаған ел ұлдарымен ой түйiстiрiп, пiкiр алмастырып, қадамын қатар алды, «ел болам десең, бесiгiңдi түзе» деген өзiндiк қағидасын бетке ұстады.

М.Әуезовтiң әдебиет бәйгесiне қатар түскен құрбыларынан оқ бойы алда жүруiнiң өзi кездейсоқ құбылыс емес. Болашақ ғалым мәдениет көкжиегiне қара күшпен емес, сындарлы бiлiм, биiк парасат арқылы жету мүмкiндiгiн ұғынды, елiн құлдырауға жеткiзер кесапат күштерге қарсы тұра, кеудесiн тосты

Дәріс 14-15

Әуезов шығармашылығы әлем әдебиеті контексінде

1.М.Әуезов және шығыс классикалық әдебиеті

2. М.Әуезов және Батыс классикалық әдебиеті

3. М.Әуезов шығармашылығы әлемдік әдебиетте

М.Әуезов «Абай» журналының ғылыми бөлiмiн басқара отыра жұртшылық үшiн маңызды да қызықты тақырып таңдауды азаматтық iсi санады. Дүниежүзiнде кеңiнен тараған үш дiннiң бiрi Будда жөнiнде қалам тербеуiне оның бүкiл адамзат баласын сүйiп, өмiрде жамандыққа ермей, тек ақтық, пәктiкпен өмiр сүруге жетелеуi қызықтырса керек. Әуезов Сидхартаның жанның нағыз тазарып ағаруы, бостандығы, нәпсiнi махаббатқа жеңгiзген адам надандық шынжырын үзiп, өлiм азабынан құтылады/118/ деген өсиет сөздерi арқылы бүкiл адамзат баласының татулық пен махаббат салтанат құрған тұста бақытты ғұмыр кеше алатынын меңзейдi. Және буддизм қағидаларына Абайдың да қанық болуы Әуезовтiң назарын аудармай қоймады.

Автордың Будда жөнiндегi бiлiмi тек Толстойдың шығармасы арқылы ғана еместiгi байқалады, Будданың дүниеге келуiн, өмiр жолын суреттеуде Әуезов тұпнұсқадағы деректен тыс өзiндiк пiкiр де қосып отырған.

Абай журналының үшiншi санында Әуезовтiң «Философия жайынан» атты көлемдi мақаласын жариялап, қазаққа таңсық философия сөзiнiң мән-мағынасы, iлiмнiң қазiргi күйi, маңызы жөнiнде өзiндiк ой-толғамдарын ұсынады /120,76/. Мақалаға мұқият үңiлсек, Әуезовтiң философия жайындағы көптеген мағлұматқа қанық екендiгi, оның арғы тарихы, бастау алуы жөнiнде көп бiлетiндiгi айқын көрiнiс бередi.

Автордың пiкiрiнше философияның құралы терең ой, ол дүниенiң сырын iздеп, адамзаттың ойлау қабiлетiн ұштап, мәселенi таза ақылмен шешуге жетелейдi.

Антик дәуiрiнен ХХ ғасырдың басына дейiнгi аралықтағы батыстың әйгiлi философтары пiкiрiнен асқан даналықты көре, бұған қазақтың да ден қоюын қалайды. Үнемi дамып, ақыл-ой жетiстiктерiмен толықтырылып отыратын философияға өркениетке, даналыққа бастау болар iлiм ретiнде қарап, танымдық, тағылымдық қасиетiн жоғары бағалайды.

Мақалада батыс философтарының пiкiрiне орын берiлгенiмен, философия iлiмi ерте қалыптасқан Қытай мен Үндiнiң, жалпы шығыс философтарының қағидалары ауызға алынбаған. М.Әуезовтiң философияға ғылыми түрде түсiнiк берiп, оны барлық қоғамдық ғылымдардан биiк қоя бағалауынан, ХХ ғасыр басында философия iлiмiне деген қызығушылық пен көзқарастың басым болғаны және оның жүйелi түрде оқытыла бастағаны байқалады.

М.Әуезов қазақ iшiнде философия турасында алғашқылардың бiрi болып қалам тербегенiмен, кейiнгi кезде бұл көзқарас-пайымын жетiлдiрiп, ой қорытпаған. Бұған кеңес дәуiрiндегi маркстiк-лениндiк материализм идеясының үрдiс алуы да ықпалын тигiзуi мүмкiн. Алайда яыМ.Әуезов «Философия жайынан» атты мақаласында бұл iлiмге не материалистiк, не идеалистiк тұрғыда көзқарас бiлдiрiп, уағыз айтуды мақсат тұтпаған. Автордың мақсаты – философияның «адамдағы терең ойды тәрбиелеп жетiлдiретiн», «адамшылық жолындағы қараңғы қалтарыста қолға ұстайтын шамшырақ» екенiн айту. Адамның жүрегiне бақыт, махаббат ұрығын орнататын да көкiрекке сiңген сол толғаулы терең ой. Сол себептi философияның өркендеуiн ғана тiлек ету керек деп ойын қорытады автор.

Тағы бiр айта кетерлiгi М.Әуезов философия iлiмi жөнiндегi еңбектi қазақшалай отыра «познание», «бытие» сынды терминдерге қазақша балама да ұсынады. Қазақтың төл философия оқулығы егемендiк алғалы берi ғана шығарылып, кеңес тұсында Мәскеуден бекітiлетiн оқулықтарға аударма жасаумен шектелiнiп отырғанын ескерсек, М.Әуезовтiң төңкерiстен бұрын да философия жайын толғап, бұл iлiмге апарар тың соқпақ салғанын көремiз.

Халықты шет ел тынысымен таныстыруға негiзделген және өркениет жолында дамып келе жатқан кұншығыс елi халқының қайтпас қайсарлығы мен табандылығынан үлгi алуға меңзеген мақаласы «Япония» деп аталады /118,82/.

Географиялық орналасуы ерекше, теңiз бен теңiздi, құрлық пен құрлықты жалғастырып тұрған Жапонияның талай уақыт бойы дамыған елдердiң кенже баласындай күй кешiп келiп, шамалы уақытта күрт серпiлiп, ескi шырмаудан арылып, жаңа үлгiдегi жаңа мемлекет құру жолында нық қадам басуы өзге елдер үшiн шынымен таңырқай, таңдана қарайтын жағдай едi.

Басына түскен қиындық, қыспақтың бәрiн жеңiп, дiнiн де, тiлiн, жерiн, ұлтының амандығын сақтап қалып осыншама жетiстiкке ие болуы өзге ұлт үшiн сабақ боларлық үлгi. Бұл екi айырым жол үстiнде тұрған қазақ үшiн өнеге, тәжiрибе, бағдар аларлық жай едi.

«Япония Европа не iстесе, соған көз жұмып ере берген жоқ. Әрқайсысының бiлiмiн зейiнге салып, сынап, өздерiне қолайлы, жақсы дегендерiн ғана алатын болды» /118,85/ деп, көзсiз елiктеудiң де артық екенiн бiлдiредi.

.Әдебиет сыншысы Дандай Ысқақұлының: «Сынсыз әдеби даму процестi бағдарлау қиын. Онсыз әдебиет бет-бетiмен шашыраған, жүйесiз әдеби фактiлерге айналар едi» /199,40/ деген толымды пiкiрi жас сыншылардың өткен ғасырдың алғашқы жылдарындағы пайымдауларымен үндесiп тұрған тәрiздi.

Әуезовтiң ғылым тiлi мақаласында ғылым мен мәдениетiнiң кенже қалып, озық елдер табысына таңқала қараған қазақтың белгiлi бiр қалыпқа түсiп, ғылым тiлi мәселесiне түйiн қоя алмай отырған жайын айтады.

 «Қазiргi қазақ тiлiндегi оқу екi ағысқа бөлiнiп барады. Бiрi мұсылманша оқығандардың жолы. ғылым тiлiн [олар] арабшаға, мұсылман негiзiне тартады. Екiншiсi – орысша оқығандар жолы, ғылым тiлiн орысшаға, Европа негiзiне тартады» /76,100/ дей келе, мұсылман мәдениетi мен Еуропа мәдениетiнiң көлеңкелi, күнгейлi жақтарын терең бажайлайды. Автор көтерiп отырған мәселе жөнiнде өз ойын бiлдiрмес бұрын көпшiлiкке сол екi түрлi екi ағыстың қазiргi қалпы, келешекте қаншалықты пайдалы болатыны, даму жолындағы табыстары жөнiнде айтып, қазақтың өркендеп-өсуiне олардың қаншалықты көмегi, ықпалы болатынына баса тоқталады.

Мәдениет бәйгесiнде алда келе жатқан жұрттың қатесi кейiнгiге сабақ. Алдыңғы келе жатқан жұрттың жығылған жары, сүрiнген томары кейiнгiнiң бетiн ерiксiз бұрғызады /118,101/ дей келе, тiл шұбарлығына қазақтан бұрын кез келiп, орасаню зор жапа шеккен орыс жұрты мен жапондықтардың жайынан мағлұмат бередi. Ғылымы мен мәдениетiнен үлгi аламыз деген мұсылмандардың өзiнiң Еуропадан үйренiп, соған иек артып отырғанын айтады.

Қазақ тiлi ғылымының қалыптасу тарихына, терминологиясының түзiлуiне орасан зор еңбек сiңiрген А.Байтұрсынов деп, оның тiлiмiзге ғылыми тұрғыда талдаулар жасағандығын алға тартамыз.
Қазақ филолгиясы кафедрасы тимчс
Сол тұстары М.Әуезовтiң де қазақ тiлiнiң көгеруiне алаңдаушылық танытып, дабыл қаққанын, келелi ой түйiндеулерiн бiлдiргенiн ұмытпағанымыз абзал.

М.Әуезовтiң қазақ тiлiнiң қалыптасып, белгiлi бiр жүйеге негiзделуi, өсуi тұрғысындағы мақалалары бiр төбе. Болашақ ғалым сол кездiң өзiнде-ақ қазақ үшiн бiлiмнiң ауадай қажеттiлiгiн аңғарып, момындығымен мәдениет пен дамудан қағажу қалып бара жатқанына налып, халықтың болашағы ғылымды игеруде екендiгiн жете таныды. Екiұдай пiкiрдегi қазақ азаматтарының түйiндеулерiн шола отырып, өз позициясын ұсынды, өзгелердегi кемшiлiктi тұқырта сынады.

М.Әуезов толғағы жеткен мәселенiң дәл осы сәтте қолға алынуына, оңтайлы шешiлуiне бар ықыласын салғаны аңғарылады және ол мұның ертеңгiнiң iсi емес, шешiмiн бұгiн табуға тиiс өзектi дүние екенiне көз жеткiзедi. Әрине, күрделi тiл ғылымы жөнiндегi кесек ойларын бiрден төкпей, пiкiрiнiң басын «Қайсысын қолданамыз» атты мақаласында жеткiзiп, ортақ терiнiң пұшпағын илеуге әзiр ниеттестердiң айтпағын күттi. Қозғау салып көкейкесті iстiң маңыз-парқын жетiк ұғындыр-майынша, нәтижиенiң болмасына күмән тудырмаған болашақ ғалым мәселенiң қабырғасын сөге, тиянақты түрде дәлелдеуге барады



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет