Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 10-сынып Қазақ тілі


-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР



бет21/82
Дата06.12.2023
өлшемі2,79 Mb.
#195336
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   82
Байланысты:
Жамбыл облысы кімдігі білім бас армасыны О У- дістемелік кабин

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР


«Білім. Ғылым. Инновация. Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
І нұсқа



Оқу мақсаты

10.1.5.1. Мәтінде көтерілген мәселеге автор мен
оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып,
сұрақтар құрастыру және бағалау;
10.3.6.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу;
10.4.3.1 белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана білу.

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Көтерілген мәселеге автор мен оқырманның көзқарасын ескеру арқылы сұрақтар құрастырып, баға бере алады;

  • көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыс ұсынады;

  • мәтіндегі тақырыпқа қатысты сөздерді іріктеп,түрлендіріп қолдана алады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты


15-20 минут



Тапсырма
Қанат Әбілқайырдың «Телефон және кітап» әңгімесінен үзінді
Біздің үйде үй телефоны бар. Өзі – аппақ, өзі – сүп-сүйкімді, өзі – моп-момақан. Кейде жазу көрсе, оқымай тынбайтын ескі әдетіммен қою сұр әріптермен жазылған «Panasonic» деген жазуын ежіктеп қоятыным бар. Әйтпесе, ол телефонның менде, менің онда жұмысым жоқ. Ойыншық көрсе, сындырмай қоймайтын балаларым да бір мәрте қызығып, қолдарына ұстап көрген емес. Бұраңдаған ұзын бауы мен бетіндегі сұсты тетіктерінен жүрексінетін болса керек, әйтеуір телефонға жоламайды. Есесіне менің айфоным оларға ермек.
Қош! Әңгіме айфон жайлы емес, телефоным туралы ғой. Сол телефон айына бір рет қана безек қағатын. Ол шыр ете түссе, тағы бір айдың шолтаң етіп түгесілгенін, дереу интернеттің ақшасын төлемесем болмайтынын біле қоямын. Сөйтем де, телефонның тұтқасын көтеріп әуре болмай-ақ  (арғы жақта әдемі дауысты бір қыздың интернеттің ақшасын айдың 25-нен кешіктірмей төлеу керектігін, төлемесем, қарызымның өсетінін ескертерін білемін) интернет арқылы «Қазақтелекомға» бес мыңды аудара саламын. Сосын аппақ телефоным тағы бір айға демалуға кетеді. Оның енді мені мазалауға хақы жоқ.
Біз осы дағдыға үйренгелі міне, үш жыл. Үш жылдан бері телефон екеуміздің арамыздағы осы салт, осы дәстүр бұзылмап еді.
Өткен айда. Иә, өткен айда өзі – аппақ, өзі – сүп-сүйкімді, өзі – моп-момақан телефоным шырылдап қоя бергені. Мезгілсіз шырылдан шошынып, жүрегім тоқтап қала жаздады. «Бір апта бұрын ғана интернеттің ақшасын төлеп едім ғой» дедім өз-өзіме күбірлеп. «Енді мынаған не керек?»...
Безек қаққан телефонның тұтқасын көтеруге батылым жетер емес. Мені іздеген адам қалта телефоным арқылы әп-сәтте тауып ала қояды. Туыстардан бұл нөмірді білетін адам жоқ. Туысты қойып, үйімізде үй телефон бар екенін әйелім ұмытып қалғалы қашан?.
Жүрегім атқақтап барады. Арғы жақта кім тұр? Қоңырау шалған адам ба, жоқ әлде...
Қолым дір-дір етеді.Тұтқаны көтеремін бе, көтермеймін бе?
Көтерсем, арғы жақтан бір сұмдық дауыс естілердей қорқып тұрмын. Айына бір рет қана шырылдайтын, ол шырылдың нені қалайтынын көтермей-ақ сезе қоятын мен бейбақ мына мезгілсіз қоңырауды неге жорырымды білмей рас састым. ( 289 сөз)

1-тапсырма. Мәтіндегі мәселеге байланысты бірін автор, бірін оқырман ретінде


2 сұрақ құрастырыңыздар. Сұрақтарыңды жұпта алмастырып, жауап беріп, көтерілген мәселені бағалаңыздар. Кестені толтырыңыздар.



Автордың сұрағы



Оқырманның сұрағы

Мәселені бағалау/пікір










2-тапсырма. Мәтін бойынша тақырыпқа байланысты тірек сөздерді (елең ету, шыр-шыр, безек қағу, дір ету, сүп-сүйкімді т.с.с) қолданып, тілдік оралымдарды түрлендіріп, үй телефонының атынан үй иесіне хат жазыңыздар


________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет