Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 10-сынып Қазақ тілі



бет18/82
Дата06.12.2023
өлшемі2,79 Mb.
#195336
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   82
Байланысты:
Жамбыл облысы кімдігі білім бас армасыны О У- дістемелік кабин

юБағалау критерийі

Білім алушы

  • Мақаланың құрылымы мен рәсімделуін сақтап, жанрлық ерекшеліктеріне талдайды;

  • ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшелігіне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, интервью,\нұсқаулық жазады;

  • тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп қолданады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма



1. Мақаланы мұқият оқып, кестені толтырыңыз.
Еуразияның геосаяси маңыздылығын түсіну үшін батыстықтардың аймақ туралы кең танылған теориясын қарастырайық. Еуразия құрлығы туралы сөз болғанда, геосаясат теоретиктерінің бірі, ағылшын Халфорд Ж.Макиндердің «heartland», яғни «жердің жүрегі» («Жерұйық») теориясына назар аудару қажет. Ол теория бойынша, кез келген географиялық кеңістіктің немесе мемлекеттің ең стратегиялық маңызды аймағы оның ортасы, орталығы болып табылады. Макиндердің пікірінше, дүниежүзінде ықпал жүргізу үшін Еуразия құрлығында, ал Еуразияда ықпалды болу үшін сол құрлықтың ортасында, яғни ішкі аймағында басымдыққа ие болу шарт. Расында, бұл теория Ресейге де, біздің аймағымызға да қатысты. Орталық Азия жоғарыда аталған «neartland», яғни кіндік аймаққа кіретін географиялық кеңістікте орналасқандықтан, тек теория ғана емес, сондай-ақ, геосаясаттың нысанасына айналып отыр. Бұл атлантистік теорияның мәні Батыстың Еуразияға қалай қарайтындығын білдіріп қана қоймай, оның аймағымызға қатысты геостратегиялық ниетінен де жақсы хабар береді.
Елбасымыздың саяси ойларының дамуында еуразияшылдықтың орны өте үлкен. Елбасы кеңестік экономиканың құрылымын, мүмкіндіктерін, басқару тетіктері мен нақты жағдайын жақсы білгендіктен, 90 жылдардың басынан-ақ шашыраған посткеңестік экономикаларды қайтадан біріктірудің амалдарын ойластырды. Өйткені, Қазақстанның экономикалық шаруашылығы, өндірісі мен өнеркәсібі Ресей мен өзге кеңестік елдермен ажыра­мас­тай тығыз байланыста, бір-біріне тәуелді әрі өзара кіріккен еді. Республи­калар арасындағы өндірістік және іскерлік байланыстардың бірден үзіліп қалуы үлкен экономикалық, саяси, әлеуметтік және ұлтаралық дағдарыстарға алып келді. ( 191 сөз)
Baq.kz сайты




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет