Балл қою кестесі
Тыңдалым және айтылым
Балл
|
Коммуникативтік құзыреттілік
|
Грамматикалық құзыреттілік
|
5
|
Мәтінде көтерілген мәселені терең түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін ұтымды жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде өте дәл, нақты.
|
Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Сөздік қоры мол. Сөздік қайталаулар кездеспейді. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздерді өте орынды пайдаланады.
|
4
|
Мәтінде көтерілген мәселені жақсы түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтінмен, байланыстырып жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде орынды.
|
Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Сөздік қоры жеткілікті. Сөздік қайталаулар аздап кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздерді орынды пайдаланады.
|
3
|
Мәтінде көтерілген мәселені қанағаттанарлық деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз пікіріне дәлелі үнемі орынды бола бермейді, кейде негізгі мәселеге қатыссыз пайымдаулар кездеседі.
|
Ойын кейде аяқталған, аракідік синтаксистік құрылымы сақталмаған сөйлемдермен жеткізеді Сөздік қоры қанағаттанарлық. Сөздік қайталаулар кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздерді орынды, орынсыз пайдаланады.
|
2
|
Мәтінде көтерілген мәселені шектеулі деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін жеткізуде қолдауды қажет етеді, көбіне жалпылыққа ұрынады.
|
Ойын көп жағдайда аяқтамайды, жай сөйлемдерді, қарапайым синтаксистік құрылымдарды қолданады. Сөздік қоры күнделікті ауызекі лексикадан тұрады. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздерді орынсыз пайдалануы жиі кездеседі.
|
1
|
Мәтінде көтерілген мәселені түсінуі өте шектеулі. Ақпаратқа қатысты жеке көзқарасы мен пікірі жоқ, көбінесе, дайын ақпаратты қайталап беру деңгейінде.
|
Ойын аяқтамайды, қарапайым синтаксистік құрылымдармен шектеледі. Грамматикалық дағдылары жетіспегендіктен, ой мен ойы байланыспайды, жүйе жоқ. Сөздік қайталаулар негізгі лексикадан басым.
|
Оқылым
1-2-тапсырмалардың жалпы балл қою кестесі
Балл
|
Мәтінді талдау
|
Ақпаратты ажырату
|
5
|
Мәтіннің құрылымдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін өте жақсы түсініп талдайды.
|
Мәтіннің мамзұнына сай негізгі, қосымша ақпараттарды өте дұрыс анықтайды.
|
4
|
Мәтіннің құрылымдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін жақсы түсініп талдайды.
|
Мәтіннің мамзұнына сай негізгі, қосымша ақпараттарды жақсы анықтайды.
|
3
|
Мәтіннің құрылымдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін қанағаттанарлық деңгейде түсініп талдайды.
|
Мәтіннің мамзұнына сай негізгі, қосымша ақпараттарды анықтауы қанағаттанарлық.
|
2
|
Мәтіннің құрылымдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін шектеулі түсінеді, талдауға талпыныс жасайды.
|
Мәтіннің мамзұнына сай негізгі, қосымша ақпараттарды анықтауы шектік деңгейде.
|
1
|
Мәтіннің құрылымдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін өте шектеулі деңгейде түсінеді.
|
Мәтіннің мамзұнына сай негізгі, қосымша ақпараттарды анықтауда қателеседі.
|
0
|
Мәтіннің құрылымдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін түсінбейді.
|
Мәтіннің мамзұнына сай негізгі, қосымша ақпараттарды анықтай алмайды.
|
Жазылым
Балл
|
Сипаттамасы
|
9-10
|
Тақырыптың мазмұнын толық ашады. Ойын еркін, логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізеді. Сөздік қоры мол. Эссе жанрының құрылымдық ерекшеліктерін толық сақтайды. Грамматикалық, стильдік тұрғыдан өте сауатты. Қателері жоқ.
|
7-8
|
Тақырыптың мазмұнын ашады. Ойын логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізеді. Сөздік қоры жақсы. Эссе жанрының құрылымдық ерекшеліктерін сақтауға.Грамматикалық, стильдік тұрғыдан сауатты, бірақ 1-2 ұсақ қате кездеседі.
|
5-6
|
Тақырыптың мазмұнын ашуы жеткіліксіз. Сөздік қоры қанағаттанарлық деңгейде. Эссе жанрының құрылымдық ерекшеліктерін сақтайды, бірақ жазылу сипатында бірізділіктен ауытқу бар. Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 2-3 ұсақ және ірі қателер кездеседі.
|
3-4
|
Тақырыптың мазмұнын ашуы шектеулі.. Эссе жанрының құрылымдық ерекшеліктерін сақтауға тырысады. бірақ жазылу сипатында бірізділік жоқ. Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 4-5 ұсақ және ірі қателер кездеседі.
|
1-2
|
Тақырыптың мазмұнын ашпайды. Эссе жанрына сәйкес тіл құралдарын қолданбайды, құрылымдық ерекшеліктерін сақтамайды.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан алтыдан көп ұсақ және ірі қателер кездеседі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |