72
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау
тапсырмалары
2-нұсқа
1-БӨЛІМ
1. М.Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» роман-эссесінің екінші бөлімі
А) «Алатау баурайында»
В) «Баянаула аясында»
С) «Сібір шамшырағында»
Д) «Ұлытау жотасында»
[1]
2. «Алатау баурайында» бөлімінде қамтылған оқиғалар
А) ауыл тынысы
В) кен инженер атанғанына дейінгі өмірі
С) 1941 жылдан өмірінің соңына дейінгі оқиғалар
Д)Қарсақбай зауытындағы қызметі
[1]
3. «Көптен бергі арманы жүзеге асып, білімнің биік ордасына қолы жеткен жан!»
оқиға қай бөлімнен алынғанын анықтаңыз.
А) «Алатау баурайында»
В) «Баянаула аясында»
С) «Сібір шамшырағында»
Д) «Ұлытау жотасында»
[1]
4. Сәтбай қажының есімін даралап атаған шығарманы көрсетіңіз.
А) «Альбатрос»
В) «Қызыл отау»
С) «Қаныш Сәтбаев»
Д) «Тар жол, тайғақ кешу»
[1]
5. «Тоқетерін айтқанда, әліптің артын баққан. Бірақ жүріс-тұрысын аңдып, дөрекі
түрде шектеуден тыйылмаған» асты сызылған сөздің қандай құралға жататынын
анықтаңыз.
А)ассонанс
В)аллитерация
С)теңеу
Д)тұрақты тіркес
[1]
Достарыңызбен бөлісу: