Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 7-сынып Қазақ тілі



бет31/72
Дата21.05.2022
өлшемі0,65 Mb.
#144291
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   72
Байланысты:
Жамбыл облысы кімдігі білім бас армасыны О У- дістемелік кабин
оқу сауаттылығы
Барлығы

40 минут

30


«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Ауа райы және климаттық өзгерістер. Фонетика
Көшпенділер мәдениеті. Орфография
Денсаулық – зор байлық. Лексика


1-НҰСҚА
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтіндегі көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді тұрақты тіркестерді жазып алыңыз.
2. Мәтіндегі көтерілген басты мәселеге өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дәлелдеңіз. Пікір білдіруде жазып алған көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді тұрақты тіркестерді қолданыңыз.
[10]
Мәтіндер
1-мәтін
Соңғы кезде сарапшылар жер бетіндегі климат өзгерісінің адам денсаулығына әсері күшейіп отырғанын жиі айтып жүр. Ғаламдық өзгерістердің салдары Қазақстанда да анық сезіле бастады. «Табиғаттың тосын сыйларына» қалай дайындалу қажет және қайткенде денсаулығымызды сақтап қаламыз? «Үкімет қоршаған ортадағы өзгерістерді ескере ме және осы бағытта қандай шаралар қолға алынып жатыр?» деген сауал әркімді толғандыруда.
Климат өзгерісінің Қазақстанға әсері қандай деген мәселеге нақты тоқталар болсақ, мәселен, соңғы он жылда орташа ауа температурасы жоғарылады. Ғалымдардың болжамынша, алдағы бірнеше он жылдықта температура жоғарылап отырады. Яғни, климаттағы өзгерістер алдағы уақытта да тоқтамайды. Сонымен қатар, соңғы жылдары толқынды немесе «аптап толқыны» деп аталатын күндер көбейіп кетті. Яғни, бірнеше күн бойы күн қатты ысиды. Жылдың жаз мезгілдерінде осындай ыстық күндердің көбейгенін биыл да анық байқалды.
Оған табиғаттағы экстремалды құбылыстарды қосыңыз. Бұл дегеніңіз сел мен көшкін тудыратын нөсер жауындар, су тасқыны. Аталған табиғат құбылыстарының бәрі адам денсаулығы мен өміріне айтарлықтай қауіп төндіреді, экономикалық шығынға батырады. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, жылдың жылы маусымында күннің бір градусқа ысуы цереброваскулярлық аурулардың артуына түрткі болады. Бұл жерде ми аурулары туралы айтылып отыр. Медициналық тілмен айтсақ, мидағы қан айналысы бұзылып, церебралдық қан тамырлары патологиялық өзгерістерге ұшырайды. Ал мидағы қан айналысының бұзылуынан болатын аурулардан көз жұму көрсеткіші жүректің ишемиялық сырқатынан кейін екінші орында тұр.


2-мәтін
Денсаулық – адам өміріндегі баға жетпейтін ең бағалы дүние. Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Денсаулықтың мықты болуы адамның өзіне байланысты. Дегенмен оған қоршаған ортаның, жұтқан ауаның, ішкен-жеген тамақтың, судың құрамының лас болуы да айтарлықтай ықпал етеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне жүгінетін болсақ, адам денсаулығының 40% экологияға, 40% өзінің өмір сүру дағдысына байланысты болса, 18-20% ғана дәрігерлік-медициналық көмекке тәуелді екен. Денсаулық сақтаудың алдын алуға болады. Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында демалуға, дене қимылымен айналысуға көп көңіл бөлу қажет. Әсіресе жасы ұлғайған адамдарға майлы тамақтарды көп жеуге болмайды. Оның орнына сүт, көкөніс тамақтарын пайдаланған дұрыс. Денсаулық сақтауда дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Ет, балық, ұн, сүт тағамдарының әрқайсысының орны бөлек. Сонымен қатар жеміс-жидектерді көбірек жеген жөн. Олардың құрамында адам денсаулығына қажетті дәрумендер өте көп. Шамадан тыс көп тамақтану да ағзамызға зиян. Ал, спортпен айналысу — денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі — жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағатгай жүгіруе болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеуге болады. Әр түрлі жаттығулар жасауға болады.
Денсаулық — табиғаттың ең қымбат сыйы. Күнделікті жұмыста жүргенде, деніміз сау болғанда, денсаулықтың қадірін біле бермейміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет