Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 7-сынып Қазақ тілі



бет51/72
Дата21.05.2022
өлшемі0,65 Mb.
#144291
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   72
Байланысты:
Жамбыл облысы кімдігі білім бас армасыны О У- дістемелік кабин
оқу сауаттылығы
Барлығы

40 минут

30



«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Ғаламтор ғаламаты. Морфология
Қазақстандағы ұлттар достастығы. Морфология
Дұрыс тамақтану. Морфология


Тыңдалым мен айтылым
1-НҰСҚА
Тапсырма

  1. Мәтінді оқып, онда көтерілген басты мәселені өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.

  2. Мәтіннен 2 факті мен 2 автордың көзқарасын білдіретін ақпаратты табыңыз және себебін түсіндіріңіз.

[10]

Мәтіндер
1-мәтін


«ВКонтакте», «WhatsАpp» әлеуметтік желілерінде жастар белсенді әрі көп отыратыны анық. Өйткені қазір әрі арзан, әрі сапалы өнімге ұмытылған тұста әлеуметтік желі сұранысты қанағаттандырып отыр. Желілердің белсенділігі артқанымен, жазу және сөйлесу тілі өте төмен деңгейде. Алғаш смартфондар пайда болып, қолданысқа енген кезде «қазақ әріптері» болмаған соң, кириллицианың икемін келтіріп немесе латын әріптерімен қазақша мағынасында жазып жүрдік. Бұл амалдың жоқтығынан орын алды. Алайда уақыт өте келе өз тіліміз, өз әріптеріміз сөйлесу құрылымына енгеннен кейін, ойымызды толыққанды жеткізуге және дұрыс жазуға қол жетікіздік. Дегенмен қазақ тіліндегі жастардың сөйлесу тілі мәз емес.
– Слм!
– Каксын?
– нестеп
– Жай жатқан Өз?
Диалогтан байқап отырғаныңыздай, бұл – тілге деген құрметсіздік. Қазақ тілінің грамматикасында орфография және орфоэпия деген өзіндік заңдылығы бар. Орфография – сөздерді дұрыс жазу заңдылығы болса, орфоэпия – дұрыс оқу деген сөз. Әлеуметтік желіде екі теория бойынша дұрыс жұмыс жасай алмаймыз. Тіпті бір-бірімен алмастырып жатамыз. Одан бөлек пунктуация да бар. Қай жерде үтір, қай жерде нүкте болу керек деген мәселелерді қарастырады. Әлеуметтік желіде отыратын көзі ашық, көкірегі ояу, сауатты жастар. Қай кезде болса да дұрыс және толық жауап жазып үйреніңіз. Екінші жақтағы сөйлесуші адам бір күні өзі-ақ дұрыс жазуға үйренеді. Бұл қазақ тілін көркейтуге қосқан зор үлесім деп түсініңіз. (https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/dep/43713)

2-мәтін


Біздің қоғамда виртуалды коммуникацияның пайда болғанына 10 жыл да толған жоқ. Ал 10 жыл бұрын адамдардың қарым-қатынасы қандай еді? Қонаққа бару, серуендеу, қыдыру жиілігі қандай еді? Адамдардың бір-біріне деген сенімі қандай деңгейде еді? Виртуалды қарым-қатынастың арты небір жағдайларға жеткізу мүмкіндігін біз талай рет естіп келдік. Соны біле тұра тәуекелге барып, адамдармен қарым-қатынасты үзбейміз. Көптеген "досымызды" шын өмірде көргенде тілдесуден жүрексініп, қашудың амалын іздейміз. Себебі смартфон арқылы диалог құру біз үшін жеңіл әрі ыңғайлы. Осындай қорқыныш тағы 10 жылдан кейін қандай деңгейде болмақ? Мүмкін біз үйден шығудан бас тартамыз?
Виртуалды қарым-қатынас жеңіл әрі қауіпсіз. Расында да, ешкім сізге телефон арқылы физикалық зиян келтіре алмайды. Сол себепті көптеген адам осы әдісті құптайды. Диалог барысында әңгімені белсенді жүргізіп, күліп, досымен "жақындаса" түсетін адамдар шын өмірде дәл сол адамдармен тіл табыса алмай жатады. Мұның себебі екеуінің де қапелімде жаңа ортаға түсуінде. Комфортты аумақтан шығып, үлкен қоғам арасында қарым-қатынас жүргізу басқа елден келген тіл білмейтін туристпен тең. Ал кейбір адамдар, керісінше, виртуалды қарым-қатынасқа "жоқ" деп, шын өмірде қызықты, ашық, жайдары адам болып келеді. Сондықтан "диалог" арқылы өзін керемет, жайдары, қызық, позитивті, ақылды адам қылып бейнелей алған адамға сенуден бұрын сан рет ойланыңыз. Виртуалды әлем - біздің шын мәнінде кім екенімізді жасыруға көмекші құрал.
(https://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/26308)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет