Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 7-сынып Қазақ тілі


-бөлім «Көшпенділер мәдениеті. Интонация. Логикалық екпін»



бет6/72
Дата21.05.2022
өлшемі0,65 Mb.
#144291
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
Жамбыл облысы кімдігі білім бас армасыны О У- дістемелік кабин
оқу сауаттылығы

2-бөлім «Көшпенділер мәдениеті. Интонация. Логикалық екпін»


1-НҰСҚА

Оқу мақсаты:

7.1.3.1 - тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу.
7.3.1.1 -әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құру.

Бағалау критерийі:

Білім алушы
- тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата біледі;
- әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құрады.

Ойлау дағдыларының деңгейі:
Орындау уақыты :

жоғары деңгей дағдылары

15-20 минут





1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз, мәтінде не туралы айтылғанын 3 сөйлемммен жазыңыз. Ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты жазыңыз.
Тыңдалым мәтіні.
Көшпелілер немесе көшпелі қоғам, көшпелі өркениет дегеніміз — негізгі кәсібі мал шаруашылығы болып, күнкөрісінің көзі мал өнімдерінен тұратын, белгілі бір қалыптасқан жүйемен көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың әлеуметтік-экономикалық, саяси қауымдастығы және өркениеті.
Көшпелілер туралы түсінік, алдымен отырықшы халықтар арасында қалыптасты. Б.з.д. V ғасырда өмір сүрген тарихшы Геродот көшпелі скиф тайпаларының тұрмысын мадақтап жазды. Көшпелілердің табиғат аясындағы өмірін басқа да антик тарихшылар, философтар, орта ғасырлар ойшылдары сипаттады. Оларға табиғаттың төл баласы сияқты көшпелілер өмірі таза, қулық-сұмдықтан, отырықшы-қалалық өркениеттің жаман қасиеттерінен ада болып көрінді. Көшпелілер туралы нашар түсініктер де сол ерте заманда-ақ қалыптасты. Көне Қытайда «көшпелілер — жабайы, мәдениеттің қас жауы» деген түсінік қалыптасты. Еуропада да көшпелі ғұндарды «тағы жабайылардың тұқымы, өркениеттің жауы» деп есептеді.
XVIII—XIX ғасырлардағы Еуропа ғалымдары да көшпелілер туралы өз көзқарастарын білдіріп отырды. Мысалы, Монтескье көшпелілер қоғамын «әділетті, теңдікті қоғам» десе, Фергюсон, Адам Смит: «Көшпелілерде мүлік теңсіздігі, әлеуметтік теңсіздік ерте пайда болды», — деген.
Көшпелі қоғамды зерттеуде қоршаған орта (табиғат) және адамның белсенді іс-әрекет мәселесі жиі қозғалып отырды. Олардың пікірі бойынша, далалы, шөлейтті, шөлді, таулы аймақтарды жайлаған халықтарда табиғат жағдайына қарай мал шаруашылығы, көшпелілік қалыптасқан. Осындай халықтардың бірі қазақ халқы далалы, шөлейтті аймақты игерудің бірден-бір жолы мал шаруашылығы деп білген және осындай табиғи жағдайға икемделе өмір сүрудің тамаша үлгісін көрсеткен.
1-сөйлем:_____________________________________________________________________
2-сөйлем:_____________________________________________________________________
3-сөйлем:_____________________________________________________________________



2 факт

2 көзқарас









2-тапсырма. Тыңдалған мәтін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құрыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет