Байланысты: Жамбыл облысы кімдігі білім бас армасыны О У- дістемелік кабин
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
2-бөлім «Көшпенділер мәдениеті. Интонация. Логикалық екпін»
2-НҰСҚА
Оқу мақсаты:
7.1.3.1 - тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу.
7.3.1.1 -әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құру.
Бағалау критерийі:
Білім алушы - тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата біледі;
- әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құрады.
Ойлау дағдыларының деңгейі: Орындау уақыты :
жоғары деңгей дағдылары
15-20 минут
1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз, мәтінде не туралы айтылғанын 3 сөйлемммен жазыңыз. Ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты жазыңыз.
Тыңдалым мәтіні. «Көшпелілік — көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі. Еуразия даласын мекендеген көшпелі халықтардың негізгі өндірістік құралына айналған мал шаруашылығы тамақ өнімдерін беріп қана қоймай, айырбас үшін де пайдаланылды.
«Ата қоныс» ұғымы көшпелілер үшін қасиетті, өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындау болды. Көшпелілер уақыт пен кеңістікті игеруі, танып түсінуі нәтижесінде көшіп-қонып, табиғаттың колайлы белдеулерінде орналаса отырып, мәдениет пен климат ерекшеліктерін ұтымды қолдана білген. Мысалы, Қазақстанда ерте заманнан бері маусымдық жайылымдар пайдаланылған. Жауын-шашыны молырақ Арқаның теріскейіндегі орманды-далалы алқапты, оңтүстік-шығыстағы таулы өңірді жұрт ең алдымен жайлау, ал шығыс және ортаңғы аймақты қыстау ретінде пайдаланып келген. Көктеу мен күзеу мал қыстайтын жерлерге тікелей жалғасып жатқан. Қалыптаскан дәстүр бойынша маусымдық жайылымдардың рулар арасында бөліске түскенімен, мал қыстайтын жерлерден басқасын елдің бәрі бірдей пайдаланған. Қатал даланың табиғатын танып түсіну, оның ішкі заңдылықтарын терең білу, болжай білу — мұның бәрі көшпелілер мәдениетінің маңызды жақтарын көрсетеді. «Құрғақ даланы, — дейді ағылшын тарихшысы, социолог А. Дж. Тойнби (1889-1975), — тек бақташы ғана меңгере алады, бірақ сол далада тіршілік етіп, табыстарға жету үшін ол өзінің шеберлігін тынбай жетілдіре беруге міндетті, ол ерекше адамгершілік және парасаттылық қасиеттерді калыптастырады.» Малшылық егіншіліктен көрі күрделілеу, өйткені диқан табиғат өнімдерін тікелей тұтынса, көшпелілерде мал табиғи өсімдіктерді өңдейтін механизм тәрізді.
1-сөйлем:_____________________________________________________________________
2-сөйлем:_____________________________________________________________________
3-сөйлем:_____________________________________________________________________