«Адамзат дамуының жаһандық мәселелері. Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша
жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні _______________________________________________________________________________
Бағалау критерийі
|
Оқу жетістігі деңгейі
|
Төмен
|
Орта
|
Жоғары
|
Тақырыпқа қатысты көркемдегіш құралдар
ды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) жазады.
|
Тақырыпқа қатысты көркемдегіш құралдарды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) жазуда қиналады.
|
Тақырыпқа қатысты көркемдегіш құралдарды қолдануда, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) жазуда қателер жібереді
|
Тақырыпқа қатысты көркемдегіш құралдарды қолданады, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме,
естелік, шығарма) жазады..
|
Бөлім. «Адам өмірін сақтау.Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-нұсқа
Оқу мақсаты:
|
10.2.4.1 Әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау.
|
Бағалау критерийлері:
|
Мәтіндердің (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстырады.
|
Ойлау дағдыларының деңгейі:
|
Жоғары деңгей
|
Уақыты:
|
15-20 минут
|
Тапсырма. Берілген екі мәтінді түсініп оқыңыз
1-мәтін Жаһандану аясындағы Қазақстан
Бүгінгі таңда тарихи уақыттың адам айтқысыз жылдамдықпен жылжып келе жатқаны – дау туғызбайтын шындық. Бұл әсіресе, жаһандық ақпараттық-коммуникация технологияларының өте тез әрі үздіксіз жаңаруынан айқын сезілуде. Осы үрдіс, сонымен қатар, алғашқы индустриялық революцияның қозғаушы күші болған көмір мен будың біртіндеп ығысып, мұнай мен газға, одан соң атом қуатына, енді, міне, үшінші индустриялық революцияның энергия иіріміне айналып үлгерген балама қуат көздеріне орын бере бастағанынан да анық көрінеді. Бұл құбылыс, сонымен қатар, төртінші индустриялық революцияның күре тамыры болып отырған роботтану, биотехнология, информатика және нанотехнология синтездерінен туындап жатқан соны ғылыми нәтижелерден де анық байқалып отыр... жаңа технологиялық деңгейде өндіріліп, жаңаша сақталып, алыс-жақын аймақтарға аса тиімді онлайн тәсілмен тасымалдану мүмкіндігі де бүгінгі адамзат санасына қона бастады. Өйткені мегаөзгерістер толқыны қазірдің өзінде-ақ айқын сыр беріп, планета тынысының болашақ болмысын болжайтын футурист-философтарды да, физиктерді де, экологтар мен биологтарды да, макроэкономистер мен микроэкономистерді де, мемлекет тізгінін ұстаған саясаткерлерді де жаппай ойландыра бастағаны шындықтан алыс емес... Кезінде қол жетпестей болып көрінетін қиял-ғажайып дүниелер бүгінгі Қазақстанның күнделікті болмысына қалай тез еніп кеткенін де байқамай қалдық... Демек, бүгінгі таңда қалыптасып отырған әлемдік геосаясат картасынан біздің еліміз шет қалып отыр деуге ешбір негіз жоқ, себебі, бүкіләлемдік ақпарат мұхитынан сусындау өз еліміздің де шексіз игілігіне айналып кеткені күмәнсіз. Тәуелсіздік тізгініне ие болған ширек ғасыр ішінде Қазақстан әуел баста қолбайлау болған экономикалық қиындықтарды артқа тастап, бүгінде дамудың тұрақты жолына түсіп қана қоймай, бүкіл әлемге танылып, әлемдегі экономикасы қарышты дамып келе жатқан санаулы мемлекеттердің санатына қосылды. Мұны қалайша оң үрдіс деп қабылдамайсың?! (237 сөз). www.elarna.net>koru_kk.
Әділ АХМЕТОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
2-мәтін
Калдыбек кali88
Сәлем! Қозғап отырған тақырыбыңыз бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі екені даусыз. Жаһандануды толықтай теріске шығарып, қауіпті құбылыс ретінде біржақты анықтама беруге де болмайды деген пікір бар, сондықтан оның түрлеріне тоқталып кеткен жөн. Олар: саяси, экономикалық, технологиялық, мәдени т.б. болып бөлінеді. Жоғарыдағы әріптестерімнің барлығының айтып жатқаны бұл біздің Қазақстанға қатты әсерін тигізіп жатқан "мәдени жаһандану" болып табылады. Зиян жағының көбі осы бағытпен келе жатыр. Дегенмен барлық нәрсенің жақсы жаман жағы болады бұл процесстің де, жақсы жақтары бар. Жаһандану үрдісіне кіріп болған халықпыз. Оны күделікті қоғамнан, не болмаса қазақ жастарының бет-бейнесінен көреміз. Біз тек қана ұлттық ерекшелігіміздің сал дәстүр, ырым-тыйымдар, ақсақалдың батасын алып жүретін үрдіс, үлкенді сыйлау, ата-ана, Отан, ел алдындағы борышқа адалдық, мақал-мәтелдер мен ғұламаларымыздың мұралары, күй, ән, жыр, терме, әдебиетімізбен өнерімізді бойымызға сіңіруіміз керек. Сонда ғана сіз қозғап жатқан жаһанжанудың зиянды әсерінен аман қаламыз.Ол үшін еңбек етіп іздену керек.
Жаһанданудың екі жағы бар. Жаһанданудың мақсаты шекарасыз әлемге қол жеткізу. Жаһандануға тән жағдайлар, біріншіден, адамдардың еркін қозғалысы, ақпараттардың еркін қозғалысы, валютаның еркін араласуы, сауда-саттықтың еркін жүргізілуі т.б. көптеген еркіндікке жол ашу болып есептеледі. Еліміздегі басқа діндердің де қаптап кетуі, есірткі саудасының жүзеге асуы, түрлі эпидемиялық аурулардың пайда болуы, шетелдік инвесторлардың экологияға кері әсерін тигізуі осының бәрі жаһандану үдерісінің зиянды жақтары деп ойлаймын. Ал жақсы тұстарына келетін болсақ көрші отырған басқа елдерге қарағанда технологиямыздың тезірек дамуы, уақыт үнемдейтін техникалық жабдықтардың көбеюі, қысқаша айтқанда барлық жағынан дамуға аяқ басу. Ең бастысы біздің мақсатымыз жаһандануға ұлт ретінде жұтылып кетпеуді ерекше есте ұстауымыз қажет. Жұтылмас үшін бізге тек жалқаулықтан арылып, аз ұйықтап, жан-жақты білім алып, көп тілді меңгеруге ұмтылу қажет. Жаңа технологияны шетелдіктер емес өзіміздің қара көз қазақтар меңгеру қажет. Бірақ олардан тек үйренуден қашпау керек. Жаһанданудың жақсы жағын алып, жаман жағынан алыс болғаныңыз жөн. Жаман нәрсені көретін көз бәрімізде де бар ғой! (288 сөз). www.kazakh.ru>talk>mmess
Тапсырма.
Мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстырыңыз.
1-мәтін
2-мәтін
Екі мәтіннің тақырыбы
Мақсаты
А
диториясы
Құрылымы
|
|
Бағалау критерийі
|
№
тапсырма
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Мәтіндердің (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстырады.
|
1
|
- мәтіндердің тақырыбын, стилін анықтайды;
|
2
|
- мақсатын салыстырады;
|
1
|
- көзделген аудиториясын табады;
|
1
|
- мәтіндердің қызметін, құрылымын айқындайды;
|
2
|
- тілдік ерекшеліктерін көрсетеді.
|
1
|
Барлығы
|
|
|
7
|
Достарыңызбен бөлісу: |