ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
Жалпы орта білім беретін мектептердің 8 сынып оқушыларына арналған
«Туған өлке тарихы»
курсының оқу бағдарламасы
Тараз, 2017
Баспаға Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің Әдістемелік кеңесінің 2017 жылғы 29 тамыздағы №3 хаттамасының шешімімен ұсынылған.
«Туған өлке тарихы» курсының оқу бағдарламасы. Тараз, 2017. – 9 бет.
Жалпы білім беретін мектептердің 8 сынып оқушыларына арналған «Туған өлке тарихы» курсы білім алушылардың туған өлкенің қалыптасуы мен дамуын кешенді сипаттайтын тарихи, археологиялық, мәдени білімдерін қалыптастыруға бағытталған.
© Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті, 2017
1.Түсіндірме жазба
Жалпы білім беретін мектептердің 8 сынып оқушыларына арналған «Туған өлке тарихы» курсын құрастыру барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы, «2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат басшылыққа алынды.
Курстың мақсаты – оқушылардың туған өлкенің қалыптасуы мен дамуын кешенді сипаттайтын тарихи, археологиялық, мәдени білімдерін қалыптастыру, тарихи ескерткіштері мен мәдени нысандары туралы дерекнамалық мәліметтерді жинақтау. «Туған өлке тарихы» курсының оқу жүктемесі аптасына бір сағат, жылына 34 сағат.
Оқу курсының міндеттері:
оқушылар бойында ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі туған жер аумағында болып жатқан тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы білімдерін арттыру;
оқушылардың Қазақстан тарихы, география, және қазақ әдебиеті пәндері сабақтарында алынған білімдері мен дағдыларын кеңейту, тереңдету;
туған өлкенің тарихи-археологиялық ескерткіштері мен мәдени кешендері туралы мәліметтер қорын әзірлеу;
өлкенің тарихи, мәдени және әдеби мұралары мен өңір мақтанышына айналған тұлғалар туралы білімдерін кеңейту;
оқушыларды туған өлкенің бірегей тарихы мен мәдениетіне деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу және оларды қорғауға жауапкершіліктерін арттыру;
жалпы білім беретін мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
тарихи-мәдени ескерткіштердің өлке тарихы үшін маңыздылығын ұғыну;
туристік маршруттарды құрастырудың алғашқы дағдыларын меңгеру;
туған өлкенің жылнамасын құрастыру, білу;
өлкенің тарихи атауларының мағынасын білу, түсіну;
туған өлке тарихының тірі куәгерлерін білу;
туған өлке халқының қалыптасу тарихын білу;
туған жеріндегі ұлттардың салт-дәстүрін білу және құрметпен қабылдау.
2. «Туған өлке тарихы» курсының тақырыптық жоспары
№
|
Мазмұны
|
Сағат саны
|
1
|
Кіріспе
|
1
|
|
І-тарау (6 сағат)
|
|
2
|
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының басым бағыттары
|
2
|
3
|
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдаулары аясында туған өлкенің дамуы
|
1
|
4
|
«Ұлт жоспары – 100 нақты қадамды» іске асыру барысында туған өлкенің дамуы, өркендеуі
|
1
|
5
|
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру барысында туған өлкенің өркендеуі
|
1
|
6
|
«ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» Халықаралық мамандандырылған көрмесі және өлкенің дамуы
|
1
|
|
ІІ-тарау (5 сағат)
|
|
7
|
Ежелгі заман (шамамен 2 млн. жыл бұрын – V ғасыр) кезеңіндегі өлкенің тарихы: деректемесі мен тарихнамасы
|
1
|
8
|
Ортағасырлар кезеңінде (V - XVII ғасырлар) өлке тарихы
|
1
|
9
|
Жаңа заман кезеңіндегі (XVIII -XIX ғасырлар) өлке тарихының дамуы
|
1
|
10
|
Қазіргі замандағы (XX ғасырдың бірінші жартысы) өлке тарихы
|
1
|
11
|
XX ғасырдың екінші жартысы мен бүгінгі күнгі өлке тарихының дамуы
|
1
|
|
ІІІ-тарау (8 сағат)
|
|
12
|
Өлкенің тарихи-археологиялық ескерткіштері
|
1
|
13
|
ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік Мәдени мұралар тізіміне енгізілген өлкенің халықаралық дәрежедегі ескерткіштері
|
1
|
14
|
Өлкедегі тас мүсіндер тарихы
|
1
|
15
|
Өлкедегі ежелгі тарихи шайқастар
|
1
|
16
|
Өлке тарихы және Ұлы Жібек жолы
|
1
|
17
|
Туған өлке тарихы мен Қазақ хандығы
|
1
|
18
|
Өлкенің Еңбек Ерлері
|
1
|
19
|
Өлкедегі «100 жаңа есім»
|
1
|
|
ІV-тарау (10 сағат)
|
|
20
|
Жәдігерлер сыр шертеді (өлкетану мұражайына бару)
|
1
|
21
|
Туған өлке симфониясы. Музыкалық өнердің ерекшеліктері
|
1
|
22
|
Мәдени-тарихи дәстүрді сақтаушылар: өлкенің ұлттық қолөнері
|
1
|
23
|
Бір ел – бір тағдыр. Менің өлкемнің халықтары
|
1
|
24
|
Туған өлке тарихының тірі куәгерлері
|
1
|
25
|
Туристік маршруттар
|
1
|
26
|
Жомарт жүрек. Демеушілік және меценаттық
|
1
|
27
|
Туған өлкенің жылнамасы
|
1
|
28
|
Менің мектебімнің тарихы
|
1
|
29
|
Туған өлке публицистика беттерінде
|
1
|
|
V-тарау (3 сағат)
|
|
30
|
«Менің туған өлкем» электрондық энциклопедиясы
|
2
|
31
|
Туған өлкенің визит-карточкасы: тарихи өлкетанудың деректер базасын әзірлеу
|
1
|
32
|
Қорытынды
|
1
|
33
|
Барлығы
|
34
|
3. «Туған өлке тарихы» курсының оқу бағдарламасы
Кіріспе. «Туған өлке тарихы» курсын оқытудың өзектілігі. Курс мазмұнына шолу. Дерекнамасы мен тарихнамасы.
Тақырып 1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының басым бағыттары. Қазақстанның басты рухани құндылықтары. Ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасының өзектілігі. Ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани жаңғыру мәселесі. Бағдарламалық мақаланың негізгі бөлімдері мен түйінді идеялары.
Тақырып 2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдаулары аясында туған өлкенің дамуы. Хронологиясы, мазмұны, стратегиялық міндеттері. Басым бағыттары мен іске асыру нәтижелері.
Тақырып 3. «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамды» іске асыру барысында туған өлкенің дамуы, өркендеуі. Хронологиясы, мазмұны, стратегиялық міндеттері. Тарихи маңызы.
Тақырып 4. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру барысында туған өлкенің өркендеуі. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың лидерлік қасиеті мен шығармашылық мұрасын насихаттау. «Мәңгілік ел» тәрбие және білім беру орталықтарының жұмыстарын тиімді ұйымдастыру. Оқушылар мен білімгерлердің бойында жаңа Қазақстандық Патриотизмді қалыптастыру. Тарихи саналы білім алушыларды тәрбиелеудің заманауи аспектілері.
Тақырып 5. «ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» Халықаралық мамандандырылған көрмесі және өлкенің дамуы. Халықаралық интеграция. Сыртқы саясат. Мазмұны мен тарихи маңызы.
Тақырып 6. Ежелгі заман (шамамен 2 млн. жыл бұрын – V ғасыр) кезеңіндегі өлкенің тарихы: деректемесі мен тарихнамасы. Дерекнамалық, тарихнамалық материалдарды жинақтау, талдау. Өлке тарихының ежелгі замандағы ерекшеліктері. Оқу-әдістемелік кешен әзірлеу.
Тақырып 6. Ортағасырлар кезеңінде (V - XVII ғасырлар) өлке тарихы. Дерекнамасы мен тарихнамасы. Өлке тарихының ортағасырлар кезеңіндегі даму ерекшеліктері. Ақпараттық дайджест әзірлеу.
Тақырып 7. Жаңа заман кезеңіндегі (XVIII -XIX ғасырлар) өлке тарихының дамуы. Дәуірге сипаттама. Даму ерекшеліктері. Жаңа заман ұғымы және оның маңызы. Дерекнамасы мен тарихнамасы. Оқу-әдістемелік кешен әзірлеу.
Тақырып 8. Қазіргі замандағы (XX ғасырдың бірінші жартысы) өлке тарихы. Дерекнамасы мен тарихнамасы. Дәуірге сипаттама. Даму ерекшеліктері. Ақпараттық дайджест әзірлеу.
Тақырып 9. XX ғасырдың екінші жартысы мен бүгінгі күнгі өлке тарихының дамуы. Дәуірге сипаттама. Даму ерекшеліктері. Жаңа заман ұғымы және оның маңызы. Дерекнамасы мен тарихнамасы. Оқу-әдістемелік кешен әзірлеу.
Тақырып 10. Өлкенің тарихи-археологиялық ескерткіштері. Дерекнамасы мен тарихнамасы. Тарихи-археологиялық ескерткіштері. «Мәдени мұра» бағдарламасы және оның 2015-2020 жылдары жүзеге асуы. Ақпараттық дайджест әзірлеу.
Тақырып 11. ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік Мәдени мұралар тізіміне енгізілген өлкенің халықаралық дәрежедегі ескерткіштері. Дерекнамасы мен тарихнамасы. Мәдени мұралар тізіміне енгізілген өлкенің халықаралық дәрежедегі ескерткіштері. Оқу-әдістемелік кешен әзірлеу.
Тақырып 12. Өлкедегі тас мүсіндер тарихы. Дерекнамалық материалдарды жинақтау. Тарихнамасы. Ақпараттық дайджест әзірлеу.
Тақырып 13. Өлкедегі ежелгі тарихи шайқастар. Хронологиясы, мазмұны, тарихи маңызы. Дерекнамалық материалдарды жинақтау. Тарихнамасы. Оқу-әдістемелік кешен әзірлеу.
Тақырып 14. Өлке тарихы және Ұлы Жібек жолы. Хронологиясы, өзектілігі, мазмұны. Дерекнамалық материалдарды жинақтау. Тарихнамасы. Ақпараттық дайджест әзірлеу.
Тақырып 15. Туған өлке тарихы мен Қазақ хандығы. Хан – халық билеушісі. Монархия. Аңызға айналған қазақ хандары. Тарихнамасы. Зерттеу жобасын әзірлеу.
Тақырып 16. Өлкенің Еңбек Ерлері. Туған жері үшін кеше және бүгін қызмет еткен еңбек ерлерінің ерен еңбектерін дәріптеу. Мысалы: Н.Дидарбекова, Ж.Қуанышбаев, Д.Жантоқова, М.Искандеров т.б.
Тақырып 17. Өлкедегі «100 жаңа есім». Тәуелсіздік жылдары табысқа жеткен, өлкеде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы. Ақылмен, қолымен, дарынымен заманауи Қазақстанды жасап жатқан нақты адамдарды қоғамға таныту. «100 жаңа есім» жобасының өңірлік нұсқасын жасау.
Тақырып 18. Жәдігерлер сыр шертеді (өлкетану мұражайына бару). Хронологиясы, өзектілігі, мазмұны. Зергерлік өнер. Ұсталық өнер. Жер шаруашылығы. Дерекнамалық материалдарды жинақтау. Тарихнамасы. Зерттеу жобасын әзірлеу.
Тақырып 19. Туған өлке симфониясы. Музыкалық өнердің ерекшеліктері. Хронологиясы. Мазмұны. Музыка өнерінің дамуына үлес қосқан дарынды тұлғалар. Дерекнамалық материалдарды жинақтау. Тарихнамасы. Ақпараттық дайджест әзірлеу.
Тақырып 20. Мәдени-тарихи дәстүрді сақтаушылар: өлкенің ұлттық қолөнері. Қыш-құмыралар кәсіпшілігі. Мыс, күміс, алтын кәсіпшілігі. Тас өңдеу. Сауда және ақша айналымы. Тарихнамасы. Зерттеу жобасын әзірлеу.
Тақырып 21. Бір ел – бір тағдар. Менің өлкемнің халықтары. Ұлтаралық, конфессияаралық келісімді дамытудың маңыздылығы. Татулығы жарасқан. Тарихи сананы қалыптастырудың бағыттары.
Тақырып 22. Туған өлке тарихының тірі куәгерлері. Хронологиясы, өзектілігі, мазмұны. Дерекнамалық материалдарды жинақтау. Зерттеу жобасын әзірлеу.
Тақырып 23. Туристік маршруттар. Қазақстан – халықаралық туризмнің құрамдас бөлігі. Тарихи-мәдени ескерткіштерге шолу және саяхат жасау. Туристік маршруттардың өңір экономикасының дамуына қосатын үлесі . Ақпараттық дайджест әзірлеу.
Тақырып 24. Жомарт жүрек. Демеушілік және меценаттық. Өзектілігі, мазмұны. Дерекнамалық материалдарды жинақтау. Зерттеу жобасын әзірлеу.
Тақырып 25. Туған өлкенің жылнамасы. Хронологиясы, өзектілігі, мазмұны. Дерекнамалық материалдарды жинақтау. Тарихнамасы. Ақпараттық дайджест әзірлеу.
Тақырып 26. Менің мектебімнің тарихы. Дерекнамалық материалдарды жинақтау. Бейнероликтер. Зерттеу жобасын әзірлеу.
Тақырып 27. Туған өлке публицистика беттерінде. Хронологиясы. Мазмұны. Ақпараттық дайджест әзірлеу.
Тақырып 28. «Менің туған өлкем» электрондық энциклопедиясы. Дерекнамалық материалдарды жинақтау. Тарихнамасы. «Менің туған өлкем» электрондық энциклопедиясын әзірлеу.
Тақырып 29. Туған өлкенің визит-карточкасы: тарихи өлкетанудың деректер базасын әзірлеу. Дерекнамалық материалдарды жинақтау. Бейнероликтер. Зерттеу жобасын әзірлеу.
Қорытынды. Зерттеу жобаларын әзірлеу. Әдістемелік материалдар, оқу-әдістемелік кешендер мен жинақтарды құрастыру. Бұқаралық ақпарат құралдарына мақалалар жариялау.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы.
Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
3. Байпаков К.М. Нуржанов А. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. – Алматы, 1992.
4. Гумилев Л. Көне түріктер. – Москва, 1993.
5. Жолдасбайұлы С. Ежелгі және ортағасырдағы Қазақ елінің тарихы. – Алматы, 2010.
6. Қозыбаев М.Қ. Қазақ тарихы – Дала өркениетінің құрамды бөлігі // Отан тарихы. 1998.
7. Қазақстан тарихы орта ғасырдан бүгінгі уақытқа дейін. Очерк. – Алматы, 1993.
8. Қазақстан тарихы жаңа дәуірден бүгінгі уақытқа дейін. Бес томдық. – Алматы, 1996.
9. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. – Алматы, 1995.
10. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. – Алматы, 2008. - 640 б.
11. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. Алматы, 2010.
12. Орунбаев М. Тараз – Алматы. – Алматы, 2003.
13. Рысдәулет М. Ескерткіштер – ел тарихы. – Алматы, 2011.
14. Тараз Жібек жолының інжу-маржаны. – Алматы, 2014.
15. Тараз. Жамбыл облысының энциклопедиясы. – Алматы, 2003.
16.«Тарихи тұлғалар» Алматы. «Алматы кітап баспасы», 2009
Достарыңызбен бөлісу: |