Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі Тараз қаласы №11 орта мектептің педагог-психологі Абитжанова Жанар Аманжоловна проективті әдістер
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі
Тараз қаласы №11 орта мектептің педагог-психологі Абитжанова Жанар Аманжоловна
ПРОЕКТИВТІ ӘДІСТЕР
Сурет салу тесттерін жүргізу: Әрбір тест сызық жүргізілмеген қағазда жүргізіледі. Қағаздың форматы А4 (21*30см) болғаны жөн, бірақ одан кіші форматты да қолдануға болады. “Адамның суреті” тестінде қағаз зерттелінушінің алдына вертикальды түрде, басқа тестерде горизонтальды түрде қойылады. Әрі қарай зерттелінуші қағазды бұрғанда оған бөгет жасамау керек.
“Әдемі сурет” тестінен басқасының барлығы жай қара қарындашпен жүргізіледі. Қарындаш тым қатты болмауы керек: мүмкіндігінше М немесе 2М. Бұдан қатты қарындаш басылып салынған сызықтарды аңғартпайды, өйткені қатты басқанның өзінде жіңішке сызық қалады. Ал бұдан да жұмсақ қарындаш қатты жағылып қағазды бүлдіреді.
Өшіргіші бар қарындашты пайдаланған тиімді. Егер қарындаш өшіргішсіз болса, оны бөлек береді, бірақ оған арнайы көңіл аудартпайды. Кейбір авторлар сурет салу әрекеті барысындағы барлық өзгерістерді байқау үшін өшіргіш бермеген дұрыс көреді. Бірақ тәжірибе көрсеткендей зерттелінушілердің көбісінде, әсіресе қобалжу деңгейі жоғары болса, өшіргіштің жоқтығы елеулі қиындықтарға ұшыратады, тіпті кейде олар салудан бас тартады. Тиімді шешім болып қатты өшіргішті пайдалану болады: ондай жағдайда өшірілген сызықтардың ізі қалады және зерттелінуші бұған аса назар аудармайды.
Қарындаш парақтың ортасына қойылады да, зерттелінуші оны қай қолмен алатынына назар аударылады. Бұның өзі көп мәлімет беруі мүмкін.
“Әдемі сурет” тесті түрлі – түсті қарындаштармен жүргізіледі. Бұған спектрдың барлық түсі және қара түсті қарындаш пайдаланылады. Мүмкіндігінше әр түстің екі – үш реңі болғаны жөн. Ең тиімдісі 18 түсті қарындаштар жинағы. Фломастермен салынған тестің мәліметтілігі төмендейді, өйткені фломастермен салынған суреттің басылып салынған сызықтарын анықтау өте қиын.
Сурет сала бастағанның алдында әрбір тестің нұсқауларын сөзбе – сөз, өзгертулерсіз қайталаған жөн. Сурет салынып біткен соң, нәтижесіне байланыссыз мадақтап, мақтап қойған жөн. Нұсқауға қарағанда, суреттен кейінгі әңгімелесу формальданбаған болу керек.
Сурет салу процесі хаттамада бейнеленеді. Хаттаманың және сурет салудың әрбір қағазына зерттелінушінің аты мен фамилиясы (немесе оның цифры) және зерттеліну күні жазылады. Бірінші парақта анамнездік мәліметтер жасы, жанұя құрамы, келу себебі көрсетіледі.
Хаттамада:
• тапсырманы орындау темпі, жұмыс барысындағы паузалар және үзілістер;
• бейнелердің бөліктерінің салыну кезегі;
• зерттелінушінің сұрақтары және сөздері;
• суреттен кейінгі әңгімелесудің қысқаша мазмұны жазылады.