Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі Тараз қаласы №11 орта мектептің педагог-психологі Абитжанова Жанар Аманжоловна проективті әдістер



бет2/7
Дата12.04.2023
өлшемі290,5 Kb.
#174377
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1612518414 (1)
Презентация Огневая подготовка, 7 ае Бактыбеков Олжас ХИМИЯ, Оқулық (1), Жаңа КТЖ-2021 (2), Нұртас Ж.А. №5 Ежелгі Греция өркениеті, Лекция-38 (1), 11 тақырып (11).ppt, Емтихан сұрақтары Картография 2023, Дойбы ойынының әдіс-тәсілдері. Орталық шаршылар
«Кактус» әдістемесі


Мақсаты: Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін анықтау, жағымды және жағымсыз (агрессивті, мазасыз) мінез-құлық бітістерін анықтау.
Қажетті құралдар: Таза парақтар, жәй қалам мен түрлі түсті қаламдар.
Нұсқау: «Алдыңыздағы таза параққа өз ойыңыздағы кактустың бейнесін салыңыз»
Әдістеменің нәтижесін өңдеу:

  1. Егер кактустың парақ бетінде орналасуы-ірі, үлкен ортада болуы, ортада болғанды ұнатады, өзіндік бағалауы адекватты, көсем болуға талпынады, барлық жерде бірінші болуға тырысады.

  2. Егер кактус парақтың жоғары жағында салынса; онда өзіндік бағалауы өте жоғары, өзіне көңіл аударғанды жақсы көреді.

  3. Егерде кактус парақтың төменгі жағында салынса және кішкентай болса – онда өзіндік бағалауы төмен, өзіне сенімсіз адам.

  4. Кактустың инелерінің көптігі – онда агрессияның белгісі.

  5. Инелері үшкір, ұзын, жиі болып салынса, онда агрессияның басымдылығын білдіреді.

  6. Инелері майда, сирек орналасса, онда өз бойындағы агрессияны қолға ұстай алады, шыдамды.

  7. Кактустың бір контуры бір үзілмейтін сызықпен салынса – онда коммуникативтік қасиеттері жақсы дамыған, мейірімді, ақкөңіл адам.

  8. Кактустың контуры жиі үзілген сызықпен, болмаса штрих ретінде салынса – онда ашуланшақ адамның белгісі.

  9. Сызықтары ирек (кактустың ішінде) онда интроверт адам – тұйық.

  10. Кактустың айналасындағы кактустар – онда жұртқа өзін көрсету, ашық, ұйымшыл, досы көп адам.

  11. Ашық түстерді қолданса – онда оптимист, өмірде не болса да, жақсылыққа жориды.

  12. Қара, қоңыр түстерді қолданса немесе штрихталса – онда

үрей мен қорқыныштың белгісі.
13.Кактусты әшекейлесе немесе гүл салса – онда сезімтал адам
екенін білдіреді.
14. Кактусты ыдысқа салу – онда отбасындағы қамқорлыққа
ұмтылу.
15.Шөлдегі немесе ыдыссыз салынған кактус – онда жалғыздықты сезіну немесе ұмтылу, отбасындағы нашар ахуалды білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет