Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназиясы кмм



Дата02.02.2022
өлшемі131,71 Kb.
#117097
Байланысты:
1 қыркүйек Тәуелсіздік жетістіктері 5 сыныптар


Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы

Тараз қаласының білім бөлімінің Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназиясы» КММ

Сынып сағаты

Тақырыбы: «Тәуелсіздік жетістіктері»


Сыныбы: 5 «Ә»

Сынып жетекшісі: Әлімқұлова Ж.Ж.

Тараз, 2021ж.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы

Тараз қаласының білім бөлімінің Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназиясы» КММ

Қысқа мерзімді жоспар



Сынып жетекшінің аты-жөні

Әлімқұлова Ж.Ж.

Күні:

1.09.2021ж

Сынып: 5 «Ә»

Қатысушылар саны:36

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы

«Тәуелсіздік жетістіктері»

Тәрбие жұмысының бағыты

Рухани адамгершілік тәрбие.

Ұлттық тәрбие.

Қазақстандық патриотизм және азаматтық, құқықтық тәрбие.


Мақсаты:

Патриоттық сезімді ояту.

Күтілетін нәтиже:

-Білім алушылардың бойында отансүйгіштік сезім ұялату,ҚР Тәуелсіздік кезіндегі жетістіктерімен таныстыру

-Білім алушы бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендігін ұғындыру;

-Сөйлеу мәдениетін дамыту.


      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Барысы

Қызықты мәлімет айтып оқушылырды қызықтыру,тақырыппен таныстыру







Кіріспе

3 мин


Негізгі бөлім

35 мин


  1. Сәлемдесу.

Сәлеметсіздер ме! Балалар жаңа 2021-2022 оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Бүгінгі тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Жаңа 2021-2022 оқу жылы табысты, әрі сәтті өтуіне тілектеспін.

Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбын анықтау үшін, келесі бейнероликті көрелік.



  1. Миға шабуыл

Мұғалім: (бейнероликтен кейінгі жетелеуші сұрақтар)

1.ҚР қашан тәуелсіздік алады?

2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?

3. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім?

4. Күй атасы кім?
2.Мұғалім сөзі:

Тәуелсіздік – ұлы ұғым. Бұл дегенің - жақсы өмір сүруге алған құқығың. Жұмыр жерде өлшеулі өмірді бейбіт елде өткізгенге жететін бақыт бар ма екен?!

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз.


Тәуелсіздік
«Ой ашар»: Тәуелсіздік дегеніміз не?

Мұғалім: Дұрыс айтасыздар, жауаптарың дұрыс. Бұл мәліметтерді есте сақтаймыз! Осы жауаптардан біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы нақтыланды. Біздің сынып сағатымыздың тақырыбы – «Тәуелсіздік жетістіктері». Тәуелсіз Қазақстан өз сара жолын салып көптеген жетістіктерге жетті.
Тәуелсіз Қазақстан жетістіктері:



1991ж. 29 тамызда

Семей полигоны жабылды.

1991ж. 2 қазанда

Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

1991ж. 1 желтоқсанда

Тұңғыш президентіміз сайланды.

1992ж.  2 наурызда

Қазақстан БҰҰ-ға мүше болып кірді.

1992ж. 4 маусымда

Қ.Р. Мемлекеттік рәміздері қабылданды.

1993ж.15 қарашада

Ұлттық валютамыз-теңге айналымға енді.

1994ж.19 маусымда

Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге

қол қойылды.



1995ж. 30 тамызда

Жаңа Конституцияның қабылдануы.

1998ж. мамырда

Ақмола қаласы Астана болып өзгертілді.

1999ж. 10 қаңтар

Президент сайлауы болды.

2000ж.

«Мәдениетті қолдау жылы» Түркістанға 1500жыл толды.

2002ж.

«Денсаулық жылы» деп аталды.

2004ж.

«Қазақстан –Ресей жылы» болды.

2007ж.

«Қазақ тілін қолдау» жылы болды.

2009ж.

«Ана мен бала жылы»

2010ж. 12 желтоқсан

Астана қаласында Еуразиялық Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтті.

2011ж.

Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы тойланды.

2012ж.

Қазақстан спортшылары жазғы олимпиадалық ойындарда жетістіктерге жетті.

2012 ж.

Қазақстан «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесін жүргізуге мүмкіндік алды.


Иә/жоқ ойыны. (Оқушыларға сұрақтар қойылады).

1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны жабылды.

• 1991 жылы 3 қазанда Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

• 1991 жылы 4 желтоқсанда тұңғыш Президентіміз сайланды.

• 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен ұлттар ұйымына мүше болып кірді.

• 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғары кеңесі мемлекеттік рәміздерімізді қабылдады.

• 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз мемлекетіміздің негізгі заңы Конституция қабылданды.

• 1993 жылдың 16 қарашасы жас мемлекетіміздің тарихында ерекше күн болып қалды. Осы күннен бастап ұлттық валютамыз – теңге айналымға енді. Қазақстанды бүкіл әлем таныды.



«Шын жүректен»

Тақтадағы тәуелсіздіктің шежіре ағашына тәуелсіз елімізге деген өз тілектеріңді арнап, жазсаңдар деймін.




(1991ж. 16желтоқсан).

(Тоқтар Әубәкіров).

(Ы.Алтынсарин).

(Құрманғазы).






«Иә, жоқ» ойыны

https://youtu.be/uzidxHVp3vg

Презентация


Қорытынды

5 мин



Мұғалім:

Тәуелсіздік, еркіндік сөздерінің қаншалықты мағыналы, қаншалықты қымбат екенін дәл қазіргі уақыттағыдай түсінбеген шығармыз. Ешкімге тәуелді болмауды арман еткен батырларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен күресіп құрбан болса, дуалы ауыз билеріміз қызыл тілдің арқасында ел тыныштығын сақтады.

Иә, сол заманнан бері азаттық, егемендік елімнің арманы болды. Халқының қамын жеген ата - бабаларымыздың қайсар ұрпағы 1986 жылы арман еткен тәуелсіздіктің туын тікті.

Мазмұнына өрнегі жарасқан, тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін.

Білім алушылар сабақ туралы ойларын, не түсінгендерін стикерлерге жазады.

Сабақты «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.



Мұғалім:

Жарайсыңдар,білім алушылар!

Бүгінгі тақырыпты сәтті алып шықтық.

Келесі кездескенше сау болындар!









Рефлексия

2 мин




«Басбармақ» әдісі.

     

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет