«Кәсіп – бақыттың шырағы, еңбек – ырыстың бұлағы», «Қазақстанның су ресурстары» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудыңнәтижесіне қатыстыата-аналарғаарналғанақпарат(рубрика)
Білім алушыныңаты-жөні
Бағалаукритерийі
Оқужетістігі деңгейі
Төмен
Орта
Жоғары
Мәтіндегі жанрға қатысты ерекшелікті анықтайды.
Мәтіннің жанрын, жанрға тән 2 ерекшелікті анықтауда қиналады.
Мәтіннің жанрын, жанрға тән бірінші, екінші ерекшелікті анықтауда қателеседі.
Мәтіннің жанрын, жанрға тән2 ерекшелікті дұрыс анықтайды.
Эссе құрылымын сақтайды, мәселенің шешу жолдарын ұсынады.
Етістіктің бұйрық рай қызметін жазба жұмыстарда орынды
қолданады.
Тақырыпқа қатысты пікірін аргументтер арқылы жазуда қиналады. Етістіктің бұйрық рай қызметін қолдануда қиналады.
Тақырыпқа қатысты пікірін аргументтер арқылы жазуда қателеседі. Етістіктің бұйрық рай қызметін қолдануда
қателіктер жібереді.
Тақырыпқа қатысты пікірін аргументтер арқылыжазады. Етістіктің бұйрық рай қызметін дұрыс қолданады.
ТОҚСАНБОЙЫНШАЖИЫНТЫҚБАҒАЛАУТАПСЫРМАЛАРЫ
«Тарихи тұлғалар тағылымы», «Қызым – жағадағы құндызым, ұлым – аспандағы жұлдызым» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-нұсқа
Оқу мақсаты
8.1.4.1 орта көлемді прозалық, драмалық және поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен
идеясынталдау;
8.2.3.1 Ауызша мәтіндер құрауда сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарын ескеріп айту.
Қазақ халқы «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуге тырысқан. Атасы немересіне жылдың маусымы ауысымен көштің қалай, қайда көшуін, суды қайдан тауып ішетінін, жеті атасын білуі, елдің батыраларының ерлік хиқаяларын әңгімелеп, адамды жақсы ететін де, жаман ететін де тәрбие екенін жастайынан баланың бойына сіңіріп отырған. Жас ұрпақты бұлай тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген. Ешқандай жоғарғы білімсіз-ақ тәрбиенің небір оңтайлы әдістерін баласының бесігінен бастаған халқымыздың елден шыққан тентегіне де «Сен оңбассың, адам болмассың» дегенді тұқыртып бетін қайтарып айтуды жөн көрмеген. Адамдықтың парызын перзентінің көкірегіне құйып, іс-әрекетін қадағалап отырған. Қазақ баласының санасына қарнының қамын емес, халықтың қамын ойлауды о бастан-ақ сіңіріп өсірген. Осы қасиеттердің барлығын бала санасына ертеден құя білген қазақ халқы он бестегі ұланына ел басқартқан, шешендік сөз өнеріне қатыстырып тәлім берген.
тапсырма. Мәтінді тыңдап, есте қалған 3 тірек сөзді жазыңдар. Тірек сөздер арқылы мәтіннің тақырыбын анықтаңдар.
Тірек сөздер
Мәтіннің тақырыбы
тапсырма. Мәтіннің идеясын 1 сөйлеммен жазыңдар.
тапсырма. Ұсынылған суреттердің бірін таңдап, ауызша мәтін құраңыз. Мәтінде сөз аралығындағы, сөз ішіндегі үндестік заңын ескеріп айтыңыз.